9-2) облыстық соттың жалпы отырысы төралқасының регламентін бекітеді;
10) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады;
2. Жалпы отырыс облыстық сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды болады.
3. Облыстық соттың жалпы отырысының жұмыс тәртібі ол бекiткен регламентпен анықталады.
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 16-1-баппен толықтырылды
16-1-бап. Облыстық соттың жалпы отырысының төралқасы
1. Облыстық соттың жалпы отырысының төралқасы:
1) соттардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды облыстық соттың жалпы отырыстарында қарау үшін оларды дайындауды қамтамасыз етеді;
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) тәртіптік теріс қылық жасаған судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы материалды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарады;
2) осы Конституциялық заңда облыстық соттың басқа органдарының құзыретіне жатқызылмаған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Облыстық соттың жалпы отырысы төралқасының құрамы жеті мүшеден - облыстық соттың төрағасынан және сот алқаларының төрағаларынан, Судьялар одағы филиалының төрағасынан, Судья әдебі жөніндегі комиссияның төрағасынан, сондай-ақ облыстық соттың жалпы отырысы екі жыл мерзімге жіберетін екі судьядан тұрады.
3. Облыстық соттың жалпы отырысының төралқасын облыстық соттың төрағасы шақырады және ол өз мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде құқықты болады.
4. Облыстық соттың жалпы отырысы төралқасының жұмысын ұйымдастыру облыстық соттың жалпы отырысы бекітетін регламентпен айқындалады.
3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
17-бап. Жоғарғы Соттың өкiлеттiгi
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Жоғарғы Сот жергілікті және басқа да соттардың қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге де істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, оларға қатысты кассациялық саты функцияларын жүзеге асырады және нормативтік қаулылар қабылдау арқылы сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндірулер беріп отырады.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Жоғарғы Сот:
1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерi мен материалдарын қарайды;
2) сот практикасын зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) нормативтік қаулылар қабылдайды;
2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1) Жоғары Сот Кеңесімен бірлесіп, аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының және сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Сот судьясының және сот алқалары төрағаларының лауазымдарына кадр резервін (бұдан әрі - кадр резерві) қалыптастырады;
3-2) 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру тәртібін Жоғары Сот Кеңесі Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша бекітеді.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
18-бап. Жоғарғы Соттың құрылымы мен құрамы
1. Жоғарғы Сот Төрағадан және судьялардан тұрады.
Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.
2. Жоғарғы Сотта сот алқалары құрылады және мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін.
2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Мыналар:
1) жалпы отырыс;
2) жалпы отырыстың төралқасы;
3) азаматтық істер жөніндегі сот алқасы;
4) қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы;
5) мамандандырылған сот алқасы Жоғарғы Соттың органдары болып табылады.
Сот алқасын осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын төраға басқарады.
4. Сот алқасының сандық және дербес құрамын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың жалпы отырысы белгілейді.
5. Мамандандырылған құрамдарды Жоғарғы Соттың Төрағасы жасақтайды.
2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6. Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультативтік кеңес, халықаралық кеңес және баспасөз органы құрылады.
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Жоғарғы Соттың жанында Сот төрелігі академиясы жұмыс істейді.
19-бап. 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
20-бап. Жоғарғы Сот Төрағасы
1. Жоғарғы Соттың Төрағасы судья болып табылады және судья мiндетiн атқарумен қатар:
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) жоғары сот органы ретінде Жоғарғы Сотты басқарады
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара);2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) сот алқаларының отырыстарында төрағалық етуге құқылы;
3) Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етедi;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасы мәселелерi бойынша Жоғарғы Соттың нормативтiк қаулыларын қабылдау үшiн материалдар енгiзедi;
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 4-1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-1) сот актілерін заңда көзделген негіздер бойынша қайта қарау туралы ұсынулар енгізеді;
2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының бекiтуiне Жоғарғы Соттың жалпы отырысы Хатшысының, ғылыми-консультативтік және халықаралық кеңестер мүшелерiнiң кандидатураларын енгiзедi.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара);2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
6) қажет болған жағдайларда бір сот алқасының судьяларын басқа сот алқасының құрамында iс қарау үшiн тартады;
2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 6-1) тармақшамен толықытырылды
6-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасау және судья әдебi нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
7) Жоғарғы Соттың жұмыс жоспарын бекiтедi;
8) алқалардың жұмысын үйлестiредi;
2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) Жоғары Сот Кеңесімен келісім бойынша әрбір жергілікті және басқа да сот судьяларының санын бекітеді;
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) Уәкілетті орган туралы ережені Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізеді;
2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды
9-1) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны лимитінің шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органның құрылымын және штат кестесін бекітеді;
2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды
9-2) заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органның басшысын және оның орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9-3) 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 9-4) тармақшамен толықтырылды
9-4) жалпы отырыс төралқасының үлгі регламентін бекітеді;
10) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi;
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) өкiмдер мен бұйрықтар шығарады.
2. Жоғарғы Соттың Төрағасы Республиканың өзге де мемлекеттік билiк тармақтары органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынасы кезiнде Республика сот жүйесiнiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ:
1) 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) облыстық соттар төрағаларының және сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды баламалы негізде Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына енгізеді;
3) 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-1) тармақша жаңа редакцияда
3-1) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғары Сот Кеңесіне облыстық соттар төрағаларының және сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының лауазымдарына кандидатураларды баламалы негізде ұсынады;
4) Қазақстан Республикасының Президентiне заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) осы Конституциялық заңмен көзделген негiздер туындаған жағдайда, Жоғары Сот Кеңесiне Республика соттары төрағаларының, сот алқалары төрағалары мен судьяларының өкiлеттiгiн тоқтату мәселесi бойынша ұсыныс пен материалдар енгiзедi;
2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының Президентiне судьяларды және уәкілетті органның қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау және оларға құрметтi атақтар беру туралы ұсыныс енгiзедi;
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда
7) республика судьяларын ведомстволық наградалармен наградтайды, «Құрметті судья» атағын береді және осы Атақты беру тәртібі туралы ережені бекітеді;
8) 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8-1) қажет болған кезде сот төрелігін іске асыру үшін судья лауазымында болудың шекті жасына толмаған отставкадағы судьяларды тартады;
9) заңмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жоғарғы Соттың Төрағасы уақытша болмаған кезде оның мiндеттерi Жоғарғы Сот Төрағасының өкімімен сот алқалары төрағаларының біріне жүктеледi.
Сот алқаларының төрағалары болмаған жағдайда Төрағаның міндеттерін уақытша атқару Жоғарғы Сот Төрағасының өкімімен Жоғарғы Сот судьяларының біріне жүктеледі.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Жоғарғы Сот Төрағасы орнынан түскен жағдайда не өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған өзге де жағдайда Төрағаның мiндетiн уақытша атқаруды Қазақстан Республикасының Президентi Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының (судьясының) бiрiне жүктейдi.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 21-баптын тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
21-бап. Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар:
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) сот алқасының отырыстарында төрағалық етеді;
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1) сот алқасында сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) сот практикасын зерделеу және жинақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
3) Жоғарғы Соттың жалпы отырысында қарау үшiн судьялардың тиiстi құжаттарды дайындауын қамтамасыз етедi;
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысына сот алқасының қызметi туралы ақпарат бередi;
2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;
5) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Сот алқасының төрағасы уақытша болмаған жағдайда оның мiндеттерiн атқару Жоғарғы Сот Төрағасының өкiмi бойынша алқа судьяларының бiрiне жүктеледi.
Жоғарғы Соттың сот алқасы төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда оның міндеттерін уақытша атқару Жоғарғы Сот Төрағасының өкімі бойынша Жоғарғы Соттың тиісті сот алқасының судьясына жүктеледі.
22-бап. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы
1. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы:
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)(бұр. ред. қара); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді;
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) сот практикасын зерделеу мен жинақтаудың қорытындылары бойынша республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiнде заңдылықты сақтау мәселелерiн қарайды;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) нормативтiк қаулылар қабылдайды, сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндiрулер береді және заңнаманы жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.
Нормативтік қаулылар Жоғарғы Соттың жалпы отырысында Жоғарғы Сот судьялары санының кемінде үштен екі даусымен және Жоғарғы Сот судьялары жалпы санының кемінде төрттен үш кворумы болған кезде қабылданады;
3-1) 2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) Жоғарғы Соттың сот алқалары, Сот жюриi төрағаларының және уәкiлеттi орган басшысының ақпаратын тыңдайды;
5) Қазақстан Республикасы Конституциясының 47-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда қорытынды бередi;
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 6) тармақша жаңа редакцияда; 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) облыстық соттар төрағаларының, сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен судьяларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды және тиісті қорытындылар шығарады;
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесіне бекітуге енгізуі үшін Кадр резерві жөніндегі республикалық комиссия төрағасының және комиссия мүшелерінің кандидатураларын қарайды;
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-2) Жоғары Сот Кеңесімен бірлесіп, аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының және сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Сот судьясының және сот алқалары төрағаларының лауазымдарына кадр резервін қалыптастыру үшін кандидатуралар тізімін бекітеді;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша жалпы отырыстың хатшысын, ғылыми-консультативтік және халықаралық кеңестердiң құрамдарын бекiтедi, сондай-ақ жасырын дауыспен Сот жюриiн сайлайды;
7-1) 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды (бұр. ред. қара)
7-2) судья мантиясының нысаны мен сипатын бекітеді;
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 7-3), 7-4) тармақшалармен толықтырылды
7-3) Жоғарғы Соттың жалпы отырысы төралқасының регламентін бекітеді;
2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен 7-4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7-4) Жоғарғы Сот жанындағы ғылыми-консультативтік және халықаралық кеңестер туралы ережелерді бекітеді;
8) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Жалпы отырыс оған Жоғарғы Сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды болып табылады.
3. Жоғарғы Сот жалпы отырысының жұмыс тәртібі өзi бекiтетiн регламентпен белгiленедi.
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 22-1-баппен толықтырылды
22-1-бап. Жоғарғы Соттың жалпы отырысының төралқасы
1. Жоғарғы Соттың жалпы отырысының төралқасы:
1) соттардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарында қарау үшін оларды дайындауды қамтамасыз етеді;
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) тәртіптік теріс қылық жасаған судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы материалды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарады;
2) осы Конституциялық заңда Жоғарғы Соттың басқа органдарының құзыретіне жатқызылмаған, соттардың қызметін ұйымдастыруға қатысты өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы төралқасының құрамы он бір мүшеден - Жоғарғы Соттың Төрағасынан және сот алқаларының төрағаларынан, Судьялар одағының төрағасынан, Судья әдебі жөніндегі комиссияның төрағасынан, Сот жюриінің төрағасынан, Кадр резерві жөніндегі республикалық комиссияның төрағасынан, сондай-ақ Жоғарғы Соттың жалпы отырысы екі жыл мерзімге жіберетін үш судьядан тұрады.
3. Жоғарғы Соттың жалпы отырысының төралқасын Жоғарғы Соттың Төрағасы шақырады және ол өз мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде құқықты болады.
4. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы төралқасының жұмысын ұйымдастыру Жоғарғы Соттың жалпы отырысы бекітетін регламентпен айқындалады.
3-бөлiм. СУДЬЯЛАР МӘРТЕБЕСI
1-тарау. СУДЬЯЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
23-бап. Судья мәртебесi
2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының барлық соттары судьяларының мәртебесi бiрдей болады және бiр-бiрiнен тек өкiлеттiктерiмен ерекшеленедi.
Судья Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен сот төрелiгiн іске асыру жөнiндегi өкiлеттiктер берiлген, өз мiндеттерiн тұрақты негiзде орындайтын және сот билiгiн жүргiзушi болатын мемлекеттің лауазымды адамы болып табылады.
Судьялардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және өзге де заңдармен белгiленедi.
2. Судьяға заңда көзделмеген соттан тыс функциялар мен мiндеттердi жүктеуге болмайды. Судьяны қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқық тәртібін сақтау мәселелерi жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгізуге болмайды.
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 23-1-баппен толықтырылды
23-1-бап. Халықаралық соттардың Қазақстан Республикасынан жіберілген судьяларының мәртебесі
1. Халықаралық соттардың Қазақстан Республикасынан жіберілген судьяларына соңғы лауазымына орналасу құқығы беріледі, ал, халықаралық соттың судьясы болып жұмыс істеген уақыты судьялық жұмыс өтіліне қосылады және орнынан түскен кезде ескеріледі.
2. Халықаралық соттардың Қазақстан Республикасынан жіберілген судьяларына Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда реттелмеген бөлігінде осы Конституциялық заңда көзделген барлық материалдық және әлеуметтік кепілдіктер қолданылады.
24-бап. Судьялардың ауыстырылмайтындығы
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Судьялар лауазымға Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Конституциялық заңға, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайланады немесе тағайындалады және оларға тұрақты негiзде өкiлеттiктер беріледі.
2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Судьялардың өкiлеттіктері тек қана осы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін.