28-2) Мемлекеттік авиацияның əуеайлақтарында (тікұшақ айлақтарында) автокөліктің, ұшуды жерүсті қамтамасыз ету құралдарының жəне жаяу жүргіншілердің қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты əзірлейді жəне бекітеді;
28-3) мемлекеттік авиацияның ұшуын əуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету құралдарының атқарым нормаларын (қызмет ету мерзімдерін) əзірлейді жəне бекітеді;
28-4) Мемлекеттік авиацияның əуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын, ұшуды қамтамасыз ету жəне басқару құралдарын бірлесіп пайдалану туралы нұсқаулықты əзірлейді жəне бекітеді;
28-5) Мемлекеттік авиацияда авиациялық жанар-жағармай материалдарының жəне арнайы сұйықтықтардың сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты əзірлейді жəне бекітеді;
28-6) Мемлекеттік авиацияда əуе тасымалдарын ұйымдастыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
29) Әуе қозғалысын басқару жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
30) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-бап жаңа редакцияда
16-бап. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау
1. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының, әуе кемелерінің, әуеайлақтардың және авиациялық көрсетілетін қызметтердің сәйкестігі расталады.
2. Адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, мемлекет мүдделерін қорғау, ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономиканың, жеке және заңды тұлғалардың сапалы авиациялық көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру сертификаттаудың мақсаттары болып табылады.
3. Осы Заңда белгіленген жағдайларда сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарына қойылатын сертификаттау талаптарына сәйкестікке сертификаттық зерттеп-қарауды нұсқамалық материалды пайдалана отырып жүзеге асырады.
5. Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде өтініш беруші мәлімделген қызмет түрін орындау үшін қажетті қабілеттілігі мен құралдарын, сондай-ақ өзінің қаржылық-экономикалық жағдайын және құқық қабілеттілігін көрсетуге міндетті.
Сертификаттық зерттеп-қарау нәтижелері өтініш берушілерге танысу үшін ұсынылады.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтініш беруші сертификаттау талаптарына сәйкес келген және ол сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікке тікелей ықпал ететін сәйкессіздіктерді жойған кезде өтініш берушіге сертификат (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік) береді.
6. Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер: 1-санат, 2-санат және 3-санат болып үш санатқа бөлінеді.
1-санатқа қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде ол жойылуға тиіс сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
2-санатқа азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген мерзімдерде жойылған немесе шектеулер енгізілген жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
3-санатқа қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
7. 3-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер өтініш берушінің техникалық және қаржылық мүмкіндіктері негізге алына отырып, адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өтініш берушінің қабілетсіздігімен сипатталады.
3-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификат (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік) беруден бас тартады не өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойған кезге дейін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен сертификаттың (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктің) қолданысын шектейді.
8. 2-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган:
1) анықталған сәйкессіздікті жою үшін ол анықталған кезден бастап үш айдан аспайтын мерзім белгілейді. Өтініш беруші анықталған сәйкессіздікті жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлейді және сертификаттық зерттеп-қарау нәтижелерімен танысқан кезден бастап он жұмыс күні ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
2) өтініш беруші ұсынған анықталған сәйкессіздікті жою жөніндегі шараларды бағалау негізінде түзету іс-қимылдарының жоспарын бекітеді не оны негіздемесімен қоса пысықтауға қайтарады.
Өтініш беруші түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген мерзімді өзгерту қажеттілігі туралы негіздемені ұсынған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган оны ұзартады.
9. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтініш берушінің түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуын және (немесе) жоспарда белгіленген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындауын тексеру жүргізу жолымен бақылайды.
Егер өтініш беруші түзету іс-қимылдарының қолайлы жоспарын ұсынбаса немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындамаса, 2-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік 3-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздікке айналады және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті) беруден бас тартады немесе бұрын берілген сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті) кері қайтарып алады.
1-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде түзету іс-қимылдарының жоспары талап етілмейді.
10. Сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті) беруден бас тарту, егер:
1) осы баптың 7-тармағында көзделген сәйкессіздіктер анықталған;
2) өтініш берушіге қатысты оған қызметтердің осы түрін көрсетуге тыйым салатын сот шешімі болған жағдайларда жүргізіледі.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды; 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 16-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-1-бап. Ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тұрақты қадағалау
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуіне тұрақты қадағалауды жүзеге асырады.
Ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тұрақты қадағалауға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттаған азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдары жатады.
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тұрақты қадағалауды жүзеге асыру кезінде:
1) сертификаттау талаптары мен Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін ұстауды;
2) осы Заңның 16-3-бабына сәйкес түзету іс-қимылдарының жоспарын орындауды тексереді.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік авиациялық инспекторлар осы баптың 2-тармағында көзделген тексеру кезінде:
1) нұсқамалық материалды пайдалана отырып оны жүзеге асыруға;
2) тексерілетін жеке және заңды тұлғаларға ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша олардың қызметін қадағалаудың тиісті нәтижелерін беруге;
3) бұрынғы қадағалаудың, оның ішінде жоспардан тыс тексерулердің нәтижелеріне және азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздігін басқарудың белгіленген жүйесі шеңберінде ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік саласындағы басымдықтарға негізделуге;
4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға осы Заңның 16-3-бабына сәйкес шаралар қабылдау үшін бұзушылықтардың жоқ екені немесе бар екені туралы мәліметтерді ұсынуға тиіс.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Тұрақты қадағалау азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарына тексерулер жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасының шегінде немесе одан тыс жерлерде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген сертификаттар (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктер) негізінде азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге асыру кезінде сертификаттау талаптарын үнемі сақтайтынын растайтын ақпаратты, құжаттарды береді және мемлекеттік авиация инспекторларының өздерінің қарауындағы жерлер мен аймақтарда сертификаттау нысанасы болып табылатын ақпаратқа, құжаттарға, бұйымдарға, бөлшектер мен жабдыққа қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.
6. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жоспардан тыс тексерулер жүргізу жөнінде шешім қабылдау үшін азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының қаржы-экономикалық жағдайын бағалауға арналған деректерді қоса алғанда, тұрақты қадағалау функцияларын орындау үшін деректерді жинайды және өңдейді.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 16-2-баппен толықтырылды
16-2-бап. Тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жыл сайын тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаны қабылдайды, бұл сертификатталған азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының сертификаттау талаптарына және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін ұстау бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүргізетін іс-шаралар кешенін білдіреді.
2. Тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының тәуекелдер дәрежесін бағалау, оның ішінде азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының қаржы-экономикалық жағдайын бағалау ескеріле отырып әзірленеді және сертификатта (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікте) көзделген қызмет түрлерін қамтиды.
Азаматтық авиацияның пайдаланушылары мен ұйымдары азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға тоқсан сайын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қаржы-экономикалық жағдай туралы ақпарат береді.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама сертификаттың (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктің) қолданылу мерзімі ішінде азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдары қызметінің барлық аспектілері ескеріле отырып, тексерулердің мерзімділігін, қадағалау мәселелері бойынша азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының лауазымды адамдарымен өзара іс-қимыл жасауды және жүргізілген тексерулер нәтижелерін есепке алуды қамтиды.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 16-3-баппен толықтырылды
16-3-бап. Тұрақты қадағалауды жүзеге асыру кезінде анықталған, белгіленген талаптарды бұзушылықтар деңгейі және бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар
1. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу дәрежесіне қарай, тұрақты қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар бірінші және екінші деңгейдегі бұзушылықтар болып бөлінеді.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ұшу қауіпсіздігіне және авиациялық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіретіндей елеулі бұзушылықтар бірінші деңгейдегі бұзушылықтарға жатады.
Бірінші деңгейдегі бұзушылыққа:
мемлекеттік авиация инспекторына азаматтық авиация пайдаланушысының және (немесе) ұйымының объектілеріне (әуе кемелерін, үйлерді, құрылыстарды, ангарларды, отын қоймаларын, қызметтік үй-жайларды қоса алғанда және оның аумағына) кіргізуден бас тарту;
ұсынылған құжаттарды бұрмалау арқылы азаматтық авиация пайдаланушысының немесе ұйымының сертификат (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік) алуы, сертификаттау талаптарына сәйкестікте ұстауы;
азаматтық авиацияның пайдаланушысының немесе ұйымының заңға қайшы іс-қимылдар жасауы немесе сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік) заңсыз пайдалануы;
азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның тиісті бекітуінсіз, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай органның бекітуіне жататын құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
түзету іс-қимылдарының жоспарын азаматтық авиация пайдаланушысының немесе ұйымының белгіленген мерзімде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға оны бағалауды жүргізу үшін ұсынбау немесе екінші деңгейдегі заң бұзушылық кезінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілеген немесе ұзартқан мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындамау;
осы Заңға сәйкес, соның негізінде сертификаттың (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің) қолданысы тоқтатыла тұратын не сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті) қайтарып алатын өзге де жағдайлар кіреді.
3. Бірінші деңгейдегі бұзушылықтарға кірмейтін, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзудың барлығы екінші деңгейдегі бұзушылықтарға жатады.
4. Мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық анықталған кезде, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган немесе мемлекеттік авиация инспекторы азаматтық авиацияның пайдаланушысына немесе ұйымына анықталған бұзушылықтарды жою үшін түзету іс-қимылдарын қабылдау талабымен нұсқама жібереді.
Қажет болған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуе кемесі тіркелген шет мемлекеттің құзыретті органына хабарлайды.
5. Бірінші деңгейдегі бұзушылық болған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган азаматтық авиацияның пайдаланушысы немесе ұйымы анықталған бұзушылықтарды жойған кезге дейін осы Заңда белгіленген жағдайларда және тәртіпте, сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті) қайтарып алу немесе оны толық немесе ішінара шектеу немесе қолданысын тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылдайды.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Екінші деңгейдегі бұзушылықтар болған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган:
1) анықталған бұзушылықтарды жою үшін бұзушылық анықталған кезден бастап үш айдан аспайтын мерзім белгілейді. Азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлейді және тексеру нәтижелерімен танысқан немесе инспекторлық нұсқама алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
2) азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы ұсынған, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды бағалау негізінде түзету іс-қимылдарының жоспарын бекітеді не оны негіздемесімен қоса пысықтауға қайтарады.
Азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген мерзімдерді өзгерту қажеттігі туралы негіздемені ұсынған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган оларды ұзартады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган азаматтық авиация пайдаланушысының немесе ұйымының түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуын және (немесе) жоспарда белгіленген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындауын тексеру жүргізу жолымен бақылайды.
Егер азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы түзету іс-қимылдарының қолайлы жоспарын ұсынбаса немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындамаса, екінші деңгейдегі бұзушылық бірінші деңгейдегі бұзушылыққа айналады және осы баптың 5-тармағында көзделген шаралар қабылданады.
8. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдары тарапынан түзету іс-қимылдарын қоса алғанда, барлық анықталған бұзушылықтарды, оларды жою жөнінде қабылданған шаралар мен белгіленген мерзімдерді есепке алуды жүргізеді.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 16-4-баппен толықтырылды; 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 16-4-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-4-бап. Ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бақылау
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қызметі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның сертификаттауына жатпайтын, бірақ осы Заңның 10-2-бабында көзделген қызметке жататын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуіне бақылауды жүзеге асырады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бақылау жеке және (немесе) заңды тұлғаларды ішінара және жоспардан тыс тексеру, ұшу қауіпсіздігінің талаптарын сақтаудағы олардың қызметін байқау және талдау, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздіктің жай-күйін шолу және авиациялық қауіпсіздік жүйесін сынау арқылы жүзеге асырылады.
Ішінара тексерулерді жүргізу нұсқамалық материалдар пайдаланыла отырып және тексерулер жүргізу графигінде белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.
Бақылауды жүзеге асыру кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларды жоспардан тыс тексеруге мыналар:
1) тексеру немесе бақылаудың өзге де нысандары нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы инспекторлық нұсқамалардың орындалуын бақылау;
2) адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіру туралы не зиян келтіру қаупінің төнуі туралы жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарынан және жергілікті өкілді органдардан ақпарат алу және өтініштердің түсуі;
3) өзінің қызметіне тексеру жүргізу туралы тексерілетін жеке немесе заңды тұлғаның бастамашылық өтініші;
4) егер оларға қатысты ішінара тексеру белгіленген болса, тексерілетін жеке тұлғаның тегінің, атының, әкесінің атының (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе тексерілетін заңды тұлға атауының өзгеруі, сондай-ақ оның қайта ұйымдастырылуы;
5) бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы тексерілетін жеке немесе заңды тұлғаның өтініш жасауына байланысты қайта тексеру негіз болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік авиация инспекторлары бұзушылықтарды жою туралы инспекторлық нұсқамалар береді.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 16-5-баппен толықтырылды
16-5-бап. Шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін перрондық тексерулер
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін перронда тексеруді нұсқамалық материалды пайдалана отырып мемлекеттік авиация инспекторлары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының халықаралық ұшулар үшін ашық әуежайында қонуды жүзеге асырған әуе кемесі мен экипаж тексеруге жатады.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жасалған келісімдер негізінде шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелеріне жүргізілген перрондық тексерулер бойынша ақпарат жинауға және оны шет мемлекеттермен алмасуға атсалысады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тиісті әуеайлақтардағы пайдаланушылар саны, әуе кемелерінің типі және қону саны, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдер дәрежесі ескеріле отырып, есептеу әдісіне негізделген, шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелеріне перронда тексеру жүргізудің жылдық графигін қабылдайды.
3. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, егер осындай әуе кемесінің бортында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары не пайдаланушы сертификатының шарттары мен пайдалану шектеулері сақталмайды деп есептеуге негіз болса, шетелдік пайдаланушының азаматтық әуе кемесіне жоспардан тыс перрондық тексерулерді жүзеге асырады.
Мұндай негіздер:
1) алдыңғы тексерулер және бақылаудың өзге де нысандары нәтижесінде бұрын анықталған бұзушылықтардың жойылуын бақылау;
2) адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіру не зиян келтіру қаупінің төнуі туралы жеке және (немесе) заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан ақпарат алу және өтініштердің түсуі;
3) өзінің әуе кемесі мен экипажына тексеру жүргізу туралы тексерілетін шетелдік пайдаланушының бастамашылық өтініші;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) егер тексерілетін шетелдік пайдаланушыға қатысты ішінара тексеру белгіленсе, оны қайта ұйымдастыру және атауын өзгерту;
5) бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы тексерілетін шетелдік пайдаланушының өтінішіне байланысты қайта тексеру болып табылады.
4. Шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелеріне перрондық тексерулерді жүргізу кезінде мемлекеттік авиация инспекторлары инспекцияланатын әуе кемелерінің ұшуын негізсіз кідіртуді болғызбау қағидатын басшылыққа алады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелеріне инспекциялауды жүргізу барысында анықталған бұзушылықтар мынадай түрде сыныпталады:
1) үшінші санаттағы бұзушылық - ұшу қауіпсіздігіне едәуір әсері бар пайдаланушы сертфикатының белгіленген шарттары мен пайдаланудағы шектеулерін бұзу;
2) екінші санаттағы бұзушылық - ұшу қауіпсіздігіне елеулі әсері бар пайдаланушы сертификатының белгіленген шарттары мен пайдаланудағы шектеулерін бұзу;
3) бірінші санаттағы бұзушылық - ұшу қауіпсіздігіне болмашы әсері бар пайдаланушы сертификатының белгіленген шарттары мен пайдаланудағы шектеулерді бұзу.
Бұзушылықтарды осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген санаттарға жатқызу шарттары нұсқамалық материалда айқындалады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Үшінші санаттағы бұзушылық анықталған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның:
1) пайдаланушыға анықталған сәйкессіздік туралы жазбаша хабарлауға және түзету іс-қимылдары қабылдануының дәлелдемелерін талап етуге;
2) пайдаланушы мемлекетінің және қажет болған кезде, әуе кемесін тіркеген және ұшу экипажы куәліктерін берген мемлекеттің құзыретті биліктеріне хабарлауға, сондай-ақ пайдаланушы қабылданған түзету іс-қимылдарын келісу туралы тиісті құзыретті биліктерден растау сұратуға;
3) әуе кемесін пайдалануға шектеу қоюды белгілеуге не анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шұғыл түзету іс-қимылдарын қабылдауды талап етуге не Қазақстан Республикасының аумағында әуе кемесін пайдалануға дереу тыйым салуды енгізуге не осы баптың 7-тармағының шарттарына сәйкес әуе кемесін жерде кідіртуге құқығы бар.