8) 20-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Автожанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларын қоспағанда) және (немесе) мұнай өнімдері базаларының мұнай өнімдерін сақтауға арналған ыдыстардағы, осындай автожанармай құю станцияларының және (немесе) мұнай өнімдері базаларының меншік иесінің және (немесе) иеленушісінің (жалға алушысының) ауысуына байланысты жүзеге асырылатын мұнай өнімдерін өткізу жағдайын қоспағанда, мұнай өнімдерін өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту, сондай-ақ теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті түрде ілеспе жүкқұжаттар ресімделеді.»;
9) 21-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі мұнай берушінің меншікті алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын мазут пен жол битумын мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісінің резервуарында басқа мұнай берушіге өткізу жағдайларына қолданылмайды.»;
6-тармақ «берушілер» деген сөзден кейін «, жол битумын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтың 9) тармақшасының алтыншы, жетінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Автожанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларын қоспағанда) және (немесе) мұнай өнімдері базаларының мұнай өнімдерін сақтауға арналған ыдыстардағы, осындай автожанармай құю станцияларының және (немесе) мұнай өнімдері базаларының меншік иесінің және (немесе) иеленушісінің (жалға алушысының) ауысуына байланысты мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер жүзеге асыратын мұнай өнімдерін өткізу мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізуге жатпайды.»;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің және 4-тармағының ережелері мұнай өнімдерін биржалық сауда қағидаларына сәйкес тауар биржалары арқылы өткізуге қолданылмайды.»;
4-тармақтың 10) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) 22-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «өткізушілер» деген сөзден кейін «, автожанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларын қоспағанда) және (немесе) мұнай өнімдері базаларының мұнай өнімдерін сақтауға арналған ыдыстардағы, осындай автожанармай құю станцияларының және (немесе) мұнай өнімдері базаларының меншік иесінің және (немесе) иеленушісінің (жалға алушысының) ауысуына байланысты мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер жүзеге асыратын мұнай өнімдерін өткізу жағдайын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын.
5. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
13) тармақша алып тасталсын;
36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«36) топтық резервуарлық қондырғы – ыдыстар тобынан, сақтандыру-бекіту және реттеу арматурасынан, газ құбырларынан тұратын және сұйытылған мұнай газын сақтауға және газ тұтыну жүйелеріне беруге арналған инженерлік құрылыс, оны пайдалану Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар салаларына жатқызылған;»;
мынадай мазмұндағы 36-1) тармақшамен толықтырылсын:
«36-1) тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесі – тұрмыстық баллондардың айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпаратты автоматты түрде жинауға, өңдеуге, сақтауға және беруге арналған техникалық құрылғылар мен бағдарламалық қамтылым кешені;»;
43) тармақша алып тасталсын;
2) 6-бапта:
7) тармақшадағы «электрондық сауда алаңдарынан» деген сөздер «тауар биржаларынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
18-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 18-6) тармақшамен толықтырылсын:
«18-6) тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
3) 7-баптың 4-тармағының 1) тармақшасындағы «электрондық сауда алаңдарынан» деген сөздер «тауар биржаларынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 10-бапта:
3-тармақта:
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің, топтық резервуарлық қондырғылардың және автогаз құю станцияларының иелері;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Уәкілетті орган сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің субъектілерін есепке алуды жүргізеді және олардың тізбесін интернет-ресурста жариялайды.»;
5) 12-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Магистральдық газ құбырына, газ тарату жүйесіне немесе топтық резервуарлық қондырғыға қосылуға арналған техникалық шарттарды осындай объектіні пайдаланушы газ тасымалдау не газ тарату ұйымы немесе топтық резервуарлық қондырғының иесі береді. Бұл ретте берілген техникалық шарттар газбен жабдықтау жүйелерінің жаңадан салынып жатқан, жаңғыртылатын және (немесе) реконструкцияланатын объектілерін жобалау үшін негіз болып табылады.»;
6) 17-бапта:
4-тармақта:
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, топтық резервуарлық қондырғылар мен автогаз құю станциялары иелерінің;»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Газ тасымалдау немесе газ тарату ұйымы немесе топтық резервуарлық қондырғылардың иесі газ тарату жүйесіне немесе топтық резервуарлық қондырғыға қосылған тұтынушыларды осы Заңда белгіленген шарттарда тауарлық немесе сұйытылған мұнай газымен іркіліссіз жабдықтауды қамтамасыз етуге міндетті.»;
9-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) газ тасымалдау немесе газ тарату ұйымының өкілдері немесе топтық резервуарлық қондырғылардың иесі газ құбырларына, газ жабдығына және есепке алу аспаптарына жіберілмеген;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу шартына сәйкес жеткізіліп берілген тауарлық немесе сұйытылған мұнай газы үшін дебиторлық берешек болған жағдайларда, газ тасымалдау немесе газ тарату ұйымы немесе топтық резервуарлық қондырғылардың иесі бұзушылықтар жойылғанға дейін тұтынушыға тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді біржақты тәртіппен тоқтата тұруға құқылы.»;
7) 19-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді жүзеге асыратын газ тарату ұйымымен немесе топтық резервуарлық қондырғылардың иесімен не Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған, газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мамандандырылған тәуелсіз ұйыммен өздеріне тиесілі газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті.
4. Тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын пайдаланатын коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын газ толтыру пунктінің иесімен өздеріне тиесілі газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті.»;
8) 20-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізу бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының бағаларын мемлекеттік реттеу»;
1 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізу бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары (бұдан әрі – өнім беру жоспары) шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының бағаларын мемлекеттік реттеу жүзеге асырылады.»;
«5. Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасы жыл сайын 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіле отырып белгіленеді және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.»;
6-тармақ алып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Тауарлық газды Қазақстан Республикасының ішкі нарығында көтерме саудада өткізуді немесе сұйытылған мұнай газын өнім беру жоспары шеңберінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында тауар биржаларынан тыс өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар белгіленген шекті бағаларды асырып жібермеуге міндетті.»;
10-тармақ алып тасталсын;
9) 27-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
4) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) заңды негіздерде сатып алынған сұйытылған мұнай газы топтық резервуарлық қондырғылардың, газ толтыру пункттерінің және (немесе) автогаз құю станцияларының иелеріне өнім беру жоспарынан тыс өткізілген жағдайда – газ толтыру станцияларының иелері;»;
5-тармақ алып тасталсын;
10) 27-1-бапта:
1-тармақтағы «ай» деген сөз «тоқсан» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «айдың» деген сөз «тоқсанның» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сұйытылған мұнай газын тауар биржаларынан тыс беру бөлігіндегі жиынтық өтінім жоспарланып отырған тоқсанның алдындағы ай басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде, осы баптың 11-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тиісті жергілікті атқарушы органына жіберілетін өтінімдері негізінде қалыптастырылады.»;
4 және 5-тармақтарда:
«электрондық сауда алаңдары», «Электрондық сауда алаңдары» деген сөздер тиісінше «тауар биржалары», «Тауар биржалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«айдың» деген сөз «тоқсанның» деген сөзбен ауыстырылсын;
9-тармақтың бірінші бөлігіндегі «айдың» деген сөз «тоқсанның» деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақтағы «айдың» деген сөз «тоқсанның» деген сөзбен ауыстырылсын;
11-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мыналар:
1) сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар;
2) топтық резервуарлық қондырғылардың иелері кейіннен топтық резервуарлық қондырғылар арқылы тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға бөлшек саудада өткізуге жататын көлемде;
5-тармақтың 10) тармақшасының он алтыншы абзацы 2022 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
3) газ толтыру пункттерінің иелері кейіннен тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелері берген бірегей кодтары бар тұрмыстық баллондарда тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға бөлшек саудада өткізуге жататын көлемде, өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газын сатып алу құқығына ие болады.»;
екінші бөліктегі «3)» деген цифр «1)» деген цифрмен ауыстырылсын;
12-тармақ алып тасталсын;
14-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі:
1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген;
2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шикі газды қайта өңдеу жөніндегі инвестициялық келісімшартта көрсетілген жобаның өзін-өзі ақтауы кезеңі ішінде аталған инвестициялық жобаны іске асыру кезінде газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелеріне қолданылмайды.»;
11) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«28-бап. Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу
1. Мыналар сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асырады:
1) тұрмыстық, коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік тұтынушылардың сұйытылған мұнай газын сақтау ыдыстарына құю арқылы бөлшек саудада өткізген жағдайда, газ толтыру станцияларының иелері;
2) сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарда тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға бөлшек саудада өткізген жағдайда, газ толтыру пункттерінің иелері;
3) топтық резервуарлық қондырғылар арқылы тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізген жағдайда, топтық резервуарлық қондырғылардың иелері;
4) автомобиль көлігі құралдарына сұйытылған мұнай газын құю арқылы бөлшек саудада өткізген жағдайда, автогаз құю станцияларының иелері;
5) сұйытылған мұнай газы өнеркәсіптік тұтынушыларға бөлшек саудада өткізілген жағдайда, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілер, оның меншік иелері, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелері.
2. Топтық резервуарлық қондырғылардың иелері олардың сақталуын және жарамды техникалық жай-күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті.
3. Жеке және заңды тұлғалардың газ жабдығын сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйесіне қосуды, сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйесінің объектілерін жаңғыртуды және (немесе) реконструкциялауды, сондай-ақ қосудың технологиялық сызбасын өзгертуді топтық резервуарлық қондырғылардың иелері осы тұлғалар есебінен жүзеге асырады.
4. Сұйытылған мұнай газын тұтынушыларға топтық резервуарлық қондырғылар арқылы бөлшек саудада өткізу тұтынушы мен топтық резервуарлық қондырғылардың иесі арасындағы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу шарты негізінде жүзеге асырылады.
5. Тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді тұрмыстық баллондардың жарамды техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге міндетті газ толтыру пункттерінің иелері жүзеге асырады.
Бұл ретте тұрмыстық баллондарға сұйытылған мұнай газын құюға газ толтыру пункттерінде жол беріледі.
6. Газ толтыру пункттерінің иелері:
1) тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын сатып алатын тұтынушыларды абоненттік есепке алуды жүзеге асыруға;
2) толтырылатын тұрмыстық баллондарды техникалық жарамдылық тұрғысынан зерттеп-қарауға;
3) тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелері беретін бірегей кодпен және (немесе) газ толтыру пункті иесінің тауар белгісімен тұрмыстық баллондарды сәйкестендіруді жүзеге асыруға;
4) тұтынушыларға сатылатын әрбір тұрмыстық баллонның сапасына кепілдік талонын беруге;
5) газ баллондары қондырғыларына авариялық және жоспарлы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге міндетті.
7. Мыналарға:
1) қабаты екі қабаттан асатын көп пәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын сақтауға және (немесе) пайдалануға;
2) нақ сол бір газ толтыру станцияларын екі және одан да көп жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бір мезгілде пайдалануына;
3) сұйытылған мұнай газын өткізуге арналған газ толтыру пункттері мен автогаз құю станцияларын екі және одан да көп жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бір мезгілде пайдалануына тыйым салынады.
8. Сұйытылған мұнай газын тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне беруге арналған үй ішіндегі газ жабдығын пайдаланатын топтық резервуарлық қондырғылардың иелері оның сақталуын және жарамды техникалық жай-күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі тұрғынжай ішіндегі газ жабдығына қолданылмайды.»;
12) 29-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидалары мыналарды:
1) тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелеріне қойылатын талаптар және олардың осындай талаптарға сәйкестігін растау тәртібін;
2) тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерін белгіленген талаптарға сәйкес келмейді деп танудың негіздері мен тәртібін;
3) тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерін уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен үйлестіру тәртібін;
4) тұрмыстық баллондарға қойылатын талаптарды және оларды сәйкестендіру тәртібін;
5) тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесінде тұрмыстық баллондар есепке алынатын шарттарды;
6) тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесінде тұрмыстық баллондарды есепке алу тәртібін белгілейді.»;
13) 30-баптың 5 және 6-тармақтарындағы «және газ желісі ұйымдары» деген сөздер «ұйымдары және топтық резервуарлық қондырғылардың иелері» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
19-1-баптың 2-тармағы 5) тармақшадағы «бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.» деген сөздер «бойынша;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.».
7. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі (бұдан әрі – мемлекеттік сервис) – дербес деректер субъектісінен дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісім алуды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі дербес деректерге қол жеткізу кезінде меншік иелерінің және (немесе) операторлардың, үшінші тұлғалардың дербес деректер субъектісімен және уәкілетті органмен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін қызмет;
2-2) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік емес бақылау сервисі (бұдан әрі – мемлекеттік емес сервис) – дербес деректер субъектісінен дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісім алуды қоса алғанда, мемлекеттік емес ақпараттандыру объектілеріндегі дербес деректерге қол жеткізу кезінде меншік иелерінің және (немесе) операторлардың, үшінші тұлғалардың дербес деректер субъектісімен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін қызмет;»;
11-2) тармақша алып тасталсын;
2) 6-бапта:
үшінші бөлік алып тасталсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Субъект туралы жиналуы және өңделуі Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып жасалған мәліметтер субъектінің немесе оның заңды өкілінің талап етуі бойынша не соттың немесе өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың шешімі бойынша бір жұмыс күні ішінде дербес деректердің жалпыға бірдей қолжетімді көздерінен алып тасталады.»;
3) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Дербес деректерді жинау, өңдеу шарттары және жалпыға бірдей қолжетімді көздерден алынған дербес деректерді жинаудың, өңдеудің ерекшеліктері
1. Осы баптың 5-тармағында және осы Заңның 9-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректерді жинауды, өңдеуді меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
2. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) субъектінің дербес деректерін жинау, өңдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Дербес деректерді жалпыға бірдей қолжетімді көздерде таратуға субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімі болған кезде жол беріледі.
4. Осы баптың 3-тармағының талаптары орналастыру міндеті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ақпарат жарияланған жағдайларда ақпарат иеленушілерге қолданылмайды.
5. Ақпарат көзіне сілтеме болған жағдайда, осы баптың 3 және 4-тармақтарының негізінде жарияланған дербес деректерді үшінші тұлғалардың қайта жинауына, өңдеуіне және таратуына жол беріледі.
6. Осы Заңның 16-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректерді трансшекаралық беру түрінде дербес деректерді өңдеу, дербес деректерді жалпыға бірдей қолжетімді көздерде тарату, сондай-ақ оларды үшінші тұлғаларға беру субъектінің келісімі болған жағдайда жүзеге асырылады.
7. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарда дербес деректерді жинау, өңдеу ерекшеліктері осы Заңның ережелері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
8. Дербес деректерді өңдеу нақты, алдын ала айқындалған және заңды мақсаттарға жетумен шектелуге тиіс. Дербес деректерді жинау мақсаттарымен үйлеспейтіндей етіп дербес деректерді өңдеуге жол берілмейді.
9. Мазмұны мен көлемі дербес деректерді өңдеу мақсаттарына қатысты артық болып табылатын дербес деректер өңделуге жатпайды.»;
4) 8-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Субъект немесе оның заңды өкілі дербес деректерді жинауға, өңдеуге жазбаша, мемлекеттік сервис, мемлекеттік емес сервис арқылы не келісімді алғанын растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен келісім береді (оны кері қайтарып алады).
Мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі дербес деректерді жинау және (немесе) өңдеу кезінде келісім мемлекеттік сервис арқылы беріледі.»;
3-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім мыналарды қамтиды:
1) оператордың атауы (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), бизнес сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі);
2) субъектінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
3) дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім қолданыста болатын мерзім немесе кезең;
4) оператордың дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру мүмкіндігі немесе оның болмауы туралы мәліметтер;
5) дербес деректерді өңдеу процесінде оларды трансшекаралық берудің болуы не болмауы туралы мәліметтер;
6) дербес деректердің жалпыға бірдей қолжетімді көздерде таратылуы туралы мәліметтер;
7) субъектіге байланысты жиналатын деректердің тізбесі;
8) меншік иесі және (немесе) оператор айқындайтын өзге де мәліметтер.»;
5) мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-баптармен толықтырылсын:
«8-1-бап. Мемлекеттік сервис
1. Меншік иелері және (немесе) операторлар, үшінші тұлғалар мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың дербес деректер бар ақпараттандыру объектілерімен өзара іс-қимыл жасаған жағдайда, осы Заңның 9-бабының 1), 2), 9) және 9-2) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректерді жинау және өңдеу процестеріне тартылған өздерінің ақпараттандыру объектілерінің мемлекеттік сервиспен интеграциялануын қамтамасыз етеді.
Интеграция Қазақстан Республикасы заңнамасының мемлекеттік құпияларға, жеке басының құпиясына, отбасылық, банктік, коммерциялық құпияға, медицина қызметкерінің құпиясына және заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған мәліметтерді, сондай-ақ басқа да құпия ақпаратты ұсыну жөніндегі нормалары сақтала отырып жүзеге асырылады.
Өзге жағдайларда мемлекеттік сервиспен интеграция ерікті негізде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік сервиспен интеграциялау тәртібін уәкілетті орган айқындайды және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларында айқындалады.
2. Мыналар мемлекеттік сервис арқылы қамтамасыз етіледі:
1) субъектінің немесе оның заңды өкілінің мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі дербес деректерді жинауға және (немесе) өңдеуге келісім беруі (одан бас тартуы);
2) субъектінің немесе оның заңды өкілінің мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі дербес деректерді жинауға және (немесе) өңдеуге келісімді кері қайтарып алуы;
3) субъектіні мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі өзінің дербес деректерімен жасалатын әрекеттер туралы хабардар ету (қол жеткізу, қарау, өзгерту, толықтыру, беру, бұғаттау, жою);
4) субъектіге мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі өзінің дербес деректерін жинауға және (немесе) өңдеуге келісімі бар меншік иелері және (немесе) операторлар туралы мәліметтерді ұсыну.
3. Осы Заңның 9-бабының 4), 6), 8) және 9-3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, субъектіні мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі оның дербес деректеріне қол жеткізуге (жинауға және өңдеуге) сұрау салулардың бастамашылары туралы мемлекеттік сервис арқылы хабардар ету қамтамасыз етіледі.