Комиссия шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2014.26.06. № 702 Қаулысымен 52-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
52. Мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін сақтау жөніндегі, санитариялық-гигиеналық және өртке қарсы іс-шараларды қоса алғанда, уәкілетті органның қысқа мерзімді пайдалануға берген рұқсатының, хаттаманың және ұлттық парктің учаскесін пайдалану және көркейту жоспарының негізінде ұлттық парктің бірінші басшысы мен өтінім беруші жер учаскесін қысқа мерзімді пайдалану шартына қол қояды.
53. Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін пайдаланушының ұлттық парктің учаскесін пайдалану мерзімін ұзартуға басым құқығы болады.
Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік
және рекреациялық қызметті жүзеге асыру және
туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру
үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық
табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілері
үшін пайдалануға рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Туристiк соқпақтың (маршруттың) паспорты
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың (бұдан әрi - ЕҚТА) атауы _____________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________
2. Соқпақтың (маршруттың) атауы _______________________________________________________________________________
3. Соқпақтың (маршруттың) жiктемесi:
1) қозғалыс жасау түрi бойынша: жаяу жүру, су, шаңғы,
велосипед, салт атты, автомобиль, мотоцикл, ат-арба, аралас;
2) қолданыс уақыты бойынша: жыл бойы, маусымдық;
3) ұйымдастыру нысаны бойынша: топтық және жеке;
4. _________________________________________________________________________________________________________
(негiзгi географиялық пункттердiң атауы)
5. Ұзындығы ____километр (км), аялдаманы ескере отырып, уақыт ұзақтығы ____________сағат.
6. Соқпақтың (маршруттың) жұмыс iстеу мерзiмi.
7. Топтағы адамдардың ең көп саны; шектеу неге байланысты (тамашалау алаңының сиымдылығына, психикалық жайлы шегiне, рекреациялық жүктеме нормаларына). Бiр аптаға немесе бiр айға экскурсиялық топтардың лимиттерi (рекреациялық жүктеме).
8. Экскурсиялық маусым iшiндегi әртүрлi кезеңдер бойынша жол берiлетiн рекреациялық жүктемелер (егер маусым iшiндегi қандай да бiр кезеңде жүктеменi төмендету қажет болса, мысалы, балапандар басу кезiнде құстардың мазасын алмау).
9. Соқпақ арқылы экскурсия ұйымдастырушысынсыз жүрiп өту мүмкiндiгi.
Соқпақ қалай таңбаланған. Өзiңмен бiрге киiмнен (мысалы, егер соқпақта үңгiрде болу жоспарланса, арнайы киiм) немесе аяқ киiмнен (мысалы, егер аяқты сулап алу, яғни арнайы ағаш төсенiшсiз сулап алу қауiпi бар батпақты учаскелер болса, етiк) не алу керек.
10. Соқпақта жүрiп-тұрудың ерекше ережелерi (осы ЕҚТА-да жүрiп-тұрудың жалпы ережелерiне қосымша, мысалы, соқпақтан шығып кетпеу, тiк жардың шетiне бармау, өзге де сақтық шараларын сақтау).
11. Қауiпсiздiк шаралары.
12. Соқпақпен (маршрутпен) жүрiп өту жоспары:
Р/с № | Соқпақ (маршрут) учаскелерi | Ұзындығы, км | Қозғалыс уақыты | Аялдау уақыты | Тамашалау алаңының, суретке түсiру пунктерінің нөмірі |
бастап | дейiн |
| | | | | | |
| | | | | | |
Барлығы: | | | | |
13. Соқпақ (маршрут) сызбасы (соқпақ (маршрут) белгіленген масштабы кемінде 1:200000 баспахана шығарған карталар мен сызбаларды желiмдеп жапсырып қоюға болады).
14. Шартты белгiлер:
соқпақтар (маршруттар);
сақтық нұсқалар;
түнеу орындары;
паналау орындары;
жасырыну орындары;
медициналық көмек пунктері;
байланыс пункттері (байланыс түрi көрсетiлсiн).
15. Соқпақтың (маршруттың) қысқаша сипаттамасы (сипаты).
16. Соқпақ (маршрут) бойындағы және тамашалау (шолу) алаңдарындағы қарап-көру объектiлерiнiң қысқаша сипаттамасы.
17. Соқпақтың (маршруттың) күрделi учаскелерiнiң қысқаша сипаттамасы.
18. Ықтимал дүлей құбылыстар мен олар орын алған кезде топтың iс-қимылы.
19. Жолдамаға ақпараттық парақшаның мәтiнi үшiн ұсынымдар.
Туристiк жабдықтарға, киiмге, аяқкиiмге, жүрiс-тұрысқа қатысты ұсынымдар енгiзiледi____________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________
20. Соқпақты (маршрутты) абаттандыру
Таңбалау_____________________________________________________________________________________________________________
Соқпақтың (маршруттың) аялдау, паналау, абаттандыру орындары
_____________________________________________________________________________________________________________________
21. Мемлекеттiк табиғи қорықтың ғылыми-техникалық кеңесiнiң шешiмi
Соқпақты әзiрлеуге және паспортын ресiмдеуге жауапты тұлға________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________
22. Паспорт 20____жылы________данада жасалды.
23. 20____жылы________ _______беттерге өзгерiстер енгiзiлдi.
20____жылы________ _______беттерге өзгерiстер енгiзiлдi.
24. Паспорт даналары жiберiлдi:__________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________
«Келiсiлдi»____________________________________________________________________________________________________________
(ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органының басшысы)
«__»____________20___жыл
Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік
және рекреациялық қызметті жүзеге асыру және
туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру
үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық
табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілері
үшін пайдалануға рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Тіркелді
________________________________
(уәкілетті органның атауы)
__________ _________________________
(қолы) басшының Т.А.Ә.
№ ______
«__» _________20___жыл
М.О.
Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін учаскені пайдаланудың № ____ үлгі шарты
_________________ | «__» ________20__жыл |
(елді мекен) | |
Бірлесіп «Тараптар» деп аталатын ____________________________________________________________________
негізінде әрекет ететін бұдан әрі «мекеме» деп аталатын
_________________________________________________________________________________________________
(табиғат қорғау мекемесінің атауы)
атынан ____________________ және бұдан әрі «пайдаланушы» деп аталатын _____________ негізінде әрекет ететін ________________________________________________________атынан
(заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
_____________________________ төмендегілер туралы осы шартты жасасты.
1. Шарттың мәні
1. Мекеме пайдаланушыға 20___жылғы « ___» __________ № _____ тендер қорытындыларының хаттамасы (хаттама) негізінде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін осы шартқа қоса тіркеліп отырған учаске жоспарында (1-қосымша) көрсетілген шекара шегінде _______жылға дейін мерзімге мекеме учаскесін ұзақ мерзімді (қысқа мерзімді) пайдалануға береді.
2. Пайдалану жүзеге асырылатын учаскенің алаңы мен таксациялық көрсеткіштері осы шартқа 2-қосымшада көрсетілген.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланушының пайдалануға берілген учаскеде дербес әрекет жасауға құқығы бар.
4. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланушы:
1) туризм объектісін салу үшін осы шарт уәкілетті органда тіркелгеннен кейін _____күн ішінде мекемеге келісуге эскиз (эскиздік жоба) беруге;
2) туроператорлық қызметті жүзеге асыру кезінде ______________тиісті лицензиясы болуға;
3) мекеме эскизге (эскиздік жобаға) келісім бергеннен кейін уәкілетті органнан келісім алуға;
4) тендерлік құжаттаманың және уәкілетті органмен келісілген эскиздің (эскиздік жобаның) негізінде 20____жылғы «__»________дейін мерзімде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама (бұдан әрі - ЖСҚ) әзірлеуге;
5) ЖСҚ әзірлегеннен кейін оны мекемемен келісіп, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік сараптамаға жіберуге;
6) объект салуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысымен ЖСҚ жіберуге;
7) Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес өзінің қызметкерлері мен келушілер үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін міндетті төлемақыларды төлеуге міндетті.
3. Тараптардың жауапкершілігі
5. Пайдаланушы ерекше қорғалатын аумақтарды (бұдан әрі - ЕҚТА) пайдаланғаны үшін төлемақыны дер кезінде төлемеген жағдайда пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
6. ЖСҚ дер кезінде әзірленбеген, тендерлік құжаттамада белгіленген құрылыс мерзімдері бұзылған жағдайларда мекеме учаскені пайдалану шартын біржақты тәртіппен бұзады.
4. Дауларды қарау тәртібі
7. Осы Шарттың орындалуына байланысты туындайтын барлық даулар келіссөз және қосымша келісімдер жасасу жолымен шешіледі.
Тараптар келіспеген жағдайда даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттың қарауына жатады.
5. Өзге де шарттар
8. Осы Шартта көрсетілген барлық қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.
9. Осы шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар осы шарттың мәтініне қайшы келмеуге тиіс, жазбаша түрде жасалып, оған тараптар қол қоюы тиіс.
10. Осы шарт кезекті немесе кезектен тыс орман орналастыру (аңшылық ісін ұйымдастыру) өткізілгеннен және құрылыс объектісіне құқық үшінші бір тұлғаға берілгеннен кейін қайта жасалуға жатады немесе оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілуге тиіс.
11. Осы шартқа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар уәкілетті органмен келісілуге жатады.
12. Осы шарт 3 данада - пайдаланушы мен мекеме үшін бір-бір данадан және уәкілетті органда сақтау үшін бір дана жасалды.
Барлық 3 дананың да бірдей заңдық күші бар.
6. Шарттың қолданылуы
13. Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде _____жылға жасалды және ол уәкілетті органда тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
7. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері
Мекеме _______________________________ (т.а.ә.) _______________________________ (заңды тұлғаның _______________________________ толық атауы Орналасқан жері _________________ _______________________________ Е/шот __________________________ _______________________________ (қолы) М.О. | Пайдаланушы ___________________________________ (т.а.ә.) ___________________________________ заңды тұлғаның ___________________________________ толық атауы Орналасқан жері _____________________ ___________________________________ Е/шот ______________________________ ___________________________________ (қолы) М.О. |