5. Төлем ұйымдарының тізілімінен алып тасталған жағдайда, төлем ұйымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастау туралы хабардар еткен кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде атауында «төлем ұйымы» деген сөздер болған кезде оны өзгерту не төлем ұйымын қайта ұйымдастыру не тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.
19-бап. Төлем ұйымының атқарушы органының басшысына қойылатын талаптар
1. Төлем ұйымының атқарушы органы басшысының жоғары білімі болуға тиіс.
2. Мынадай:
1) таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімдер қабылданғанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болып табылған;
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша төлем ұйымдарының тізілімінен алып тасталған төлем ұйымы атқарушы органының бұрын басшысы болып табылған адамды төлем ұйымы атқарушы органының басшысы етіп сайлауға немесе тағайындауға тыйым салынады.
Осы тармақшада көрсетілген негіз төлем ұйымдарының тізілімінен төлем ұйымы алып тасталған күннен бастап қатарынан күнтізбелік бес жыл бойы қолданылады.
2) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар адамды төлем ұйымы атқарушы органының басшысы етіп сайлауға немесе тағайындауға тыйым салынады.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, егер:
1) адам осы баптың талаптарына сай келмесе;
2) төлем ұйымы төлем ұйымының атқарушы органының басшысы туралы анық емес мәліметтер не жалған құжаттар берсе, төлем ұйымы атқарушы органының басшысын ауыстыру туралы нұсқама шығарады.
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес, терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіндегі, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіндегі адамды төлем ұйымы атқарушы органының басшысы етіп сайлауға немесе тағайындауға тыйым салынады.
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылды
19-1-бап. Төлем ұйымының құрылтайшылары мен қатысушылары
Мыналарды:
1) өздеріне қатысты алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы не қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан айыру түрінде қылмыстық жазаны қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар;
2) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес, терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіндегі, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіндегі тұлғаларды қоспағанда, жеке, заңды тұлғалар және заңды тұлға құрамайтын шетелдік құрылымдар төлем ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары) (құрылтайшыларының, қатысушыларының бірі) болып табылады.
20-бап. Төлем ұйымын қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру)
1. Төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімімен төлем ұйымдары акционерлерінің (қатысушыларының) шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне келісуге:
1) төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім;
2) төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастырудың ықтимал шарттарын, нысандарын, тәртібін және мерзімдерін сипаттайтын құжаттар;
3) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) қайта ұйымдастырылатын төлем ұйымдарының атқарушы органдарының басшылары қол қойған біріктіру (қосу) туралы шарт;
5) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудиторлық есепті;
6) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған қызметті жүзеге асыру қағидалары ұсынылады.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы баптың 2-тармағында көрсетілген, ұсынылған құжаттарды қарайды және олар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы жазбаша түрде хабарлама жібереді.
4. Қайта ұйымдастырылатын төлем ұйымдары ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында тиісті хабарландыруды жариялау арқылы өздерінің барлық клиенттеріне және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге жүргізілетін қайта ұйымдастыру туралы хабарлауға міндетті.
5. Ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған төлем ұйымын есептік тіркеу осы Заңның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
6. Қайта ұйымдастырылған төлем ұйымдарын тізілімнен алып тастау ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған төлем ұйымы төлем ұйымдарының тізіліміне енгізілген күні бір мезгілде жүзеге асырылады.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
1) егер ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған төлем ұйымының атқарушы органының басшысы осы Заңның 19-бабының талаптарына сай келмейтін;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) егер төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыру көрсетілетін төлем қызметтері нарығына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға кедергі келтіретін, сондай-ақ көрсетілетін төлем қызметтерін алушылардың мүдделеріне зиян келтіретін жағдайларда, төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға келісім беруден бас тартады.
4-тарау. ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАДАҒАЛАУ (ОВЕРСАЙТ),
КӨРСЕТІЛЕТІН ТӨЛЕМ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҚЫЛАУ
21-бап. Төлем жүйелерін реттеу және оларды қадағалау (оверсайт)
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төлем жүйелерін реттеу мақсатында:
1) төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
3) маңызды төлем жүйелері өлшемшарттарының көрсеткіштерін бекітеді;
4) төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
1) жүйелік маңызы бар төлем жүйелерінің мониторингін жүзеге асырады;
2) жүйелік маңызы бар, маңызды төлем жүйелерінің жұмыс істеуін халықаралық стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан талдауды және бағалауды, оның ішінде төлем жүйесіне қатысушы маңызды клиенттердің төлем жүйелерінің жұмысына әсерін талдауды жүзеге асырады;
3) бағалы қағаздармен және шетел валютасымен операциялардың нәтижелері бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын талдауды жүзеге асырады;
4) операторлардан, операциялық орталықтардан және төлем жүйелеріне қатысушылардан төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, төлем жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша ақпарат, оның ішінде жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйелері арқылы жүргізілген, көрсетілген төлем жүйелеріне қатысушы маңызды клиенттер жүзеге асырған төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының көлемдері жөніндегі мәліметтер алады;
5) жүйелік маңызы бар және маңызды төлем жүйелері операторларының және (немесе) операциялық орталықтарының, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша төлем жүйесінің жұмыс істеуі үшін қызметтер көрсетуге уәкілеттік берілген кез келген өзге де тұлғаның қызметіне «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізеді;
6) жүйелік маңызы бар төлем жүйелеріне қатысушылардың ұйымдастыру шараларына және жүйелік маңызы бар төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды орындауын байқауды жүзеге асырады;
7) жүйелік маңызы бар, маңызды және өзге төлем жүйелерінің тізілімдерін жүргізеді және өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
3. Төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттік органдармен, төлем жүйелері операторларымен және оларға қатысушылармен және Қазақстан Республикасының өзге де қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүйелік маңызы бар, маңызды төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне бағалау жүргізген кезде шет мемлекеттердің төлем жүйелерінде орталық банктермен және өзге де қадағалау (оверсайт) органдарымен, халықаралық ұйымдармен, оның ішінде ынтымақтастық туралы келісімдер (шарттар, меморандумдар) жасасу арқылы ынтымақтастық жасайды.
22-бап. Жүйелік маңызы бар төлем жүйелерінің мониторингі, жүйелік маңызы бар, маңызды төлем жүйелерінің жұмыс істеуін талдау және бағалау
1. Жүйелік маңызы бар төлем жүйелерінің мониторингін, жүйелік маңызы бар, маңызды төлем жүйелерінің жұмыс істеуін талдауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйелерінің операторларынан, операциялық орталықтарынан және оларға қатысушылардан алатын ақпарат негізінде жүзеге асырады.
Жүйелік маңызы бар, маңызды төлем жүйелерінің жұмыс істеуін халықаралық стандарттарға сәйкестігі бойынша бағалауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қажет болған кезде жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйелерінің операторымен, операциялық орталығымен бірлесіп, халықаралық қаржы ұйымдарының мамандарын тарта отырып не оларды тартпастан жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алынған ақпаратқа талдау мен тиісті есептілікті және қадағалаудың (оверсайттың) өзге де нәтижелерін қалыптастыруды жүзеге асырады. Жүргізілген талдаудың жиынтық нәтижелері жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 23-баптың тақырыбы өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23-бап. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығын реттеу, оларды бақылау мен қадағалау
1. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
1) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызылатын көрсеткіштерді бекітеді;
2) көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды;
3) көрсетілетін төлем қызметтері нарығының жұмыс істеу тиімділігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлейді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығын бақылау мен қадағалау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
1) көрсетілетін төлем қызметтері нарығын талдауды жүзеге асырады;
2) төлем құралдарының қолданылуын талдауды жүзеге асырады;
3) көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер ұсынатын қызметтерді талдауды және бағалауды жүзеге асырады;
4) көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерден олар ұсынған көрсетілетін төлем қызметтері бойынша мәліметтер алады;
5) көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерден көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтерді, төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының жұмыс істеу мәселелері бойынша өзге де ақпаратты алады;
6) төлем ұйымдарын есептік тіркеуді жүзеге асырады;
7) төлем ұйымдарының тізілімін жүргізеді;
8) көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімін жүргізеді және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің (бұдан әрі - көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектілері), төлем жүйелері операторларының және төлем жүйелері операциялық орталықтарының Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) төлем жүйелері операторларының, төлем жүйелері операциялық орталықтарының және көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектілерінің қызметіне тексерулер жүргізеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және олардың қызметіне тексерулер жүргізеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығын реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шет мемлекеттердің орталық банктерімен және көрсетілетін төлем қызметтері нарығын өзге де қадағалау органдарымен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 24-баптың тақырыбы өзгертілді
24-бап. Төлем жүйелері операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына, көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын және санкцияларды қолдану
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына және көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектілеріне Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен шектеулі ықпал ету шараларын және санкцияларды қолданады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың шетелдік төлем жүйелеріне қатысуын, Қазақстан Республикасының аумағындағы төлем жүйелерінің жұмыс істеуін, төлем ұйымдарының қызметін, егер осы төлем жүйесінің одан әрі жұмыс істеуі немесе төлем ұйымдарының қызметі Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін жағдайларда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен тоқтата тұрады.
3. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін, төлем ұйымдарының қызметін, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың шетелдік төлем жүйелеріне қатысуын қайта бастау олардың қызметінің тоқтатыла тұру себептері жойылғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті төлем жүйесінің операторын, төлем ұйымын, банкті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жіберілген олардың жұмыс істеуі мен тиісінше қатысуын қайта бастау мүмкіндігі туралы жазбаша хабарламасының негізінде жүзеге асырылады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қадағалап ден қою шараларын қолданады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына және көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін қолдануға құқылы:
1) орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беру;
2) жазбаша ескерту шығару;
3) жазбаша келісім жасау.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектілеріне анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттілігіне қатысты нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің және (немесе) жағдайлардың сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының ұқсас бұзушылығын анықтаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісіне санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы хабарламасы жазбаша ескерту болып табылады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою қажеттігі туралы және жою мерзімдерін көрсете отырып, осы бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі шаралар тізбесін және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісі анықталған бұзушылықтар және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептер, сондай-ақ жағдайлар жойылғанға дейін өзіне қабылдайтын шектеулердің тізбесін бекіту туралы жазбаша келісім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісі арасында жасалған жазбаша келісім болып табылады.
Жазбаша келісім көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісі тарапынан міндетті түрде қол қойылуға жатады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды
9. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шектеулі ықпал ету шараларын қолдану туралы құжатында көрсетілген мерзімдерде шектеулі ықпал ету шарасын орындағаны туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар етуге міндетті.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды
10. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектілеріне қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды
11. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісіне бұрын оған қолданылған ықпал ету шараларына немесе санкцияларға қарамастан, осы бапта айқындалған шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды
12. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығының өзге субъектісіне байланысты емес себептер бойынша бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде белгіленген мерзімдерде жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, жазбаша нұсқаманы, іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді орындау жөніндегі мерзімді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұзартуы мүмкін.
5-тарау. ТӨЛЕМДЕР ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АҚША АУДАРЫМДАРЫ
25-бап. Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары
1. Төлемдер азаматтық-құқықтық мәмілелер шарттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары мен сот шешімдерінің негізінде және соларға сәйкес жүзеге асырылады.
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары төлем құралдары негізінде немесе олар пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
Төлем құжаттарының нысандары, міндетті деректемелері және олардың мазмұнына қойылатын басқа да талаптар, электрондық төлемдер құралдарын пайдалану ерекшеліктері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мәліметтер мен деректемелер көрсетілетін төлем қызметтерін беруші не төлем жүйесінің операторы беретін штрих код түрінде ұсынылуы мүмкін.
Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші немесе төлем жүйесінің операторы кәсіпкерлік қызмет шеңберінде ұсынылған тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерді жүзеге асыру үшін беретін штрих кодтың ұлттық стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп әзірлейді. Штрих кодты пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыру үшін ұйымның Штрих кодтың ұлттық стандартына қайшы келмейтін өзге де стандарттары пайдаланылуы мүмкін.