2) бұзушылықтар анықталған жағдайларда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.
2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіде:
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
2) бақылау және қадағалау органының атауы;
3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізуге негіз болған бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актінің (бар болған кезде мерзімді ұзарту туралы қосымша актінің) күні мен нөмірі;
4) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
5) бақылау мен қадағалау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;
6) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу күні, орны және кезеңі;
7) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;
8) тексеру парағының атауы және бұзушылықтар анықталған талаптардың тармақтары;
9) бақылау мен қадағалау субъектісі өкілдерінің, сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезінде қатысқан адамдардың бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актімен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбасы немесе қол қоюдан бас тартуы;
10) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы көрсетіледі.
3. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіге:
1) бұзушылықтар анықталған жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;
2) өнім үлгілерін іріктеу, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп-қарау актілері, жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың) және сараптамалардың хаттамалары (қорытындылары) және бар болса, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелеріне байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі.
4. Жүргізілуі барысында тексеру парақтары талаптарының тармақтарын бұзушылықтар анықталған бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы әрбір акт бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы бір ғана нұсқама берілуі мүмкін.
5. Мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау, олардың нәтижелері туралы актіні (хабарламаларды) қоспағанда, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актінің, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нәтижелері туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысандарын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бекітеді.
6. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада:
1) нұсқаманың жасалған күні, уақыты және орны;
2) бақылау және қадағалау органының атауы;
3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) бақылау мен қадағалау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;
5) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу күні, орны және кезеңі;
6) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттарына сәйкес бұзушылықтың ауырлық дәрежесін міндетті түрде көрсете отырып, тексеру парағы талаптарының тармақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтардың тізбесі;
7) анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою бойынша нұсқаулар;
8) бақылау мен қадағалау субъектісі өкілінің (заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның), сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру кезінде қатысқан адамдардың нұсқамамен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбасы немесе қол қоюдан бас тартуы;
9) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы көрсетіледі.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне ықпал ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күн болып айқындалады.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы мерзімдер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдерін айқындау кезінде:
1) бақылау мен қадағалау субъектісінің бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық және қаржылық мүмкіндіктерінің бар-жоғы;
2) пайдаланылатын өндірістік объектілердің техникалық жай-күйінің ерекшеліктері;
3) мемлекеттік органдарда, жергілікті атқарушы органдарда «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген тиісті рұқсатты алу немесе хабарламаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндетті қорытындыларды, келісулерді және басқа да құжаттарды беру мерзімдері ескеріледі.
Қосымша уақыт және (немесе) қаржылық шығындар қажет болған жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісі өзіне бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы акт және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органына жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптарды бұзушылықтарды қоспағанда, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
Өтініште бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шараларды және оларды жою мерзімдерін ұзартудың объективті себептерін баяндауға міндетті.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтініште баяндалған дәйектерді ескере отырып, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту немесе уәжді негіздемемен ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
8. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама үш данада жасалады.
Бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың бірінші данасын құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органға және оның аумақтық органдарына электрондық нысанда тапсырады, екінші данасы бақылау мен қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау және басқа да іс-қимылдар үшін қолын қойғызып қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда табыс етіледі, үшіншісі бақылау және қадағалау органында қалады.
Бақылау мен қадағалау субъектісінің таңдауы бойынша электрондық нысанда қалыптастырылған бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйелері арқылы беріледі.
Электрондық нысанда қалыптастырылған бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау мен қадағалау субъектісі көрсеткен электрондық пошта мекенжайына жіберіледі.
9. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, заңды тұлғаның басшысы немесе жеке тұлға не олардың өкілдері ескертулерді және (немесе) қарсылықтарды жазбаша түрде баяндайды.
Ескертулер және (немесе) қарсылықтар бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл туралы тиісті белгі жасалады.
10. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, бухгалтерлік және өзге де құжаттардың төлнұсқасын алып қоюға және алуға тыйым салынады.
Төлнұсқа құжаттарды алып қою және алу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің нормаларына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жағдайларда жүргізіледі.
11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтар болмаған жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезінде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жүргізіледі.
12. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болған кезде мерзімді ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірмей бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіні бақылау мен қадағалау субъектісіне табыс еткен күн бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі ішінде бақылау мен қадағалау субъектісі бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 14-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты бақылау мен қадағалау субъектісі белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, бақылау және қадағалау органы екі жұмыс күні ішінде бақылау мен қадағалау субъектісіне нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты ұсыну қажеттігі туралы сұрау салу жібереді.
Бақылау жəне қадағалау органы осы тармақтың бірінші бөлігіне сəйкес анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуы жөніндегі ақпарат ұсынылмаған немесе бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, осы Кодекстің 144-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындауға құқылы.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 15-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде анықталған бұзушылықтар жойылған жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісі бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органына бұзушылықтарды жою тəртібі мен тəсілдерін мұқият сипаттап, анықталған бұзушылықтарды жою туралы түбегейлі ақпаратты ұсынуға міндетті.
Бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынылған ақпаратқа бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса береді.
Бұл жағдайда осы Кодекстің 144-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізу талап етілмейді.
152-1-бап. 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 153-бап өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 153-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
153-бап. Бақылау жəне қадағалау органдары лауазымды адамдарының бақылауды жүзеге асыру кезінде анықталған бұзушылық фактілері бойынша қолданатын шаралары
1. Егер бақылау мен қадағалауды жүргізу нəтижесінде бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына жəне 143-бабының 3-тармағына сəйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу фактісі анықталатын болса, бақылау жəне қадағалау органының лауазымды адамы (лауазымды адамдары) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктері шегінде анықталған бұзушылықтарды жою, олардың алдын алу, адамдардың өміріне, денсаулығына жəне қоршаған ортаға, жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне ықтимал зиян келтіруді болғызбау бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдауға, сондай-ақ бұзушылыққа жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
Бақылау жəне қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты осы Кодекстің 136-бабына сəйкес жедел ден қою шараларын қабылдау кезінде қадағалау актісін ресімдейді.
2. Қадағалау актісінде мыналар көрсетіледі:
1) жедел ден қою шарасының түрі;
2) актінінің жасалған күні, уақыты мен орны;
3) мемлекеттік органның атауы;
4) актіні жасайтын адамның тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
5) бақылау мен қадағалау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), оның басшысының тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісінің актіні ресімдеу кезінде болған өкілінің лауазымы;
6) жедел ден қою шарасын қолдану негізі;
7) жедел ден қою шарасының қолданылу мерзімі (қажет болған кезде);
8) актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы мəліметтер (күні жəне бақылау мен қадағалау субъектісі басшысының немесе бақылау мен қадағалау субъектісі өкілінің қолтаңбасы);
9) актіні ресімдеген лауазымды адамның қолтаңбасы;
10) бақылау жəне қадағалау органы басшысының лауазымы, тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне қолтаңбасы.
3. Қадағалау актісі бақылау мен қадағалау субъектісіне мынадай тəсілдердің бірімен:
1) қолын қойғызу арқылы қолма-қол;
2) табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) бақылау мен қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына электрондық тəсілмен табыс етіледі.
Қадағалау актісіне жедел ден қою шараларының нысанасына жататын техникалық бақылау құралдарының, байқау жəне тіркеп-белгілеу аспаптарының, фото- жəне бейнеаппаратураның жазбалары (олар болған кезде) қоса берілуі мүмкін.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 154-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
154-бап. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының бақылауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері
1. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бақылау жүргізу кезінде:
1) осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде бақылау мен қадағалау объектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіге немесе бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қосу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттардың (мәліметтердің) көшірмелерін алуға, сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге;
3) аудио-, фото- және бейнетүсіруді жүзеге асыруға;
4) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нысанасына жататын техникалық бақылау құралдарының, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарының, фото- және бейнеаппаратураның жазбаларын пайдалануға;
5) мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқығы бар.
2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарының бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нысанасына жатпайтын талаптарды қоюына және өтінумен жүгінуіне тыйым салынады.
3. Бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, бақылау мен қадағалау субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген негізде және тәртіпке қатаң сәйкестікте жүргізуге;
3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезеңінде бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
4) осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына және 143-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға;
5) бақылау мен қадағалау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезінде қатысуына кедергі келтірмеуге, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нысанасына жататын мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;
6) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нысанасына жататын қажетті ақпаратты бақылау мен қадағалау субъектісіне беруге;
7) бақылау мен қадағалау субъектісіне - бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіні, бұзушылықтар анықталған жағдайда - бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы олар аяқталған күні не «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде табыс етуге;
8) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 155-бап жаңа редакцияда
155-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыру кезіндегі бақылау мен қадағалау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің құқықтары мен міндеттері
1. Бақылау мен қадағалау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыру кезінде:
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу үшін объектіге келген бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарын мынадай:
бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) осы Кодекстің 141-бабына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көрсетілген талаптарға сәйкестігіне тексеруді жүргізу жиілігі сақталмаған;
бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болған кезде мерзімді ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген, осы Кодексте белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;
осы Кодекстің 144-бабы 5-тармағының 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органы сол бір кезең ішінде сол бір мәселе бойынша өзіне бұрын бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізілген бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындаған;
осы Кодекстің 141, 143-баптарында және 146-бабының 1-тармағында көзделген ақпарат пен құжаттар болмаған;
жасалған не дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызда немесе хабарда, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар туралы өзге де жүгінімдерде көрсетілген уақыт аралығы шеңберінен шығатын кезең үшін бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексерулер тағайындалған;
бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тапсырылған;