2. Мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау бойынша бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиялары бар заңды тұлға қызметкерлерiнiң құрамы өзгерген кезде заңды тұлға мұндай өзгерту күнiнен бастап бiр ай мерзiмде уәкiлеттi органға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жаңа қызметкерлердiң тiзiмiн ұсынады.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Құжаттарды қарау және аккредиттеу туралы куәлік беру туралы шешім немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімі өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнiнен аспауға тиіс.
4. Аккредиттеу туралы куәлiк қолданылу мерзiмi шектелместен берiледi.
5. Осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптардың сақталмауы уәкiлеттi органда аккредиттеуден өту үшiн бас тартуға негiз болып табылады.
6. Уәкiлеттi орган мынадай:
1) аккредиттеуге табыс етiлген құжаттарда дұрыс емес немесе бұрмаланған деректер анықталған;
2) бағалаудың уақтылы жүргiзiлмеуiнiң және (немесе) пайда алушыға және сақтандырушыға бағалау туралы есептiң уақтылы жiберiлмеуiнiң екi және одан да көп фактiсi анықталған;
3) мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау бойынша бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған;
4) бүлiнген мүлiктi бағалау кезiнде уәкiлеттi орган бекiткен әдiстеме сақталмаған;
5) тәуелсiз сарапшы сақтандырушыға қатысты аффилиирленген тұлға болып табылса не оның лауазымды тұлғаларымен немесе осы сақтандырушының аффилиирленген тұлғалары ұйымдарының лауазымды тұлғаларымен бағыныстылық байланыста болған;
6) Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасының және осы Заңның талаптары бұзылған жағдайларда аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұрады.
7. Аккредитеу туралы куәлiк мынадай:
1) мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау бойынша бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензияның қолданылуы тоқтатылған;
2) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған, дара кәсiпкер банкрот болған;
3) аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын ерiктi түрде тоқтату туралы өтiнiш ұсынылған;
4) уәкiлеттi органның аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуы тоқтатыла тұруының себептерi жойылмаған;
5) аккредиттеу туралы куәлiк бiрнеше рет (соңғы он екi ай iшiнде екi рет) тоқтатыла тұрған жағдайларда өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
Осы баптың 5-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша тұлғада тәуелсiз сарапшының аккредиттеу туралы куәлiгiнiң қолданылуы тоқтатылған жағдайда, осы тұлға екi жыл iшiнде аккредиттеуден өту мақсатында уәкiлеттi органға жүгiнуге құқылы емес.
4-тарау. Сақтандыру сыйлықақылары
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) (күшіне енетін мерзімін қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап жаңа редакцияда
19-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi
1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде төленуге тиiс жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшiн базалық сақтандыру сыйлықақысы пайдаланылады, оған көлiк құралының тiркелген жерiне, көлiк құралының түрiне, сақтанушының (сақтандырылушының) жасына және жүргiзу стажына, көлiк құралының пайдаланылу мерзiмiне, азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтандырылған адамдардың кiнәсiнен сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына қарай («бонус-малус» жүйесi) осы баптың 3-10-тармақтарында белгiленген коэффициенттер қолданылады.
Осы Заңда көзделмеген өзге негiздер бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн азайтуға немесе ұлғайтуға жол берiлмейдi.
2. Базалық сақтандыру сыйлықақысы 1,9 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде белгiленедi.
3. Көлiк құралын тiркеу аумағы бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгiленедi:
Рет № | Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы | Көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициент мөлшері (астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін) |
1 | 2 | 3 |
1. | Алматы облысы | 1,78 |
2. | Оңтүстік Қазақстан облысы | 1,01 |
3. | Шығыс Қазақстан облысы | 1,96 |
4. | Қостанай облысы | 1,95 |
5. | Қарағанды облысы | 1,39 |
6. | Солтүстік Қазақстан облысы | 1,33 |
7. | Ақмола облысы | 1,32 |
8. | Павлодар облысы | 1,63 |
9. | Жамбыл облысы | 1,00 |
10. | Ақтөбе облысы | 1,35 |
11. | Батыс Қазақстан облысы | 1,17 |
12. | Қызылорда облысы | 1,09 |
13. | Атырау облысы | 2,69 |
14. | Маңғыстау облысы | 1,15 |
15. | Алматы | 2,96 |
16. | Астана | 2,2 |
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген облыстардағы өзге де қалалар мен елдi мекендер үшiн жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшiн 0,8 мөлшеріндегі түзету коэффициентi қосымша пайдаланылады.
5. Көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кiрген жағдайларға тiркеу аумағы бойынша 2,96 мөлшеріндегі коэффициент қолданылады.
Осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларға көлiк құралын тiркеу аумағы бойынша коэффициенттер қолданылмайды.
6. Көлiк құралының түрi бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгiленедi:
Рет № | Көлік құралының түрі | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жіктеу | Көлік құралының түрі бойынша коэффициент мөлшері |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Жеңіл автомобильдер | «В» - толық массасы 3500 кг аспайтын және жүргізушінің отыратын орнынан басқа отыратын орындарының саны 8-ден аспайтын автомобильдер | 2,09 |
2 | Жолаушылар орны қоса алғанда 16-ға дейінгі автобустар | «Д» - жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізуші отыратын орыннан басқа, 8-ден астам отыратын орны бар автомобильдер | 3,26 |
3 | Жолаушылар орны 16-дан артық автобустар | «Д» - жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізуші отыратын орыннан басқа, 8-ден астам отыратын орны бар автомобильдер | 3,45 |
4 | Жүк автомобильдері | «С» - толық массасы 3500 кг асатын жүк автомобильдері | 3,98 |
5 | Троллейбустар, трамвайлар | Троллейбустар, трамвайлар | 2,33 |
6 | Мотокөлік | «А» - мотоциклдер, мотороллерлер және басқа мотокөлік құралдары | 1,00 |
7 | Тіркемелер (жартылай тіркемелер) | «Е» - көлік құралдарының «В», «С» немесе «Д» санаттарына жататын сүйреуіштері бар көлік құралдарының құрамдары | 1,00 |
7. Жеке тұлғалар үшiн жасына және жүргiзу стажына қарай коэффициент мөлшерi мынадай мөлшерде белгiленедi:
Рет № | Жасы және жүргізу стажы | Жасына және жүргізу стажына қарай коэффициент мөлшері |
1 | 2 | 3 |
1. | 25 жасқа толмаған/жүргізу стажы 2 жылдан аз | 1,10 |
2. | 25 жасқа толмаған/жүргізу стажы 2 жылдан астам | 1,05 |
3. | 25 жас және одан үлкен/жүргізу стажы 2 жылдан аз | 1,05 |
4. | 25 жас және одан үлкен/жүргізу стажы 2 жылдан астам | 1,00 |
8. Заңды тұлғалар үшiн осы баптың 7-тармағында көзделген коэффициент 1,2 мөлшерiнде белгiленедi.
9. Көлiк құралының пайдаланылу мерзiмiне қарай коэффициенттер мынадай мөлшерде белгiленедi:
Рет № | Көлік құралының пайдаланылу мерзімі | Көлік құралының пайдаланылу мерзіміне қарай коэффициент мөлшері |
1 | 2 | 3 |
1. | 7 жылға дейін, қоса алғанда | 1,00 |
2. | 7 жылдан жоғары | 1,10 |
10. Сақтандыру мерзiмi аяқталған соң тиiстi сынып берiле отырып, «бонус-малус» жүйесi бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгiленедi:
Сақтандыру мерзімі басталғандағы сынып | Коэффициент мөлшері | Сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайларының болғаны ескерілген, сақтандыру мерзімінің аяқталуы бойынша сынып |
0 сақтандыру жағдайы | 1 сақтандыру жағдайы | 2 сақтандыру жағдайы | 3 сақтандыру жағдайы | 4 және одан көп сақтандыру жағдайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
М сыныбы | 2,45 | 0 | М | М | М | М |
0-сыныбы | 2,30 | 1 | М | М | М | М |
1-сыныбы | 1,55 | 2 | М | М | М | М |
2-сыныбы | 1,40 | 3 | 1 | М | М | М |
3-сыныбы | 1,00 | 4 | 1 | М | М | М |
4-сыныбы | 0,95 | 5 | 2 | 1 | М | М |
5-сыныбы | 0,90 | 6 | 3 | 1 | М | М |
6-сыныбы | 0,85 | 7 | 4 | 2 | М | М |
7-сыныбы | 0,80 | 8 | 4 | 2 | М | М |
8-сыныбы | 0,75 | 9 | 5 | 2 | М | М |
9-сыныбы | 0,70 | 10 | 5 | 2 | 1 | М |
10-сыныбы | 0,65 | 11 | 6 | 3 | 1 | М |
11-сыныбы | 0,60 | 12 | 6 | 3 | 1 | М |
12-сыныбы | 0,55 | 13 | 6 | 3 | 1 | М |
13-сыныбы | 0,50 | 13 | 7 | 3 | 1 | М |
Сақтанушыға (сақтандырылушыға) берiлетiн «бонус-малус» жүйесi бойынша сыныптың есебi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген тәртiппен жыл сайын жүргiзiледi.
11. Сақтанушыға (сақтандырылушыға) берiлген сынып туралы ақпараты бар, сақтандырушы деректер базасынан алған сақтандыру есебi сақтандырушының «бонус-малус» жүйесi бойынша коэффициенттердi қолдануы үшiн негiз болып табылады.
Деректер базасында сақтанушы (сақтандырылушы) туралы ақпарат болмаған жағдайда, сақтанушы көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың алдыңғы шартының түпнұсқасын берген жағдайда, сақтандырушы көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жаңа мерзiмге жасасу кезiнде осы баптың 10-тармағында келтiрiлген кестеге сәйкес төмендетiлген коэффициенттi қолданады.
Сақтандырушы бұл туралы деректер базасын қалыптастырып, жүргiзудi жүзеге асыратын ұйымды және уәкiлеттi органды көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты жасалған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабардар етуге мiндеттi.
12. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын алғаш рет жасасқан кезде сақтанушыға 3-сынып берiледi.
13. Осы баптың 10-тармағында көзделген коэффициенттер азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi осы Заңның 11 және 12-баптарының 5-тармағында көзделген жағдайларда басталған жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға қолданылмайды.
14. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты он екi айдан аз мерзiмге жасалған кезде көлiк құралының бiрлiгiне сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi мына формула бойынша есептеледi:
СС = ЖСС*n / N, мұнда:
СС - он екi айдан аз мерзiмге жасалған көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (теңгемен);
ЖСС - жылдық сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (теңгемен);
n - көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мерзiмi (күнмен);
N - 365 күн (кiбiсе жылы 366 күн).
15. Кешендi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы көлiк құралының бiр бiрлiгi үшiн төленедi, бұл ретте сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi сақтандыру полисiнде көрсетiлген көлiк құралдары үшiн белгiленген сақтандыру сыйлықақылары мөлшерiнiң ең көп шамасына тең болып белгiленедi.
16. Стандартты шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы әр сақтандырылушы бойынша есептеледi және әр сақтандырылушы бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақылары мөлшерiнiң ең көп шамасына тең мөлшерде сақтанушының төлеуiне жатады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерiн азайту
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Көлiк құралдарының иелерi - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер, зейнеткерлер стандартты шартты жасасқан кезде осы Заңның 19-бабына сәйкес есептелген, төленуге тиiстi сақтандыру сыйлықақысының елу процентi мөлшеріндегі сақтандыру сыйлықақысын төлейдi.
Егер көлiк құралын осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдар санатына жатпайтын басқа иелер де пайдаланатын болса, онда көлiк құралы иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру мұндай жеңiлдiк берiлмей жүзеге асырылады.
2. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды
20-1-бап. Сақтандырушы көрсететін қосымша қызметтер
Сақтандырушы сақтанушының келісімі болған кезде сақтанушыға (сақтандырылушыға) зақымдалған көлік құралын жөндеу уақытында көлік құралын беруді, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинау бойынша қызмет көрсетуді, сақтанушыға көмек көрсету үшін сақтандырушы өкілінің (авария комиссарының) көлік оқиғасы орнына баруын қоса алғанда, көлік оқиғасы жағдайында көмек көрсетумен байланысты қосымша ақылы қызмет көрсетуге құқылы.
21-бап. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеу тәртібі
1. Егер көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын біржолғы төлеммен төлейдi.
2. Сақтандырушы көлiк құралы иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысын мерзiмiн ұзартып төлеудi көздеуге құқылы. Бұл ретте сақтандырушы көлiк құралы иелерiнің жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартының барлық қолданылу мерзiмi iшiнде сақтанушы алдында жауапты болады. Сақтанушының кезектi сақтандыру жарнасын төлемеуi сақтандырушы үшiн көлік құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға негiз болып табылмайды.
3. Кезектi сақтандыру жарнасы уақтылы төленбеген кезде сақтанушы сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 353-бабында белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.
5-тарау. Сақтандыру жағдайын, келтірілген зиянның және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді; 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-бап. Сақтандыру жағдайын және келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындау
1. Сақтандырылушының көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлген көлiк құралдарын пайдалануы нәтижесiнде жәбiрленушi деп танылған адамдардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу бойынша сақтандырылушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактici сақтандыру жағдайы деп танылады.
2. Жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның мөлшерi тиiстi ұйымдар берген құжаттар негiзiнде осы Заңға сәйкес айқындалады.
3. Мүлiктiң бүлiнуi кезiнде келтiрiлген зиянның мөлшерi бүлiнген мүлiктi қалпына келтiру құнының есебi негiзге алынып, мүлiктiң сақтандыру жағдайы басталғанға дейiн болған, есептелген амортизациясы (тозуы) шегерiле отырып айқындалады.
Бүлiнген мүлiктi қалпына келтiру құны сақтандыру жағдайы басталған күнгi қолданыстағы нарықтық бағалар негiзге алынып есептелiнедi.
4. Мүлiк жойылған кезде келтiрiлген зиянның мөлшерi оның сақтандыру жағдайы басталған күнгi нарықтық құны негiзге алынып айқындалады.
Егер мүлiктi қалпына келтiру техникалық жағынан мүмкiн болмаса немесе экономикалық тұрғыдан негiзсiз болса ол жойылған болып есептеледi. Мүлiктi қалпына келтiру, егер бұл ретте мүлiктi қалпына келтiруге арналған шығыстар оның сақтандыру жағдайы басталған күнгi нарықтық құнының сексен процентiнен асып кетсе, экономикалық тұрғыдан негiзсiз болып есептеледi.
5. Мүлiкке келтiрiлген зиянның мөлшерiн тәуелсiз сарапшы жетi жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген нысан бойынша бағалау жүргiзуге берiлген өтiнiштiң негiзiнде бағалайды.
Көлiк құралына келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалауды тәуелсiз сарапшы бағалау стандарттарын ескере отырып, уәкiлеттi органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы ұдiлет министрлігі белгiлеген нормативтiк құқықтық актiге сәйкес жүзеге асырады.
Бағалаудың нәтижесi сақтандырушы үшiн мiндеттi болып табылады.
6. Сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбiрленушi (пайда алушы) немесе олардың өкiлдерi тәуелсiз сарапшы көрсететiн қызметтердi дербес пайдалануға құқылы. Мүлiкке келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалауға жұмсалған шығындарды сақтандырушы көтередi.
Тәуелсiз сарапшының бағалау жүргiзу шартына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.
Осы баптың 5-тармағында белгiленген мерзiм бұзылған жағдайда тәуелсiз сарапшы өтiнiш берушiге тиiстi қаржы жылына арналып белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң елу процентi мөлшерiнде өтiп кеткен әр күн үшiн тұрақсыздық айыппұлын төлейдi.
Тәуелсiз сарапшы, егер ол осы сақтандырушыға қатысты аффилиирленген тұлға болса не оның лауазымды адамдарына немесе осы сақтандырушы ұйымдарының - аффилиирленген тұлғаларының лауазымды адамдарына бағыныстылық байланыста болса, сақтандырушының өтiнiшi бойынша бағалауды жүзеге асыруға құқылы емес.
7. Сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбiрленушi (пайда алушы) немесе олардың өкiлдерi өтiнiш берген кезде сақтандырушы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген нысан бойынша бағалауды ұйымдастыруға сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбiрленушi (пайда алушы) немесе олардың өкiлдерi табыс еткен өтiнiш негiзiнде мүлiкке келтiрiлген зиян мөлшерiнiң аталған тұлғалар таңдаған тәуелсiз сарапшыда бағалануын он жұмыс күнi iшiнде өз есебiнен ұйымдастырады.
Бүлiнген мүлiктi бағалауды ұйымдастыру мынадай:
1) тәуелсiз сарапшылардың сақтандырушы берген тiзбесiне және олардың орналасқан орны, байланыс телефондары туралы ақпаратқа сәйкес пайда алушының немесе оның өкiлiнiң тәуелсiз сарапшыны таңдауы;
2) пайда алушымен және тәуелсiз сарапшымен келісім бойынша бағалауды жүргiзу орнын айқындау;
3) бүлiнген мүлiктi тексерiп-қарау;
4) тәуелсiз сарапшының бүлiнген мүлiкке бағалау жүргiзуi;
5) пайда алушыға танысу үшiн бағалау жөніндегі есептi беру кезеңдерiн қамтиды.
Мүлкiне зиян келтiрiлген пайда алушы өзi немесе сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандырушыға бағалау ұйымдастыруға өтiнiш берген күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде көлiк оқиғасынан кейiн қандай жағдайда болса, сол жағдайда осы мүлiктi сақтауға және сақтандырушының бүлiнген мүлiктi тексерiп-қарауына, сондай-ақ тәуелсiз сарапшының келтiрiлген зиянға бағалау жүргiзуiне мүмкiндiк жасауға мiндеттi.
Өзгеше дәлелдеуге құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбiрленушi (пайда алушы) немесе олардың өкiлдерi үшiн бағалаудың нәтижелерi мiндеттi болып табылмайды.
Сақтандырушы пайда алушыға тиесiлi сақтандыру төлемiнен бағалау жүргiзуге жұмсалған өз шығыстарын ұстап қалуға құқылы емес.
8. Егер сақтандырушы келтiрiлген зиянды тәуелсiз сарапшының бағалауын осы баптың 7-тармағында белгiленген мерзiмде ұйымдастырмаса, онда сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбiрленушiнiң (пайда алушының) немесе олардың өкiлдерiнiң тәуелсiз сарапшы көрсететiн қызметтердi дербес пайдалануына және мүлiктi қалпына келтiрудi (кәдеге жаратуды) бастауына болады. Сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбiрленушiнiң (пайда алушының) немесе олардың өкiлдерiнiң тәуелсiз сарапшы көрсететiн қызметке жұмсаған шығындарын сақтандыру төлемiне қарамастан өтеуге тиiс.
9. Сақтандыру жағдайын қасақана жасау, сондай-ақ сақтандыру төлемiн заңсыз алуға бағытталған өзге де алаяқтық iс-әрекеттер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 22-1-баппен толықтырылды; 2009.30.12 № 234-IV Заңымен 22-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
22-1-бап. Өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушілер болмаған жағдайда көлік оқиғасы басталған кездегі тұлғалардың іс-әрекеттері
Көлік оқиғасы жасалған кезде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушілер болмаған жағдайда, оның қатысушылары мүмкіндік болған кезде орын алған көлік оқиғасы туралы сақтандырушыларды хабардар етуге тиіс.
Сақтандырушылар өз өкілдерін көлік оқиғасы болған орынға жіберуге құқылы.
Көлік оқиғасына қатысушылар болған мән-жайды бағалауға және болжамды мөлшері елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс мүлікке келтірілген зиянның мөлшеріне өзара келісе отырып, оқиғаның схемасын өз бетінше жасауға және оған қол қойып, оны ресімдеу үшін жақын постқа немесе ішкі істер органдарының бөлімшелеріне баруға құқылы.
Көлiк оқиғасының схемасын жасау тәртібі мен үлгi нысандары уәкiлеттi органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.
23-бап. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
24-бап. Сақтандыру төлемiнің мөлшерiн айқындау
1. Бiр сақтандыру жағдайы (сақтандыру сомасы) бойынша сақтандырушы жауапкершілігiнiң шектi көлемi мынаны құрайды (айлық есептiк көрсеткiшпен):
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 1 тармақша толықтырылды (бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) әрбiр жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн және ол мыналарға әкеп соқса:
қайтыс болуына - 1000,
мүгедектiктiң:
I тобы белгiленуiне - 800,
II тобы белгiленуiне - 600,
III тобы белгiленуiне - 500,
«мүгедек балаға» - 500;
мертiгуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектiк белгіленбеген өзге де бұзылуына - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге жұмсалған нақты шығыстар мөлшерiнде, бiрақ 300-ден көп емес. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерi стационарлық емделудiң әрбiр күнi үшiн кемiнде 10 айлық есептiк көрсеткiштi құрауы тиiс;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 2 ) және3) тармақшалар жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 600-ден көп емес;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) бір мезгілде екі және одан да көп жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әрбір жәбірленушіге 600-ден көп емес. Бұл ретте сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері барлық жәбірленушіге 2000-нан аспауға тиіс. Зиян мөлшері сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемінен асқан жағдайда сақтандыру төлемі әрбір жәбірленушіге оның мүлкіне келтірілген зиянға мөлшерлес дәрежеде жүзеге асырылады.
2. Қаза болуына немесе мүгедектiк белгiленуiне әкеп соққан, жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi осы баптың 1-тармағында белгiленген сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiнiң мөлшерiнде жүзеге асырылады.
3. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн есептеу үшiн Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес белгiленген сақтандыру төлемi жүзеге асырылған күнгi айлық есептiк көрсеткiш пайдаланылады.
4. Сақтанушының (сақтандырылушының) шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстары, егер мұндай шығыстар қажеттi болса немесе сақтандырушының нұсқауларын орындау үшiн жұмсалса, егер тиiстi шаралар тiптi сәтсiз болса да, сақтандырушының өтеуiне жатады.
Мұндай шығыстар нақты мөлшерiнде өтеледi, бұл ретте сақтандыру төлемiнiң және шығыстар өтемақысының жалпы сомасы көлiк құралы иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасынан аспауға тиiс. Егер шығыстар сақтанушының сақтандырушы нұсқауларын орындауы нәтижесiнде туындаған болса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз, толық мөлшерiнде өтеледi.
Аталған шығыстарды сақтандырушы тiкелей шығыстарды шеккен адамға өтейдi.
5. Сақтандыру сомасы келтiрiлген зиянды толығымен өтеу үшiн жетпеген кезде сақтанушы жәбiрленушiге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшерi арасындағы айырманы өтейдi.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 6 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.30.12 № 234-IV Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Жәбiрленушi қайтыс болған жағдайда сақтандырушы жәбiрленушiнi жерлеген адамға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жерлеу шығыстарын өтейдi.
25-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы шарттары
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы (сақтандырылушы) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға пайда алушының тұрғылықты жерiн, байланыс телефондарын, банктiк деректемелерiн (қажет болғанда), сақтандыру төлемiн қолма-қол ақшамен не банктiк шотқа аударым жасау арқылы сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға қажеттi құжаттарды қоса тiркей отырып, алу тәртібін көрсетiп, жазбаша нысанда қояды.
2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi басталған тұлғаның сақтандыру полисi (оның телнұсқасы), ол болмаған жағдайда сақтандыру полисiнiң көшiрмесi не бар болған кезде көрсетiлген сақтандыру полисi бойынша (сақтандырушының атауы, сақтандыру полисiнiң нөмiрi, берiлген күнi) немесе сақтанушы туралы (сақтанушының тегi, аты, болған жағдайда - әкесiнiң аты, көлiк құралын тiркеудiң мемлекеттік нөмiрi) мәлiметтердiң бiрi;