Осы баптың ережелері 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, айналым жасау күні 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін және (немесе) 1 қаңтардан кейін басталатын қаржы лизингі шарттары бойынша қолданылады.
53-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған инвестициялық стратегиялық жоба бойынша салық преференциялары 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған олардың қолданылу мерзімі өткенге дейін сақталады деп белгіленсін.
54-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған инвестициялық басым жоба бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тұрақтылығының кепілдігі 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған олардың қолданылу мерзімі өткенге дейін сақталады деп белгіленсін.
55-бап. «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2017 жылғы желтоқсанда сатып алынған электр және (немесе) жылу энергиясы, жүйелік қызметтер көрсету бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес есепке алынады деп белгіленсін.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 55-1-баппен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
55-1-бап. Салық кодексінің 282-бабының 1-тармағында көзделген, қолданылу мерзімі ішінде, 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған кірістерге салық салу мақсатында кірістердің асып кетуі пайда болған ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша 2018 жылы кірісті осындай асып кету мөлшеріне азайту жолымен түзету жүргізіледі деп белгіленсін.
56-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық салық преференциялары 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған олардың қолданылу мерзімі өткенге дейін сақталады деп белгіленсін.
57-бап. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңде Салық кодексінің 23-бөлімінің мақсаттары үшін терминдер мыналарды білдіреді деп белгіленсін:
көмірсутектер - мұнай;
мұнай - шикі мұнай, газ конденсаты, табиғи газ және ілеспе газ, сондай-ақ шикі мұнайды, табиғи газды тазартқаннан кейін және жанатын тақтатастарды немесе шайырлы құмдарды өңдегеннен кейін алынған көмірсутектер;
шикі газ - қалыпты атмосфералық температура мен қысым кезінде жер қойнауынан газ тәріздес күйде айырып алынатын, үлес салмағына қарамастан кез келген көмірсутектер, оның ішінде тазартылмаған табиғи, ілеспе, тақтатасты газ, көмір қабаттарындағы метан, сондай-ақ олардың құрамындағы көмірсутекті емес газдар.
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 57-1-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
57-1-бап. Салық төлеуші 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жеке шотындағы бересі сомасын 2018 жылғы 1 қазан - 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде төлеген жағдайда салықтық берешек деп танылмайды және бюджетке енгізуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мыналар есептен шығаруға жатады деп белгіленсін:
1) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотындағы, сондай-ақ 2018 жылғы 1 қазаннан бастап, төлеу күнін қоса алғанда, төленген күніне дейінгі кезеңде көрсетілген бересі сомасына есепке жазылған өсімпұл сомасы. Бұл ретте өсімпұл бересі төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрі бойынша есептен шығарылады;
2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес салық салу саласындағы құқық бұзушылық үшін салынған, 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің бересі төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрі бойынша жеке шотындағы айыппұл сомасы.
Өсімпұлдар мен айыппұлдардың осы бапта көзделген есептен шығарылуы салық төлеушінің төлеу мерзімі 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасы мен Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өзгерген салықты немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді төлеу жөніндегі салықтық міндеттемесін толық көлемде мерзімінен бұрын орындау жағдайларына қолданылады.
Осы баптың ережелері:
1) ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын;
2) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:
жерасты суларын, емдік балшықтарды өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын осындай пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануды;
акцизделетін өнім өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушілерге;
3) кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор қызметін жүзеге асыруға байланысты түзілген салықтық берешекті қоспағанда, жеке тұлғаларға қолданылмайды.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 57-2-баппен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
57-2-бап. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салықтық міндеттемені орындау мәселелері бойынша 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған салықтық тексерулерді аяқтау 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жүзеге асырылады деп белгіленсін.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 57-3-баппен толықтырылды
57-3-бап. Мыналар:
1) салық төлеуші-жеке тұлға, 2018 жыл үшін мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттемелерін қоспағанда, 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салықтық кезеңдер үшін салықтық міндеттемелер бойынша түзілген бересі сомасын 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін төлеген жағдайда, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотындағы өсімпұл сомасы, сондай-ақ төлеу күнін қоса алғанда, төленген күніне дейін осындай бересі сомасына есепке жазылған өсімпұл сомасы салықтық берешек деп танылмайды, бюджетке енгізуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен есептен шығаруға жатады деп белгіленсін. Бұл ретте өсімпұл бересі төленген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сол түрі бойынша есептен шығарылады.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережелері дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған тұлғаларға және жеке практикамен айналысатын адамдарға осындай тұлғалардың салықтық міндеттемелері кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат немесе кәсіпқой медиатор қызметін жүзеге асырумен байланысты емес жағдайларды қоспағанда, қолданылмайды.
2) 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жеке шотта он бес жылдан астам болған бересі сомасы, сондай-ақ көрсетілген бересі сомасына оны есептен шығару күніне дейін есепке жазылған өсімпұл сомасы салықтық берешек деп танылмайды және бюджетке енгізуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен есептен шығаруға жатады деп белгіленсін.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережелері кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор қызметін жүзеге асырумен байланысты салықтық міндеттемелер бойынша дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын салық төлеуші-жеке тұлғаларға қолданылады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 57-4-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
57-4-бап. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде арнаулы салық режимдерін қолданатын және микрокәсіпкерлік немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері болып танылатын тұлғалар, оның ішінде бірыңғай жер салығын төлеушілер, төленуге жататын:
1) осы Кодекстің 686, 687, 695, 700-баптарына сәйкес есептелген корпоративтік (жеке) табыс салығының сомасын (төлем көзінен ұсталатыннан басқа);
2) осы Кодекстің 687-бабына сәйкес есептелген әлеуметтік салық сомасын;
3) осы Кодекстің 704-бабына сәйкес есептелген бірыңғай жер салығының сомасын 100 пайызға азайтады деп белгіленсін.
Осы баптың мақсаттарында Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген шарттарға сай келетін салық төлеушілер шағын кәсіпкерлік субъектілері (микрокәсіпкерлік субъектілері) деп танылады.
Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері:
1) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметті;
2) акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме саудада өткізуді;
3) астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;
4) лотерея өткізуді;
5) ойын бизнесі саласындағы қызметті;
6) радиоактивті материалдар айналымымен байланысты қызметті;
7) банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);
8) аудиторлық қызметті;
9) бағалы қағаздар нарығындағы кәсіптік қызметті;
10) кредиттік бюролардың қызметін;
11) күзет қызметін;
12) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымымен байланысты қызметті;
13) жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті, оның ішінде кен іздеушілер қызметін;
14) пайдалы қазбалар өткізуді, трейдерлердің қызметін, көмір, мұнай өткізу жөніндегі қызметті;
15) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін, бензинді, дизель отынын және мазутты бөлшек саудада өткізуді;
16) сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.
58-бап. Салық кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55, 57-құжаттар; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 66, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 10, 23-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 49, 53, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат):
бұған 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болатын 317 - 324-баптар;
2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болатын 20-баптың 1-тармағы 22) тармақшасының төртінші абзацы, 571-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы, 573-баптың 5-тармағының 1) тармақшасы, 627-баптың 5-тармағы 2) тармақшасының сегізінші абзацы, 9-тармағы 2) тармақшасы бірінші бөлігінің жиырмасыншы абзацы, 638-баптың 9-тармағы екінші бөлігінің 4) тармақшасы;
2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болатын, 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін бейрезидентке ашылған және салық органында тіркелген шартты банк салымы туралы шарт бойынша - 46-баптың 8-тармағы, 193-баптың 5-тармағының 9) тармақшасы, 216, 217, 218, 219-баптар, 610-баптың 4-тармағы, 627-баптың 5-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының он үшінші және он жетінші абзацтары, 9-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының он сегізінші, жиырма үшінші абзацтары, 629-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасы, 635-1-бап кірмейді;
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 94-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат).
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы 25 желтоқсан
№ 121-VI ҚРЗ