2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға мәліметтерді хабарлауға;
6) микрокредит беру құпиясын сақтауға;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес, берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыруға және оларға қарсы провизияларды (резервтерді) құруға міндетті.
Осы тармақшада белгіленген талап кредиттік серіктестіктер мен ломбардтарға қолданылмайды;
8) уәкілетті орган белгiлеген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, оларды есептеу әдістемесін сақтауға;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8-1) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгіленген, микроқаржы ұйымы қарыз алушысының борыштық жүктемесі коэффициентін есептеу тәртiбiн және оның шекті мәнін сақтауға міндетті.
Осы тармақшада белгіленген талап кредиттік серіктестіктер мен ломбардтарға қолданылмайды;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тізбесі, нысандары, ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін қаржылық және өзге де есептілікті ұсынуға;
10) уәкілетті орган анықтаған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жоюға;
11) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11-1) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда микрокредит беруден бас тартуға;
12) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндеттi.
3. Микроқаржы ұйымы:
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) сыйақы мөлшерлемелерін (оларды төмендету жағдайларын қоспағанда) және (немесе) микрокредиттi өтеу тәсiлi мен әдісін біржақты тәртіппен өзгертуге;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) кепілсіз банктік қарыз және микрокредиттер бойынша күнтізбелік алпыс күннен астам, республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткiштiң бес еселенген мөлшеріне тең немесе одан асатын мөлшерде мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғаларға осы Заңның 4-бабының 3-1-тармағында көрсетілген микрокредитті беруге құқылы емес.
Осы тармақшада белгіленген талап ломбардтарға қолданылмайды;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) микрокредит бойынша сыйақы мен тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, кез келген төлемдерді белгілеуге және қарыз алушыдан (өтініш берушіден) алуға;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жеке тұлға болып табылатын, микроқаржы ұйымына микрокредит сомасын мерзімінен бұрын толық немесе ішінара қайтарған қарыз алушыдан микрокредитті мерзімінен бұрын қайтарғаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) және басқа да төлемдерді талап етуге;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3) кепілге салынған заттарды пайдалануға және оларға билік етуге құқылы емес.
8-бап. Өтініш берушінің құқықтары мен мiндеттерi
1. Өтініш беруші:
1) микрокредиттер беру қағидаларымен, микроқаржы ұйымының микрокредиттер беру тарифтерімен танысуға;
2) микрокредитті алуға, оған қызмет көрсетуге және оны өтеуге (қайтаруға) байланысты төлемдер туралы толық және анық ақпарат алуға;
3) микрокредит беру туралы шарт жасасудан бас тартуға құқылы.
2. Өтініш беруші микроқаржы ұйымына микрокредит беру туралы шарт және қарыз алушының міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ететін шарттар жасасу үшін қажетті, осы Заңның 20-бабының 3 және 4-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.
3. Өтініш берушінің осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген өзге де құқықтары мен мiндеттерi бар.
9-бап. Қарыз алушының құқықтары мен мiндеттерi
1. Қарыз алушының:
1) микрокредиттер беру қағидаларымен, микроқаржы ұйымының микрокредиттер беру тарифтерімен танысуға;
2) алған микрокредитке микрокредит беру туралы шартта белгіленген тәртіппен және талаптармен билік етуге;
3) өз құқықтарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қорғауға;
4) микрокредит беру туралы шарт бойынша берілген микрокредит сомасын микроқаржы ұйымына мерзімінен бұрын толық немесе ішінара қайтаруға;
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) микрокредит беру туралы өзі жасасқан шарт бойынша құқық (талап ету) басқаға берілген жағдайда, осы Заңның 9-1-бабы 4 және 5-тармақтарында көрсетілген тұлғамен келіспеушіліктерді реттеу үшін банк омбудсманына жүгінуге құқығы бар. Көрсетілген құқық жеке тұлға болып табылатын қарыз алушыға қолданылады;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және микрокредит беру туралы шартта белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Қарыз алушы:
1) микрокредит беру туралы шартта белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен алынған микрокредиттi қайтаруға және ол бойынша сыйақыны төлеуге;
2) микроқаржы ұйымы осы Заңға сәйкес сұрататын құжаттар мен мәлiметтердi беруге;
3) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында және микроқаржы ұйымымен жасалған шарттарда белгіленген өзге де талаптарды орындауға мiндеттi.
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды
9-1-бап. Берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және реттеуге немесе құқықты (талап етуді) басқаға беру тәртібі
1. Микроқаржы ұйымының коллекторлық агенттікпен осындай шарт жасасу жағдайларын қоспағанда, оның үшінші тұлғалармен нысанасы берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу, сондай-ақ қарыз алушының берешегіне байланысты ақпарат жинау жөнінде қызметтер көрсету болып табылатын шарт (бұдан әрі - берешекті өндіріп алу туралы шарт) жасасуына тыйым салынады.
1-тармақтың екінші бөлігі 2017 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
Микрокредит беру туралы шартта қарыз алушы микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуіне жол берген жағдайда микроқаржы ұйымының коллекторлық агенттікті тартуға құқығы болған кезде берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге жол беріледі.
2. Микроқаржы ұйымының коллекторлық агенттікпен берешегі тұрғынжай түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген жеке тұлғаға қатысты берешекті өндіріп алу туралы шарт жасасуына жол берілмейді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Берешек коллекторлық агенттікте сотқа дейін өндіріп алуда және реттеуде болған кезеңде микроқаржы ұйымы:
сотқа берешекті өндіріп алу туралы талап қойып жүгінуге;
берешек коллекторлық агенттікте жұмыста болған кезең үшін сыйақы төлеуді талап етуге, сондай-ақ негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін көрсетілген кезеңге тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есепке жазуға құқылы емес.
4. Мынадай талаптардың бірі сақталған кезде:
құқықтарды (талап етулерді) сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген осындай ұйым қызметі түрлерінің бірі болып табылғанда;
құқықтарды (талап етулерді) сатып алу жеке тұлғаларды қолдау жөніндегі мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар немесе мемлекеттік органдардың құқықтық актілері шеңберінде жүзеге асырылғанда, құқықты (талап етуді) жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі ұйымдарға беруді қоспағанда, микроқаржы ұйымының жеке тұлғамен жасасылған және тұрғынжай түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) басқаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Микроқаржы ұйымының құқықты (талап етуді) мынадай тұлғаларға:
екінші деңгейдегі банкке;
коллекторлық агенттікке;
микроқаржы ұйымына;
секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясына;
микроқаржы ұйымы қамтамасыз етілген облигацияларды шығарған немесе қарыз алған кезде микрокредит беру туралы шарт бойынша талап ету құқықтарын кепіл ұстаушы заңды тұлғаға беруін қоспағанда, оның микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.
Осы тармақтың талаптары осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
6. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе микрокредит беру туралы шартта өзгеше көзделмесе, микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) қарыз алушының келісімінсіз басқаға беруге құқылы емес.
7. Микрокредит беру туралы шарт бойынша бір қарыз алушыға қатысты құқықты (талап етуді) бірнеше тұлғаға беруге жол берілмейді.
8. Микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы шарт бойынша құқығының (талап етуінің) үшінші тұлғаға өтуі талаптары қамтылған шарт (бұдан әрі - талап ету құқығын басқаға беру шарты) жасасылған кезде, микроқаржы ұйымы:
1) талап ету құқығын басқаға беру шарты жасасылғанға дейін қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) құқықтардың (талап етулердің) үшінші тұлғаға өту мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай басқаға беруге байланысты қарыз алушының дербес деректерінің өңделетіні туралы микрокредит беру туралы шартта көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен хабардар етуге;
2) талап ету құқығын басқаға беру шарты жасасылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) микрокредитті өтеу жөніндегі бұдан былайғы төлемдердің үшінші тұлғаға (микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) өткен тұлғаның атауы және тұрған жері) тағайындалатынын, берілген құқықтардың (талап етулердің) толық көлемін, сондай-ақ негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мерзімі өткен және ағымдағы сомаларының және төленуге жататын басқа да сомалардың қалдықтарын көрсете отырып, құқықтың (талап етудің) үшінші тұлғаға өткені туралы микрокредит беру туралы шартта көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен хабардар етуге;
3) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) өзіне өткен тұлғаға мынадай құжаттардың:
кепіл нысанасына (егер микрокредит кепілмен қамтамасыз етілген жағдайда) құқық белгілеуші құжаттардың;
кепілгерлік немесе кепiлдiк шарттарының (егер микрокредит бойынша міндеттемелерді орындау кепілгерлікпен немесе кепiлдiкпен қамтамасыз етілген жағдайда);
қарыз алушы берешегінің құқық (талап ету) басқаға берілген күнгі есептеулерінің;
қарыз алушымен наразылық хат алмасудың;
қарыз алушының - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының, қарыз алушының - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының;
қарыз алушының берешекті өтегенін растайтын құжаттардың;
кепілге салынған мүлікті өткізу жөніндегі құжаттардың;
талап ету құқығын басқаға беру шартына сәйкес өзге де құжаттардың түпнұсқаларын және (немесе) көшірмелерін беруге міндетті.
Қарыз алушыға қойылатын барлық құқықтар (талап етулер) басқаға берілген жағдайда, микроқаржы ұйымы өзінде бар барлық құжаттардың түпнұсқаларын микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаға береді.
Қарыз алушыға қойылатын құқықтардың (талап етулердің) бір бөлігі басқаға берілген жағдайда, микроқаржы ұйымы осындай құқықтарды (талап етулерді) куәландыратын құжаттардың түпнұсқаларын сақтауға және көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) ішінара берілген тұлғаға беруге құқылы.
Микроқаржы ұйымы, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға микрокредит беру туралы шарт бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке құқық белгілеуші құжаттардың тұпнұсқаларын жоғалтқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
4) талап ету құқығын басқаға беру шартын жасасқаннан кейін төлемдердің әрбір қарыз алушы бөлінісінде таратып жазылуын бере отырып, қарыз алушылардан алынған ақшаны микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның банктік шотына берешекті өтеу есебіне аударуға міндетті.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Сатып алынған құқықты (талап етуді) бастапқы кредиторға кері сатуды (қайтаруды), құқықты (талап етуді) екінші деңгейдегі банктерге, коллекторлық агенттіктерге, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясына, сондай-ақ өзге де микроқаржы ұйымдарына беруді (қайта беруді) қоспағанда, жеке тұлғамен жасасылған микрокредит беру туралы шарт бойынша микроқаржы ұйымының құқығы (талап етуі) өткен тұлғаның осындай құқықты (талап етуді) өзге тұлғаларға қайта беруіне тыйым салынады.
10-бап. Микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелердi тоқтату
1. Микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негiздер бойынша тоқтатылады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қарыз алушыларға микроқаржы ұйымдарының микрокредиттерді беру туралы шарттарды тиісінше орындамағаны бойынша талап қою мерзімдерінің ескіру мерзімі бес жылды құрайды.
3-тарау. МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТI
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-бап. Микроқаржы ұйымының құқықтық жағдайы
1. Микроқаржы ұйымы (кредиттік серіктестікті қоспағанда) акционерлік қоғамның немесе шаруашылық серiктестiктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.
2. Облигацияларды Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында орналастыру және (немесе) «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасындағы сауда-саттыққа жіберу мақсаттары үшін шығаруды қоспағанда, микроқаржы ұйымына облигациялар шығаруға тыйым салынады.»;
12-бап. Микроқаржы ұйымының жарғылық капиталын қалыптастыру
1. Микроқаржы ұйымының құрылтайшылары құрылатын микроқаржы ұйымын мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) кезінде оның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн толық төлеуге мiндеттi.
2. Микроқаржы ұйымының жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Микроқаржы ұйымының жарғылық капиталы тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшамен қалыптастырылады.
13-бап. Микроқаржы ұйымының атауы
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Микроқаржы ұйымының (кредиттік серіктестікті және ломбардты қоспағанда) атауында мiндеттi түрде «микроқаржы ұйымы» деген сөздер немесе «MҚҰ» деген аббревиатура болуға тиіс.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Кредиттік серіктестіктің немесе ломбардтың атауында мiндеттi түрде тиісінше «кредиттік серіктестік» немесе «ломбард» деген сөздер болуға тиіс.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде тiркелмеген заңды тұлғаның өз атауында «микроқаржы ұйымы», «кредиттік серіктестік», «ломбард» деген сөздерді, оның микрокредиттер беру жөнiндегi қызметті жүзеге асыратындығын меңзейтін, солардан туындайтын сөздерді немесе аббревиатураларды пайдалануға құқығы жоқ.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 14-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-бап. Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу және микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері мен құрылтайшыларына (қатысушыларына) қойылатын талаптар
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап алты ай ішінде есептік тіркеуге жатады.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Есептік тіркеуден өту үшін микроқаржы ұйымы уәкілетті органға өтініш және тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін өзге де құжаттарды ұсынады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Микроқаржы ұйымдарының есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидаларын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
3-тармақ 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Уәкілетті орган есептік тіркеуден өтуге арналған өтінішті құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
4-тармақ 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4. Уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімде микроқаржы ұйымын микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізуге және оны осы шешім туралы хабардар етуге не есептік тіркеуден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беруге міндетті.
5. Есептік тіркеуден өткен микроқаржы ұйымдарының тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Атқарушы органның (алқалы немесе жеке-дара) бірінші басшысы мен мүшелері, байқау кеңесінің (болған кезде) мүшелері, директорлар кеңесінің (болған кезде) мүшелері, бас бухгалтер микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері деп танылады.
Мынадай:
1) жоғары білімі жоқ;
2) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар;
3) өзіне қатысты қаржы ұйымының, банктік және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген жеке тұлға микроқаржы ұйымының басшы қызметкері бола алмайды.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Ешбір тұлға Қазақстан Республикасындағы микроқаржы ұйымдарының жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін не орналастырылған акцияларын, егер ол:
1) жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға болып табылса;
2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін офшорлық аймақта тіркелген, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері болса;
3) уәкілетті орган осы микроқаржы ұйымын осы Заңның 16-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде құрылтайшысы (акционері, қатысушысы) не басшы қызметкері бұрын микроқаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылған заңды тұлға болып табылса;
4) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының жеке тұлға - ірі қатысушысы не заңды тұлға - ірі қатысушысының бірінші басшысы және (немесе) басшы қызметкері болып бұрын табылған не болып табылса, дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иелене және (немесе) пайдалана және (немесе) оларға билік ете алмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптар кредиттік серіктестіктерге қолданылмайды.
15-бап. Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден бас тарту негіздері
1. Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден бас тарту:
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) ұсынылған құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген, сондай-ақ осы құжаттарда көрсетілуге жататын анық емес мәліметтер мен ақпарат берілген;
2) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) егер микроқаржы ұйымы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап алты ай ішінде есептік тіркеуден өту туралы өтініш жасамаған;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) осы Заңның 14-бабының 6 және 7-тармақтарында белгіленген талаптардың бірі сақталмаған;
5) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) осы Заңның 31-бабының 1-тармағында белгіленген мемлекеттік қайта тіркеу мерзімі сақталмаған жағдайларда жүргізіледі.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда, микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде тіркелген заңды тұлға есептік тіркеуден бас тартуды алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде микроқаржы ұйымдарының есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидаларына сәйкес қайтадан өтініш беруге құқылы немесе өзінің атауынан «микроқаржы ұйымы», «кредиттік серіктестік», «ломбард» деген сөздерді, олардан туындайтын сөздерді немесе микрокредиттерді беру қызметін жүзеге асыратынын болжайтын аббревиатураны алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.