Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде уәкілетті орган микроқаржы ұйымын микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізуге және осы шешімі туралы оны хабардар етуге не есептік тіркеуден бас тартудың себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беруге міндетті.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 31-1-баппен толықтырылды; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 31-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31-1-бап. Микрокредит беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бекіту туралы хабарлама
Микроқаржы ұйымы уәкілетті органды микрокредиттер беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бекітуге уәкілетті микроқаржы ұйымының органы микрокредиттер беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бекіткені туралы олар бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабардар етуге міндетті.
Микроқаржы ұйымдары хабарламаға мынадай құжаттарды қоса береді:
микроқаржы ұйымы бекіткен микрокредит беру туралы шарттың үлгілік нысанын;
микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы шешімінен үзінді көшірмені.
32-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 14-бабының 3 және 4-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. «Микрокредиттік ұйымдар туралы» 2003 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 4, 23-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; № 23, 140-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы қарашаның 26-ы.
№ 56-V