жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сайлаушыларға тегін немесе жеңілдік шарттарымен тауарлар беру, қызметтер көрсету, бағалы қағаздар беру, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткізу, ақша төлеу не осындайларға уәде беру арқылы сайлау алдындағы үгіт жүргізу -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кандидаттар не олардың сенім білдірілген тұлғалары болып тіркелген журналистердің, бұқаралық ақпарат құралдары редакциялары лауазымды адамдарының сайлауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялауға қатысуы -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
123-бап. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру шарттарын бұзу
Жергілікті атқарушы органдар және өзін-өзі басқару органдары лауазымды адамдарының кандидаттардың біріне, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй-жайлар беруден бас тартуы, егер басқа кандидатқа және партиялық тізімді ұсынған саяси партияға келісім берілсе, -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
124-бап.Үгіт материалдарын орналастыру
Үгіт материалдарын ескерткіштерде, обелисктерде, тарихи, мәдени немесе сәулеттік құндылығы бар ғимараттар мен құрылыстарда, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларда орналастыру -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
125-бап. Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты жұмсау тәртібін бұзу
Депутаттыққа немесе өзге сайланбалы лауазымға кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты нысаналы жұмсамауы -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады
126-бап. Сайлауда кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің және байқаушылардың заңды қызметіне кедергі келтіру
1. Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген тұлғаларының, Қазақстан Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдары байқаушыларының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сайлау комиссиясының отырыстарына қатысу не сайлау учаскесінде дауыс беру күні ол ашылған кезден бастап және сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін болу не сайлау учаскесінде, дауыс беруге арналған пунктте дауыс беру барысын, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін ресімдеу рәсімін байқау не электрондық сайлау жүйесінің жабдығын ашу және орнату кезінде, сондай-ақ оның жұмыс істеуін тексеру кезінде қатысу құқығына, мұндай құқық заңда көзделген жағдайларда кедергі келтіру -
отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген тұлғаларының, Қазақстан Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдары байқаушыларының дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруді ұйымдастыру үшін сайлау комиссиясының мүшелеріне ілесіп жүру не дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде сайлаушылардың дауыс беруін өткізу кезінде қатысу не фото-, аудио- және бейнежазбаны жүзеге асыру не дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімін байқау не дауыс беруге, оның ішінде үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны туралы ақпаратты алудан бас тарту не тиісті сайлау комиссиясының және (немесе) оның мүшелерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау құқығына, мұндай құқық заңда көзделген жағдайларда кедергі келтіру -
отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген тұлғаларына дауыстарды қайта санаудан бас тарту, мұндай құқық заңда көзделген жағдайларда -
отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сайлау процесінің барлық кезеңіне қатысу не сайлау комиссияларынан сайлау науқанының барысы туралы ақпарат алу не дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау кезінде сайлау учаскелеріне кіру не сайлау процесіне қатысушылармен кездесу, не жария мәлімдемелер жасау не дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімдерін байқау құқығына, мұндай құқық заңда көзделген жағдайларда кедергі келтіру -
отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12-тарау. Кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 127-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
127-бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру жөніндегі міндеттерді орындамау
2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру жөнiндегi мiндеттердi орындамауы -
үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 3-бөлікпен толықтырылды
3. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-анасының немесе осы мiндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтiң немесе білім беру, денсаулық сақтау ұйымының немесе өзге ұйымның өзіне көрсетілген міндеттер жүктелген басқа да қызметкерінің кәмелетке толмаған адамның алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына не оның қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген орындамауы -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 127-1-баппен толықтырылды
127-1-бап. Кәмелетке толмағандар жасаған немесе кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы хабарламау
1. Білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары қызметкерлерінің құқық қорғау органдарына білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу фактілері туралы, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарынан тыс жерде кәсіптік қызметіне байланысты өздеріне белгілі болған фактілер туралы хабарламауы, егер бұл іс-әрекеттерде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 434-бабында көзделген, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекет -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 128-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 128-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
128-бап. Кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту
1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді қоспағанда, кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып өткізілетін жиналыстарға, митингілерге, шерулерге, демонстрацияларға және қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделер мен қарсылық білдірудің өзге де нысандарына тарту, сол сияқты кәмелетке толмаған адамды қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделер мен қарсылық білдірудің көрсетілген нысандарында пайдалану -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
129-бап. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің тұрғын үйге мұқтаж жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке қою жөніндегі міндеттерді орындамауы
1. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің тұрғын үйге мұқтаж жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке қою жөніндегі міндеттерді орындамауы, сол сияқты белгіленген мерзімді бұза отырып есепке қою -
бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
130-бап. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын жайын сақтау жөніндегі міндеттерді орындамауы
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын жайын сақтау жөніндегі міндеттерді орындамауы -
бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
131-бап. Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн жеткiзу
Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн жеткiзу -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
132-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
133-бап. Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы -
жеке тұлғаларға - жеті, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен 134-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
134-бап. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы заттарды не балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді тарату
1. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы заттарды не балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді тарату, яғни сату, оған жазылу, жеткізу, үлестіру, көрсету, прокаттау және (немесе) жалға беру -
эротикалық мазмұндағы заттар және (немесе) балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнім тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған, сол сияқты телекоммуникация желілері пайдаланыла отырып жасалған әрекет -
эротикалық мазмұндағы заттар және (немесе) балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнім тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 135-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
135-бап. Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкіне жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдерін бұзу және оларды жария ету
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қарауында ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тұратын ұйымдар басшыларының, Қазақстан Республикасының атқарушы органдары лауазымды адамдарының, егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, сондай-ақ балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың:
1) Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкіне жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді ұсыну мерзiмдерiн сақтамау;
2) Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкіне жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы анық емес мәлiметтер ұсыну, көрсетуге жататын деректерді жасыру;
3) Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкінде қамтылған жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы деректерді заңсыз жария ету түрінде жасаған бұзушылығы - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13-тарау. Меншiкке қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
136-бап. Жерге мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
Мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау -
жеке тұлғаларға - жетпіс бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
137-бап. Жер учаскесіне құқық беру кезінде және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту кезінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу
1. Жер учаскесіне құқық беру кезінде және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту кезінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасын:
1) жер учаскесіне немесе жер учаскесін жалдау құқығына жер учаскелерін аукциондық және конкурстық тәсілмен беру қолданылмайтын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сауда-саттық (аукциондар мен конкурстар) өткізбей беру;
2) жеке және заңды тұлғалардың жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтінішхаттарын (өтініштерін) қараудың белгіленген мерзімдерін бұзу;
3) жергілікті атқарушы органның жер комиссиясының оң қорытындысынсыз және (немесе) бекітілген жерге орналастыру жобасынсыз жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылдауы;
4) жергілікті атқарушы органның жер учаскелеріне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімін бұзуы;
5) жергілікті атқарушы органның жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылдау мерзімін бұзуы;
6) жергілікті атқарушы органның жеке меншікте болуы мүмкін емес жер учаскелеріне жеке меншік құқығын беру туралы шешім қабылдауы;
7) жергілікті атқарушы органның заңнамалық актілерде көзделмеген жағдайларда жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім қабылдауы;
8) жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін жер заңнамасында көзделген нормадан артық көлемде жеке меншікке тегін беру туралы шешім қабылдауы, сондай-ақ қайталап тегін беруі;
9) жергілікті атқарушы органның уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын жер заңнамасында көзделмеген мақсаттарда немесе мерзімде беру туралы шешім қабылдауы;
10) жергілікті атқарушы органның шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жеке меншік құқығын беру туралы шешім қабылдауы;
11) жергілікті атқарушы органның өзінің құзыретіне кірмейтін, жер учаскелеріне құқықтар беру туралы шешім қабылдауы;
12) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті қарау мерзімін бұзу;
13) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындау және беру мерзімдерін бұзу;
14) жерге орналастыру жобасын қарау және бекіту мерзімдерін бұзу;
15) сатып алу-сату немесе уақытша өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу мерзімдерін бұзу түрінде жасалған бұзушылықтар, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
лауазымды адамдарға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
138-бап. Арнаулы белгiлердi жою
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жер учаскелерi шекараларының межелiк белгiлерiн жою -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - үш, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жерасты суларын байқайтын және режимдiк ұңғымаларды, су объектiлерiндегi режимдiк байқау тұстамаларды, су қорғау немесе су шаруашылығы белгiлерiн, орман қорындағы орман орналастыру немесе орман шаруашылығы белгiлерiн, маркшейдерлiк, геодезиялық және нивелирлiк пункттер мен белгiлердi жою немесе бүлдiру -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
139-бап. Жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
Жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын заңсыз пайдалану, жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын мәмiлелер жасау -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған мүлік, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралдары мен заттары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
140-бап. 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
141-бап. Суға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Су объектiлерiн заңсыз басып алу, оның ішінде сарқынды және басқа да суды ағызу, суды заңсыз пайдалану, су пайдалану құқығын басқаға беру, сондай-ақ суға мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау -
жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Лимиттердi бұзып су алу, су пайдаланудың рұқсат берілген көлемінен асыру, белгіленген режимдерін сақтамау, гидротехникалық жұмыстарды заңсыз жүргiзу, су объектiлерiнен шығарылған немесе бұрылған жерасты және жерүстi суларын ұтымды, нысаналы пайдаланбау -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
142-бап. Орманға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
Орман қоры учаскелерiн сатып алу-сату, сыйға тарту, кепiлге беру, заңсыз иелену және айырбастау, сондай-ақ орманға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзатын орман пайдалануды жүзеге асыру құқығын заңсыз басқаға беру -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
143-бап. Жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
1. Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалану құқығын заңсыз басқаға беру, сондай-ақ жануарлар дүниесiне мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сол сияқты қорықтар мен басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы пайдаланылуына рұқсат алу талап етiлетiн жануарлар дүниесi объектiлерiн заңсыз пайдалану -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға - жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.