3. Биоотын өндіру кезінде 1 және 2-сыныпты бидайды тамақ шикізаты ретінде пайдалану -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Құрамы техникалық регламенттерде белгіленген құрамға сәйкес келмейтін биоотынды сату -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Денатуратталмаған биоэтанолдың, оны биоотын өндіретін зауытқа немесе биоотынның басқа түрлеріне қайта өңдеу үшін мұнай өңдейтін зауытқа жеткізу жағдайларын қоспағанда, айналымын жүргізу -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Биоотын өндіретін нақ сол зауытта екі және одан да көп биоотын өндірушілердің биоотын өндіруді жүзеге асыруы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Биоотын өндірушілердің биоотынды өндіру паспортынсыз, биоотын өндіру көлемін есепке алуды бақылау аспаптарынсыз не олардың ақауы болған кезде өндіруі -
осы кезеңде өндірілген өнім тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Биоотын өндірушілердің генетикалық түрлендірілген көз (объект) болып табылатын немесе құрамында генетикалық түрлендірілген көздер (объектілер) бар тамақ шикізатын бұлардың қауіпсіздігін ғылыми негіздемелік растаусыз және бұларды мемлекеттік тіркеуді жүргізбестен қабылдауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоғыз жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Биоотын өндірушілердің биоотынды ілеспе жүкқұжаттарын ресімдемей өткізуі -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Биоотын өндірушілердің, тиісті құжаттары болған кезде биоотынды экспорттауды қоспағанда, биоотын өндіруді жүзеге асырмайтын және (немесе) мұнай өнімдерін компаундтеуге лицензиясы жоқ тұлғаларға биоотынды өткізуі -
биоотынның өткізілген партиясына тең көлемде тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоғыз жүз тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Биоотын өндірушілердің өндірілген биоотынды, тиісті құжаттары болған кезде биоотынды экспорттауды қоспағанда, биоотын нарығының қатысушылары болып табылмайтын тұлғаларға оны сақтау үшін беруі -
биоотынның өткізілген партиясына тең көлемде тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Тиісті құжаттары болған кезде биоотынды экспорттауды қоспағанда, биоотын нарығының қатысушылары болып табылмайтын және (немесе) мұнай өнімдерін компаундтеуге лицензиясы жоқ тұлғалардың биоотынды сақтауы -
биоотынның өткізілген партиясына тең көлемде тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Осы баптың жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
биоотынның тиісті көлемде тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Осы баптың он екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
170-бап. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасының талаптарын бұзу
1. Газбен жабдықтау жүйелері субъектісінің тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу жөніндегі мәліметтерді ұсынбауы, сол сияқты мәліметтерді белгіленген мерзімдерді бұза отырып ұсынуы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген газбен жабдықтау жүйелері объектілерін пайдалану жөніндегі шектеулерді сақтамау -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың оныншы және он бірінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын есепке алу және (немесе) өткізу тәртібін бұзу —
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Жер қойнауын пайдаланушының мемлекеттің шикі және (немесе) тауарлық газды сатып алуға артықшылықты құқығын бұзуы -
заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Газбен жабдықтау жүйелері объектісі меншік иесінің тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілеріне ортақ меншік құқығындағы үлестерді және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің меншік иелері - заңды тұлғалар акцияларының пакеттерін (қатысу үлестерін) сатып алуға мемлекеттің басым құқығын бұзуы -
заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі субъектілерінің тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін пайдаланудың белгіленген технологиялық режимдерін сақтамауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, кіріс (түсім) алуға әкеп соққан әрекет -
аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтата тұрып не одан айыра отырып, заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) отыз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бұзу -
аккредиттеу туралы куәліктің қолданысы тоқтатыла тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Өтініш берушінің аккредиттеу туралы куәлікті алған кезде көрінеу анық емес ақпарат беруі, сол сияқты осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-ақ аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соқтырған аккредиттеу қағидаларын бұзушылықтарды жоймау -
аккредиттеу туралы куәліктен айыра отырып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға алған кіріс (түсім) пен Қазақстан Республикасының заңнамасы сақталған кезде осы тұлға алуға тиіс болған кіріс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 10-бөлікпен толықтырылды
10. Сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге заңсыз өткізу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-қимыл белгілері болмаса, —
әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 11-бөлікпен толықтырылды
11. Газ желісі ұйымдарының арасында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізу —
әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 12-бөлікпен толықтырылды
12. Осы баптың оныншы және он бірінші бөліктерінде көзделген, бір жыл ішінде қайтадан жасалған әрекет —
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстер тәркiлене отырып және аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтата тұрып не одан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сегіз жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
171-бап. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін, тауарлық газды және сұйытылған мұнай газын өткізудің шекті бағаларын асыру
1. Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағасынан асыруы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тауарлық газды немесе сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес белгіленген көтерме саудада өткізудің шекті бағасынан асыруы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтата тұрып не одан айыра отырып, заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға алған кіріс (түсім) пен Қазақстан Республикасының заңнамасы сақталған кезде осы тұлға алуға тиіс болған кіріс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.
172-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзу
1. Энергия өндіруші ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары не инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жарияламауы, уақтылы, анық немесе толық жарияламауы -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Энергия өндіруші ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген электр энергиясын өндіру мен өткізуге жұмсалған шығындар бойынша және электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемі бойынша есептерді ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы -
орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың мемлекеттік органдар сұрау салған, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына қажетті ақпаратты ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы -
орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның келісімде айқындалған инвестициялық міндеттемелерді орындамауы -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - келісімде көзделген инвестициялық міндеттемелерді іске асыруға пайдаланылмаған соманың бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Электр және (немесе) жылу энергиясын заңсыз шектеу және (немесе) ажырату -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның тұтынушымен энергиямен жабдықтау жеке шартын жасасудан бас тартуы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
173-бап. Лауазымды адамдардың кәсiпкерлiк қызметке заңсыз араласуы
Қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарының, дара кәсiпкерлердiң, заңды тұлғалардың қызметiне, олардың кәсiпкерлiк қызметiне кедергi келтiретiн заңсыз актiлер шығару және заңсыз тапсырмалар беру арқылы заңсыз араласуы -
бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
174-бап. Кәсіпқой спорт жарыстарының және коммерциялық ойын-сауық конкурстарының қатысушылары мен ұйымдастырушыларын параға сатып алу
1. Спортшыларды, спорт судьяларын, жаттықтырушыларды, команда басшыларын және кәсіпқой спорт жарыстарының басқа да қатысушыларын немесе ұйымдастырушыларын, сол сияқты коммерциялық ойын-сауық конкурстарының ұйымдастырушыларын немесе қазылар алқасы мүшелерін осы жарыстардың немесе конкурстардың нәтижелеріне ықпал ету мақсатында параға сатып алу -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
3. Спортшылардың жарыс нәтижелеріне ықпал ету мақсатында өздеріне берілген ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, сол сияқты спортшылардың дәл сол мақсаттарда өздеріне ұсынылған мүліктік сипаттағы көрсетілетін қызметтерді заңсыз пайдалануы -
төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Спорт судьяларының, жаттықтырушылардың, команда басшыларының және кәсіпқой спорт жарыстарының басқа да қатысушыларының немесе ұйымдастырушыларының, сол сияқты коммерциялық ойын-сауық конкурстарын ұйымдастырушылардың немесе қазылар алқасы мүшелерінің осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген мақсаттарда ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, мүліктік сипаттағы қызметтерді заңсыз пайдалануы -
төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
175-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу, оның ішінде:
1) тексеру жүргізу негіздерінің болмауы;
2) тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;
3) тексеру жүргізу туралы хабарлау мерзімдерінің сақталмауы;
4) егер Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптар мемлекеттік органның құзыретіне жатпаса, осындай талаптардың орындалуын тексеру;
5) егер құжаттар, ақпарат, өнім үлгілері, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеп-қарау сынамалары тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды беруді талап ету;
6) өнім үлгілеріне, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеп-қарау сынамаларына зерттеу, сынау, өлшеу жүргізу үшін көрсетілген үлгілердің, сынамалардың белгіленген нысан бойынша және (немесе) ұлттық стандарттарда, үлгілерді, сынамаларды іріктеп алу қағидаларында және оларды зерттеу, сынау, өлшеу әдістерінде, техникалық регламенттерде немесе олар қолданысқа енетін күнге дейін қолданыста болатын өзге де нормативтік техникалық құжаттарда, зерттеу, сынау, өлшеу қағидаларында және әдістерінде белгіленген нормадан асатын санда іріктеп алу туралы хаттамаларды ресімдемей, оларды іріктеп алу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария ету және (немесе) тарату;
8) тексеру жүргізудің белгіленген мерзімдерін асыру;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 3-тармағының 2), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, нақ сол мәселе бойынша, нақ сол кезең ішінде бұрын тексеру жүргізілген жеке немесе заңды тұлғаға қатысты көрінеу қайта тексеру жүргізу;
10) мемлекеттік бақылау мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің есебінен шығынды сипаттағы іс-шараларды жүргізу;
11) жоспарлы тексеру тағайындалған кезде алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралығын бұзу;
12) тексерілетін субъектіге тексеру актісін ұсынбау -
лауазымды адамға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
лауазымды адамға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 175-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
175-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бару арқылы бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын негізсіз жүргізу
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бару арқылы бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын негізсіз жүргізу -
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
176-бап. Оңалту және банкроттық кезiндегi құқыққа сыйымсыз әрекеттер
1. Мүлiктi және мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның көлемi, тұрған орны туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi өзгенің иелiгiне беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты экономикалық қызметтi көрсететiн бухгалтерлiк және өзге де есептiк құжаттарды ұсынбау, жасыру, жою, бұрмалау, оларды қалпына келтiру жөнiнде шаралар қабылдамау, егер бұл әрекеттер (әрекетсiздiк) оңалту немесе банкроттық кезiнде немесе банкрот болатынын алдын ала бiлген кезде жасалса және қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өзiнiң iс жүзiндегi дәрменсiздiгiн (банкроттығын) бiлетiн лауазымды адамның, борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнiң немесе дара кәсiпкердiң, сондай-ақ банкроттық рәсiмi немесе оңалту рәсiмi кезiнде дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару функциялары берiлген тұлғаның басқа кредиторларға залал келтiретiнiн бiле тұра жекелеген кредиторлардың мүлiктiк талаптарын құқыққа сыйымсыз қанағаттандыруы, сол сияқты дәрменсiз борышкердiң басқа кредиторларға залал келтiре отырып, өзiне артықшылық жасағанын бiлетiн кредитордың мұндай қанағаттандыруды қабылдауы, егер мұндай әрекеттер iрi залал келтiрмесе, -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
177-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын уақытша басқарушының бұзуы
1. Борышкердiң қаржылық жағдайы туралы қорытындыны сотқа ұсыну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банкроттың мүлiктiк массасына түгендеу жүргiзу және (немесе) түгендеу жөнiндегi есепті ұсыну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банкроттық туралы iс қозғау және кредиторлардың талаптарын мәлiмдеу тәртiбi туралы хабарландыруды оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастыру үшiн оған жiберу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Сот талқылауы кезеңiнде борышкердiң мүлкi мен активтерiн меншiк иесiнiң, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шығарып әкетуiн болғызбау мақсатында борышкердiң активтерiн бақылауды қамтамасыз етпеу -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға банкроттық рәсiмiнiң жүзеге асырылу барысы туралы белгiленген нысанда ақпаратты беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес мәлiмделген талаптарды қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiм туралы кредиторларды уақтылы хабардар етпеу -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Кредиторлар жиналысының өтетiн күнi, уақыты мен орны туралы кредиторларды хабардар ету мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Электрондық аукцион өткiзу туралы ақпараттық хабарламаны орналастырудың Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгiленген тәртiбiн бұзу -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Борышкердiң өзiнiң шеттетiлген лауазымды адамдарынан құрылтай, қаржы, құқық белгiлейтiн және өзге де құжаттары мен мөрiн қабылдау, сол сияқты шеттетiлген лауазымды адамдардың аталған құжаттар мен мөрлердi уақытша басқарушыға беруi бөлiгiнде сот шешiмiн орындау бойынша атқару парағын беру туралы өтiнiшпен сотқа жүгiну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Сот iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұйғарым, борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарған не борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiмiнiң күшi жойылған, сондай-ақ банкроттық рәсiмiн қозғамай таратуды жүргiзу оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға жүктелген жағдайда, өкiлеттiктердi уақытша басқарушыдан банкроттықты басқарушыға немесе борышкерге беру, уақытша басқарушыны ауыстыру кезiнде борышкердiң құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мөрлерiн, мөртабандарын, материалдық және өзге де құндылықтарын беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -