1. Кәсiпорынды өткізу актiсi бойынша құрамы шартта көзделгенге сәйкес келмейтiн кәсiпорынды сатушының беру және сатып алушының қабылдау салдары, соның iшiнде берiлген мүлiктердiң сапасына қатысты салдары, егер шарттан өзгеше туындамаса және ол осы баптың 2-4-тармақтарында өзгеше көзделмесе, осы Кодекстiң 413-415, 419, 422, 428, 432-баптарында көзделген ережелер негiзiнде айқындалады.
2. Кәсiпорынның анықталған кемшiлiктерi және жоғалған мүлiк туралы мәлiметтер көрсетiлген өткізу актiсi бойынша кәсiпорын берiлген және қабылданған жағдайларда (осы Кодекстiң 497-бабының 1-тармағы), егер мұндай жағдайларда өзге талаптар қою құқығы шартта көзделмесе, сатып алушы кәсiпорынның сатып алу бағасын тиiсiнше кемiтудi талап етуге құқылы.
3. Кәсiпорынның құрамында сатушының шартта немесе өткізу актiсiнде көрсетiлмеген борышы (мiндеттемелерi) өзiне берiлген жағдайда, егер сатушы шарт жасасу және кәсiпорынды беру кезiнде осы борыш (мiндеттемелер) туралы сатып алушының бiлгендiгiн дәлелдей алмаса, сатып алушы сатып алу бағасын кемiтудi талап етуге құқылы.
4. Сатушы берiлген кәсiпорынның құрамындағы мүлiктердiң жетпейтiндiгi немесе берiлуге тиiс мүлiктiң жекелеген түрлерiнiң жоқ екендiгi туралы сатып алушыдан хабар алған жағдайда тиiсiнше сапалы емес мүлiктi кешiктiрмей алмастыруға немесе сатып алушыға жетпейтiн мүлiктi беруге тиiс.
5. Егер сатушы жауап беретiн кемшiлiктердiң салдарынан кәсiпорын сату шартында аталған мақсаттарға жарамсыз болып шықса және сатушы ол кемшiлiктердi осы Кодекске заң актілеріне немесе шартқа сәйкес белгiленген жағдайларда, тәртiп пен мерзiмде жоймаған болса, не кемшiлiктердi жою мүмкiн болмаса, сатып алушы сот тәртібімен кәсiпорынды сату шартын бұзуды немесе өзгертудi және тараптардың шарт бойынша орындаған нәрсесiн қайтарып берудi талап етуге құқылы.
500-бап Кәсiпорынды сату шартына мәмiлелердiң жарамсыздық салдары туралы және шартты бұзу мен өзгерту туралы ережелердi қолдану
Осы Кодекстiң мәмiлелердiң жарамсыздық салдары туралы және сатып алу-сату шартын бұзу мен өзгерту туралы, шарт бойынша бiр тараптан немесе екi тараптан алынғандарды заттай қайтаруды немесе өндiрiп алуды көздейтiн ережелерi, егер мұндай салдар сатушы мен сатып алушыға кредит берушiлердiң, басқа да адамдардың құқықтарын және заң актілерімен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзбайтын болса және қоғамдық мүдделерге қайшы келмесе кәсiпорынды сату шартына қолданылады.
26-тарау. Айырбас
501-бап. Айырбас шарты
1. Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргiзудi, оралымды басқаруды басқа тараптың меншiгiне бiр тауарды екiншiсiне айырбасқа беруге мiндеттенедi.
2. Айырбас шартына тиiсiнше сатып алу-сату шартының ережелерi қолданылады, өйткенi бұл осы тараудың ережелерiне және айырбас мәнiне қайшы келмейдi. Бұл орайда тараптардың әрқайсысы тауарды беруге мiндеттенетiн сатушы деп және айырбастап алуға мiндеттенетiн сатып алушы деп танылады.
3. Осы тарауда көзделген ережелер, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе және ол тиiстi мiндеттемелер мәнiнен туындамаса, құқықтарды айырбастауға (жұмыстар, қызмет көрсетулер) қолданылады.
502-бап. Айырбас шарты бойынша баға мен шығындар
1. Егер шарттан өзгеше туындамаса, айырбастауға жататын тауарлар бiр-бiрiне тең деп ұйғарылады, ал оларды беру мен қабылдап алу жөніндегі шығындарды әрбiр жағдайда тиiстi мiндет жүктелетiн тарап жүзеге асырады.
2. Шартқа сәйкес айырбасталатын тауарлар бiр-бiрiне тең емес деп танылған жағдайда бағасы айырбастауға берiлетiн тауардың бағасынан кем тауарды беруге мiндеттенген тарап, егер шартта өзгеше тәртiп көзделмесе, тауар беру мiндетiн орындағанға дейiн немесе одан кейiн бағадағы айырманы тiкелей өзi төлеуге тиiс.
503-бап. Айырбас шарты бойынша өзара тауар беру мiндеттемелерiн орындау
Шартқа сәйкес айырбасталатын тауарларды беру мерзiмдерi тұспа-тұс келмейтiн жағдайларда тауар беруге тиiстi тараптың тауарды беру мiндеттемелерiн басқа тарап тауар берген соң орындауына өзара мiндеттемелердi орындау туралы ережелер қолданылады (осы Кодекстiң 284-бабы).
504-бап. Айырбасталатын тауарларға меншiк құқығының ауысуы
Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, айырбасталатын тауарларға меншiк құқығы айырбас шарты бойынша сатып алушы болатын тараптарға тараптардың әрқайсысы тиiстi тауарларды беру мiндеттемелерiн орындағаннан кейiн бiр мезгiлде ауысады.
505-бап. Айырбас шарты бойынша сатып алынған тауарды алып қойғаны үшiн жауапкершiлiк
Айырбас шарты бойынша сатып алынған тауарды үшiншi тұлғалар алып қойған тарап осы Кодекстiң 414-бабында көзделген негiздемелер болған кезде басқа тараптан оның айырбасқа алған тауарын, ал тауарды заттай алу мүмкiн болмаған жағдайда оның құнын қайтаруды талап етуге құқылы
27-тарау. Сыйға тарту
506-бап. Сыйға тарту шарты
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Сыйға тарту шарты бойынша бiр тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншiгiне затты не өзiне немесе үшiншi тұлғаға мүлiктiк құқықты (талапты) тегiн бередi немесе беруге мiндеттенедi не оны үшiншi тұлғаның алдындағы мүлiктiк мiндеттен босатады немесе босатуға мiндеттенедi.
Затты немесе құқықты қарсы беру не қарсы мiндеттеме болған кезде сыйға тарту шарты маңызсыз болып саналады. Мұндай шартқа осы Кодекстiң 160-бабының 2-тармағында көзделген қағидалар қолданылады.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Әлдекiмге затты немесе мүлiктiк құқықты тегiн беруге уәде ету не әлдекiмдi мүлiктiк мiндеттен (сыйға тартуға уәде беруден) босату сыйға тарту шарты болып танылады және егер уәде тиiстi нысанда (508-баптың 2-тармағы) жасалса және алдағы уақытта нақты тұлғаға затты немесе құқықты тегiн беру не оны мүлiктiк мiндеттен босатуға айқын ниет бiлдiрiлген болса, уәде берушiнi босатпай тастайды.
Нақты сыйға тарту затын зат және құқық түрiнде көрсетпей немесе мiндеттен босатпай өзiнiң барлық мүлкiн немесе өзiнiң барлық мүлкiнiң бiр бөлiгiн сыйға тартуға уәде беру маңызсыз болады.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Сыйға тартушы қайтыс болғаннан кейін сый алушыға сый беруді көздейтін шарт маңызсыз болады.
Мұндай сыйға тарту түрiне осы Кодекстiң мұрагерлiк туралы ережелерi қолданылады.
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 507-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
507-бап. Сый алушының сыйды алудан бас тартуы
1. Сый алушы өзiне сый берiлгенге дейiн кез келген уақытта одан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда сыйға тарту шарты бұзылған деп есептеледi.
2. Егер сыйға тарту шарты жазбаша түрде жасалса, сыйдан бас тарту да жазбаша түрде жасалуға тиiс. Сыйға тарту шарты тiркелген жағдайда сыйды алудан бас тарту да мемлекеттік тiркелуге тиiс.
3. Егер сыйға тарту шарты жазбаша түрде жасалған болса, сый берушi сый алушыдан сыйды алудан бас тартқаны үшiн өзiне келтiрiлген нақты зиянды өтеуiн талап етуге құқылы.
508-бап. Сыйға тарту шартының нысаны
1. Сый алушыға сыймен қоса сыйға тарту осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ауызша жасалуы мүмкiн. Сыйды беру оны тапсыру, символдық беру (кiлттердi табыс ету және т.б.) не құқық белгiлейтiн құжаттарды тапсыру арқылы жүзеге асырылады.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қозғалмайтын мүлiктi сыйға тарту шарты:
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) заңды тұлға сый берушi болған және сыйдың құны он айлық есептiк көрсеткiштен асатын;
2) шартта алдағы уақытта сыйға тартуға уәде етiлген жағдайларда жазбаша түрде жасалуға тиiс.
Ауызша жасалған сыйға тарту шарты осы тармақта көзделген жағдайларда маңызсыз болады.
3. 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 509-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен 509-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
509-бап. Сыйға тартуға тыйым салу
1. Құны заңнамалық актілерде белгіленген он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын әдеттегі сыйлықтарды қоспағанда:
1) жас балалар мен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың атынан олардың заңды өкілдерінің;
2) емдеу, тәрбиелеу мекемелерінің, әлеуметтік қорғау мекемелерінің және басқа да осыған ұқсас мекемелердің жұмыскерлеріне олардың емдеуіндегі, асырауындағы не тәрбиесіндегі азаматтардың, осы азаматтардың жұбайлары мен туыстарының сыйға тартуына жол берілмейді.
2. Мемлекеттік қызметшілерге және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдаған өзге де адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдаған мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың сыйға тартушының пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер аталған адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кіретін болса немесе осы адамдар лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, сыйлықтарды сыйға тартуға жол берілмейді.
510-бап. Сыйға тартуды шектеу
1. Заты шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығына жататын заңды тұлға, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, меншiк иесiнiң келісімiмен өзiнiң затын сыйлауға құқылы. Бұл шектеу құны заң актілерінде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын әдеттегi сыйлықтарға қолданылмайды.
2. Бiрлескен ортақ меншiктегi мүлiктi сыйға тартуға бiрлескен меншiктiң барлық қатысушыларының келісімi бойынша осы Кодекстiң 220-бабында көзделген ережелердi сақтай отырып жол берiледi.
3. Сый берушiге тиесiлi талап құқықтарын үшiншi тұлғаға сыйға тарту осы Кодекстiң 339-343, 345, 346-баптарында көзделген ережелер сақтала отырып жүзеге асырылады.
4. Үшiншi тұлға алдында сый алушының мiндеттерiн орындау арқылы сыйға тарту осы Кодекстiң 276-бабының 1-тармағында көзделген ережелер сақтала отырып жүзеге асырылады.
Үшiншi тұлға алдында сый берушiнiң сый алушы борышын өзiне аудару арқылы сыйға тартуы осы Кодекстiң 348-бабында көзделген ережелер сақтала отырып жүзеге асырылады.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Өкiлдiң сыйға тартуға жасаған сенiмхатында сый алушы аталмаса және сыйға тартатын зат көрсетiлмесе, ол маңызсыз болады.
511-бап. Сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту
1. Егер шарт жасалғаннан кейiн сый берушiнiң мүлiктiк немесе отбасылық жағдайы, не денсаулығы шартты жаңа жағдайларда орындау оның тұрмыс деңгейiнiң едәуiр нашарлауына әкеп соқтыратындай болып өзгерсе, сыйға тартушы келешекте сый алушыға зат немесе құқық беру уәдесiн немесе сый алушыны мүлiктiк мiндеттен босату уәдесiн қамтитын шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
2. Сыйға тартушы келешекте сый алушыға зат не құқық беру уәдесiн, не сый алушыны оған сыйға тартуды өзгерту құқығын берушi негiздемелер бойынша мүлiктiк мiндеттемеден босату уәдесiн қамтитын шартты орындаудан бас тартуға құқылы (осы Кодекстiң 512-бабының 1-тармағы).
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген негiздемелер бойынша сыйға тартушының сыйға тарту шартын орындаудан бас тартуы сый алушыға залалдарды өтеудi талап ету құқығын бермейдi.
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 512-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
512-бап. Сыйға тартудың күшiн жою
1. Егер сый алушы сыйға тартушының өмiрiне, оның отбасы мүшелерiнiң немесе жақын туыстарының бiреуiне қастандық жасаса не сый берушiге қасақана дене жарақатын салса, сыйға тартушы сыйға тартудың күшін жоюға құқылы.
Сый алушы сыйға тартушыны қасақана өлтiрген жағдайда сотта сыйға тартудың күшiн жоюды талап етуге сыйға тартушы мұрагерлерiнiң құқығы болады.
2. Егер сый алушының сыйға тартушы үшiн үлкен мүлiктiк емес құндылық болып саналатын сыйланған затты ұстауы оның бiржола жойылу қаупiн тудырса, сыйға тартушы сыйға тартудың күшiн сот тәртібімен жоюды талап етуге құқылы.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Дара кәсiпкер немесе заңды тұлға өзіне қатысты банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғаудың алдындағы бір жыл iшiнде «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерiн бұза отырып, өзінің кәсіпкерлік қызметімен байланысты қаражат есебінен жасаған сыйға тартудың күшiн сот мүдделi тұлғаның талап етуi бойынша жоя алады.
4. Сыйға тарту шартында, сый берушi сый алушыдан ұзақ өмiр жүрген жағдайда, сыйға тартудың күшiн жою құқығы ескертiлуi мүмкін.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Сыйға тартудың күшi жойылған жағдайда, егер сыйланған зат сыйға тартудың күшін жою туралы хабарлама келіп түскен кезге қарай сол күйiнде сақталса, сый алушы оны қайтаруға не сыйланған зат иеліктен шығарылған жағдайда, оның құнын сыйға тартудың күшін жою туралы хабарлама келіп түскеннен кейін нарықтық бағалар бойынша өтеуге мiндеттi.
513-бап. Сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту және сыйға тартудың күшiн жою мүмкiн болмайтын жағдайлар
Сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту туралы (осы Кодекстiң 511-бабы) және сыйға тартудың күшiн жою туралы (осы Кодекстiң 512-бабы) ережелер құны заң актілерінде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сыйлықтарға қолданылмайды (осы Кодекстiң 510-бабының 1-тармағы).
514-бап. Сыйланған заттың кемшiлiктерi салдарынан зиян келтiру зардабы
Сыйланған заттың кемшiлiктерi салдарынан сый алушы азаматтың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкіне келтiрiлген зиянды, егер бұл кемшiлiктер сый алушыға затты беруден бұрын пайда болғаны дәлелденсе және анық кемшiлiктер қатарына жатпаса, ал сыйға тартушы ол жөнiнде бiле тұра сый алушыға ескертпесе, осы Кодекстiң 47-тарауында көзделген ережелерге сәйкес сыйға тартушы өтеуге тиiс.
515-бап. Сыйға тартуға уәде беру кезіндегі құқық мирасқорлығы
1. Сыйға тарту шарты бойынша сыйға тартуға уәде берiлген сый алушының құқықтары, егер сыйға тарту шартында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлерiне (құқық мирасқорларына) ауыспайды.
2. Сыйға тартуға уәде берген сыйға тартушының мiндеттерi, егер сыйға тарту шартында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлерiне (құқық мирасқорларына) ауысады.
516-бап. Қайырмалдық
1. Жалпы пайдалану мақсатында затты немесе құқықты сыйға тарту қайырмалдық деп танылады.
Қайырмалдық азаматтарға, емдеу, тәрбие беру мекемелерiне, әлеуметтiк қорғау мекемелерiне және басқа да сол сияқты мекемелерге, қайырымдылық, ғылыми және оқу мекемелерiне, қорларға, мұражайлар мен басқа да мәдениет мекемелерiне, қоғамдық және дiни бiрлестiктерге, сондай-ақ мемлекетке және осы Кодекстiң 111 және 112-баптарында аталған азаматтық құқықтың басқа да субъектiлерiне жасалуы мүмкiн.
2. Қайырмалдықты алуға ешкiмнiң рұқсаты немесе келісімi талап етiлмейдi.
3. Азаматқа мүлiк қайырмалдыққа берілуге тиiс, ал заңды тұлғаларға қайырмалдық етушi осы мүлiктi белгiлi бiр мақсатқа пайдалануды ескертiп беруi мүмкiн. Мұндай талап болмаған жағдайда азаматқа мүлiктi қайырмалдыққа беру жай сыйға тарту болып есептеледi, ал басқа жағдайларда қайырмалдыққа берiлген мүлiктi сый алушы мүлiктi мақсатына сай пайдаланады.
Пайдалану үшiн белгiлi бiр мақсат белгiленген қайырмалдықты алушы заңды тұлға қайырмалдыққа берiлген мүлiктi пайдалану жөніндегі барлық операциялардың оқшауланған есебiн жүргізуге тиiс.
4. Егер мән-жайлардың өзгеруi салдарынан қайырмалдыққа берiлген мүлiктiң қайырмалдық берушi көрсеткен мақсатқа сәйкес пайдаланылуы мүмкiн болмаса, ол басқа мақсатқа қайырмалдық берушiнiң келісімiмен ғана, ал қайырмалдық берушi азамат қайтыс болған немесе қайырмалдық берушi заңды тұлға таратылған жағдайда - соттың шешiмi бойынша пайдаланылуы мүмкiн.
5. Қайырмалдыққа берiлген мүлiктiң қайырмалдық берушi көрсеткен мақсатқа сәйкес пайдаланылмауы немесе бұл мақсатты осы баптың 4-бабында көзделген ережелердi бұза отырып өзгертуi қайырмалдық берушiге, оның мұрагерлерiне немесе өзге де құқық мирасқорына қайырмалдықтың күшiн жоюды талап етуге құқық бередi.
6. Қайырмалдықтарға осы Кодекстiң 512 және 515-баптары қолданылмайды.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 28-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28-тарау. РЕНТА
1. Жалпы ережелер
517-бап. Рента шарты
1. Рента шарты бойынша бiр тарап (рента алушы) екiншi тараптың (рента төлеушiге) меншiгiне мүлiк бередi, ал рента төлеушi алған мүлiкке айырбас ретiнде рента алушыға белгiлi бiр ақша сомасы түрiнде немесе оны ұстау үшiн өзге де нысанда қаражат беру түрiнде мезгiл-мезгiл рента төлеп отыруға мiндеттенедi.
2. Рента шарты бойынша рента алушыға рентаны мерзiмсiз (тұрақты рента) немесе өмiр бойы төлеу (ғұмырлық рента) мiндетiн бекiтуге жол берiледi. Ғұмырлық рента азаматты өмiр бойы асырап отыру жағдайларында белгiленуi мүмкiн.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 518-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
518-бап. Рентаны ресімдеуге қойылатын талаптар
Рента шарты нотариатта куәландырылуға жатады.
Жылжымайтын мүліктің ренталық ауыртпалығы да жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік тіркелуге жатады.
Аталған талаптарды сақтамау рента шартының маңызсыздығына алып келеді.
519-бап. Рента төлеу үшiн мүлiктi иелiктен айыру
1. Рента төлеу үшiн иелiктен айырылатын мүлiктi рента алушы рента төлеушiнiң меншiгiне ақы төлетiп немесе тегiн беруi мүмкiн.
2. Рента шартында мүлiктi ақы төлетiп беру көзделген жағдайларда тараптардың беру және төлеу жөніндегі қатынастарына сатып алу-сату шарты туралы ережелер (осы Кодекстiң 25-тарауы), ал мұндай мүлiк тегiн берiлетiн жағдайларда, егер осы тараудың ережелерiнде өзгеше белгiленбесе және шарттың мәнiне қайшы келмесе, сыйға тарту шарты туралы ережелер қолданылады (осы Кодекстiң 27-тарауы).
520-бап. Қозғалмайтын мүлiкке рента жүктеу
1. Рента жер учаскесiне, сондай-ақ оны төлейтiн етiп берiлген кәсiпорынға, үйге, ғимаратқа немесе басқа да қозғалмайтын мүлiкке құқық жүктейдi. Рента төлеушi осындай мүлiктi иелiктен айырған жағдайда оның рента шарты бойынша мiндеттемелерi мүлiктi сатып алушыға ауысады.
2. Рента жүктелiп берiлген, осы баптың 1-тармағында аталған мүлiктi басқа тұлғаның меншiгiне берген тұлға, егер осы Кодексте, басқа да заң актілерінде немесе шартта осы мiндеттеме бойынша бiрдей жауапкершiлiк көзделмесе, рента алушының рента шартының бұзылуына байланысты туған талаптары бойынша субсидиарлық жауапты болады (осы Кодекстiң 357-бабы).
521-бап. Рентаның төленуiн қамтамасыз ету
1. Жер учаскесi немесе басқа да қозғалмайтын мүлiк құқығы рента төлейтiн етiп берiлген кезде рента алушы рента төлеушiнiң мiндеттемесiн қамтамасыз ету үшiн осы мүлiктi кепiлге беру құқығын алады.
2. Рента төлеушiнiң мiндеттемелерiн (осы Кодекстiң 292-бабы) орындауды қамтамасыз ету не осы мiндеттемелердiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк тәуекелi рента алушының пайдасына сақтандыру мiндетiн белгiлейтiн талап ақша сомасын немесе өзге де қозғалатын мүлiктi рента төлейтiн етiп берудi көздейтiн шарттың елеулi талабы болып табылады.
3. Рента төлеушi осы баптың 2-тармағында көзделген мiндеттердi орындамаған кезде, сондай-ақ рента алушы жауап бермейтiн мән-жайлар бойынша қамтамасыз етуден айырылған немесе қамтамасыз ету талаптарын нашарлатқан жағдайда рента алушы рента шартын бұзуға және рента шартының бұзылуынан келтірілген залалдың өтелуiн талап етуге құқылы.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 521-1-баппен толықтырылды
521-1-бап. Рента шартын рента алушының талабы бойынша бұзу
1. Рента төлеуші шарттың талаптарын елеулі түрде бұзған жағдайда рента алушы рента төлеушіден осы Кодекстің 528-бабында көзделген талаптармен рентаны сатып алуды не шартты бұзуды талап етуге құқылы.
Егер рента төлеуші рента алушының өміріне қастандық жасаса не оған қасақана дене жарақатын салса, рента алушы шартты бұзуды және шығындарды өтеуді талап етуге құқылы. Рента төлеуші рента алушыны қасақана өлтірген жағдайда шарттың бұзылуын және шығындардың өтелуін талап ету құқығы рента алушының мұрагерлеріне тиесілі болады.
2. Егер рента төлеу үшін тұрғынжай немесе өзге де мүлік тегін иеліктен шығарылған болса, рента төлеуші шарттың талаптарын елеулі түрде бұзған кезде рента алушы осы мүліктің құнын рентаның сатып алу бағасының есебіне жатқыза отырып, оны қайтаруды талап етуге құқылы.
522-бап. Рента төлеудiң мерзiмiн кешiктiргенi үшiн жауапкершiлiк
Рента төлеу мерзiмiн кешiктiргенi үшiн рента төлеушi рента алушыға, егер шартта тұрақсыздық айыбының өзгеше мөлшерi белгiленбесе, осы Кодекстiң 353-бабында көзделген мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейдi.
2. Тұрақты рента
523-бап. Тұрақты рентаны алушы
1. Тек қана азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдар, егер бұл олардың қызмет мақсаттарына сәйкес келсе, тұрақты рентаны алушылар бола алады.
2. Тұрақты рента шарты бойынша рента алушының құқықтары, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, қойылатын талапқа жол беру және мұрагерлiк не құқық мирасқорлығы тәртібімен заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру арқылы осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаларға берiлуi мүмкiн.
524-бап. Тұрақты рентаның нысаны мен мөлшерi
1. Тұрақты рента шартта белгiленген мөлшерде ақшалай төленедi.
2. Шартта рентаны төлеу рентаның ақшалай сомасының құнына сәйкес келетiн заттар беру, жұмыстар атқару немесе қызметтер көрсету жолымен қарастырылуы мүмкiн.
3. Егер шартта өзгеше көзделмесе, төленетiн рентаның мөлшерi заң актілерінде белгiленген бiр айлық есептiк көрсеткiштiң өзгеруiне бара-бар өзгертiледi.
525-бап. Тұрақты рентаны төлеу мерзiмдерi
Егер шартта өзгеше көзделмесе, тұрақты рента әрбiр күнтiзбелiк тоқсан аяқталғаннан кейiн төленедi.
526-бап. Төлеушiнiң тұрақты рентаны сатып алу құқығы
1. Тұрақты рента төлеушi рентаны сатып алу жолымен оны одан әрi төлеуден бас тартуға құқылы.
2. Бұлайша бас тарту рента төлеушi рента төлеу тоқтатылғанға дейiн үш айдан кешiктiрмей немесе шартта көзделген неғұрлым ұзақ мерзiмде жазбаша түрде мәлiмдеген жағдайда жарамды болады. Бұл орайда рента төлеу жөніндегі мiндеттеме, егер шартта сатып-алудың өзгеше тәртібі көзделмесе, рента алушы барлық сатып алу сомасын алғанға дейiн тоқтатылмайды.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Тұрақты рента төлеушiнiң оны сатып алу құқығынан бас тарту туралы шарт талабы маңызсыз болады.
527-бап. Тұрақты рентаны рента алушының талабы бойынша сатып алу
Рента алушы:
1) егер шартта өзгеше белгiленбесе, рента төлеушi оның төленуiн бiр жылдан астам уақытқа кешiктiрген;
2) рента төлеушi рентаның төленуiн қамтамасыз ету жөніндегі өз мiндеттемелерiн бұзған (осы Кодекстiң 521-бабы);
3) рента төлеушi төлемге қабiлетсiз деп танылған не оның шартта белгiленген мөлшер мен мерзiмде рента төлей алмайтынын айқын куәландыратын өзге де мән-жайлар пайда болған;
4) рента төлемi ретiнде берiлген қозғалмайтын мүлiк жалпы меншiкке түскен немесе бiрнеше тұлғалар арасында бөлiнген жағдайларда;
5) шартта көзделген басқа да жағдайларда төлеушiнiң рентаны сатып алуын талап етуге құқылы.
528-бап. Тұрақты рентаның сатып алу бағасы
1. Тұрақты рентаны сатып алу осы Кодекстiң 526 және 527-баптарында көзделген жағдайларда шартта белгiленген баға бойынша жүргiзiледi.
2. Шартта рента төлемi ретiне төлеу үшiн берiлген мүлiктiң сатып алу бағасы туралы ереже болмаған кезде сатып алу рента төлемдерiнiң жылдық сомасына сәйкес баға бойынша жүзеге асырылады.
3. Шартта рента төлемiн төлеуге тегiн берiлген мүлiктiң сатып алу бағасы туралы ереже болмаған кезде сатып алу бағасына рента төлемдерiнiң жылдық сомасымен қатар берiлген мүлiктiң бағасы да қосылады.
529-бап. Тұрақты рента төлемi ретiнде берiлген мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi
1. Тұрақты рента төлемi ретiнде тегiн берiлген мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупін рента төлеушi мойнына алады.
2. Тұрақты рента төлемi ретiнде төлеу үшiн берiлген мүлiк кездейсоқ жойылған немесе кездейсоқ бүлiнген кезде төлеушi тиiсiнше рента төлеу жөніндегі мiндеттемесiн тоқтатуды немесе оны төлеу талаптарын өзгертудi талап етуге құқылы.
3. Ғұмырлық рента
530-бап. Ғұмырлық рента алушылар
1. Рента төлемi ретiнде мүлiк берген азаматтың өмiрi кезеңiне не ол көрсеткен басқа азаматтың өмiрi кезеңiне ғұмырлық рента белгiленуi мүмкiн.
2. Егер шартта өзгеше белгiленбесе, рента алу құқығындағы үлестерi тең деп саналған бiрнеше азаматтың пайдасына ғұмырлық рента белгiлеуге жол берiледi.
Рента алушының бiреуi қайтыс болған жағдайда, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның рента алу құқығындағы үлесi тiрi қалған рента алушыларға ауысады, ал соңғы рента алушы қайтыс болған жағдайда рента төлеу мiндеттемесi тоқтатылады.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)