1) интегралдық микросхемалар топологияларын қорғау, интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды иелену немесе беру мәселелері бойынша консультация беру;
2) өтініш берушінің атынан және тапсырмасы бойынша интегралдық микросхемалар топологияларына өтінімдерді ресімдеу және жасау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;
3) интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу мәселелері бойынша уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау;
4) лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарттарды және (немесе) өзгеге беру шарттарын жасауға, қарауға және кейіннен оларды сараптамаға жіберуге жәрдемдесу қызметін жүзеге асыруға құқылы.
2. Патенттiк сенiм білдірілген өкiлдiң өкiлеттiгi сенiмхатпен куәландырылады.
3. Патенттік сенiм білдірілген өкіл интегралдық микросхемалардың топологияларын тіркеуге өтінімдер беруге және (немесе) қорғау құжаттарын алуға, сондай-ақ апелляциялық кеңеске қарсылықтарды беруге байланысты істерді жүргізуге арналған сенімхаттың көшірмесін ұсынған жағдайда, көрсетілген өтінім немесе қарсылық берілген кезден бастап үш ай ішінде патенттік сенім білдірілген өкіл тиісінше сараптама жасау ұйымына және уәкілетті органға сенімхаттың түпнұсқасын ұсынуға міндетті. Түпнұсқалылығы расталғаннан кейін сенімхаттың түпнұсқасы қайтарылуға жатады.
Егер сенімхат шетел тілінде жасалса, онда міндетті түрде оның нотариус растаған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы ұсынылуға тиіс.
4. Егер патенттiк сенiм білдірілген өкiл осы iс бойынша мүдделерi іс жүргізу туралы өтiнiш жасаған тұлғаның мүдделерiне қайшы келетiн тұлғалардың атынан өкiлдiк етсе немесе оларға консультация берсе немесе оны қарауға өзгеше қатысса, сондай-ақ, егер iстi қарауға патенттiк сенiм білдірілген өкiлдің жақын туысы, жұбайы (зайыбы) және оның жақын туысы болып табылатын лауазымды адам қатысса, ол тапсырманы қабылдамауға міндетті.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 15-2-баппен толықтырылды; 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 15-2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
15-2-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізіліміндегі мәліметтердің күшін жою
1. Патенттік сенiм білдірілген өкіл аттестаттау комиссиясының шешімімен:
1) өзінің аттестаттау комиссиясына берген өтініші негізінде;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде;
3) патенттік сенiм білдірілген өкілдің кәсіптік қызметінде бес жылдан астам үзіліс болған жағдайда;
4) патенттік сенiм білдірілген өкіл қылмыс жасағаны үшін сотталып, соттың айыптау үкімі күшіне енген кезде;
5) патенттік сенiм білдірілген өкіл қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда;
6) патенттік сенiм білдірілген өкіл әрекетке қабілетсіз немесе оның әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған жағдайда патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылады.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Аттестаттау комиссиясының шешімі немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде уәкілетті органның шешімімен патенттік сенiм білдірілген өкілдің куәлігі жарамсыз деп танылады және патенттік сенiм білдірілген өкілді патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізіліміне енгізу туралы тиісті мәліметтердің күші жойылады.
3. 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. Патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған патенттік сенім білдірілген өкіл, бұл туралы мәліметтер енгізілген күннен бастап патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылады, ал оны патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде тіркеу туралы куәлік қайтарып алынады не оның күші жойылады.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Уәкілетті орган патенттік сенiм білдірілген өкілдің әрекетіне жеке немесе заңды тұлғаның шағымы келіп түскен жағдайда, уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан тұратын апелляциялық комиссияны құрады. Апелляциялық комиссия келіп түскен шағымды қараған кезеңде патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізілімінде тиісті ақпарат көрсетіле отырып, патенттік сенiм білдірілген өкіл куәлігінің қолданысы тоқтатыла тұрады.
Шағымды қарау нәтижелері бойынша апелляциялық комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) уәкілетті органға патенттік сенiм білдірілген өкіл куәлігінің қолданысын тоқтату туралы талап қою арызын сотқа жіберуге ұсыным жасау;
2) шағымды қанағаттандырудан бас тарту.
Апелляциялық комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады және хаттамамен ресімделеді. Апелляциялық комиссияның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.
16-бап. Шетелдiктердiң, шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары
1. Шетелдiктер мен шетелдiк заңды тұлғалар осы Заңда көзделген құқықтарды Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға байланысты немесе өзара принцип негізінде Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең пайдаланады.
2. Егер осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінен өзгеше туындамаса, Қазақстан Республикасында тұратын азаматтығы жоқ адамдар осы Заңда және топологияларды құқықтық қорғауға қатысты өзге де актілерде көзделген құқықтарды Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең пайдаланады.
Қазақстан Республикасының