29) 50-3-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ақша жинақтау үшін мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы не жай серіктестіктің сенім білдірілген адамы екінші деңгейдегі банктердің бірінде жинақ шотын ашады.»;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу үшін ақша жинақтауға қатысу екінші деңгейдегі банктердің құқығы болып табылады. Екінші деңгейдегі банктер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу үшін ақша жинақтауға қатысқан жағдайда, олар осы Заңның талаптарын сақтауға тиіс.»;
4-тармақ алып тасталсын;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тұрғын үй инспекциясы көппәтерлі тұрғын үйді бюджет қаражаты есебінен күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесіне енгізген кезде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу үшін жобалау ұйымын айқындауға және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға жергілікті бюджет қаражатының есебінен конкурс өткізеді.
6. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу үшін мердігер ұйым таңдауды үй кеңесі жүзеге асырады. Үй кеңесі кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған ақшаның нысаналы жұмсалуына мониторингті жүзеге асырады.»;
30) 73-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заңда белгіленген тәртіппен тұрғынжайға мұқтаж деп танылған және тұрғынжай алғанға дейін есепке қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге қоныс аудару тәртібімен Қазақстан Республикасының азаматтығын алған қандастар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, толық емес отбасылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар есептен шығарып тасталуға жатпайды.».
2. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 92-1-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-1-бабы 2-тармағының 6-1), 9), 10), 12) және 12- 1) тармақшаларында айқындалған төлемдерден жалтаратын пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы;»;
2) 92-2-баптың 3-тармағында:
«92-1-баптың» деген сөздер «Осы Заңның 92-1-бабы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, 6), 7) және 8) тармақшалардың» деген сөздер «және 8) тармақшаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 92-1-бабы 2-тармағының 6) және 7) тармақшаларының негізінде атқарушылық жазба борышкердің (жеке тұлғаның) тіркелген жері не тұрғылықты жері бойынша не жылжымайтын мүлкінің орналасқан жері бойынша, егер заңды тұлға борышкер болып табылса, онда оның тіркелген жері не оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері бойынша не жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша жасалады.».
3. «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
4-баптың 6-5) тармақшасындағы «көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеуі» деген сөздер «пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөн деуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
4-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі алып тасталсын.
5. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-бап мынадай мазмұндағы 2-12-тармақпен толықтырылсын:
«2-12. Облыс мәслихатының құзыретіне аумағында жұмыс берушілер жалға берілетін тұрғынжайлар салуды жоспарлайтын ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тізімін бекіту жатады.»;
2) 27-бапта:
1-тармақтың 27-6) тармақшасындағы «көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеуі» деген сөздер «пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету» деген сөздермен ауыстырылсын;
«1-5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі шетелдіктер үшін» деген сөздер «1-6. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі шетелдіктер үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-7-тармақпен толықтырылсын:
«1-7. Облыс әкімдігі ауылда, кентте, ауылдық округте жалға берілетін тұрғынжайлар салынған кезде жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялайды, сондай-ақ аумағында жұмыс берушілер жалға берілетін тұрғынжайлар салуды жоспарлайтын ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тізімін облыс мәслихатының бекітуіне ұсынады.»;
3) 31-бапта:
1-тармақтың 16-5) тармақшасындағы «көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеуі» деген сөздер «пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі аумағында жұмыс берушілер жалға берілетін тұрғынжайлар салуды жоспарлайтын ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тізімін дайындайды және облыс әкімдігіне ұсынады, сондай-ақ ауылда, кентте, ауылдық округте жалға берілетін тұрғынжайлар салынған кезде жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады.».
6. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
11-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-8) тармақшамен толықтырылсын:
«3-8) елді мекендер шекараларының шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылау мен қадағалауды және елді мекендер шекараларының шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын тұрғын үй инспекциясына;».
7. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
9-баптың 19-10) тармақшасындағы «көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеуі» деген сөздер «пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
39-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «жазбаша өтініш» деген сөздерден кейін «немесе жергілікті атқарушы органның өтініші немесе көппәтерлі тұрғын үйдің тапсырыс берушісінің (құрылыс салушысының) өтініші» деген сөздермен толықтырылсын.
9. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«қабылдау-тапсыру актісі бойынша көппәтерлі тұрғын үй кеңесіне көппәтерлі тұрғын үйді, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін салуға, басқаруға, күтіп-ұстауға және пайдалануға байланысты барлық қолда бар құжаттарды, оның ішінде қаржылық құжаттаманы (бастапқы есепке алу құжаттары, қаржылық есептілік, ағымдағы шот пен жинақ шоты бойынша операцияларға байланысты құжаттар) беруге;»;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ақша жинақтау үшін мүліктің меншік иелері бірлестігіне немесе көппәтерлі тұрғын үйдің жай серіктестігінің сенім білдірілген адамына екінші деңгейдегі банкте ашылған жинақ шотына кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жинақталған (алынған) ақшаны аударуды жүзеге асыруға;».
2-бап.
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған көппәтерлі тұрғын үйдің жай серіктестіктері осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде кондоминиум объектісін басқару нысанын осы Заңның талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.
3. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасымен немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген адамымен кондоминиум объектісін басқару бойынша қызметтер көрсету туралы шарт жасаспай көппәтерлі тұрғын үйді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырған басқарушы компаниялар осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап алты ай ішінде көппәтерлі тұрғын үйді басқару, күтіп-ұстау және пайдалану жөніндегі келісімдердің қолданылуын тоқтатады және:
қабылдау-тапсыру актісі бойынша көппәтерлі тұрғын үй кеңесіне көппәтерлі тұрғын үйді салуға, басқаруға, күтіп-ұстауға және пайдалануға байланысты барлық қолда бар құжаттарды, оның ішінде қаржылық құжаттаманы (бастапқы есепке алу құжаттары, қаржылық есептілік, ағымдағы шот пен жинақ шоты бойынша операцияларға байланысты құжаттар) беруге;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ақша жинақтау үшін мүліктің меншік иелері бірлестігіне немесе көппәтерлі тұрғын үйдің жай серіктестігінің сенім білдірілген адамына екінші деңгейдегі банкте ашылған жинақ шотына кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жинақталған (алынған) ақшаны аударуды жүзеге асыруға міндетті.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 15 наурыз
№ 207-VІІ ҚРЗ