9. Осы Кодекстің 119-бабының қолданылуы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«119-бап. Реттелетiн нарық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу
1. Бағаларды мемлекеттiк реттеу темiржол көлiгi, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнiмдерiн өндiру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі, телекоммуникациялар және пошта байланысы, сондай-ақ «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, газ саласындағы реттелетiн нарықтар субъектiлерiнiң тауарларына, жұмыстарына, көрсетiлетiн қызметтерiне қолданылады.
Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бағаларды мемлекеттік реттеу қолданылатын реттелетін нарықтар субъектілері тауарларының, жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің тізбесін бекітеді.
2. Уақытша шара ретінде Қазақстан Республикасының аумағында белгілі бір мерзімге жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) жекелеген нарық субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік баға реттеу енгізілуі мүмкін.
Осы тармақта көзделген мемлекеттік баға реттеуді қолданудың жалпы мерзімі бір жыл ішінде күнтізбелік 180 күннен аспайды.
3. Реттелетiн нарық субъектілер өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес шекті баға белгілеу арқылы жүзеге асырылады.».
10. Осы Кодекстің 122-бабы 2-тармағының қолданылуы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2. Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi орган табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсу бойынша, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекiткен тәртiппен бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнiмдерiн бөлшек саудада өткізуге шектi бағаларды белгiлейдi.».
11. Осы Кодекстің 138-бабы 54) тармақшасының қолданылуы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«54) салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiне, сондай-ақ бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың толық және уақтылы аударылуына;».
12. Осы Кодекстің 193-бабы 3-тармағының қолданылуы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
1) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 наурызға дейін:
«3. Айрықша құқықты іске асыру мемлекеттік монополия субъектісін құру жолымен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі не Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік кәсіпорын ғана мемлекеттік монополия субъектісі бола алады.».
2) 2016 жылғы 1 наурыз - 2017 жылғы 1 қаңтар аралығында:
«3. Айрықша құқықты іске асыру мемлекеттік монополия субъектісін құру жолымен жүзеге асырылады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі не Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік кәсіпорын ғана мемлекеттік монополия субъектісі бола алады.».
13. Осы Кодекстің 193-бабының 4-тармағы екінші бөлігінің қолданылуы 2016 жылғы 1 наурыздан бастап 2017 жылға 1 қаңтарға дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Осы баптың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген шектеулер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына қолданылмайды.».
14. Осы Кодекстің 241-бабының 2-тармағы 1) тармақшасының қолданылуы 2017 жылға 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасын қолдана отырып, электр энергиясы, жылумен, сумен жабдықтау және кәріз бойынша қосылатын қуат үшiн ақы төлеуден Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен және шарттарда босатылады;».
15. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Шаруа немесе фермер қожалығы туралы» 1998 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 26-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 26-құжат; № 24, 178-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 21, 122-құжат);
2) «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 4-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 6, 46-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат);
3) «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11,52-құжат);
4) «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14,72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 9, 46-құжат);
5) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 67-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат);
6) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 11, 63-құжат; № 19-I, 19 II, 96-құжат).
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Ә. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қазанның 29-ы.
№ 375-V