ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз
Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы
авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы
ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы
2022 жылғы 26 мамырда Бішкекте жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 23 сәуір
№ 76-VIII ҚРЗ