2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
8) фискальдық белгіні көрсетпеу не аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінде (банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда) осы бөліктің 1) - 7) тармақшаларында белгіленген бір немесе бірнеше деректемелерді көрсетпеу -
ескерту жасауға әкеп соғады.
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Бақылау-кассалық машинаны пайдалану кезінде қолма-қол ақшаны есепке алу кітабын толтырмау не ауысымдық есеп көрсеткіштерінің тиісті күнге қолма-қол ақшаны есепке алу кітабының деректеріне сәйкес келмеуі не қате енгізілген соманы жою немесе өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшаны қайтару операцияларын бақылау-кассалық машинада жүзеге асыру кезінде қолма-қол ақшаны есепке алу кітабында жазба жүргізбеу -
ескерту жасауға әкеп соғады.
10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Салықтық тексеру барысында анықталған, кассаның ағымдағы жай-күйі туралы есеп көрсеткіштерінің қолма-қол ақшаны есепке алу кітабында көрсетілген тауарларды өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты емес, қолма-қол ақшаны қабылдау және беру сомалары ескеріле отырып, фискальдық есепті алу кезінде кассадағы қолма-қол ақшаның сомасына сәйкес келмеуі -
ескерту жасауға әкеп соғады.
12. Осы баптың он бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Ауысымдық есепті, қолма-қол ақшаны есепке алу кітабын, тауар чектерін, бақылау-кассалық машинаның тіркеу карточкасын жою немесе қайтару чегін, сондай-ақ жою немесе қайтару операциясы сол бойынша жүргізілген бақылау чегін сақтаудың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімдерін бұзу -
ескерту жасауға әкеп соғады.
14. Осы баптың он үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
15. Қате енгізілген соманы жою немесе өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшаны қайтару операцияларын, өткізілген тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге бақылау чегінің түпнұсқасынсыз бақылау-кассалық машинада жүргізу -
ескерту жасауға әкеп соғады.
16. Осы баптың он бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
17. Мемлекеттік кіріс органы пломбасының бүтіндігін бұзбай жою мүмкін емес бақылау-кассалық машинаның техникалық ақауы жойылғаннан кейін пломба орнату үшін бақылау-кассалық машинаны мемлекеттік кіріс органына ұсыну мерзімін бұзу -
ескерту жасауға әкеп соғады.
18. Осы баптың он жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 19-бөлікпен толықтырылды (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
19. Фискальдық деректер операторының деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ оларды мемлекеттік кіріс органдарына беру тәртібін бұзуы -
ескерту жасауға алып келеді.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 20-бөлікпен толықтырылды (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
20. Осы баптың он тоғызыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет -
фискальдық деректер операторына бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
285-бап. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамауы
1. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мiндеттердi:
1) мемлекеттік кіріс органдарының, резидент еместі қоса алғанда, салық төлеушi - заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға хабарламалардың кепілді жеткізілімін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы банк шотын ашқаны туралы олар ашылғаннан кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей не хабарламаны қағаз жеткізгіште жіберген кезде - үш жұмыс күні ішінде хабарламау;
2) клиенттердің төлем құжаттарындағы (вексельді және банктің қолма-қол ақша қабылдауы және беруі соның негізінде жүргізілетін төлем құжаттарын қоспағанда) сәйкестендіру нөмірінсіз банк шоттары бойынша операциялар жүргiзу;
3) 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес - заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарында (корреспонденттікті қоспағанда) мемлекеттік кіріс органдарының өкімінде көрсетілген салық берешегі сомасының шегінде шығыс операцияларын сондай өкім бойынша тоқтата тұрмау;
5) есепті тоқсан ішінде шартты банк салымында орналастырылған ақшаның қозғалысы туралы есепті, ақшаның осындай қозғалысы бар болған кезде, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мемлекеттік кіріс органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзім ішінде ұсынбау;
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) өз клиентінде осы банкте ашылған, мемлекеттік кіріс органдары инкассолық өкімдер немесе салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер қойған, банктік шоты болған кезде оған жаңа банктік шот ашу;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) ол туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған әрекет етпейтін салық төлеушіге, салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіге банктік шотты ашу түрінде жасалған орындамауы -
банктің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамаған кезеңі ішінде салық төлеушiлердiң банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың шартты банк салымы туралы шарттар бойынша орналастырылған, бюджетке төленетін салықтар сомаларын аудармауы немесе уақтылы аудармауы -
шартты банк салымында орналастырылған, аударылмаған немесе уақтылы аударылмаған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем сомасының елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-1-бөлікпен толықтырылды
2-1. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың салық төлеушiнің салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі төлем тапсырмасын, мемлекеттік кіріс органдарының салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды өндіріп алу туралы инкассолық өкімдерін - салық төлеушінің не мемлекеттік кіріс органдарының нұсқауын алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, бірінші кезектегі тәртіппен орындамауы -
төлем тапсырмасы бойынша аударылмаған соманың немесе орындалмаған инкассолық өкім сомасының бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың салық заңнамасында белгіленген міндеттерді:
1) мемлекеттік кіріс органдарының салық төлеушi - заңды тұлғаға, резидент еместі қоса алғанда, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке немесе азаматтығы жоқ тұлғаға хабарламалардың кепілдік берілген жеткізілімін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы банк шотын жабу туралы ол ашылғаннан кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей не хабарламаны қағаз жеткізгіште жіберген кезде - үш жұмыс күні ішінде хабарламау;
2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару үшін төлем құжаттарын дұрыс көрсетілмеген сәйкестендіру нөмірімен қабылдау;
3) көлік құралына салықты төлеу үшін төлем құжаттарын көлік құралының дұрыс көрсетілмеген сәйкестендіру нөмірімен қабылдау;
4) уәкілетті органның берiлген кредит (қарыз) бойынша сыйақы түріндегі кірісті мойындауды тоқтату кезінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаны немесе заңды тұлғаны сыйақы есептеуді тоқтата тұру туралы есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей хабардар етпеуі;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) құқықтың (талап етудің) коллекторлық агенттіктерге өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша мәліметтерді мемлекеттік кіріс органдарына тоқсаннан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей ұсынбау;
2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың сомаларын аудармау (есебіне жатқызбау), уақтылы аудармау (есебіне жатқызбау) не банкке немесе бюджет жүйесінің кассалық орындауын жүзеге асыратын басқа да ұйымға салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың сомаларын аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кінәсінан төлем құжатындағы деректемелерді толтыру кезінде қате жіберу;
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған тексерілетін жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ақшасының бар-жоғын және банк шоттары бойынша жасалатын операцияларын тексеруге мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамын жібермеу;
7) мемлекеттік кіріс органын қарыз алушы салық төлеушіде міндеттемелерді есептен шығарудан табыс пайда болғаны туралы дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға немесе заңды тұлға болып табылатын қарыз алушының берiлген кредиттер (қарыздар) бойынша мiндеттемелерiн есептен шығарған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде хабардар етпеу;
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) мемлекеттік кіріс органының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтерді ұсынбау түрінде орындамауы;
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9) банк шоттарының бар-жоғы (ашылуы), нөмірлері және осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы, сондай-ақ өзге де мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе бейрезидент жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ бенефициарлық меншік иесі бейрезиденттер болып табылатын заңды тұлғалардың басқаруындағы мүліктің бар-жоғы, түрі және құны туралы мәліметтерді, сол сияқты мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша да мәліметтерді телекоммуникациялар желісі арқылы ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 285-1-баппен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 285-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда
285-1-бап. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сақтандыру ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бағалы қағаздардың номиналды ұстаушысы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, брокерлердің және (немесе) дилерлердің бейрезидент жеке тұлғаларға, бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері бейрезидент болып табылатын заңды тұлғаларға ашылған бағалы қағаздарды есепке алу үшін шоттарының бар-жоғы туралы, сондай-ақ осы шоттардағы бағалы қағаздар қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Бейрезидент жеке тұлғаларға, бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері бейрезидент болып табылатын заңды тұлғаларға тиесілі, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілгендерді қоспағанда, кастодиандардың, инвестициялық портфельді басқарушылардың активтерінің бар-жоғы туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. «Өмірді сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының жасалған жинақтаушы сақтандыру шарттар бойынша пайда алушылары бейрезидент жеке тұлғалар болып табылатын шарттар туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 4-бөлікпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Коллекторлық агенттіктердің құқықтың (талап етудің) коллекторлық агенттікке өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлға әкеп соғады.
286-бап. Банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсыну
Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың заңды немесе жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша операциялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсынуы, сол сияқты осы банктiң iс жүзiндегi қаржылық жай-күйiмен көрiнеу қамтамасыз етiлмеген кепілгерліктер, кепiлдiктер және өзге де мiндеттемелер беруi, егер бұл әрекеттер жеке немесе заңды тұлғаға не мемлекетке iрi залал келтiруге әкеп соқпаса, -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Құқық бұзушылық жасалған кезде екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын сома - жеке тұлғаға, жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын сома заңды тұлғаға келтiрiлген залалдың iрi мөлшерi деп танылады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 287-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
287-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы, сондай-ақ тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды орындамауы
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде жанама салықтарды төлемеу, толық төлемеу не уақтылы төлемеу -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Салық төлеушінің мемлекеттік кіріс органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемелерді ұсынбауы және оларды орындамауы -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік кіріс органдарын мынадай жағдайларда:
1) әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей, кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде;
2) әкетілген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей, кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкету кезінде хабардар етпеу не уақтылы хабардар етпеу -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеудің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімдерін бұзу -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - есепке жазылған салықтар сомасының он пайызы, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма пайызы, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушының осындай сауданы өткізу туралы хабардар етпеуі не уақтылы хабардар етпеуі -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 6-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Ұйымдастырушының көрме-жәрмеңкелiк сауданы ұйымдастыру тәртібін бұзуы -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен ескертпе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Ескертпе. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаты үшін, егер тұлға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды есепке алуға қабылдамағаны үшін осы Кодекстің 275-бабында көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс болса, мұндай тұлға осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 288-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
288-бап. Мемлекеттік кіріс органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамау
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Салық төлеушінің мемлекеттік кіріс органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамауы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
он бec айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Салық төлеушi кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) салықтық тексерудi жүргiзетін мемлекеттік кіріс органының лауазымды адамының кiруiне заңсыз кедергi келтiру -
қырық бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
17-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
289-бап. Электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтамау және энергия тұтынудың нормативтерін асыру
1. Электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтамау -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне ескерту жасауға, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Энергия тұтынудың нормативтерін асыру -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - ескерту жасауға, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - құқық бұзушылық болған, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңде бекітілген нормативтерден астам пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнының үш пайызы, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - құқық бұзушылық болған, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңде бекітілген нормативтерден астам пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнының бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Энергетикалық ресурстардың құны құқық бұзушылық анықталған кездегі нарықтық баға негізінде айқындалады.
290-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)