мынадай мазмұндағы 98-1) тармақшамен толықтырылсын:
«98-1) тәуелсіз сарапшы - жоғары медициналық білімі бар және уәкілетті орган айқындаған, тәуелсіз сараптама жүргізуге үміткер жеке тұлғаларға қойылатын талаптарға сай келетін жеке тұлға;»;
2) 7-баптың 1-тармағында:
6-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
27) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 102-1) және 102-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«102-1) сыртқы сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту тәртібін бекіту;
102-2) тәуелсіз сарапшылар ретінде тәуелсіз сараптама жүргізуге үміткер жеке тұлғаларға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;»;
3) 7-1-баптың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы «Халықтың» деген сөз «1. Халықтың» деген сөзбен ауыстырылсын;
36) тармақшадағы «жүзеге асыру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.» деген сөздер «жүзеге асыру;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 37) тармақшамен толықтырылсын:
«37) балалар тағамы өнімдерін, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу тәртібін айқындау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.»;
4) 9-баптың 2-тармағында:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
6-тармақтың 4) тармақшасының үшінші абзацының қолданысы 2016 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды, осы абзац тоқтата тұру кезеңінде осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылады
«11) сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес фармацевтикалық қызметті, денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін, сондай-ақ медициналық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;»;
18-5) тармақшадағы «және аттестаттауды» деген сөздер алып тасталсын;
5) 13-1-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасындағы «саудада өткiзу қызметі хабарлама жасау бойынша жүзеге асырылады.» деген сөздер «саудада өткiзу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) биологиялық белсенді заттарға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жүргізу қызметі хабарлама жасау бойынша жүзеге асырылады.»;
6-тармақтың 6) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
6) 14-бапта:
4-тармақ алып тасталсын;
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүзеге асыратын орган (ұйым) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу жөніндегі тиісті комиссияларды құрады және аккредиттелген субъектілердің деректер банкін қалыптастырады.»;
6-тармақтың 7) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
7) 20-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, сыртқы сараптаманы жүргізу үшін уәкілетті орган айқындаған жағдайларды талқылау бойынша комиссия құруға бастамашылық жасауға;»;
8) 21-1-баптың 1-тармағының 5) және 7) тармақшалары алып тасталсын;
6-тармақтың 9) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
9) 57-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу кезінде дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптаманы қоспағанда, денсаулық сақтау саласында сараптама жүргізуді жеке және заңды тұлғалар тиісті лицензияның негізінде және (немесе) заңды тұлғалар аккредиттеу туралы куәлік негізінде жүзеге асырады.»;
6-тармақтың 10) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
10) 58-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сыртқы сараптаманы:
1) уәкілетті орган, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған жағдайлар бойынша комиссиялық талқылау кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүргізіледі;
2) тәуелсіз сарапшылар - оларды ішкі және сыртқы сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда жеке немесе заңды тұлғалар тартқан кезде, сондай-ақ шарттық негізде тәуелсіз сараптама жүргізу үшін денсаулық сақтау субъектілері жүргізеді.»;
6-тармақтың 11) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
11) 69-баптың 6-тармағының үшінші бөлігіндегі «уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аттестатталған,» деген сөздер «оларды өткізу үшін оқудан өткен,» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың 12) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
12) 117-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жарамсыз деп тану тиісті сараптаманы жүзеге асыруға лицензиясы бар мамандандырылған психиатриялық медициналық ұйымда құрылатын дәрігерлік комиссияның шешімі бойынша жүргізіледі.».
7. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122, 123-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 52-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 23-I, 169-құжат):
138-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Төлеуші немесе үшінші тұлға төлеушінің шотына кеден баждарын, салықтар мен өсімпұлды төлеген кезде, тауарларды шығару үшін мына мәліметтер мен құжаттардың біреуі немесе бірнешеуі олардың төленгенiнің растамасы болып табылады:
1) қазынашылық органдары мемлекеттік кіріс органдарына күн сайын беретін бюджеттік сыныптаманың кодтары бойынша түсімдер есептілігі нысандары бойынша деректер;
2) төленген кеден баждары мен салықтар туралы «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы екінші деңгейдегі банктер және жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар берген мәліметтер мен ақпарат;
3) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайда - «электрондық үкімет» жүйесінде жасалатын электрондық чек;
4) мемлекеттік кіріс органдарының ғимараттарында орналасқан екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның электрондық терминалдары арқылы төленген жағдайда - екiншi деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның электрондық терминалдары беретін чек;
5) мемлекеттік кіріс органдарының ғимараттарында орналасқан банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кассалары арқылы төлеген жағдайда екiншi деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым кассаларының түбіртегі.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мемлекеттік кіріс органдарында осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтер және ақпараттар болмаған жағдайда ғана талап етіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген екiншi деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мемлекеттік кіріс органдарымен жасасқан тиісті шарттары болуы тиіс.
Тауарларды шығару мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның филиалдары кедендік баждарды, салықтарды бюджетке төлеген кезде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем құжаттары көрсетілген кедендік баждардың, салықтардың бюджетке төленгенін растайтын құжаттар болып табылады.».
8. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; №19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат):
1) мазмұнында:
мынадай мазмұндағы 300-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«300-1-бап. Энергия беруші ұйымдардың электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштерінің бекітілген нормативтік мәндерінен асып кетуі»;
605-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«605-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасын бұзу»;
2) 47-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тiзiлiмнен алып тастауды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган және Қазақстан Республикасының жол жүрiсi туралы заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.»;
8-тармақтың 3) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3) 269-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жекеше нотариустың, жекеше сот орындаушысының, адвокаттың мемлекеттік кіріс органында тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтінішті және дара кәсіпкерді тіркеу есебі, жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебі туралы хабарламаны берудiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген мерзiмдерiн бұзу -
ескерту жасауға әкеп соғады.»;
8-тармақтың 4) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4) 296-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
5) мынадай мазмұндағы 300-1-баппен толықтырылсын:
«300-1-бап. Энергия беруші ұйымдардың электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштерінің бекітілген нормативтік мәндерінен асып кетуі
Энергия беруші ұйымның электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштерінің нормативтік мәндерінен асып кетуі -
энергия беруші ұйымның лауазымды адамына бір жүз жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе: Осы бапта энергия беруші ұйымның лауазымды адамы деп энергия беруші ұйымның бірінші басшысын немесе оның міндетін атқаратын адамды түсіну керек.»;
6) 604-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы «жеке тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, лауазымды адамдарға» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаны біліктілік куәлігінен айыруға, көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының қызметін үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
7) 605-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«605-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасын бұзу
1. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген міндеттерді орындамауы -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының қызметіне тыйым сала отырып, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасының бұзылуын жою туралы жазбаша нұсқамасын белгіленген мерзімде орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
8) 684-баптың бірінші бөлігіндегі «605 (үшінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздер «605 (екінші бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 685-баптың бірінші бөлігіндегі «605 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде)» деген сөздер «605 (бірінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 690-баптың бірінші бөлігі «300 (барлық қуаттардағы қазандықтарды және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) қоспағанда),» деген сөздерден кейін «300-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
11) 804-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақшадағы «605 (үшінші және төртінші бөліктері)» деген сөздер «605 (екінші бөлігі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) тармақша «462,» деген цифрлардан кейін «463,» деген цифрлармен толықтырылсын.
9. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, № 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат):
1) мазмұнында:
9-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
37-баптың тақырыбы алып тасталсын;
11-тарау мынадай мазмұндағы 124-1, 124-2 және 124-3-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«124-1-бап. Тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту
124-2-бап. Мемлекеттің артықшылық құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын бекіту
124-3-бап. Энергия өндіруші ұйымдардың тариф белгілеуі»;
9-тармақтың 2) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«36-бап. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттiк тiркеу тәртібі
1. Дара кәсіпкер (бірлескен дара кәсіпкерлік) ретінде мемлекеттік тіркеу үшін жеке тұлға (бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті адамы) мемлекеттік кіріс органына тікелей немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілеті орган бекіткен нысан бойынша дара кәсіпкер (бірлескен дара кәсіпкерлік) ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама жібереді.
Бірлескен дара кәсіпкерлікті тіркеген жағдайда, бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті адамы бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан қол қойылған сенімхатты ұсынады.
Егер өтiнiш берушi кәмелет жасына толмаған жағдайда, хабарламаға заңды өкілдердің келiсiмi, ал мұндай келiсім болмаған кезде - неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәліктің көшірмесі не қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімі немесе кәмелет жасына толмаған адамды толығымен әрекетке қабiлеттi деп жариялау туралы сот шешiмi қоса берiледi.
Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
2. Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген адамдар дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаны беруге құқығы жоқ.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғалар хабарламаларды ұсынатын жағдайларды қоспағанда, жеке тұлға осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған күннен бастап мемлекеттік кіріс органы бір жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеуді жүргізеді.
4. Дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламада немесе оның тіркеу деректерінде көрсетілген деректер өзгерген кезде, дара кәсiпкер (бiрлескен дара кәсiпкерлiктiң уәкiлеттi адамы) мұндай өзгерiстер туралы мемлекеттік кіріс органына осы орган белгiлеген нысан бойынша хабарлауға мiндеттi.
5. Дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық нысанда ұсынылады не қағаз жеткізгіште өзі келіп ұсынады.»;
9-тармақтың 3) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3) 37-бап алып тасталсын;
4) 116-баптың 3-тармағының 9) тармақшасындағы «қамтамасыз ету кезінде бағалар мен тарифтерді реттейді.» деген сөздер «қамтамасыз ету кезінде;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітуге;
11) мемлекеттің артықшылық құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын бекітуге;
12) энергия өндіруші ұйымдардың тарифтерін бекітуге бағалар мен тарифтерді реттейді.»;
5) 11-тарау мынадай мазмұндағы жаңа 124-1, 124-2 және 124-3-баптармен толықтырылсын:
«124-1-бап. Тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту
Мемлекет Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітеді.
124-2-бап. Мемлекеттің артықшылық құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын бекіту
Мемлекет Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттің артықшылық құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын бекітеді.
124-3-бап. Энергия өндіруші ұйымдардың тариф белгілеуі
Энергия өндіруші ұйымдардың тариф белгілеуі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
6) 144-бапта:
3-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) тексерiлетiн субъектiнiң «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен қызметтi немесе белгiлi бiр әрекеттердi жүзеге асыруының басталғаны туралы хабарлама беруi;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жоспардан тыс тексеруге нақты кәсiпкерлiк субъектiлерiне және объектілеріне қатысты анықталған және осы жоспардан тыс тексерудi тағайындауға негiз болған фактiлер мен мән-жайлар жатады.».
10. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 15, 363-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-II, 105-құжат; № 20-IV, 113-құжат):
13-баптың бірінші бөлігінде:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді уәкілетті органмен келісуге;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама жіберуге;».
11. «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 23-24, 507-құжат; 1995 ж., № 23, 146-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., №18, 111-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 14, 72-құжат):
11-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсу бойынша облыстық маңызы бар қалалардың шекараларын белгiлейдi және өзгертедi; облыс аудандарының, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердiң шекараларын белгiлейдi және өзгертедi, кенттердi, ауылдарды бiр ауданнан екiншi ауданға немесе қалалық билік органдарының әкiмшiлiк бағынысына беру туралы мәселелердi шешедi;».
12. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат):
1) 15-баптың екінші бөлігінің 81) және 83) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«81) бекітілуі туралы қаржы ұйымы Қазақстанның Ұлттық Банкін хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесін;»;
«83) қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы Қазақстанның Ұлттық Банкін хабардар ету тәртібін, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін;»;
2) 62-5-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы Қазақстанның Ұлттық Банкін хабардар ету тәртібін, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін реттейтін нормативтік құқықтық актіде және «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-1-бабында көзделген құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде қарауды;».
13. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-, 824-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат):