Қазақстан Республикасының
Заңы
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы
(2023.24.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 12 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы
2-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖОЛМЕН АЛЫНҒАН КІРІСТЕРДІ ЗАҢДАСТЫРУДЫҢ (ЖЫЛЫСТАТУДЫҢ), ТЕРРОРИЗМДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ЖӘНЕ ЖАППАЙ ҚЫРЫП-ЖОЮ ҚАРУЫН ТАРАТУДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ АЛДЫН АЛУ
3-бап. Қаржы мониторингінің субъектілері
4-бап. Қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар
5-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерін тиісінше тексеруі
6-бап. Іскерлік қатынастар орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеруі
7-бап. Ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен жасалатын операцияларды жүзеге асыру кезiнде қаржы мониторингi субъектiлерiнiң клиенттердi тиiсiнше тексеруі
8-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің жария лауазымды адамдарды тиісінше тексеруі
9-бап. Шетелдік қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастар орнатылған кезде тиісінше тексеру
10-бап. Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәлiметтер мен ақпарат жинау
11-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылауды жүргізуі
11-1-бап. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау
12-бап. Терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болғызбауға қатысты нысаналы қаржылық санкциялар
12-1-бап. Жаппай қырып-жою қаруын таратудың және оны қаржыландырудың алдын алуға, оған кедергі келтіруге және тоқтатуға қатысты нысаналы қаржылық санкциялар
12-2-бап. Қайырымдылық ұйымдары мен діни бірлестіктерді терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланудан оларды қорғау жөніндегі шаралар
12-3-бап. Заңды тұлғаның және заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесін анықтау
13-бап. Ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды жүргiзуден бас тарту және оларды тоқтата тұру
14-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
3-тарау. УӘКІЛЕТТІ ОРГАННЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ
15-бап. Уәкілетті органның міндеттері
16-бап. Уәкілетті органның функциялары
17-бап. Уәкілетті органның құқықтары мен міндеттері
18-бап. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылы
19-бап. Алып тасталды
3-1-тарау. Халықаралық ынтымақтастық
19-1-бап. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық
19-2-бап. Уәкілетті органның шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен халықаралық ынтымақтастығы
19-3-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингі субъектілерінің сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының халықаралық ынтымақтастығы
19-4-бап. Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ ақшаны және (немесе) өзге мүлікті іздестіру, тыйым салу, тәркілеу және қайтару саласындағы халықаралық ынтымақтастығы
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
20-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
21-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізудің тәртібі
Осы заңның Конституцияға сәйкестігі туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2009 жылғы 20 тамыздағы № 5 нормативтік қаулысын қараңыз
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы Заң қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздерін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы қаржы мониторингі субъектілерінің, уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының құқықтық қатынастарын, сондай-ақ терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болғызбауға және жаппай қырып-жою қаруын таратудың және оны қаржыландырудың алдын алуға, оған кедергі келтіруге және тоқтатуға қатысты нысаналы қаржылық санкцияларды іске асыру тетіктерін айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен ; 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) тармақша ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
1) ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен күдiктi операция (бұдан әрi - күдiктi операция) - клиенттің операция жасау үшін пайдаланылатын ақша және (немесе) өзге мүлік қылмыстық әрекеттен түскен кіріс болып табылады деп не операцияның өзі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді не өзге қылмыстық әрекетті қаржыландыруға бағытталған деп күдік туындататын операциясы (осындай операцияны жасауға ұмтылысты, жасалу процесіндегі операцияны немесе жасалған операцияны қоса алғанда);
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар - олармен байланысты азаматтық құқықтарды және мiндеттердi белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған, оларды жүзеге асыру нысаны мен тәсiлiне қарамастан, жеке, заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдардың ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен әрекеттерi;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою - қаржы мониторингі субъектілері мен мемлекеттік органдар ақшаның және (немесе) өзге мүліктің берілуін, қайта өзгертілуін, иеліктен шығарылуын немесе орын ауыстыруын тоқтата тұру бойынша қабылдайтын шаралар;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 20 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
2-2) бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар - бағалы металдарды, олардың химиялық қосылыстарын, асыл тастарды медициналық мақсаттарда, ғылыми-зерттеу мақсаттарында не құралдардың, аспаптардың, жабдықтардың және өндірістік-техникалық мақсаттағы бұйымдардың құрамында пайдаланатын діни ұйымдарды, музейлерді және ұйымдарды қоспағанда, бағалы металдарды және асыл тастарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды сатып алуды-сатуды жүзеге асыратын тұлғалар;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) бенефициарлық меншік иесі - бұл:
клиенттің - заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі;
клиентті өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын;
оның мүддесінде клиент ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға;
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-1) тармақша жаңа редакцияда
3-1) делдал-банк - ақша жөнелтуші банктен алынған төлемді және (немесе) ақша аударуды қаржы ұйымының пайдасына жүзеге асыратын банк және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 3-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-2) жария лауазымды адам:
жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам;
лауазымды адам;
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам;
мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам;
шет мемлекеттің заң шығарушы, атқарушы, әкімшілік, сот органдарына немесе қарулы күштеріне тағайындалатын немесе сайланатын, онда қандай да бір лауазымды атқаратын адам;
шет мемлекет үшін қандай да бір жария функцияны орындайтын адам;
халықаралық шарттар мәртебесі бар келісімдер негізінде елдер құрған ұйымдарда басшы лауазымын атқаратын адам;
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 3-3) тармақшамен толықтырылды
3-3) заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым - шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, өздері құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесіне ие болуына не болмауына қарамастан, дербес ұйымдық-құқықтық нысандар ретінде қаралатын қор, серіктестік, траст, компания, әріптестік, ұйым немесе басқа да корпоративтік құрылым;
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 3-4) тармақшамен толықтырылды
3-4) заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз маман - заң қызметтерін дербес те, әріптес немесе заң көмегін көрсететін кәсіпкерлік субъектісімен еңбек шарты негізінде жұмыскер ретінде де көрсететін жеке тұлға;
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) клиент - қаржы мониторингі субъектісі көрсететін қызметтерді алатын жеке, заңды тұлға немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым;
5) корреспонденттік қатынастар - банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға байланысты операциялар жасау мақсатында басқа банктерге корреспонденттік шоттарды ашуы кезінде туындайтын шарттық қатынастар;
6) қалқа-банк - банктің тіркелген мемлекетте (аумақта) шоғырландырылған қадағалауға жататын банктік холдингтің тікелей немесе жанама иелігінде болуын қоспағанда, банк ретінде тіркелген және (немесе) банктік қызметті жүзеге асыруға лицензия алған мемлекетте (аумақта) іс жүзіндегі қатысуы жоқ резидент емес банк;
7) қаржы мониторингі - осы Заңға сәйкес уәкілетті орган және қаржы мониторингі субъектісі жүзеге асыратын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және пайдалану жөніндегі шаралар жиынтығы;
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) қаржы мониторингіне жататын операциялар - қаржы мониторингі субъектісі клиентінің осы Заңға сәйкес оларға қатысты қаржы мониторингі белгіленген ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялары;
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) қаржы тобы - қаржы мониторингі субъектілері болып табылатын және өз арасында осы Заңға сәйкес өзара іс-қимыл жасайтын заңды тұлғалар тобы;
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) қылмыстық жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру - ақшаны заңдастыруға (жылыстатуға) бағытталған жалған мәмiле жасау кезiнде құжаттарды пайдалану арқылы қолма-қол ақшаны алу мақсатында жеке, заңды тұлғалар немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым жасайтын әрекеттер;
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда
10) қылмыстық жолмен алынған кірістер - қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған ақша және (немесе) өзге мүлік;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша жаңа редакцияда
11) қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру (жылыстату) - қылмыстық құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатын мүлікті конверсиялау немесе аудару түрінде мәмiлелер жасасу арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi заңды айналымға тарту не мұндай мүлікті иелену және пайдалану, егер мұндай мүліктің қылмыстық құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатыны белгілі болса, оның шынайы сипатын, көзін, орналасқан жерін, оған билік ету, оны ауыстыру тәсілін, мүлікке құқықтарды немесе оның тиесілігін жасыру немесе жасырып қалу, сол сияқты қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi заңдастыруға делдалдық ету;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясат - қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар және осы Заңға сәйкес өзге де шаралар;
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 11-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-2) мінсіз іскерлік бедел - кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 11-3) тармақшамен толықтырылды
11-3) нысаналы қаржылық санкциялар - осы Заңға және Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болғызбауға, жаппай қырып-жою қаруын таратудың және оны қаржыландырудың алдын алуға, оған кедергі келтіруге және тоқтатуға жататын қарарларына сәйкес қаржы мониторингі субъектілері мен мемлекеттік органдар қабылдайтын, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар;
2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) терроризмді қаржыландыру - жеке тұлғаның не адамдар тобының не заңды тұлғаның іс-әрекетінің террористік сипатын не берілген мүліктің, көрсетілген ақпараттық, қаржылық және өзге де қызмет түрлерінің террористік іс-әрекетті жүзеге асыру не террористік топты, террористік ұйымды, заңсыз әскерилендірілген құралымды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатынын көрінеу ұғынып жасаған адамның оларға ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беруі немесе жинауы, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдық жасауы, қайырымдылық көмегі, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсетуі не қаржылық қызметтер көрсетуі;
12-1) 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) уәкілетті орган - осы Заңға сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттік орган;
14) 2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) шет мемлекеттің құзыретті органы - шет мемлекеттің өз заңнамасына сәйкес ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды және пайдалануды жүзеге асыратын органы;
16) іс жүзіндегі қатысуы - банктің басқару органдары мен персоналы бар, банктік қызметке қатысты құжаттарды есепке алу және сақтау жүргізілетін және резидент емес банкке банктік қызметті жүзеге асыруға лицензия берген уәкілетті органның тексерулері жүргізілетін, тұрақты мекенжай бойынша (пошта жәшігінің мекенжайынан немесе электрондық мекенжайдан басқа) орналасқан, банк қызметін жүргізу орны;
17) іскерлік қатынастар - қаржы мониторингі субъектісінің кәсіптік қызметті жүзеге асыруы процесінде туындайтын клиенттермен қатынастар.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-тарау. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың алдын алу
3-бап. Қаржы мониторингінің субъектілері
1. Осы заңның мақсаттары үшін қаржы мониторингінің субъектілеріне:
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда; 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операторын немесе операциялық орталығын, сондай-ақ айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
2) биржалар;
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерлерінің филиалдары;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары;
5) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, орталық депозитарий;
6) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен нотариаттық іс-қимылды жүзеге асыратын нотариустар;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) адвокаттар, заң консультанттары және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандар мынадай қызметтерге:
жылжымайтын мүлiктi сатып алуға-сатуға;
клиенттің ақшасын, бағалы қағаздарын немесе өзге мүлкін басқаруға;
банктік шоттарды немесе бағалы қағаздар шоттарын басқаруға;
компанияны құру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеуі немесе оны басқару үшін қаражат жинақтауға;
заңды тұлғаларды құруға, сатып алуға-сатуға, олардың жұмыс істеуіне немесе оларды басқаруға қатысты олар клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға қатысатын кездегі жағдайларда;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсiби бухгалтерлер, аудиторлық ұйымдар;
9) ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушылар;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) ақша аударымы қызметін көрсететін пошта операторлары;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 11) және 12) тармақшалармен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2016 ж. 20 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) төлем ұйымдары;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 13) - 18) тармақшалармен толықтырылды (2016 ж. 20 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
13) лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
14) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
16) жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар жатады.
17) 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры;
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19) «Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі - АХҚО) аумағында Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарына сәйкес АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары;
2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
20) цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар жатады.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары қаржы мониторингінің субъектілері болып табылмайды.
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 20 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді); 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)