1) Есеп комитетінің қызметіне мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың заңсыз араласуына жол бермеу;
2) өз қызметін жүзеге асыру үшін тиісті жағдайлар жасау;
3) Есеп комитетінің қызметін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген шектерде және тәртіппен жеткілікті қаржыландыру арқылы қамтамасыз етіледі.
34. Мемлекеттік органдар Есеп комитетінің қаржылық қызметін бақылауды Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен немесе тапсырмасы бойынша жүзеге асырады.
35. Есеп комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынылатын ақпарат пен есептердің құрылымы, мазмұны мақұлданады, бақылау іс-шараларының қорытындылары, жоспарлау, әдіснама мәселелері, алқалы шешімді талап ететін өзге де мәселелер қаралады.
36. Есеп комитетінің отырыстары ашық немесе жабық түрде өтеді.
Есеп комитетінің шешімдері Есеп комитетінің отырысқа қатысушы құрамының жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етуші дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
37. Есеп комитетінің отырыстарын жүргізудің тәртібі, жұмысты ұйымдастыру мәселелері және республикалық бюджеттің атқарылуына бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі басқа да мәселелер Есеп комитетінің регламентімен айқындалады.
4. Есеп комитетінің есептілігі
38. Есеп комитеті жыл сайын есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп (бұдан әрі - жылдық есеп) жасайды, ол өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне қорытынды болып табылады.
39. Жылдық есеп:
1) республикалық бюджеттің негізгі параметрлерінің орындалуын:
республикалық бюджеттің түсімдері мен шығыстарын;
салықтық және кедендік әкімшілік етудің тиімділігін;
2) орталық мемлекеттік органдардың өздерінің стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуін, мемлекеттік, оның ішінде өткен кезеңдердегі бағдарламалардың және республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын;
3) республикалық бюджет қаражатының, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттердің, байланысты гранттардың, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, концессиялық жобаларды бюджеттен қоса каржыландырудың, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерліктері мен активтерінің пайдаланылуын;
4) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бөлінген республикалық бюджет қаражатын олардың пайдалануының қаржы-экономикалық негіздемеге сәйкестігін, бюджеттік инвестициялардың тиімділігін, акциялары (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару тиімділігін;
5) бақылау объектілерінің есепке алу мен есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бағалауды қамтиды.
Жылдық есепте Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі жөнінде қорытынды беріледі, сондай-ақ Есеп комитетінің есепті жылдағы қызметінің негізгі нәтижелері көрсетіледі.
40. Есеп комитеті мақұлдаған жылдық есеп ағымдағы жылдың 15 мамырына дейін қарап, бекіту үшін Қазақстан Республикасының Парламентіне және ақпарат үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберіледі. Жылдық есепті Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынуды Есеп комитетінің төрағасы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Парламенті жылдық есепті бекіткеннен кейін ол құпиялылық режимі және заңмен қорғалатын өзге де құпия сақтала отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
5. Есеп комитетінің мүлкі
41.Есеп комитетінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Есеп комитетінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.
42. Есеп комитетіне бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
43. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Есеп комитетінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
44. Есеп комитеті төрағасының лауазымы материалдық-тұрмыстық және медициналық қамтамасыз ету, сондай-ақ көлік қызметін көрсету жағдайлары бойынша министрдің лауазымына, ал Есеп комитеті мүшесінің лауазымы вице-министрдің лауазымына теңестіріледі.
45. Есеп комитеті қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету және оған көлік қызметін көрсету бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
6. Есеп комитетін қайта ұйымдастыру және тарату
46. Есеп комитетін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.