154-2-бап. Тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар әзірлеу
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар әзірлеуді әлеуетті жекеше әріптес жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының сараптамасы негізінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға берілетін қорытындыны дайындайды.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлға тартылған жағдайда, оның сараптамасы негізінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға берілетін қорытындыны дайындайды.
3. Мемлекет тарапынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шаралары мен бюджеттен төлемдер болмаған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көзделген қорытындылар мен сараптамалар талап етілмейді.»;
50) 154-3-бапта:
1, 2 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Инвестициялық ұсыныстарға берілетін қорытындылардың негізінде және бюджет комиссияларының қорытындыларына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге бөлінген қаражаттың игерілу кезеңі бір жылдан асатын, бірақ тиісті бюджет комиссиясының ұсынысында айқындалған мерзімнен аспайтын мерзімді құрауы мүмкін.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бюджеттен тыс өзге де қаржыландыру көздерінен жүзеге асырылады.
Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.
Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге жергілікті атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.»;
«7. Қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің нақты алаңына байланыстыруды конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзірлеу немесе түзету шеңберінде не жекеше әріптес конкурс талаптарын немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды ескере отырып, жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 9, 10 және 11-тармақтармен толықтырылсын:
«9. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жобаны іске асырудың бірінші жылының шығыстары мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына берілетін қорытындының немесе жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспардың және тиісті бюджет комиссиясының оң шешімінің негізінде тиісті бюджет жобасына енгізіледі, жобаны іске асырудың кейінгі жылдарының шығыстары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қол қойылған және тіркелген мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты негізінде тиісті бюджет жобасына енгізіледі.
10. Әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары бар, сондай-ақ үлгілік жобалардың, үлгілік жобалық шешімдердің және қайталап қолданылатын жобалардың негізінде іске асырылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.
11. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдап отыруды жүзеге асыратын тұлғалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына енгізілетін мәліметтердің анықтығы мен негізділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
51) 155-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«155-бап. Концессиялық жобаларды жоспарлау
Концессиялық жобаларды жоспарлау мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына берілетін концессиялық жобаны іске асыру орындылығы туралы экономикалық қорытындының негізінде мынадай екі кезеңде жүзеге асырылады:
1) концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен концессия шартын жасасу, сондай-ақ шартты тіркеу.»;
52) 155-1-бап алып тасталсын;
53) 155-2-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бюджет комиссиялары мақұлдаған концессиялық жобалар бойынша инвестициялық ұсынысқа берілетін экономикалық қорытындының негізінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.»;
54) 155-3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Концессиялық жобаларды консультациялық қолдап отыру бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.»;
55) 156-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ережелері мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына, егер көрсетілген бағдарламаларда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, институционалдық схемасы, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан пайда алушылар көзделсе, қолданылмайды.»;
56) 160-баптың 6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелері жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер толық төленген кезде орындалды деп есептеледі.
7. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша операциялық шығындардың өтемақысын, мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақыны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысын және оның қолжетімділігі үшін төлемақыны беру тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
57) 161-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«161-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркеу және олардың мониторингі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда өзі айқындаған тәртіппен тіркелуге жатады.
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тіркелуге жатады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі оларды тіркегеннен кейін күшіне енеді.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары тиісті бюджет комиссиясының шешіміне, сондай-ақ ерекше маңызы бар жобалар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына немесе әрбір жекелеген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы, оның ішінде концессиялық жоба бойынша мәслихаттың шешіміне сәйкес, тек шартта белгіленген сомалар және мерзімдер шегінде ғана тіркелуге жатады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттарын тіркеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
58) 162-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісінше әрбір жекелеген ерекше маңызы бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы, оның ішінде ерекше маңызы бар концессиялық жоба бойынша - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде, өзге де мемлекеттік-жекешелік әріптестіктік жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар бойынша тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде жүзеге асырады.»;
59) 163-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауы тиісінше әрбір жекелеген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы, оның ішінде концессиялық жоба бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала және астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімі негізінде жүзеге асырылады.»;
60) 164-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимитін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жылжымалы негізде үш жылдық кезеңге белгілейді.»;
61) 167-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Байланысты гранттарды тартуға арналған іріктелген өтінімдердің негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесін қалыптастырады.»;
62) 168-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тиісті бюджет комиссияларының өтінімдерді мақұлдау қорытындылары бойынша байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесі бекітіледі.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті бюджет комиссияларының шешімдері негізінде бір жыл ішінде байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуі мүмкін.»;
63) 170-бапта:
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды бағалау нәтижелеріне негізделген байланысты гранттарды пайдалану туралы жиынтық есепті қалыптастырады және оны бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.»;
64) 171-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қарыз алушының бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өтіп кеткен берешегінің болмауы.»;
65) 187-баптың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:
«Бюджеттік кредиттеудің қаржылық-экономикалық негіздемесі және (немесе) техникалық-экономикалық негіздемесі маркетингтік, әлеуметтік-экономикалық талдаудың, сондай-ақ қаржылық есеп-қисаптың нәтижелерін қамтитын, бюджеттік кредиттеу арқылы іс-шаралардың өзін-өзі ақтауын, оларды іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігін негіздейтін құжаттарды білдіреді.
Іс-шараларды, техникалық-технологиялық шешімдерді толықтыруға және (немесе) өзгертуге, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайтуға алып келетін, бюджеттік кредиттеудің белгіленген қаржылық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізе отырып, бюджеттік кредиттеудің қаржылық-экономикалық негіздемесіне және (немесе) техникалық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізіледі.
Бюджеттік кредиттеудің түзетілген қаржылық-экономикалық негіздемесін және (немесе) техникалық-экономикалық негіздемесін бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынуынсыз бекітуге жол берілмейді.».
66) 191-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету графигіне (кредиттік шартқа) сәйкес мерзімі басталған, қарыз алушы төлемеген төлемдер сомасы берешек (мерзімі өтіп кеткен берешек) болып табылады.»;
67) 196-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қарыз алушы қайтыс болған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда, кредитордың мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттер бойынша талаптарын тоқтату бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шешімі бойынша сенім білдірілген өкілдің (агенттің) деректері негізінде жүзеге асырылады.»;
68) 199-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді ескере отырып, кез келген мөлшерде, валюталарда және нысандарда өздері дербес жүзеге асырады.
Мемлекеттік емес қарыздарды заңды тұлғалар мемлекеттік кепілдіктермен және мемлекеттің кепілгерлігімен тарта алады.
Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарын тарту мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметімен олардың көлемдерін келісу арқылы жүзеге асырылады.
Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу мен оларды бақылауды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.»;
69) 203-бапта:
1-тармақта:
2) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның республикалық бюджет туралы заңда бекітілетін үкіметтік борыш лимитін, мемлекеттік кепілдіктер және мемлекет кепілгерлігін беру лимиттерін және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін жергілікті атқарушы органдар борышының лимиттерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен айқындауын;»;
«4) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік қарыздарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен тіркеу мен есепке алуды және мемлекеттің оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауына байланысты талаптарды, мемлекеттік қарыздар мен мемлекеттік борышты, мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты алу, пайдалану, өтеу және оларға қызмет көрсету мониторингін, сондай-ақ мемлекеттің оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауына байланысты туындаған мемлекет талаптарын жүзеге асыруын;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуының қаржылық шекаралары осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген параметрлердің негізінде айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
70) 206-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қарыз шартын жасасу жолымен қарыздарды тарту, сондай-ақ қарыз қаражатын пайдалану бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қарыздарды тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
3-1-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік исламдық бағалы қағаздарды шығару кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қаржыландыру тартуды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган құратын мемлекеттік исламдық арнайы қаржы компаниясы арқылы жүзеге асырады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Несие капиталын сыртқы нарықта орналастыруға байланысты мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару туралы шешіміне байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға, сондай-ақ бұрын шығарылған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуға немесе олардың шарттарын өзгертуге және шығарылатын және (немесе) бұрын шығарылған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарға қатысты өзге де іс-шараларды жүзеге асыруға байланысты құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.»;
71) 209-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алу және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің тапшылығын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы түрінде, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы түрінде жүзеге асырылады.»;
72) 220-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығыстары республикалық бюджет туралы заңда көзделген мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша қарыз алушылардың есебін жүргізеді.».
2. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-IV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат):
127-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.».
3. «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-II, 131-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-І, 60-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 17, 22-құжаттар; № 14, 54-құжат):
13-баптың 1-тармағының 4-5) тармақшасындағы «мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын, концессиялық ұсынысты,» деген сөздер «мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды,» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар; 2013 ж. № 15, 76, 82-құжаттар; № 20, 113-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат):
1) 1-бапта:
4) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) концедент - осы Заңға сәйкес концессия шарттарын және (немесе) концессионердің кредиторларымен тікелей келісім жасасқан Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;»;
«9) концессиялық жобаларды консультациялық қолдап отыру - конкурстық құжаттамаларды, концессия шарттарының жобаларын әзірлеуді, комиссияның конкурсқа қатысушымен келіссөздер жүргізу процесінде консультациялық қызметтер көрсетуді қамтитын, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды қолдап отыру бойынша заңды тұлғалар көрсететін қызметтер;»;
12) тармақша алып тасталсын;
2) 8-баптың 6) тармақшасы алып тасталсын;
3) 9-баптың 1) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мыналарды:
конкурстық құжаттаманың, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптамасын;
концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдердің сараптамасын;
концессионердің мемлекет кепілгерлігін алуға арналған ұсыныстарының сараптамасын;
концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады;»;
«7) конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде конкурсқа қатысушылар концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізген кезде ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптауға қойылатын талаптарды айқындайды;»;
4) 10-1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) концессиялық жобаны консультациялық қолдап отыруды, конкурстық құжаттаманы әзірлеуді қаржыландыру жөніндегі мәселелерді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару;»;
5) 11-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын;
6) 12-баптың 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасына берілетін салалық қорытындыны дайындауды жүзеге асырады;»;
«3) концессиялар жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - комиссия) шешімі негізінде республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілері бойынша концессия шартын жасасады;»;
7) 13-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
3-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3-2) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша, егер концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны 4000000 айлық есептік көрсеткішке дейінгіні құраған жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар атынан мыналар:
конкурстық құжаттама бойынша, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде;
конкурсқа қатысушылар концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізген кезде ұсынған концессиялық өтінімдер бойынша;
концессия шарттарының жобалары бойынша, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде қорытындылар дайындайды.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар, қажет болған жағдайда, осы тармақшада көзделген құжаттарға сараптама жүргізу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғаларды тартуы мүмкін;»;
8) 15-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Объектілерді концессияға беру үш кезеңде жүзеге асырылады:
1) тізбені қалыптастыру;
2) концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу;
3) концессионерді айқындау және концессия шартын жасасу.»;
9) 15-1-бап алып тасталсын:
10) 15-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бюджет комиссиялары инвестициялық ұсыныстарға берілетін экономикалық қорытындыларға сәйкес мақұлдаған концессиялық жобалар бойынша концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.»;