197) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын қауіпті тамақ өнімдерін өткізуді анықтау және оған жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында ішкі сауда объектілерін ветеринариялық-санитариялық бақылауды, қадағалауды және мониторингілеуді жүзеге асырады;
198) тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) және айналымы процестерінде (сатыларында) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
199) ҚР Үкіметінің 2014.05.08. № 901 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
200) арнайы су пайдалануға рұқсаттарды келіседі;
201) су объектiлерiн кешендi пайдаланудың және қорғаудың бассейндiк схемаларын келiсуге, бассейндiк келiсiмдердi дайындауға, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде су ресурстарын басқарудың бассейндiк қағидатын iске асыруға қатысады;
202) өз құзыретіне сәйкес су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
203) өз құзыреті шегінде су қорғау аймақтарында және белдеулерінде шаруашылық қызметтің режиміне қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
204) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген құзыреті шегінде мемлекеттік орман қорын иелену мен пайдалануды жүзеге асырады;
205) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мәселелерi бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орман шаруашылығымен айналысатын жергiлiктi атқарушы органдарын, сондай-ақ орман мекемелерi мен табиғат қорғау ұйымдарын үйлестiрудi және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
206) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге және оны іске асыруға қатысады;
207) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, орман селекциясы және орман тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеуді және жобалау-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырады;
208) орман қорын күзетуді, қорғауды, ормандарды молықтыруды және орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, өзінің функционалдық қарамағындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейді;
209) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының орман шаруашылығымен айналысатын құрылымдық бөлімшесі басшысының, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары басшыларының орман қорының жай-күйі, оны күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру мәселелері бойынша есебін тыңдайды;
210) ормандарды орман зиянкестері мен ауруларынан қорғау жөнiндегi іс-шаралардың орындалуын, орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының, екпелердің табиғи, антропогендік сипаттағы қолайсыз әсерлерден қурап-солып қалуының пайда болуының, таралуының алдын алу, олардың есебін жүргізу мен болжаудың дәлдiгi жөнiндегi шаралардың дер кезінде қабылдануын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
211) кеспеағаштардың бөлінуіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
212) Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату мен ағаш кесу қағидаларының, орман пайдаланудың өзге де қағидаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
213) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарындағы күзет режимдерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
214) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман тұқымдарының аудандастырылуына, орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларының сақталуына, питомниктер шаруашылығының жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
215) орман қоры жерлерiнiң олардың нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуын және осы жерлердің қорғалуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
216) құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру, коммуникацияларды тарту және орман шаруашылығын жүргізумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезінде мемлекеттік орман қорын пайдалану тәртiбiнiң сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
217) арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілетін мәліметтерді айқындайды;
218) су шаруашылығы ұйымдарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
219) су объектілерінің бассейндері бойынша табиғат қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық су жіберу көлемдерін белгілейді;
220) ҚР Үкіметінің 2016.02.11. № 652 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
221) су пайдаланудың жыл сайынғы лимиттерін жылдың жауындылығын, су объектілерінің экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін ескере отырып нақтылайды;
222) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, су ресурстарын пайдаланудың республикалық ақпараттық-талдау жүйесін құрады;
223) су объектілерінің ақпараттық деректер базасын құрады және оған барлық мүдделі адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
224) су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға қабылдау-беру жөніндегі жұмысқа қатысады, су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін су шаруашылығы құрылыстарының және құрылыс, түбін тереңдету және өзге де жұмыстарды жүргізу жобаларын келіседі;
225) су объектілерін бірлесіп пайдалануға беруді келіседі;
226) су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарының жай-күйін жақсартуды қамтамасыз ететін балық өсіру және мелиорациялық-техникалық іс-шараларды келіседі;
227) Қазақстан Республикасының заңдарында белгілеген тәртіппен және негіздерде арнайы су пайдалануға рұқсаттар беруді, олардың қолданылуын тоқтатуды және кері қайтаруды жүзеге асырады;
228) мемлекеттік су кадастрында қамтылған ақпаратқа мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
229) салық органына ұсынғанға дейін жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша салық есептілігін растауды жүзеге асырады;
230) су шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды дайындайды және іске асырады;
231) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру (елді мекендерде орналасқан су шаруашылығы және су бұру жүйелерінен басқа) саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;
232) республикалық меншіктегі су объектілерін, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды ұйымдастырады;
233) елді мекендер шегінен тыс жерде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жобалау, іздестіру, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады;
234) судың және оны пайдаланудың мемлекеттік есебін, мемлекеттік су кадастры мен су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;
235) орталық атқарушы органдар әзірлеген өндіргіш күштерді және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамдарын су ресурстарын пайдаланудың жол берілетін деңгейі тұрғысынан келіседі;
236) экономика салаларында су тұтынудың үлестік нормаларын келіседі;
237) Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзушылықтарды жою шараларын қабылдайды;
238) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
239) ерекше қорғалатын су объектілеріндегі су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларының, оларда белгіленген шаруашылық қызметі режимінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
240) трансшекаралық сулар туралы халықаралық келісімдердің шарттары мен талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
241) су объектілері бойынша су тұтыну мен су бұрудың белгіленген нормалары мен қағидаларының, лимиттерінің, сондай-ақ суды пайдалану режимінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
242) Су жинау құрылыстарын, су шаруашылығы жүйелерін және су қоймаларын пайдалану қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
243) су объектілерінен жиналатын су мен оларға жіберілетін су мөлшерін бастапқы есепке алуды жүргізудің, су сапасын айқындаудың дұрыстығын, суды пайдалану мен жіберуді есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйін және мемлекеттік аттестаттау мерзімдерінің сақталуын, су пайдаланушылардың белгіленген есептілік мерзімдерін сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
244) жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттарда белгіленген шарттар мен талаптарды, сондай-ақ судың зиянды әсеріне (топан су, су басу, су алу, жағалауларды бұзу және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөніндегі іс-шаралардың орындауын бақылауды жүзеге асырады;
245) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген су объектілерін оқшау және бірлесіп пайдалануға беру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
246) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізудің және су объектілерін пайдалану мен қорғау бөлігінде жерүсті және жерасты суын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
247) су объектілерін өз бетімен пайдалануға, су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерінің аумақтарында өз бетімен құрылыс салуға жол берілмеуін бақылауды жүзеге асырады;
248) суды ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы ғылым мен техника жетістіктерінің, озық тәжірибенің, су тұтынудың үлесін азайту жөніндегі іс-шаралардың кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда енгізілуін бақылауды жүзеге асырады;
249) белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасының болуын және оның экономика салаларының объектілерін салуға, реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтауға және су объектілерін, олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерін пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметке сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады;
250) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
251) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар береді;
252) аңшы куәлігін беру жөніндегі есептіліктің нысанын белгілейді;
253) бақылау үшін аулауды, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды жүзеге асырады, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды ұйымдастырады;
254) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге, жануарлар дүниесін пайдалануға, сондай-ақ жерсіндіруге рұқсаттар береді;
255) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
256) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізуді ұйымдастырады;
257) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттандыруды жүргізеді;
258) ғылыми ұсынымдар негізінде балықтардың болмай қоймайтын қырылуына әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілерін немесе олардың бөліктерін ағымдағы балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қауіпті жою мүмкін болмаған жағдайларда балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;
259) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
260) су жинау құрылыстарына балықтарды қорғау құрылғыларын орналастыруды келіседі;
261) ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 306 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
262) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жануарлар дүниесі объектілерін алу лимиттерінің шегінде ғылыми зерттеулер бағдарламаларына сәйкес ғылыми зерттеулер үшін жануарлар дүниесі объектілерін алу квотасын белгілейді;
263) зоологиялық коллекциялар тізілімін жүргізеді, интернет-ресурста орналастырады және тоқсан сайын жаңартады;
264) жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін әзірлейді;
265) балық шаруашылығын жүргізуге және балық аулауға шарттар жасайды;
266) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды және жерсіндіруді жүзеге асыру тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
267) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын айқындау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексереді;
266) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
269) Аң, балық шаруашылығын жүргізу қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
270) Аңшылық және балық аулау қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
271) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
272) жануарларды еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайларда ұстау тәртібінің, сондай-ақ зоологиялық коллекциялардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
273) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
274) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының бұзылуы анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесін пайдаланушының қызметін тоқтата тұрады немесе қызметіне тыйым салу туралы ұсыныс енгізеді;
275) жеке және заңды тұлғалардың аң және балық шаруашылығын жүргізу шартының талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асырады;
276) жануарлар дүниесін пайдалануға белгіленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
277) өзінің қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, экологиялық дәліздерді құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын әзірлеуді және оларды бекітуді ұйымдастырады;
278) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
279) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізеді;
280) өзінің қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқаруды, оларды күзетудің, қорғаудың және қалпына келтірудің, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің жүргізілуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
281) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандардың өсімін молайту және орман өсіру, орман селекциясы және орман тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми-техникалық даму бағыттарын айқындайды, ғылыми-зерттеулер және жобалау-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырады;
282) орман орналастыру жобаларын бекітеді;
283) мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемдерін бекітеді;
284) орман тұқымдарын аудандастыруды бекітеді;
285) заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына кіретін су объектілерінде балық аулау көлемдерін бекітеді;
286) заңды тұлға мәртебесі бар республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекітеді;
287) табиғат қорғау ұйымының рәміздерін (эмблемасы мен туын), сондай-ақ табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін (эмблемасы мен туын) әзірлеу және пайдалану тәртібін бекітеді;
288) өзінің қарамағындағы табиғат қорғау мекемелерінің ережелерін бекітеді;
289) мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі есептік кеспеағаштарды игеруді және ағаштың кесілетін жасын белгілеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
290) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді бекітеді;
291) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді келіседі;
292) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген санатқа жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар береді;
293) өздеріне туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілерін салуға пайдалануға жеке және заңды тұлғаларға рұқсаттар береді;
294) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде биологиялық негіздеменің негізінде заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде әуесқой (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыруға рұқсат береді;
295) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтарды дамытудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумақтарын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келісуді жүзеге асырады;
296) өздерінің қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі, оларды күзету, қорғау, пайдалану және қаржыландыру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың есептерін қарайды;
297) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми қызметті ұйымдастырады;
298) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйін, күзетілуін, қорғалуын және пайдаланылуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
299) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайларда ғана республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру жөнінде өз құзыреті шегінде ұсыныстар енгізеді;
300) мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың және орман орналастырудың мемлекеттік мониторингін жүргізуді қамтамасыз етеді;
301) балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама береді;
302) биологиялық негіздеменің негізінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде пайдаланушылар арнайы пайдалану кезiнде жүргізген балық шаруашылығы мелиорациясын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіпшілік қорының деректерін жыл сайын түзетуді келіседі;
303) облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру туралы шешiмiн келіседі;
304) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер әзірлейтін техникалық-экономикалық негіздемені және жобалау-сметалық құжаттаманы келіседі;
305) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған жерлерде қозғалтқыштары қосылған су көлігінің барлық түрлерінің жүруін келіседі;
306) жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың жеке меншiгiндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерiнде толығымен орналасқан аңшылық алқаптар, сондай-ақ жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін олардың өтiнiмдерi бойынша оларға конкурссыз бекітіп беру туралы облыстық жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізеді;
307) бекітіп беру бойынша конкурсқа қойылатын жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін келіседі;
308) жалпы республика бойынша негізгі өзендер мен басқа да су объектілерінің бассейндері бойынша су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемасын әзірлейді;
309) мемлекеттік су кадастрындағы ақпаратқа мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
310) бассейндік схемалар негізінде өзендер бассейндері бойынша суды пайдалану лимиттерін және су объектілеріне рұқсат етілген шекті зиянды әсерлердің нормативтерін әзірлейді;
311) Комитеттің, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің бюджеттік өтінімдерін дайындауды, оны Министрлікке ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік процестің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
312) су қорын пайдалану және қорғау саласында мемлекеттік бақылауды өткізуді ұйымдастырады;
313) бассейндік қағидат негізінде гидрографиялық бассейннің су ресурстарын кешенді басқаруды жүзеге асырады;
314) оң экономикалық әсерге, қисынды, адал және экологиялық орнықты су пайдалануға қол жеткізу мақсатында су ресурстарын пайдалану бойынша су қатынастары субъектілерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
315) су объектілерін қалпына келтіру және қорғау туралы бассейндік келісімдерді дайындауды және іске асыруды жүзеге асырады;
316) бассейндер бойынша су объектілерінің мемлекеттік есебін, мемлекеттік су кадастрын және мемлекеттік мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;
317) заңнамада белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалануға рұқсат беруді, қолданысын тоқтата тұруды және қайтарып алуды жүзеге асырады;
318) тиісті бассейннің су объектілерін оңтайлы пайдалану бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының жоспарларын келісуді жүзеге асырады;
319) судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындарды және басқа да құрылыстарды салу орындарын айқындау бойынша ұсыныстарды келісуді жүзеге асырады;
320) судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындарды және басқа да құрылыстарды салу мен реконструкциялау жобаларының жоба алдындағы құжаттамаларын; су объектілерінде, суды қорғау белдеулері мен аймақтарында құрылыс, түбін тереңдету, пайдалы қазбаларды, су өсімдіктерін өндіру бойынша жарылыс жұмыстарын, кәбілдерді, құбырларды және басқа да коммуникацияларды өткізу, орманды кесу, сондай-ақ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды өткізу туралы құжаттарды; су объектілерінің жай-күйін сақтау, жақсарту бойынша су пайдаланушылардың іс-шаралар жоспарларын келісуді жүзеге асырады;
321) судың жай-күйіне әсер ететін өндірістік, ауыл шаруашылығы және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы нысандарды пайдалану жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың жұмысына, сондай-ақ табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың орын алуы нәтижесінде туындаған салдарларды жою бойынша жұмыстарға қатысады;
322) суды пайдаланушылар бөліндісінде және тиісті бассейн бойынша суды пайдалану лимиттерін айқындайды;
323) арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілетін мәліметтерді айқындайды;
324) бекітіп беру бойынша конкурсқа қойылатын жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін келіседі;
325) су объектілерін оқшау және бірлесіп пайдалануға беру бойынша конкурсты ұйымдастыру мен өткізуге қатысады;
326) жер асты су қорларын бекітуге қатысады;
327) тиісті бассейннің суларын кешенді пайдалану және қорғау схемасын, су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын келіседі;
328) тиісті бассейн бойынша су шаруашылығы теңгерімдерін әзірлеуге қатысады;
329) су объектілерін оқшауланған және бірлескен пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және ондағы суды пайдалану шарттарын келіседі;
330) су қорын ұтымды пайдалану және қорғау жөнінде өткізілген жұмыстар туралы, судың жай-күйі мен сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралар туралы халықты хабардар етеді;
331) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
332) су қорын ұтымды пайдалану және қорғау ісінде халықты ағарту және тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жүргізеді;
333) арнайы суды пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар суды алу немесе бұру құрылыстарында немесе қондырғыларында орнататын суды есептеу құралдарына пломба қояды және тіркейді;
334) салық органына бергенге дейін жерүсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша салық есептерін растайды;
335) бассейндік кеңес жұмысын, бассейннің аумағында су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша бассейндік кеңес мүшелерімен консультациялар жүргізуді, бассейндік кеңес дайындаған ұсынымдарды талдауды, оларды іске асыру бойынша шараларды жүзеге асыруды, бассейндік кеңестің ұсынымдарын мүдделі мемлекеттік органдар мен суды пайдаланушыларға жеткізуді ұйымдастырады;
336) облысаралық, өңіраралық, мемлекетаралық су объектілері бойынша су алу және су бөлу жоспарларын әзірлейді және олардың сақталуын бақылайды;