12) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;
13) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамдардың акцияларын төлеуге беру туралы шешім қабылдайды;
14) акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін облыстық коммуналдық мүлік құрамына сатып алу туралы шешім қабылдайды;
15) осы Заңның 10-бабында көзделген жағдайларда және тәртіппен облыстық коммуналдық мүлікті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкінің деңгейіне беру туралы шешім қабылдайды;
16) тарих және мәдениет ескерткіштерін меншік иесінен алып қою туралы талап-арызбен сотқа жүгіну туралы шешім қабылдайды;
17) облыстық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешім қабылдайды;
18) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде осы Заңның 4-тарауында белгіленген талаптар бойынша реквизициялау туралы шешім қабылдайды;
19) осы Заңның 4-тарауында белгіленген жағдайларда және талаптарда реквизицияланатын мүлікке ақшалай өтем төлейді;
20) осы Заңның 6-тарауында белгіленген жағдайларда жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығарған кезде өтем төлейді;
21) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы немесе мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың тоқтатылуы туралы қаулы қабылдайды;
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарт (бұдан әрі - жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт) жасасады;
23) облыстық коммуналдық мүліктің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;
24) облыстық коммуналдық мүліктің есепке алынуын ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
25) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
26) облыстық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға береді;
27) сенімгерлікпен басқарушының облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асырады;
28) өзіне осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
18-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:
1) өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), тәркіленген мүлікті есепке алу және одан әрі пайдалану бойынша дерекқорды жүргізеді;
2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдайды;
5) 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға береді;
7) аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы, сондай-ақ олардың акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуы, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, акционерлік қоғамдардың өздеріне тиесілі акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеліктен шығару туралы шешімдер қабылдайды;
8) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, аудандық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға осыған уәкілеттік береді;
2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
10) аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
11) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарайды, бекітеді және осы Заңда көзделген жағдайларда келіседі;
12) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
13) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;
14) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;
15) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге беру туралы шешім қабылдайды;
2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалдауға (жалға алуға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
17) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде осы Заңның 4-тарауында белгіленген талаптар бойынша реквизициялау туралы шешім қабылдайды;
18) осы Заңның 4-тарауында белгіленген жағдайларда және талаптарда реквизицияланған мүлікке ақшалай өтем төлейді;
19) осы Заңның 6-тарауында белгіленген жағдайларда жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығарған кезде өтем төлейді;
20) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы немесе жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың тоқтатылуы туралы қаулы қабылдайды;
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жасасады;
22) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;
23) сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
24) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
24-1) 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен алып тасталды (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25) өзіне осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
18-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының құзыреті
1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:
1) өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
3) шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
4) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;
5) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі ие болған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
6) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;
7) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
8) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;
9) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
10) жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
11) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
12) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді осы Заңда көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;
13) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
14) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;
15) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
16) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты:
1) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
2) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
3) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп-ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
4) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;
5) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;
6) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
7) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
8) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2-бөлім. Мемлекеттің мүліктік құқықтарға ие болуы
3-тарау. Мемлекеттің мүліктік құқықтарға ие болу негіздері
19-бап. Мемлекеттің мүліктік құқықтарға ие болу негіздерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының республикалық мүлік құқықтарына ие болуына:
1) республикалық бюджетке түсетін түсімдер;
2) республикалық заңды тұлғалардың мүлікке ие болуы;
3) тәркілеу;
4) мүлікті коммуналдық мүліктің құрамынан республикалық мүліктің құрамына беру;
5) азаматтық-құқықтық шарттар (сатып алу-сату, мердігерлік және басқа да шарттар) негізінде мүлікті сатып алу және оны жасау;
6) стратегиялық объектілерге ие болуға басым құқықты іске асыру;
7) күтімсіз ұсталған тарих және мәдениет ескерткіштерін, мәдени құндылықтарды сот шешімі бойынша алып қою;
8) жеке меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне құқықты қайта ресімдеген кезде, оған мемлекеттік меншік құқығына ие болу;
9) мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың мүлкін мұраға қалдыру, сыйға тарту немесе оның республикалық мүліктің құрамына өзге де өтеусіз берілуі не өзге де өтеусіз түсуі (өтуі);
10) мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару;
11) шартты бұзған немесе өзгерткен кезге дейін Қазақстан Республикасының міндеттеме бойынша атқарғанын қайтаруы;
12) жарамсыз деп танылған мәміле бойынша берілген мүлікті қайтару;
13) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер негіз болып табылады.
2. Әкімшілік-аумақтық бөліністің коммуналдық мүлік құқықтарына ие болуына:
1) жергілікті бюджетке түсетін түсімдер;
2) коммуналдық заңды тұлғалардың мүлікті сатып алуы;
3) иесі жоқ және тәркіленген мүліктің коммуналдық мүлік құрамына түсуі;
4) мүлікті республикалық мүліктің құрамынан коммуналдық мүліктің құрамына беру;
5) азаматтық-құқықтық шарттар (сатып алу-сату, мердігерлік және басқа да шарттар) негізінде мүлікті сатып алу және оны жасау;
6) өз бетінше салынған құрылысқа құқықтарға сот шешімі бойынша ие болу;
7) күтімсіз ұсталған тарих және мәдениет ескерткіштерін, мәдени құндылықтарды сот шешімі бойынша алып қою;
8) жеке тұлғалар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар мүлкін мұраға қалдыру, иесіз қалған мүлкінің басқаға өтуі, сыйға тарту немесе оның коммуналдық мүліктің құрамына өзге де өтеусіз берілуі не өзге де өтеусіз түсуі (өтуі);
9) мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару;
10) шартты бұзған немесе өзгерткен кезге дейін әкімшілік-аумақтық бөліністің міндеттеме бойынша атқарғанын қайтаруы;
11) жарамсыз деп танылған мәміле бойынша берілген мүлікті қайтару;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер негіз болып табылады.
20-бап. Бюджетке жататын мүлік құқығына ие болу
Бюджетке жататын мүлік құқығына ие болу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалады.
21-бап. Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлікті сатып алуы
Мемлекеттік заңды тұлғалардың өндірістік-шаруашылық қызмет нәтижесінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де негіздер бойынша мүлікті сатып алуы мемлекеттің осы мүлікке құқыққа ие болуына және оны мемлекеттік мүлікке жатқызуға негіз болып табылады.
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22-бап. Тәркіленген мүліктің мемлекеттік мүлік құрамына түсуі
Тәркіленген мүліктің мемлекеттік мүлік құрамына түсуі осы Заңның 210 - 212, 214, 215-баптарында айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
Республикалық немесе коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), тәркіленген мүлікті есепке алу және одан әрі пайдалану бойынша дерекқорға енгізілген мүлік Тәркіленген мүлік қорын құрайды.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 22-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2023 ж. 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін қолданылады)
22-1-бап айырбастау шарты бойынша автомобиль көлік құралдарын сатып алу және иеліктен шығару кезінде ҚР Президентінің, ҚР Парламентінің, ҚР Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органға қатысты қолданылады
22-1-бап. Мемлекеттік заңды тұлғаның айырбастау шарты бойынша мүлікті сатып алуы
Қазақстан Республикасының азаматтық және өзге де заңнамасына сәйкес мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалар арасында жасалатын айырбастау шарты мемлекеттік заңды тұлғаның мүлікті сатып алуына негіз болып табылады.
23-бап. Иесі жоқ жылжымайтын заттарға мемлекеттік меншік құқығына ие болу
2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Иесі жоқ жылжымайтын заттарды олар табылған аумақтағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тиісті жергілікті атқарушы органдарының өтініші бойынша жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган есепке алады. Жергілікті атқарушы орган иесі жоқ жылжымайтын затты есепке алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін бұл затты аудандық коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талаппен сотқа жүгінеді. Егер меншік иесі бұл туралы жариялау арқылы меншік құқығынан бас тартқан жағдайда, жергілікті атқарушы орган бас тарту жарияланған кезден бастап бұл затты коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талаппен сотқа жүгінеді. Жер учаскесі иесі жоқ жылжымайтын зат ретінде, осы зат аумағында табылған республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиісті уәкілетті органының өтініші бойынша, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес есепке алынады.
2. Жеке тұлғалардағы немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардағы өздерінің меншікті мүлкі ретінде иеленіп келген иесі жоқ жылжымайтын заттар есепке алынбайды және аудандық коммуналдық меншікке берілмейді.
3. Осындай мүлікке басқа тұлғаның меншік құқығы туындағанға дейін кез келген уақытта меншік иесі өзіне тиесілі жылжымайтын затты иесі жоқ ретінде есептен шығару туралы өтініш жасауға және оны өзінің іс жүзіндегі иелігіне жаңадан қабылдауға құқылы.
4. Иесі жоқ жылжымайтын заттар ретінде есепке алынған жер учаскелеріне құқықтарға мемлекеттің ие болу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленеді.
24-бап. Меншік иесі бас тартқан жылжымалы заттарға мемлекеттік меншік құқығына ие болу
1. Меншік иесі тастап кеткен немесе ол меншік құқығынан бас тарту мақсатында өзгеше түрде қалдырып кеткен жылжымалы заттар (тасталған заттар) осы бапта көзделген жағдайларда және тәртіппен мемлекет меншігіне айналдырылуы мүмкін.
2. Жер пайдалануында құнының мөлшері тастап кеткен зат табылған күні қолданылып келген айлық есептік көрсеткіштің жиырма еселенген мөлшерінен анық төмен, тастап кеткен зат не тастап кеткен металл сынықтары, жарамсыз өнім орналасқан жер учаскесі бар мемлекеттік заңды тұлға оларды пайдалануға кірісіп немесе заттардың шаруашылық жүргізуге немесе жедел басқаруға айналдырылғанын куәландыратын өзге де іс-әрекет жасап, осы заттарды өзінің шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына айналдырады.
Мемлекеттік меншіктегі жерден және жер пайдалануға берілмеген жерден осындай мүлік табылған жағдайда, мүлікті аудандық коммуналдық мүліктің құрамына қабылдау қажет болған кезде, ол аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша жергілікті қазынаға түседі.
3. Мүлікті аудандық коммуналдық мүліктің құрамына қабылдау қажеттігі туралы мәселе қаралған кезде:
1) экономикалық тұрғыдан орындылығы;
2) мүліктің аудандық коммуналдық мүліктің құрамына қабылданғаннан кейінгі мақсаты мен пайдаланылуы негізгі өлшемдер болып табылады.
4. Мүлікті аудандық коммуналдық мүліктің құрамына қабылдау қажеттігі болмаған жағдайда жергілікті атқарушы орган мүлікті осы Заңның 213-бабына сәйкес одан әрі өткізу үшін осы бапта белгіленген тәртіппен аудандық коммуналдық мүліктің құрамына қабылдай алады.
5. Меншік иесі тастап кеткен, құнының мөлшері тастап кеткен зат табылған күні қолданылып келген айлық есептік көрсеткіштің жиырма еселенген мөлшеріне тең және одан да жоғары жылжымалы зат, егер мемлекеттік заңды тұлғаның немесе жергілікті атқарушы органның өтініші бойынша осындай затты сот иесі жоқ деп таныған болса - оны иеленген мемлекеттік заңды тұлғаның шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына немесе ол аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының иелігіне түскен жағдайда аудандық қазынаның құрамына келіп түседі.