Егер туристі міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, мыналар:
1) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары баруға ұсынбайтын аумақтар;
2) сақтандырылушының уақытша тұруға рұқсаты немесе сақтандыру аумағында 90 күннен астам үзіліссіз болуға рұқсат беретін өзге құжаты болатын мемлекеттер;
3) сақтандырылушы азаматы болып табылатын мемлекеттер сақтандыру аумағынан алып тастауға жатады.
Туристі міндетті сақтандыру шарты жасалғаннан кейін сақтандыру аумағы осы тармақтың үшінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген алып тастауға жататын жағдайларда сақтандыру аумағын алып тастау туралы талап қолданылмайды.
10-бап. Туристі мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату
Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы мына жағдайларда:
1) шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанда;
2) шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылғанда;
3) сақтандырушы сақтандыру төлемiн (сақтандыру төлемдерiн) туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасы мөлшерiнде жүзеге асырғанда тоқтатылады.
11-бап. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату
1. Туристі мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Егер туристі мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату оның талаптарын сақтандырушының орындамау кiнәсiнен туындаса, соңғысы сақтанушыға ол төлеген сақтандыру сыйлықақысын толық қайтарады. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген мән-жайлар бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайларда сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының сақтандыру қолданыста болған уақытқа бара-бар бiр бөлiгiн алуға құқығы бар.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 12-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
12-бап. Сақтанушының және сақтандырылушының құқықтары мен міндеттері
1. Сақтанушының:
1) сақтандырушыдан туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың талаптары мен тәртібін, туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;
2) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 20-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге;
5) туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға құқығы бар.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Сақтанушы:
1) тиісті лицензиясы бар сақтандырушымен туристі міндетті сақтандыру шартын жасасуға;
2) туристі міндетті сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру сыйлық ақысын төлеуге;
3) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзіне белгілі болған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы сақтандырушыны хабардар етуге (ауызша, жазбаша) міндетті. Ауызша нысандағы хабар кейіннен жазбаша расталуға тиіс;
4) туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандырушыға туристі міндетті сақтандыру шартына енгізу үшін қажетті мәліметтерді ұсынуға міндетті.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Сақтандырылушының:
1) туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін сақтандырушыны таңдауға;
2) сақтандыру сертификатын және қажет болған кезде сақтандыру полисін алуға;
3) сақтандырушыдан және (немесе) сақтанушыдан сақтандыру полисінде және сақтандыру сертификатында көрсетілген туристі міндетті сақтандыру талаптары мен тәртібін, өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
4) туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша көрсетілетін қызметтер ұсынылмаған, толық немесе сапалы ұсынылмаған жағдайлар туралы сақтандырушыға хабар беруге;
5) сақтандырушы жүргізген сақтандыру төлемінің мөлшерімен танысуға;
6) туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 20-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
7) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге;
8) осы Заңда көзделген жағдайларда сақтандыру төлемін алуға;
9) оларды жоғалтып алған жағдайда, сақтандыру сертификатының телнұсқасын және қажет болған кезде сақтандыру полисінің көшірмесін алуға құқығы бар.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-2. Сақтандырылушы:
1) туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтанушыға туристі міндетті сақтандыру шартына енгізу үшін қажетті мәліметтерді ұсынуға;
2) сақтандыру полисінде және сақтандыру сертификатында көрсетілген туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша талаптармен танысуға және оларды бұлжытпай сақтауға;
3) сақтандыру полисінің (ол болған кезде) және (немесе) сақтандыру сертификатының және сақтандыру жағдайына қатысты растайтын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;
4) сақтандыру жағдайынан болатын залалдарды азайту үшін шаралар қабылдауға;
5) сақтандыру жағдайы басталған кезде техникалық, медициналық және өзге де көмекті ұйымдастыру, іс-қимылдарды келісу және шығыстарды жүзеге асыру мақсатында болған жағдай туралы ассистанс компанияны сақтандыру сертификатында көрсетілген байланыстың кез келген қолжетімді тәсілімен жеке өзі немесе өкілі арқылы дереу хабардар етуге, ассистанс компанияға сақтандыру сертификаты және (немесе) сақтандыру полисі туралы деректерді хабарлауға;
6) сақтандыру жағдайы басталған кезде ассистанс компанияның, сақтандырушының және өзге де құзыретті тұлғалардың, уақытша болатын елдің (жердің) билік органдарының ұсынымдарын, нұсқауларын орындауға;
7) сақтандыру жағдайынан келтірілген зиянның сипаты мен мөлшерлері туралы мән-жайларды анықтау үшін қажетті қолда бар құжаттарды сақтандырушыға ұсынуға;
8) шұғыл жағдайда медициналық көмек алған және дәлелді себептермен ассистанс компанияны басталған сақтандыру жағдайы туралы дереу хабардар ету мүмкіндігі болмаған кезде ассистанс компанияға болған жағдай туралы екі тәулік ішінде не алғашқы мүмкіндік болған кезде хабар беруге;
9) сақтандырушының сұрау салуы бойынша шет тіліндегі құжаттарды қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасымен бірге ұсынуға;
10) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға кері талап қою құқығының сақтандырушыға өтуін қамтамасыз етуге міндетті.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Туристі міндетті сақтандыру шартында сақтанушының және сақтандырылушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да құқықтары мен міндеттері көзделуі мүмкін.
13-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi
1. Сақтандырушы:
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтанушыдан туристі міндетті сақтандыру шартына енгізу үшін қажетті сақтандырылушы туралы мәліметтерді ұсынуды талап етуге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретіне орай, сақтандыру жағдайының басталу фактiсiне және сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесiнде келтiрiлген зиянның мөлшерiн анықтауға байланысты құжаттар мен мәлiметтердi сұратуға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) сақтандырылушылардың осы Заңда көрсетілген сақтандыру жағдайларының басталуы салдарынан келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарына байланысты мәселелерді реттеуге қатысуға;
4) осы Заңның 19-бабында көзделген жағдайларда, зиян келтiргенi үшiн жауапты тұлғаға керi талап құқығын қоюға;
5) осы Заңның 20-бабында көзделген негiздер бойынша сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
2. Сақтандырушы:
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) сақтанушыны міндетті сақтандыру талаптарымен және тәртібімен, оның ішінде тараптардың туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын құқықтарымен және міндеттерімен таныстыруға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) туристі міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандыру полисін және сақтандыру сертификатын ресімдеуге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттармен сақтандыру төлемін жүргізуге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырушы өтеуге тиісті зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, бұл туралы өтініш берушіге хабарлауға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) сақтанушыдан, сақтандырылушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының, сақтандырылушының (пайда алушының) талаптарын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-2) сақтанушыдан, сақтандырылушыдан (пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына алынған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта жіберуге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-3) сақтандырылушыдан осы Заңның 18-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындауға және сақтандырылушыға танысуға ұсынуға;
5) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) сақтандырылушыға сақтандыру жағдайы кезінде залалдарды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын өтеуге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7) туристі міндетті сақтандыру шарты шеңберінде ассистансты қамтамасыз етуге міндеттенетін бір және (немесе) бірнеше ассистанс компаниямен шарттар жасасуға міндетті.
3. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiнiң мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтiн өзге де құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
4-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
14-бап. Сақтандырушы жауапкершілігінің шегі
1. Сақтандыру бағдарламалары бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы), әрбір сақтандыру жағдайы бойынша өтеуге жататын шығыстардың түрлері осы Заңға қосымшада белгіленген.
2. Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы) Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі - АҚШ) долларымен белгіленеді. Сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сақтандыру төлемін жүзеге асыру күніне белгілеген бағам бойынша АҚШ доллары пайдаланылады.
Халықаралық шарттарда, уақытша болатын елдің (жердің) заңнамасында, туристі міндетті сақтандыру шартында көзделген жағдайларда сақтандырылушының өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемдері еуромен белгіленеді.
3. Залалдарды болғызбау немесе азайту мақсатында сақтандырылушы шеккен шығыстарды сақтандырушы, тіпті, егер тиісті шаралар сәтті болмаса да, егер осындай шығыстар сақтандырушының нұсқауларын орындау үшін қажет болса немесе жүргізілген болса, өтеуге тиіс.
Мұндай шығыстар нақты мөлшерде өтеледі, бұл ретте сақтандыру төлемі мен шығыстар өтемақысының жалпы сомасы туристі міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасынан аспауға тиіс. Егер шығыстар сақтандырушының нұсқауларын сақтандырылушының орындауы салдарынан туындаған болса, олар туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша оған тиесілі болатын сақтандыру сомасына қарамастан, толық мөлшерде өтеледі.
Көрсетілген шығыстарды сақтандырушы шығыс шеккен тұлғаға тікелей өтейді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
15-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері
1. Туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері әрбір сақтандырылушы бойынша әрбір күн үшін жеке есептеледі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі сақтандыру шарты жасалған күнге белгілеген бағам бойынша АҚШ долларымен бір сапар үшін төмендегідей мөлшерлерді құрайды:
Сапар күндерінің саны | 1-бағдарлама | 2-бағдарлама | 3-бағдарлама |
10 күнге дейін | 1,12 | 1,51 | 1,83 |
11 күннен 20 күнге дейін | 1,12 | 1,48 | 1,70 |
21 күннен 40 күнге дейін | 1,12 | 1,43 | 1,59 |
41 күннен 60 күнге дейін | 1,03 | 1,40 | 1,53 |
61 күннен 90 күнге дейін | 1,03 | 1,35 | 1,48 |
91 күн және одан көп | 0,95 | 1,30 | 1,40 |
Сақтандыру сыйлықақысын есептеу мақсаттары үшін жолда болу уақытын қоса алғанда, сақтандырылушының уақытша болатын елдің (жердің) аумағында болатын күндердің саны (мерзім) пайдаланылады.
Туристі міндетті сақтандыру шартында сақтандырылушының өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемдері еуромен белгіленген кезде халықаралық шарттарда, уақытша болатын елдің (жердің) заңнамасында көзделген жағдайларда, сақтандыру сыйлықақысының мөлшері әрбір сақтандырылушы бойынша жеке есептеледі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сақтандыру шарты жасалған күнге белгілеген бағам бойынша еуромен жоғарыда көрсетілген мөлшерлерді құрайды.
2. Туристі міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушы осы баптың 1-тармағында көзделген сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін сақтандыру тәуекеліне өзі жүргізген бағалау нәтижелері бойынша ұлғайта алады, бірақ ол екі еседен аспауға тиіс.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
16-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі
1. Сақтандыру сыйлықақысын сақтанушы біржолғы төлеммен төлейді.
2. Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеу мүмкіндігін береді.
5-тарау. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемі
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
17-бап. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау
1. Туристі міндетті сақтандыру шарты күшіне енгеннен кейін басталған мынадай оқиғалар:
1) сақтандыру аумағында болған, сақтандырылушының қайтыс болуына не оның денсаулығына зиян келтіруге алып келген жазатайым оқиға сақтандыру жағдайы деп танылады.
Жазатайым оқиға деп сақтандырылушыға қатысты аяқ астынан, күтпеген жерден орын алған, қасақана болмаған сыртқы оқиға немесе әсер ету түсініледі;
2) денсаулығына елеулі зиянды болғызбау немесе өміріне төнген қауіпті жою үшін сақтандырылушыға шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуді талап ететін, кенеттен қатты ауыру, денсаулық жағдайының күрт нашарлауы және (немесе) созылмалы ауруының асқынуы сақтандыру жағдайы деп танылады.
2. Сақтандырушы сақтандыру төлемінің мөлшерін сақтандырылушының іс жүзіндегі шығыстарының сомасын негізге ала отырып, сақтандырылушы не ассистанс компания ұсынған, осы шығыстарды растайтын құжаттар негізінде айқындайды.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
18-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру шарттары мен тәртібі
1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтандырылушы не сақтандырылушыға ассистанс берілген кезде ассистанс компания сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда қояды.
Өтініш берушінің қалауы бойынша сақтандыру төлемі туралы талап сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті электрондық көшірмелер немесе электрондық құжаттар түріндегі құжаттар қоса беріле отырып, электрондық нысанда жіберілуі мүмкін. Бұл ретте электрондық нысандағы сақтандыру төлемі туралы талап өтініш берушіні сақтандырушыға құжаттардың түпнұсқаларын сақтандырушының тұрған жері бойынша ұсынудан босатпайды.
2. Сақтандыру төлемі туралы өтінішке мынадай құжаттар:
2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) сақтандырылушының жеке басын куәландыратын құжатының немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі құрылымдық бөлімшесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткені туралы белгісі бар паспортының және (немесе) сақтандырылушының сақтандыру аумағында болуына негіз болып табылатын құжаттың көшірмесі;
2) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырылушының өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның мөлшерін растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі, оның ішінде:
медициналық көмекке өтініш жасаған күні, сақтандырылушының медициналық көмекке өтініш жасаған кездегі денсаулық жағдайы, диагнозы, дәрігердің тағайындауы (рецепті) туралы, жүргізілген медициналық манипуляциялар және саны, күні мен құны бойынша бөліне отырып, берілген дәрілік заттар туралы мәліметтерді қамтитын, медициналық мекеменің және дәрігердің мекенжайы мен байланыс деректері көрсетілген медициналық құжаттар;
сомасы, валютасы, төлеу күні көрсетіле отырып, сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан сақтандырылушыға көрсетілген медициналық және өзге де қызметтердің ақысын төлеу фактісін растайтын құжаттар;
атауы, саны мен құны көрсетіле отырып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу фактісін растайтын құжаттар (тауар чектері, шот-фактуралар, ақы төлеу туралы квитанциялар және өзге де құжаттар);
жазатайым оқиға болған кезде - сақтандырылушының психикалық белсенді заттарды тұтыну фактісін және масаң күйін анықтау бойынша медициналық құжаттар;
жазатайым оқиға болған кезде - жазатайым оқиға фактісін және оның орын алу мән-жайын растайтын құқық қорғау, сот органдарының және өзге де құзыретті органдардың құжаттары;
сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда - қайтыс болу себебі көрсетіле отырып, қайтыс болғаны туралы куәлік, сот-медициналық сараптаманың қорытындысы немесе патологиялық-анатомиялық ашып қарау хаттамасы;
уақытша болатын елде (жерде) мәжбүрлі түрде анағұрлым ұзақ мерзім болған кезде не сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан Қазақстан Республикасының аумағына мерзімінен бұрын оралған кезде - жол жүру құжаттарының (билеттер, отырғызу талондары) күшін жоюды немесе оларды ауыстыруды, қонақ үйде брондалған нөмірден, сондай-ақ шетелде болған мерзімнің пайдаланылмаған бөлігі үшін сақтандырылушыға ұсынылған басқа да туристік көрсетілетін қызметтерден бас тартуды растайтын құжаттар;
сақтандырылушының кәмелетке толмаған балаларын және (немесе) жақын туыстарын тасыған кезде - жол жүру құжаттары (билет, отырғызу талондары);
сақтандыру сертификатында немесе сақтандыру полисінде көрсетілген телефон нөмірлері бойынша сақтандырушыға және ассистанс компанияға телефон соғудың, хабарлардың жүзеге асырылғанын растайтын құжаттар;
залалдарды болғызбау және азайту бойынша шаралар қабылдауға байланысты шығыстарды растайтын құжаттар;
пайда алушының жеке басын және құқықтарын растайтын құжаттар, қажет болған кезде, ұсынылады.
3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтініш берушіге ұсынылған құжаттардың толық тізбесін және олар қабылданған күнді көpceтe отырып, анықтама беруге міндетті.
Өтініш беруші сақтандыру төлемі туралы өтінішті электрондық тәсілмен жөнелткен жағдайда сақтандырушы оған осы анықтаманы электрондық нысанда ұсына алады.
4. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған кезде сақтандырушы сақтандырылушыдан (пайда алушыдан) оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтін шарттарды қабылдауын талап етуге құқылы емес.
5. Сақтандырылушы айқындаған тұлға, ал сақтандырылушы қаза тапқан кезде оның мұрагерлері пайда алушы болып табылады.
6. Сақтандырушы сақтандыру төлемін:
осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күнінен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей, сақтандыру жағдайының басталуы және ассистанс компанияны дәлелді себептермен бұл туралы хабардар етпей сақтандырылушының шұғыл жағдайда медициналық көмек алуы салдарынан сақтандырылушының шығыстарын өтеу;
ассистанс компаниямен келісу бойынша сақтандырылушыға медициналық және өзге де мекеме көрсеткен қызметтер құнын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен төлеу арқылы жүргізеді.
7. Сақтандыру төлемінің мөлшеріне туристі міндетті сақтандыру шартының тараптары немесе пайда алушы дау айтқан жағдайларда, сақтандырушы сақтандыру төлемін осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзім ішінде, аталған тұлғалардың бірде-біреуі дау айтпайтын бөлігінде жүзеге асыруға міндетті.
Сақтандыру төлемінің дау айтылатын бөлігін сақтандырушы соттың татуласу келісімі туралы ұйғарымы немесе, егер сот шешімді дереу орындауға жібермесе, соттың осы дау бойынша шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде төлеуге тиіс.
8. Туристі міндетті сақтандыру шарты қолданылатын кезеңде келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемі туралы талап сақтандырушыға сақтандыру жағдайы басталған кезден бастап үш жыл ішінде қойылуы мүмкін.
9. Сақтандырушы сақтандыру төлемі уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтандырылушыға (пайда алушыға) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Жалпы бөлім) белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
19-бап. Зиян келтірген тұлғаға кері талап қою құқығы
Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушыға сақтандырылушының өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге кінәлі тұлғаға кері талап қою құқығы төленген сома шегінде өтеді.
20-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босату негiздерi
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:
1) сақтандырылушының сақтандыру жағдайын туындатуға бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана әрекеттерінің;