Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнің "Ақпараттық
қауіпсiздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктiлігін арттыру
орталығы" мемлекеттік мекемесін құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 435 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2016 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң "Ақпараттық қауiпсiздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.
2. Мыналар:
1) Мекемеге қатысты уәкiлеттi мемлекеттік орган болып Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi;
2) Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктiлігін арттыруды ұйымдастыру болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесi заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыны іске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Қазақстан Республикасы?кіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесі" деген 3-бөлiм мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандар даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру орталығы 8".
2) "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге көлiктiк қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердi пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы?кіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының орталық атқapушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге көліктік қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердiң тиесілік табелінде:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандар даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру орталығы 1".
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |