2. Орталық мемлекеттік органдар аппараттары басшыларының өкілеттіктеріне:
1) мемлекеттік органға жүктелген мақсаттардың іске асырылуын ұйымдастыру;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау;
3) мемлекеттік органның, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің қызметін материалдық-техникалық, ұйымдық-құқықтық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
4) тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілген, орталық мемлекеттік органның штат саны лимиті шегінде мемлекеттік органның штат санын орталық мемлекеттік органның басшысымен келісілгеннен кейін бекіту;
5) орталық мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
6) қажет болған кезде мемлекеттік органның перспективалық, жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын бекіту, олардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
7) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, орталық мемлекеттік органның басшысымен келісу бойынша орталық мемлекеттік органның басшысы немесе оның орынбасарлары жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органның департаменттері мен дербес басқармаларының басшылары лауазымдарына тағайындау және лауазымдарынан босату;
8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда ведомстволардың басшылары тағайындау үшін ұсынатын ведомстволар басшыларының орынбасарларын орталық мемлекеттік орган басшысының тағайындауларын келісу;
9) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, ведомстволардың басшылары тағайындау үшін ұсынатын ведомстволар басшыларының орынбасарларын тағайындау;
10) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, орталық мемлекеттік органның басшысымен келісу бойынша аумақтық бөлімшелердің басшылары лауазымдарына тағайындау және лауазымдарынан босату;
11) осы тармақтың бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған лауазымды адамдарды, сондай-ақ еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, орталық мемлекеттік органның жұмыскерлері лауазымдарына тағайындау және лауазымдарынан босату;
12) мемлекеттік органның тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру;
13) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
14) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешу;
15) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мәселелерін шешу;
16) мемлекеттік органның мемлекеттік сатып алу саласындағы жалпы басшылықты жүзеге асыру;
17) орталық мемлекеттік органның бюджеттік өтінімін дайындауды қамтамасыз ету, бюджеттік өтінімді орталық мемлекеттік органның басшысына ұсыну, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындау;
18) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
19) мемлекеттік органның мемлекеттік саяси қызметшілері қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылау;
20) аппарат басшысына жүктелген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін аппарат басшысы жеке-дара қолданылатын құқықтық актілер қабылдауға құқылы.
3. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттары басшыларының өкілеттіктері «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
4. Орталық мемлекеттік органдар аппараттарының, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттарының басшыларына орталық мемлекеттік органдар (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары) бірінші басшыларының және олардың орынбасарларының міндеттерін жүктеуге, сондай-ақ мемлекеттік органдар аппараттары, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттары басшыларының міндеттерін орталық мемлекеттік органдардың (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының) бірінші басшыларына және олардың орынбасарларына жүктеуге жол берілмейді.
5. Құқық қорғау органдарының аппараттары басшыларының өкілеттіктерін олардың бірінші басшылары айқындайды.
6. Орталық мемлекеттік органдар аппараттарының және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттарының басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лауазымдық өкілеттіктердің орындалуына дербес жауапты болады.»;
4) 15-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 4) және 6) тармақшаларындағы «уәкілетті комиссия айқындайтын» және «уәкілетті комиссия айқындайтын,» деген сөздер алып тасталсын;
5) 23-баптың бірінші бөлігіндегі «және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарынан босатуды» деген сөздер алып тасталсын;
6) 33-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі Хатшысының - Жоғары Сот Кеңесі Аппараты басшысының қызметін бағалауды Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы жүргізеді.»;
7) 41-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі «ротациялау деп» деген сөздерден кейін «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына не» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 54-баптың 4-тармағындағы «жауапты хатшының,» деген сөздер алып тасталсын;
9) 59-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) шет мемлекеттің азаматтығы болған;»;
10) 60-баптың 3-1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «жауапты хатшы,» деген сөздер алып тасталсын;
11) 61-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) шет мемлекет азаматтығының болуы;».
11. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-ІІ, 171-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 72-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 18-құжат; № 14, 51-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 14, 68-құжат):
21-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Конкурстық құжаттаманың жобасын тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам, не бюджеттік бағдарламаның басшысы не оның міндетін атқаратын адам бекітеді.».
12. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 15, 49-құжат):
2-бапта:
1-тармақтың үшінші абзацындағы «2021» деген цифрлар «2022» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «2020» деген цифрлар «2021» деген цифрлармен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 30 желтоқсан
№ 393-VI ҚРЗ