8. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары (форс-мажор)
33. Тараптар Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін толықтай немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады, егер бұл еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдарынан болса (топан су, жер сілкіну, тыйым салатын не қандай да бір себептерден жұмыстың орындалуына кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік актілерінің немесе өкімдерінің шығуы), бұл мән-жайлар кез келген Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауына мүмкіндік бермесе.
34. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш мән-жайлары әрекет еткен, сондай-ақ осы мән-жайлардан туындаған жағдайлар болатын уақытқа дейін ұзартылады.
35. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары пайда болған кезде осындай жағдай туындаған кез келген Тарап басқа Тарапқа 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде осы мән-жайлар туралы жазбаша хабарлама жібереді. Осы мән-жайлар Қазақстан Республикасының мемлекеттік уәкілетті органымен немесе Қазақстан Республикасының Сауда палатасымен расталуы тиіс.
36. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген кез келген мән-жайларға сүйену құқығынан айырады.
37. Егер Тараптардың міндеттемелерін толықтай немесе ішінара орындай алмау мүмкіндігі 2 (екі) айдан артық болса, онда Тараптар Шартты бұзуға және өзара есеп айырысуға құқылы.
9. Дауларды шешу тәртібі
38. Тараптар арасында туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер Шарт бойынша келіссөздер жолымен шешіледі.
39. Тараптар арасындағы даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, кез келген Тарап осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сатып алушының орналасқан орны бойынша шешуді талап ете алады.
40. Осы Шартпен реттелмеген Тараптардың өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
10. Хат-хабарлар
41. Шарт бойынша барлық коммуникативтік құжаттарда Шарттың нөмірі көрсетілген Тараптардың деректемелері болуы тиіс.
42. Шарт бойынша Тараптардан талап етілетін кез келген хабарлама немесе мәлімдеме жазбаша түрде беріледі және тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберіледі. Жедел болған жағдайда көрсетілген хат-хабар кейіннен оны міндетті түрде тапсырыс хат немесе курьер қызметінің көмегімен жіберу арқылы, оның жеткізілгенін тіркеуді қарастыратын факс, электрондық почта немесе басқа да телекоммуникациялық байланыс құралдары арқылы берілуі мүмкін.
43. Шарт бойынша хат-хабар Тараптарға немесе олардың заңды өкілдеріне Шартқа 3-қосымшада көрсетілген деректемелер бойынша жіберілуі тиіс.
44. Тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберілген хат-хабар екінші Тарапта почта бөлімшесінің немесе курьер қызметінің оны жеткізгенін растайтын мөртабаны бар хабарламасы болса, хат-хабар жіберілген Тарап оны алған күні (сағатта) жеткізілген болып саналады. Хат-хабардың жеткізілуін тіркеуді қарастыратын факс, электрондық почта немесе өзге де телекоммуникациялық байланыс құралдары арқылы жіберілген хат-хабар Шарттың 2-тармағы 10-бөлігінің талаптары сақталған жағдайда, Тарапқа оның берілген күнінде (сағатта) жеткізілген болып саналады.
11. Өзге де жағдайлар
45. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, онда Сатып алушы Өнім берушіге тиісті хабарлама жіберу арқылы Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы.
46. Сатып алушы болжалды бұзу күнінен 30 күнтізбелік күн бұрын Өнім берушіге тиісті хабарлама жіберу арқылы Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы. Хабарламада Шартты бұзу себебі, күшін жойған шарттық міндеттемелердің көлемі жазылуы тиіс, сондай-ақ Шартты бұзудың күшіне енетін күні көрсетілуі тиіс.
47. Сатып алушы Шарттың 2-тармағы 11-бөлігінің талаптарын сақтаған жағдайда, Өнім беруші Шартты бұзуға байланысты іс жүзіндегі шығыстар үшін ақы төлеуді ол бұзылған күні талап етуге құқылы.
Шарттың ажырамас бөлігі:
1) № 1-қосымша - жеткізілетін өнім тізбесі;
2) № 2-қосымша - өнімнің қаптамасына және таңбасына қойылатын талаптар;
3) № 3-қосымша - Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі Сатып алушының заңды өкілдерінің тізімі.
48. Шартқа жасалған барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар жазбаша нысанда, Тараптардың осыған уәкілетті өкілдерінің қолы қойылса, және Тараптардың мөрлерімен куәландырылса олардың күші болады.
49. Тараптардың заңды құқық иеленушісін қоспағанда, Өнім беруші Сатып алушының оған алдын ала жазбаша келісімі болмаса, өзінің Шарт бойынша міндеттерін үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
50. Кез келген Тараптың заңды мекен-жайлары және басқа да деректемелері өзгерген жағдайда, ол осындай өзгерістер сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде екінші Тарапты бұл туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
51. Шарт Өнім берушіге және Сатып алушыға бір данадан 2 данада жасалды.
52. Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 200__ жылғы 31 желтоқсанға дейін, өзара есеп айырысу бөлігінде оларды Тараптар толық орындағанға дейін қолданылады.
ҚР Үкіметінің 2014.04.07. № 767 Қаулысымен 53-тармақпен толықтырылды
53. Ақпаратты ұсыну 24 сағаттың ішінде деген сілтеме кездесетін жерде бүкіл Шарт бойынша Тараптар егер, 24 сағаттың өтуі сенбі, жексенбі немесе мемлекеттік мерекелерге сәйкес келсе, осы міндеттемелер жүктелген Тарап үшін мерзімнің аяқталуы автоматты түрде келесі жұмыс күніне ұзартылады деп өзара келісті.
12. Заңды мекен-жайлары, банк деректемелері
және Тараптардың қолдары
ҚР Үкіметінің 2014.04.07. № 767 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Беру үлгі шартына
1-қосымша
Жеткізілетін өнімнің тізбесі
ХПА | Саудалық атауы | Дәрілік түрі | Өндіруші | Өлшеп-орау № | Өлшем бірлігі | Бағасы | Саны | Сомасы | Жеткізу орны | Жеткізу кестесі |
Ерекше жағдайлар:
1._____________________________________________
2._____________________________________________
3._____________________________________________
Беру үлгі шартына
2-қосымша
Өнімнің қаптамасына және таңбасына қойылатын талаптар
1. Әрбір жәшіктің немесе қаптаманың сыртқы жағында қаптама қағазының көшірмесі бар су өткізбейтін қағаздан жасалған конверт жапсырылады. Конверт жәшікке бекітілетін метал пластинкамен жабылуы тиіс. Қаптама қағаздың екінші көшірмесі өнім салынған жәшікке салынуы тиіс. Егер өнім қаптамасыз жіберілетін болса, онда конверт өнімнің тікелей жұмыс істемейтін бөліктеріне бекітіледі.
2. Егер техникалық құжаттама көзделген болса, атап айтқанда өнімді пайдалану жөніндегі нұсқаулар өнім салынған жәшікке немесе қаптамаға қажет жеріне салынады.
3. Таңба өнімі бар әрбір жәшіктің немесе қаптаманың үш жағынан (әр жәшіктің қақпағына, алдыңғы және сол жағына) жуылмайтын бояумен орыс тілінде жазылады. Өнімі бар әрбір жәшік мынадай үлгіде таңбалануы тиіс:
Жіберушінің атауы - ____________________
Алушының атауы - хххххххххххх
- шарт №
- брутто салмағы - _____________________
- таза салмағы - _______________________
- жәшік немесе қаптама № __________________________
Беру үлгі шартына
3-қосымша
Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі Сатып алушының заңды өкілдерінің тізімі
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 12-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.27.01. № 33 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 12-қосымша өзгертілді
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін
көрсету бойынша дәрілік
заттарды, профилактикалық
(иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді
сатып алуды ұйымдастыру және
өткізу ережесіне
12-қосымша
Банк кепілдігі
(жеткізу шартын/сатып алу шартын/қаржылық лизинг шартын орындауды қамтамасыз ету нысаны)
Банктің атауы:
______________________________________________________________________________________________________________________
(банктің атауы мен деректемелері)
Кімге:
______________________________________________________________________________________________________________________
(тапсырыс берушінің атауы мен деректемелері)
№___ кепілдік міндеттеме
___________________ (орналасқан жері) | ___ ж. «__»________ |
«Өнім беруші» _________________ (өнім берушінің атауы) тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасындағы _______ ж. № _____ жеткізуге (орындауға, көрсетуге) медициналық техниканы сатып алу шартын/қаржылық лизинг шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасқанын (жасасатынын)*
және Сіз Шартта Өнім беруші жалпы сомасы _________
теңге____________________________________________________________________________ банктік кепілдеме түрінде оның орындалуын
(банктің атауы)
қамтамасыз етуді енгізетінін көздегеніңізді назарға ала отырып, осымен жоғарыда көрсетілген Шарт бойынша кепілдік беруші болып табылатынымызды растаймыз және Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Өнім беруші Шарт бойынша өзінің міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны туралы жазбаша растауыңызды алғаннан кейін Сізге сіздің талабыңыз бойынша___________________________________________________________соманы төлеуге өзімізге кері қайтарылмайтын міндеттеме аламыз.
(сандармен және жазбаша жазылған сома)
Осы кепілдік міндеттеме оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін қолданылады.
Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындаған барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Кепілдік берушілердің қолы мен мөрі | Күні және мекенжайы |
ҚР Үкіметінің 2014.04.07. № 767 Қаулысымен 13-қосымшамен толықтырылды
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық,
дезинфекциялық) препараттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу ережесіне
13-қосымша
Ұзақ мерзімді жеткізу шарттарын жасасу конкурсына қатысуға
өтінім
1. Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы туралы мәлімет |
1. | Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы | |
2. | Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының тіркеуден (қайта тіркеуден) өткені туралы ақпарат (күні, негіздемесі) | |
3. | Орналасқан жері: заңды мекенжайы нақты орналасқан жері | |
4. | Бизнес сәйкестендендіру нөмірі (БСН) | |
5. | Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының басшысы | |
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) |
(телефон, факс, электрондық поштасы) |
2. Жоба туралы мәлімет |
6. | Жобаның атауы | |
* |
7. | Жобаның іске асырылатын орны | |
8. | 8. Заңды тұлғаның бекітілген активтеріне инвестициялардың көлемі (ағымдағы және келешектегі кезеңдердегі инвестициялар ескеріледі) | |
(теңге) |
9. | Жобаны қаржыландыру көздері: меншікті қарыз қаражаты | |
(меншікті қаражаты бар екенін растайтын құжат) |
(қаржыландыру көздерін және жобаны қаржыландыруға кепілдікті белгілейтін құжат) |
10 | Жобаны іске асыру мерзімдері | |
11 | Жобаны іске асыру кестесі және кезеңдері | |
12. | Өндірілетін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі | |
__________________________________________________________________________ Өтінімге қосымша:
(әлеуетті өнім беруші) өтінімде және қоса берілетін құжаттарда қамтылған ақпарат үшін дұрыстығын (дәйектілігін) мәлімдейді және кепілдік береді, ұсынылған ақпаратқа жауапты болады және жосықсыз өнім берушілер тізбесіне қосу шарттарымен, сондай-ақ ұзақ мерзімді жеткізу шартын бұзу талаптарымен таныстырылды.
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы басшысының Т.А.Ә.
ҚР Үкіметінің 2014.04.07. № 767 Қаулысымен 14-қосымшамен толықтырылды
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық,
дезинфекциялық) препараттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу ережесіне
14-қосымша
Өндіріс циклы бойынша дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың
тізбесі
Р/с № | Дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның атауы | Толықтай Қазақстанда шығарылатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісі | Жеткілікті өңдеу критерийлеріне сәйкес дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға өзіне тән қасиеттерін беру үшін субстанцияларды/ шикізатты өңдеу жолымен дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісі | Қайта қапталған өнімді/қапталған дайын өнімді, «in-bulk»-ты қоса алғанда, өндіру |
| | | | |
ҚР Үкіметінің 2015.08.07. № 515 Қаулысымен 15-қосымшамен толықтырылды
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін
көрсету бойынша дәрілік
заттарды, профилактикалық
(иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді
сатып алуды ұйымдастыру және
өткізу ережесіне
15-қосымша
Кімге _____________________________________________________________________________________________
(Бірыңғай дистрибьютордың атауы)
Кімнен ____________________________________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
Медициналық техниканы ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасасу конкурсына қатысуға
өтінім
Конкурсқа қатысуға үміткер заңды тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:
Заңды тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің толық атауы (мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес) | |
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен күні | |
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) | |
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) | |
Әлеуетті өнім берушінің заңды, пошталық мекенжайы және электрондық поштасының мекенжайы, байланыс телефондары | |
Заңды тұлғаның банктік деректемелері (банктің немесе оның филиалының толық атауын қоса алғанда) | |
Заңды тұлғаның бірінші басшысының Т.А.Ә. | |
___________________ (заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі) осы медициналық техниканы ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасасу конкурсына қатысуға өтініммен (бұдан әрі - өтінім)
___________________________________________________________________________________________________
(лот нөмірі, тауардың атауы)
___________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________
лоттары бойынша медициналық техниканы жеткізуді жүзеге асыруды ұсынады.
2. ________________ (заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі) осы өтініммен медициналық техниканы ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасасу конкурсына әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға тілек білдіреді және медициналық техниканы осы Ереженің 11-4-тарауында көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес жеткізуге келісімін білдіреді.
3. Әлеуетті өнім беруші осы Ереженің 11-4-тарауында көзделген талаптармен және шарттармен танысқанын және конкурстық комиссияға өзінің құзыреттілігі, біліктілігі, медициналық техниканы жеткізу сапасы және өзге де сипаттамалары туралы жалған мәлімет бергені үшін жауапкершілік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа шектеулер туралы хабардар екенін растайды.
Әлеуетті өнім беруші медициналық техниканы ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасасу конкурсына қатысуға берген өтінімінде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай жалған мәліметтерді бергені үшін жауапкершілікті толық қабылдайды.
4. Қоса берілетін құжаттардың тізбесі.
Р/с № | Құжаттың атауы | Парақтардың саны |
1. | | |
2. | | |
5. Осы өтінім ___ күн ішінде әрекет етеді.
6. Медициналық техниканы ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасасу кезіне дейін осы өтінім біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін атқарады.
___________________ _____________________________
(қолы, күні) (лауазым, Т.А.Ә.)
М.О.
Конкурстық өтінімге ____________________________________________________________ атынан және оның тапсырмасымен қол қоюға барлық өкілеттігі бар
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
ҚР Үкіметінің 2015.08.07. № 515 Қаулысымен 16-қосымшамен толықтырылды
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін
көрсету бойынша дәрілік
заттарды, профилактикалық
(иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді
сатып алуды ұйымдастыру және
өткізу ережесіне
16-қосымша
Медициналық техниканы жеткізудің № ____ ұзақ мерзімді
үлгілік шарты
Астана қаласы | «__»________ 2015 ж. |
Бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бірыңғай дистрибьютор) атынан Жарғы негізінде әрекет ететін Басқарма төрағасы бір тараптан және бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын ______________________________ атынан Жарғы негізінде әрекет ететін директор екінші тараптан бұдан әрі бірлесіп «Тараптар», ал жеке-жеке «Тарап» деп аталып,
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 7-бабы 1-тармағының 20), 50), 68) тармақшаларына, 76-бабының 2-тармағына және 77-бабына сәйкес жыл сайын медициналық техниканы сатып алудың шекті бағаларын белгілей отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі - ТМККК) көрсету үшін сатып алынатын медициналық техниканың бағасын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратынын, бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын медициналық техника тізімін айқындайтын және бекітетінін ескере отырып,
және:
Кодекстің 77-бабының 1-тармағын;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінің (бұдан әрі - Ереже) 7-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып;
мыналардың:
медициналық техниканы жеткізуге ұзақ мерзімді шарттар жасау конкурсы қорытындыларының ___________ жылғы № ________ хаттамасының негізінде:
төмендегілер туралы осы __________ жылғы Медициналық техниканы жеткізудің № _____ ұзақ мерзімді шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасуға уағдаласты:
1. Шартта қолданылатын терминдер
1. Осы Шартта төменде көрсетілген ұғымдардың мынадай түсініктері болады:
1) Шарт - Өнім беруші мен Сатып алушы арасында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жазбаша нысаны сақтала отырып жасалған, Тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен, сондай-ақ Шартта сілтемесі бар барлық құжаттамамен қоса қол қойған азаматтық-құқықтық акт;
2) Шарт сомасы - Шарт талаптарына сәйкес Сатып алушы Өнім берушіге төлейтін сома;
3) тауарлар - Шарт талаптарына сәйкес Өнім беруші Сатып алушыға жеткізетін медициналық техника және қосалқы көрсетілетін қызметтер;
4) қосалқы көрсетілетін қызметтер - тауарларды жеткізуді қамтамасыз ететін, мысалы, тасымалдау және сақтандыру сияқты қызметтер және мысалы, монтаждауды, іске қосуды, техникалық жәрдемдесуді, оқытуды және осы Шартта көзделген Өнім берушінің міндеттемелерінің басқа ұқсас түрлерін қамтитын кез келген басқа қосалқы қызметтер.
2. Шарттың нысанасы
2. Төменде көрсетілген құжаттар мен оларда жазылған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) сатып алынатын тауарлардың тізбесі (осы Шартқа 1-қосымша);
3) сатып алынатын тауарлардың жинақтауышы (осы Шартқа 2-қосымша);
4) сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігі (осы Шартқа 3-қосымша);
5) монтаждау, іске қосу-баптау жұмыстары (қызметкерлерді оқыту) жөніндегі акт (осы Шартқа 4-қосымша).
Өнім беруші осы Шартқа қосымшаларға сәйкес тауарды жеткізуге міндеттенеді.
Сатып алушы үшін тауарды сатып алу жөніндегі міндеттемелер медициналық техниканы жеткізу жөніндегі тиісті қаржы жылына арналған қосымша келісіммен ресімделетін, мынадай:
1) бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың тізіміне медициналық техника қосылған;
2) Тапсырыс берушілер жеткізетін медициналық техниканың көлемін айқындаған;
3) әлеуетті өнім берушіге, сондай-ақ осы Шарттың талаптарында белгіленген медициналық техникаға қойылатын талаптарға сәйкестігі расталған жағдайда осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын әрбір алдыңғы күнтізбелік жылға Тапсырыс берушіден өтінімдер түскеннен кейін басталады.
Тараптар осы Шартты жасау және орындау үшін барлық өкілеттіктері бар екенін, үшінші тараптардың талаптарымен ауыртпалық салынбағанын және келешекте үшінші тараптардан шағым болған жағдайда, оларды дербес реттейтінін мәлімдейді және кепілдік береді.
3. Тараптардың тауар жеткізу жөніндегі міндеттемелері
3. Тауар Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынуға тиіс медициналық техника тізіміне енгізілген, Тапсырыс берушілер тауарды жеткізу санын анықтаған, сондай-ақ әлеуетті өнім берушіге, сондай-ақ медициналық техникаға қойылатын Ережеде белгіленген талаптарға сәйкестігі расталған жағдайда, Сатып алушы жыл сайын тапсырыс берушілерден өтінімдер алған және ағымдағы күнтізбелік жылға арналған жалпы қажеттілік қалыптастырылған, сондай-ақ ағымдағы күнтізбелік жыл ішінде тапсырыс берушіден қосымша келісім алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей, Сатып алушы өнім берушіге қосымша келісімді ұсынады, онда мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
1) медициналық техниканың атауы;
2) медициналық техниканың саны;
3) жиынтықтың бөліністегі құны көрсетілген медициналық техниканың жиынтығы;
4) жеткізу мерзімі;
5) сатып алынатын тауардың техникалық сипаттамалары;
6) төлем жүргізу тәртібі;
7) жеткізу орны.
Өнім беруші жыл сайын тиісті қаржы жылына арналған тауарды жеткізу туралы қосымша келісімге қол қоюға міндеттенеді. Өнім беруші қосымша келісімді алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей қол қоюға міндетті.
Әр қаржы жылына қосымша келісімге тараптар осы Шарттың талаптарында және оны орындау мақсатында қол қояды. Сатып алушының талабы бойынша Қосымша келісімде Өнім берушінің қосымша келісімнің сомасынан кемінде бір пайыз мөлшерінде қосымша келісімді орындауды қамтамасыз етуді енгізуі бойынша міндеттеме көзделуі мүмкін.
Медициналық техниканы жеткізуді ұйымдастыруды Сатып алушы ұсынатын жазбаша өтінімнің негізінде Өнім беруші орындайды. Медициналық техниканың атауы, саны, жиынтығы, құны, ақы төлеу мерзімдері, жеткізу орны Қосымша келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын өтінімдерге қол қою арқылы Тараптармен келісіледі.
Күнтізбелік жыл ішінде Сатып алушыға Тапсырыс берушілерден тауарды жеткізуге қосымша өтінімдер келіп түскен жағдайда, Өнім беруші қосымша жеткізуді Сатып алушыдан өтінімдер бойынша жүзеге асыратын болады, оларда мынадай ақпарат қамтылады:
1) медициналық техниканың атауы;
2) медициналық техниканың саны;
3) жиынтықтың бөліністегі құны көрсетілген медициналық техниканың жиынтығы;
4) жеткізу мерзімі;
5) сатып алынатын тауардың техникалық сипаттамалары;
6) төлем жүргізу тәртібі;
7) жеткізу орны.
Қазақстан Республикасының заңнамасында медициналық техникаға қойылатын талаптарға сәйкес Өнім беруші тауарды өндіру және жеткізу күніне тауарды өндіруге және жеткізуге міндеттенеді.
Тиісті қаржы жылына арналған тауар жеткізу туралы қосымша келісім маңызды талаптар (төлем тәртібі, қаптама және таңбалау, монтаж және іске қосу жұмыстары, өнімге берілетін кепілдік, жауапкершілік (айыппұл санкциялары) және өзге жағдайлар) ескеріле отырып жасалады.
Тауарды жеткізу соңғы межелі пунктке тасымалдау кезінде зақымданудан немесе бұзылудан қорғай алатын қаптамада жүзеге асырылады. Қаптаманың тасымалдау кезінде, сондай-ақ ашық жерде сақтау кезінде қарқынды көтеру-тасымалдауға және экстремалды температуралардың, тұздар мен жауын-шашынның әсеріне қандай да бір шектеусіз төзімділік қабілеті болуы тиіс.
Ыдыстың қаптамасы мен таңбасы, сондай-ақ ішіндегі және сыртындағы құжаттары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында айқындалған арнайы талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Тауарды саны мен сапасы бойынша қабылдап алуды жеткізу сәтінде Тапсырыс берушінің, Сатып алушының және Өнім берушінің өкілдері жүргізеді, қабылдап алу нәтижелері тауарды қабылдау-беру актісімен ресімделеді. Жеткізу кезінде Сатып алушы мен Өнім берушінің өкілдері тауарды қабылдауды дұрыс жүзеге асыру үшін сенімхаттың және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесінің болуын қамтамасыз етеді. Тауарды қабылдау-беру актісі және монтаждау мен іске қосу-баптау жұмыстары жөніндегі акт жасалған күн тауарды жеткізу күні болып саналады. Шарт бойынша жеткізілетін Тауар:
1) саны бойынша: тауарды қабылдау-беру актісінде көрсетілген санына сәйкес;
2) жиынтығы бойынша: сатып алынатын медициналық техниканың жиынтығына сәйкес (Шартқа 2-қосымша);
3) сапасы бойынша: техникалық ерекшелікте (Шартқа 3-қосымша) көрсетілген сапаға, ілеспе құжатта көрсетілген медициналық техниканың әрбір атауына өнімнің қауіпсіздігі мен сапасы жөніндегі қорытындының нөміріне және қолданылу мерзіміне сәйкес;