14) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қару-жарағы мен әскери техникасының кадастрын бекітеді;
15) Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери киім нысанын кию қағидаларын белгілейді;
16) Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға және құрметті атақтар беруге ұсынады, көтермелейді, сондай-ақ жазалар қолданады;
17) азаматтардың шағымдарын, өтініштерін қарауды және Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелерінің, зейнеткерлерінің, қызметшілері мен қызметкерлерінің құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін қорғауды ұйымдастырады;
18) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапты болады;
19) меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
19-1) жоғары оқу орындарында және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдары жанындағы әскери факультеттерде әскери даярлық қағидаларын бекітеді;
19-2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштерді жабдықтау нормаларын бекітеді;
19-3) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебін жүргізу тәртібі туралы қағидаларды бекітеді;
19-4) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын бекітеді;
19-5) əскери атташе аппараты əскери қызметшілерінің қызметін жəне қызмет өткеру шарттарын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
19-6) жергілікті әскери басқару органдары туралы ережені бекітеді;
19-7) азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларын бекітеді;
19-8) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру тәртібін бекітеді;
19-9) жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламаларын бекітеді;
19-10) әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекітеді;
19-11) әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ұзақтығы 40 тәулік жыл сайынғы негізгі демалыс беру құқығын беретін қызмет өткеру жерлерінің тізбесін бекітеді;
19-12) тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне, әскери оқу орындарының бірінші және екінші курстарының курсанттарына пошта жөнелтілімдеріне өтемақы мөлшерін бекітеді;
19-13) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекітеді;
19-14) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды өткізу қағидаларын бекітеді;
19-15) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидаларын бекітеді;
19-16) дербестендірілген белгілердің, омырауға тағатын белгілердің жəне өзге де əскери-геральдикалық белгілердің, əскери оқу орындарын бітіргені туралы, сыныпты мамандарға арналған белгілердің, əскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық жəне басқа да спорттық іс-шаралардың жүлдегерлеріне арналған наградалық медальдардың (белгілердің) сипаттамасын, сондай-ақ оларды беру жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери қызметшілерінің тағып жүру тəртібін бекітеді;
19-17) əскери бөлімдер мен ұйымдарға нақты жəне шартты атаулар беру жəне Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде хат-хабар алмасу кезінде оларды қолдану қағидаларын бекітеді;
19-18) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
19-19) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі орталық аппаратының əскери қызметшілеріне қызметтік куəлік беру қағидаларын жəне оның сипаттамасын бекітеді;
19-20) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қаржылық жəне шаруашылық қызметті ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
19-21) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арсеналдарында, базалары мен қоймаларында зымырандарды жəне оқ-дəріні сақтауды ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді;
19-22) қару мен оқ-дəрінің ұрлануы, жоғалуы не əскери қызметшінің əскери бөлім орналасқан жерді қаруымен өз бетінше тастап кетуі туралы ақпаратқа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери бөлімдері қолбасшылығының жəне əскери полиция органдарының ден қою қағидаларын бекітеді;
19-23) бастапқы əскери дайындық қағидаларын бекітеді;
19-24) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша əскери дайындық қағидаларын бекітеді;
19-25) əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша дайындық қағидаларын бекітеді;
19-26) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша əскери дайындық қағидаларын бекітеді;
19-27) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің əскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидаларын бекітеді;
19-28) денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша əскери интернатурадағы дайындық қағидаларын жəне мамандықтар тізбесін бекітеді;
19-29) білім беру саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша əскери оқу орындары мен əскери кафедралардағы оқу-материалдық базаны ұйымдастыру жəне пайдалану қағидаларын бекітеді;
19-30) шетелдік əскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын бекітеді;
19-31) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларын бекітеді;
19-32) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін топогеодезиялық қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
19-33) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін навигациялық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
19-34) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінiң мəдениет аясында жəне спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемелерi ақылы негізде көрсететін қызметтерге тарифтерді бекітеді;
19-35) полиграфологиялық жəне психологиялық-физиологиялық зерттеулерді қолданумен тексеру жүргізу қағидаларын бекітеді;
19-36) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
19-37) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери көлік құралдарының жəне арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыру жəне қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы колонналар өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларын бекітеді;
19-38) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тəртіптеме жəне онда күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау тəртібі қағидаларын бекітеді;
19-39) əскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасында əкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларын бекітеді;
19-40) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
19-41) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруы қағидаларын бекітеді;
19-42) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдары əскери қызметшілерінің қызметтік əдеп қағидаларын бекітеді;
19-43) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде əскерлер қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
19-44) анықтау, тергеу органдарынан жəне соттан жасырынып жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери бөлімдері орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен əскери қызметшілерді іздестіруді ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
19-45) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери барлау органдарының жария етілмейтін құрамының тізбесін бекітеді;
19-46) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамын есепке алу қағидаларын бекітеді;
19-47) «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру» бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
20) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның өкілеттіктерін орындауды оның орнында болатын адам жүзеге асырады.
22. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
23. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын Аппарат басшысы басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкi
24. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, егер заңнамада өзгелер белгіленбесе, оған бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге құқылы емес.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және қысқарту
27. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2018.25.01. № 29 Қаулысымен тізбеге өзгеріс енгізіледі (құпия)
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және оның ведомствосының қарамағындағы ұйымдардың
тізбесi
Құпия.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және оның ведомствосының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің
тізбесi
Құпия.