7. Кедендік тасымалдаушының қызметін тоқтата тұру немесе аталған тұлғаның мұндай қызметті қайта бастауы туралы шешім кедендік тасымалдаушыға тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жеткізіледі.
499-бап. Кедендік тасымалдаушылар тізілімінен алып тастау үшін негіздер
1. Кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен кедендік тасымалдаушыны алып тастау үшін мыналар негіздер болып табылады:
1) кедендік тасымалдаушының осы Кодекстің 500-бабының 2) және 4) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындамауы;
2) кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен өзін алып тастау туралы кедендік тасымалдаушының өтініші;
3) кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның таратылуы;
4) қайта құру нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы;
5) кедендік тасымалдаушының қызметін қайта бастау туралы кедендік тасымалдаушының өтініші болмаған кезде осы Кодекстің 498-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, кедендік тасымалдаушының қызметін тоқтата тұру мерзімінің өтуі;
6) осы Кодекстің 498-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша кедендік тасымалдаушының қызметін тоқтата тұрған себептерді осы Кодекстің 498-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзім өткеннен кейін жоймау;
7) кедендік тасымалдаушыны күнтізбелік бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 523, 524, 525, 526, 527, 528, 529, 530, 533, 534, 549, 550, 555 және 558-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін екі рет көп әкімшілік жауаптылыққа тарту;
8) кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызмет шеңберінде кедендік тасымалдаушылардың басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214 және 250-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234, 236, 258 және 286-баптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.
2. Кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен алып тастау туралы шешім алып тастау себебі көрсетіле отырып, аумақтық кеден органы басшысының не оны алмастыратын адамның не аумақтық кеден органы басшысы орынбасарының бұйрығымен ресімделеді.
3. Кедендік тасымалдаушыны кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен алып тастау туралы шешім кедендік тасымалдаушыға тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жазбаша немесе электрондық нысанда жеткізіледі.
4. Тұлға осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен алып тасталған жағдайда, аталған тұлғаның тиісті тізілімге енгізу туралы қайта берген өтінішін аумақтық кеден органы алып тастау туралы бұйрық қабылданған күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.
500-бап. Кедендік тасымалдаушының міндеттері
1. Кедендік тасымалдаушы:
1) осы Кодекстің 496-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында белгіленген, кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу шарттарын сақтауға;
2) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде осы Кодексте белгіленген шарттарды сақтауға және талаптарды орындауға;
3) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын (тасылатын) тауарлардың есебін жүргізуге және кеден органдарына осындай тауарларды тасымалдау (тасу) туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып ұсынуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тауарларды жөнелтушіден, оларды алушыдан немесе экспедитордан алған мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны (құпияларды) құрайтын ақпаратты, сондай-ақ басқа да құпия ақпаратты жария етпеуге, өз мақсаттарында пайдаланбауға және өзге тұлғаларға бермеуге;
5) осы Кодекстің 233 және 392-баптарына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына, 137-бабының 4-тармағына және 353-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімнің соңғы күнінен кешіктірмей орындауға;
6) өзін кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы ақпарат беруге және мұндай өзгерістерді растайтын құжаттарды мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап немесе өзіне бұлардың өзгергені белгілі болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
59-тарау. УАҚЫТША САҚТАУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ИЕСІ
501-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметі
1. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған, осы Кодекстің 503-бабында айқындалған шарттарға сай келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы уақытша сақтау қоймасының иесі болып табылады.
Заңды тұлға уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілгеннен кейін уақытша сақтау қоймасының иесі деп танылады.
2. Уақытша сақтау қоймасының иесі осы Кодексте белгіленген жағдайларда және шарттарда кедендік бақылаудағы тауарларды уақытша сақтау қоймасында сақтауды жүзеге асырады.
3. Уақытша сақтау қоймасы иесінің декларанттармен немесе өзге де мүдделі тұлғалармен қатынасы шарттық негізде туындайды.
4. Аумақтық кеден органдары уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы ақпаратты, сондай-ақ тиісті қызметті тоқтата тұру, қайта бастау немесе аталған тұлғаларды тізілімнен алып тастау туралы деректерді уәкілетті органға жібереді.
502-бап. Уақытша сақтау қоймалары
1. Тауарларды уақытша сақтауға арналып, арнайы айқындалған және жайластырылған құрылысжайлар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар уақытша сақтау қоймалары болып табылады.
2. Уақытша сақтау қоймасы заңды тұлға уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген күннен кейінгі күннен бастап құрылды деп есептеледі.
3. Уақытша сақтау қоймасының жұмыс істеуі уақытша сақтау қоймасының иесі уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тасталған күннен кейінгі күннен бастап тоқтатылады.
4. Уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарды уәкілетті орган бекітеді.
503-бап.Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары
1. Уақытша сақтау қоймасының иесі ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары мыналар болып табылады:
1) уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға сәйкес келетін құрылысжайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуы:
тәулік бойы режимінде жұмыс істейтін, қойма аумағында күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен жабдықталған, көлік құралдарының (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар мен көлік құралдары тұрған) аумаққа кіруін және аумақтан шығуын, адамдардың аумаққа және (немесе) үй-жайға кіруін және аумақтан және (немесе)
үй-жайдан шығуын бақылау жүйелерінің болуы;
қажетті тиеу-түсіру механизмдерін иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растау не тиеу-түсіру механизмдерін пайдаланумен байланысты көрсетілетін қызметтерді ұсынатын тұлғамен шарттың болуы;
орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығын иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын растау, ал арнаулы сақтау орындарына газ орналастырылған жағдайда - тиісті есепке алу аспаптарының болуы;
техникалық жарамды кіреберіс жолдарының болуы;
электр жарығымен жарақтандырылған және тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, күнтізбелік отыз күн ішіндегі бейнеақпаратты қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен жабдықталған, тауарларды жете тексеруге арналған орындардың, оның ішінде жабық алаңдардың болуы. Бұл ретте жете тексеру орны периметрі бойынша сары түсті бояумен немесе жабысқақ таспамен белгіленуге және бейнебақылау құралдарына көрінбей қалатын аймақтар (учаскелер) болмауға тиіс;
аумақта қойма қызметіне қатысы жоқ ғимараттар (құрылыстар) мен құрылысжайлар орналаспауға тиіс;
табиғи жолмен шыққан ағашты-бұталы және шөптесін өсімдіктер өскен аумақ учаскелерін қоспағанда, жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ осы Кодекстің 404-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленуге және оның бетон, асфальт не өзге де қатты төсемі болуға тиіс;
2) басқа тұлғалардың сақтауда тұрған тауарларына зиян келтіру немесе басқа тұлғалармен жасалған сақтау шарттарының өзге талаптарын бұзу салдарынан басталуы мүмкін уақытша сақтау қоймасы иесінің азаматтық жауапкершілігінің тәуекелін шартта белгіленетін сақтандыру сомасына сақтандыру шартының болуы;
3) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болмауы;
4) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге дейінгі бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 539, 540, 555 және 558-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы;
5) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы.
2. Егер уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген күнге құрылысжайлар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар жалға алынған болса, мұндай құрылысжайларға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарға қатысты жалға алу шарты кемінде бір жыл мерзімге жасалуға тиіс.
504-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу тәртібі
1. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш уақытша сақтау қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты қоса беріле отырып, уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ұсынылады.
Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға электрондық құжат түрінде беруге құқылы.
2. Қызмет аймағында уақытша сақтау қоймасы құрылатын аумақтық кеден органы өтінішті аумақтық кеден органында тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
3. Аумақтық кеден органының лауазымды адамы осы Кодекстің 415-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстің 503-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігіне кедендік қарап-тексеруді жүргізеді.
Үй-жайлар мен аумақтарға кедендік қарап-тексеруді жүргізу кезінде өтініш иесі аумақтық кеден органының лауазымды адамына түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай:
1) уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған құрылысжайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуын растайтын құжаттардың;
2) мыналардың:
тиеу-түсіру механизмдерінің не тиеу-түсіру механизмдерін пайдаланумен байланысты көрсетілетін қызметтерді ұсынатын тұлғамен шарттың;
орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орындарына газ орналастырылған жағдайда - тиісті есепке алу аспаптарының болуын растайтын құжаттардың көшірмелерін береді.
Бұл ретте ұсынылған құжаттардың көшірмелері аумақтық кеден органында қалатын, үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісіне қоса беріледі.
Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру аяқталғаннан кейін үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісінің бір данасы заңды тұлғаға табыс етіледі.
4. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім аумақтық кеден органы басшысының не оны алмастыратын адамның не аумақтық кеден органы басшысы орынбасарының бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
5. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 1 және 3-тармақтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе өтініш иесі осы Кодекстің 503-бабында белгіленген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда қабылданады.
6. Тұлға уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген немесе оны енгізуден бас тартылған жағдайда, аумақтық кеден органы өтініш иесін тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша немесе электрондық нысанда хабардар етеді.
505-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру және қайта бастау
1. Уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі заңды тұлғаның қызметі:
1) уақытша сақтау қоймасы иесінің уақытша сақтау қоймасының қызметін тоқтата тұру себептерін көрсеткен жазбаша өтініші бойынша;
2) аумақтық кеден органы осы Кодекстің 503-бабы 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген уақытша сақтау қоймасының иесін тізілімге енгізу шарттарының бұзылғанын анықтаған кезде;
3) осы Кодекстің 507-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген міндет осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына және 137-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімде орындалмаған не тиісінше орындалмаған кезде;
4) осы Кодекстің 507-бабы 1-тармағының 1), 2), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген міндет орындамалмаған;
5) уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызмет шеңберінде уақытша сақтау қоймасы иесінің басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214 және 250-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234, 236 және 286-баптарына сәйкес қылмыстық іс қозғалған жағдайларда тоқтатыла тұрады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген негіз бойынша уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметі алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
Осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген негіз бойынша уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметі уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген тұлғаның қызметін тоқтата тұруға алып келген себептерді жою үшін қажет, бірақ күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында белгіленген негіз бойынша уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметі:
соттың қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешімі;
соттың қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шешімі;
соттың немесе уәкілетті мемлекеттік органның (лауазымды адамның) қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
3. Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешімді заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол аумақтық кеден органы басшысының не оны алмастыратын адамның не аумақтық кеден органы басшысы орынбасарының бұйрығымен:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш кеден органында тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ресімделеді.
Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген бұйрық қабылданған күннен бастап тауарларды уақытша сақтау қоймасына орналастыруға жол берілмейді.
5. Осы Кодекске сәйкес осы баптың 2-тармағында көзделген бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде осы Кодекстің 149-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында аталған тұлғалар, ал олар болмаған кезде уақытша сақтау қоймасының иесі уақытша сақтауда тұрған тауарларды және халықаралық тасымалдау көлік құралдарын өзге уақытша сақтау орындарына орналастыруға және (немесе) олар кедендік рәсіммен орналастыруға мәлімделуге тиіс.
6. Уақытша сақтау қоймасының иесі өзінің қызметін қайта бастау үшін заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген кеден органына уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтініш ұсынады.
Уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметті уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептер жойылған кезде аталған тұлғаның өтініші аумақтық кеден органында тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аумақтық кеден органы басшысының не оны алмастыратын адамның не аумақтық кеден органы басшысы орынбасарының бұйрығы негізінде заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қайта бастайды.
Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда, уақытша сақтау қоймасы иесінің осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін берген уақытша сақтау қоймасының иесі ретінде қызметті қайта бастау туралы жазбаша өтініші уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау үшін негіз болып табылады.
7. Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметті қайта бастау туралы өтінішін қарау кезінде аумақтық кеден органы уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды тексереді, сондай-ақ уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметі осы Кодекстің 503-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген, уақытша сақтау қоймасы иесінің тізіліміне енгізу шарттарының бұзылуына байланысты тоқтатыла тұрған жағдайларда, мұндай қызметті тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растау мақсатында өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарын кедендік қарап-тексеруді жүргізеді.
8. Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру немесе аталған тұлғаның мұндай қызметті қайта бастауы туралы шешім уақытша сақтау қоймасының иесіне тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жеткізіледі.
506-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау үшін негіздер
1. Уақытша сақтау қоймасының иесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау үшін мыналар негіздер болып табылады:
1) уақытша сақтау қоймасы иесінің осы Кодекстің 507-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген міндеттерді орындамауы;
2) уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен өзін алып тастау туралы уақытша сақтау қоймасы иесінің өтініші;
3) уақытша сақтау қоймасы иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның таратылуы;
4) уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның қайта құру нысанындағы қайта ұйымдастырылуын қоспағанда, мұндай тұлғаның қайта ұйымдастырылуы;
5) уақытша сақтау қоймасының қызметін қайта бастау туралы уақытша сақтау қоймасы иесінің өтініші болмаған кезде осы Кодекстің 505-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру мерзімінің өтуі;
6) уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін осы Кодекстің 505-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтата тұрған себептерді осы Кодекстің 505-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзім өткеннен кейін жоймау;
7) уақытша сақтау қоймасының иесін күнтізбелік бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 539, 540, 555 және 558-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін екі реттен көп әкімшілік жауаптылыққа тарту;
8) уақытша сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызмет шеңберінде уақытша сақтау қоймасы иесінің басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214 және 250-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234, 236, 258 және 286-баптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.
2. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім алып тастау себебі көрсетіле отырып, аумақтық кеден органы басшысының не оны алмастыратын адамның не аумақтық кеден органы басшысы орынбасарының бұйрығымен ресімделеді.
3. Уақытша сақтау қоймасының иесін тізілімнен алып тастау туралы шешім уақытша сақтау қоймасының иесіне тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жазбаша немесе электрондық нысанда жеткізіледі.
4. Тұлға осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тасталған жағдайда, аталған тұлғаның тиісті тізілімге енгізу туралы қайта берген өтінішін аумақтық кеден органы тұлғаны осындай тізілімнен алып тастау туралы бұйрық қабылданған күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.
5. Осы баптың 2-тармағында көзделген бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде осы Кодекстің 149-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында аталған тұлғалар, ал олар болмаған кезде уақытша сақтау қоймасының иесі уақытша сақтауда тұрған тауарларды және халықаралық тасымалдау көлік құралдарын өзге уақытша сақтау орындарына орналастыруға және (немесе) олар кедендік рәсіммен орналастыруға мәлімделуге тиіс.
507-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесінің міндеттері
1. Уақытша сақтау қоймасының иесі:
1) осы Кодекстің 503-бабы 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында белгіленген, уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттарын сақтауға;
2) тауарларды сақтауға және уақытша сақтау қоймаларында операцияларды жасауға қатысты осы Кодексте белгіленген шарттарды сақтауға және талаптарды орындауға;
3) уақытша сақтау қоймасындағы тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;
4) кедендік бақылау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
5) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органдарына уақытша сақтау қоймасындағы тауарлардың есебін жүргізуге және осындай тауарлар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып ұсынуға;
6) уақытша сақтау қоймасының жұмыскерлері болып табылмайтын немесе уақытша сақтау қоймасындағы тауарларға қатысты өкілеттіктері жоқ бөгде адамдарды кеден органдарының рұқсатынсыз уақытша сақтау қоймасына жібермеуге;
7) уақытша сақтау қоймасындағы тауарларға кеден органдары лауазымды адамдарының қолжетімділігіне қатысты кеден органдарының талаптарын орындауға;
8) уақытша сақтау қоймасының жұмыс істеуі тоқтатылған жағдайда, бұл қойманың жұмыс істеуінің тоқтатылуы туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уақытша сақтау қоймасына тауарларды орналастырған тұлғаларға мұндай шешім туралы хабарлауға;
9) осы Кодекстің 174-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына, 137-бабының 4-тармағына және 353-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімнің соңғы күнінен кешіктірмей орындауға;
10) өзін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы ақпарат беруге және мұндай өзгерістерді растайтын құжаттарды мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынуға;
11) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органдарының бейнеақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
12) уақытша сақтау қоймасына орналастыру үшін тауарларды көлік құралдарынан түсіру қажет болған кезде қоймаға орналастыру мақсатында тасымалдаушы тауарлардың ілеспе құжаттарын табыс еткен кезден бастап төрт сағаттан кешіктірілмейтін мерзімде түсіру жұмыстарының басталуын қамтамасыз етуге міндетті.