«8) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген құжаттардың болуы және тауарлардың құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі мәселелерi бойынша жүргiзiлетiн салықтық тексерудi қоспағанда, осы орган әрбiр тексерiлетiн субъектiге (объектіге) тексерудi тағайындау туралы актiнi ресiмдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркеуге мiндеттi.»;
11) 148-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын салықтық тексерулерді қоспағанда, тексеру бiр айдан аспайтын мерзiмге бiр рет тоқтатыла тұруы мүмкiн.»;
12) 159-баптың 2, 3 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Инвестициялық келісімшарт пен арнайы инвестициялық келісімшартқа қосымшаға өзгерiстер тараптардың келiсуi бойынша жылына бiр рет енгiзiлуі мүмкін.
3. Инвестициялық қызмет объектісіне барып тексеру жұмыс бағдарламасы аяқталған жағдайда тіркелген активтер пайдалануға берілгеннен кейін алты ай кезеңінде жүргізіледі.»;
«7. Инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы жұмыс бағдарламасын іске асыруды аяқтағаннан кейін екі ай ішінде инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға аудиторлық есеп ұсынады, онда мыналар қамтылуға тиіс:
1) жұмыс бағдарламасына сәйкес инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат;
2) жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған тіркелген активтер бойынша таратып жазу;
3) жұмыс бағдарламасының орындалғанын растайтын құжаттардың жиынтық тізілімі;
4) инвестициялық келісімшарт талаптарының орындалуы туралы мәліметтер.
Егер инвестициялық келісімшартта инвестициялық субсидия беру көзделген жағдайда, инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы екі ай ішінде уәкілетті органға аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті орган белгілеген ең төмен талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйымның аудиторлық есебін ұсынады.»;
13) 283-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Инвестициялық субсидия жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту жөніндегі инвестициялық басым жобалар бойынша берілмейді.»;
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Арнайы инвестициялық жоба бойынша инвестициялық преференциялар (бұдан әрі - арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар) түрінде:
кедендік әкелу баждарын;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтарды салудан босату беріледі.»;
14) 284-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«284-бап. Инвестициялық жоба
Инвестициялық жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру барысында құрылған, кеңейтілген және (немесе) жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге және (немесе) жаңартуға инвестициялар көздейтiн iс-шаралар кешенiн білдіреді.
Инвестициялық басым жоба деп:
жаңа өндірістерді құру бойынша, заңды тұлғаның жаңа өндірістік объектілердің (фабрика, зауыт, цех) құрылысына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін;
жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша, заңды тұлғаның негізгі құралдарды өзгертуге, оның ішінде өнім шығаратын істеп тұрған өндірістік қуаттарды жаңартуға (реновациялау, реконструкциялау, жаңғырту) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бес миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін инвестициялық жоба түсініледі.
Заңды тұлға жаңа өндірістерді құру және (немесе) жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша инвестициялық басым жобаны тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетін белгiлi бiр басым қызмет түрлерi бойынша жүзеге асырады.
Арнайы инвестициялық жоба деп арнайы экономикалық аймаққа қатысушы немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойманы иеленуші ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған және (немесе) іске асыратын инвестициялық жоба не моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған жоба түсініледі.»;
15) 285-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
16) 286-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Инвестициялық преференциялар:
1) инвестициялық жоба, инвестициялық басым жоба бойынша - Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына;
2) арнайы инвестициялық жоба бойынша - арнайы экономикалық аймаққа қатысушы немесе еркін қойманы иеленуші ретінде қызметін жүзеге асыратын не моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына беріледі.
2. Инвестициялық басым жобаны iске асыру тек қана бiр инвестициялық келiсiмшарт шеңберiнде жүзеге асырылады.»;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтың үшінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 462-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 5) және 6) тармақшаларында көзделген акцизделетiн тауарларды өндіруді, құрастыруды (жинақтауды) қоспағанда, акцизделетiн тауарлар өндіру жөнiндегi қызмет.»;
5 және 5-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Инвестициялық басым жоба үшiн инвестициялық преференциялар мынадай шарттар сақталған кезде беріледі:
1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы алушы болып табылады;
2) заңды тұлға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген (жаңа өндірістерді құру бойынша) немесе бес миллион еселенген (жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша) мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асырады;
3) заңды тұлға инвестициялық басым жобаларды iске асыру үшiн айқындалған басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiне енгiзiлген қызмет түрлерiн жүзеге асырады;
4) заңды тұлға:
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес дербес білім беру ұйымы;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым болып табылмайды;
5) мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің - Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі үлесі жиырма алты пайыздан аспайды.
Мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің - Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретінде қатысуы инвестициялық келісімшарт тіркелген күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзімді құрайды. Мемлекет және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісі бес жыл ішінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшылары және (немесе) қатысушылары (акционерлері) құрамынан шығуға міндетті. Бұл шарт орындалмаған жағдайда инвестициялық преференцияларды қолдану ол (олар) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшылары және (немесе) қатысушылары (акционерлері) құрамынан толық шыққанға дейін, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Тоқтатыла тұрған кезең ішінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшылары және (немесе) қатысушылары (акционерлері) құрамынан шығу туралы шартты орындамау инвестициялық келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатуға және бұрын берілген инвестициялық преференцияларды қайтаруға әкеп соғады.
Осы тармақшаның ережелері мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі үлесі елу пайыздан кем болатын квазимемлекеттік сектор субъектісі өз қызметін көмір қабаттарындағы метанды өндіру жөніндегі инвестициялық басым жобаны іске асыру шеңберінде жүзеге асыратын жағдайда қолданылмайды;
6) лизингтік қаржыландыруды және кредит беруді қоса алғанда, қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық шарттарымен бөлінетін ақшаны қоспағанда, инвестициялық басым жобаны iске асыру үшiн қаржыландыру көздерi не кепiлдiктерi ретiнде бюджет қаражаты тартылмайды;
7) инвестициялық қызмет мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты шеңберiнен тыс жүзеге асырылады.
5-1. Арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды қолданудың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы мынадай шарттардың біріне сәйкес келуге тиіс:
1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде тіркеледі;
2) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойманы иеленуші ретінде тіркеледі;
3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасады;
4) заңды тұлға Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен басым қызмет түрлерiнің тiзбесiне енгізілген қызмет түрлерін жүзеге асырады.»;
17) 287-баптың 3-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмыс бағдарламасы өндiрiс пайдалануға берiлгенге дейiн инвестициялық жобаны iске асыру жөнiндегi жұмыстардың күнтiзбелiк кестесiн айқындайтын, инвестициялық келiсiмшартқа қосымшаны білдіреді.»;
18) 289-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстің 286-бабының 5-тармағына сәйкес келетін инвестициялық басым жобаларды іске асыратын, сондай-ақ 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келiсiмшарттар бойынша инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға:»;
19) 290-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салықтар бойынша преференциялар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда беріледі.
2. Салықтар бойынша преференциялардың түрлері:
1) инвестициялық басым жобалар үшін:
есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту;
жер салығының мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану;
мүлік салығын салықтық базаға 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеу;
2) инвестициялық басым жобаларды қоспағанда, инвестициялық жобалар үшін - инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізаттың және (немесе) материалдардың импортын қосылған құн салығынан босату;
3) арнайы инвестициялық жобалар үшін - арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізаттың және (немесе) материалдардың импортын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығынан босату.»;
20) 291-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«291-бап. Инвестициялық субсидия
1. Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге және инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бес миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестициялардың жүзеге асырылуын көздейтін инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына өтеусіз және қайтарымсыз негізде инвестициялық преференция ретінде берілетін бюджеттік субсидияның түрі инвестициялық субсидия болып табылады.
2. Өңірлік дамуға жәрдемдесу мақсатында инвестициялық субсидия инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде беріледі.
Инвестициялық субсидия Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялық субсидия беру үшін айқындаған басым қызмет түрлері бойынша беріледі.
3. Инвестициялық субсидия инвестициялық келісімшарттың жұмыс бағдарламасында көзделген қосылған құн салығы мен акциздер есепке алынбай, құрылыс-монтаждау жұмыстары және жабдықты сатып алу құнының отыз пайызына дейін өтеу арқылы беріледі.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының және жабдықты сатып алудың іс жүзіндегі шығындары бойынша инвестициялық субсидияны төлеу растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар жобалау алдындағы құжаттамада көзделген шығындардың құнынан аспайды.
4. Мыналар инвестордың іс жүзіндегі шығындарын растайтын құжаттар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген алғашқы есепке алу құжаттары;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактуралар;
3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресімделген кедендік декларациялар.
5. Инвестициялық субсидияны төлеу кестесі мен жылдық көлемдері инвестициялық келісімшарт шеңберінде кемінде үш жыл, бірақ инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзімінен аспайтын кезеңге инвестициялық субсидияны тең үлестермен бөлу арқылы белгіленеді.
6. Инвестициялық субсидияны төлеу инвестициялық келісімшартта белгіленген өндірістік көрсеткіштер орындалған жағдайда өндіріс толық көлемде пайдалануға берілгеннен кейін жобаның іске асырылу жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша жүзеге асырылады.
7. Инвестициялық субсидияны беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
21) 292-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімде салықтар бойынша преференциялар және (немесе) инвестициялық субсидия беру көзделген жағдайда, инвестор Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жобалау алдындағы және (немесе) жобалау құжаттамасына заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен, мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған мемлекеттік сараптаманың қорытындысын ұсынады.»;
22) 293-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiм инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органға қарау үшін берiледi, ол осы Кодекстің 285 және 286-баптарында белгіленген талаптарға сәйкес өтiнiм тiркелген күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде шешiм қабылдайды.
Инвестициялық субсидия түріндегі инвестициялық преференция беруге арналған өтінімді қарау тәртібі инвестициялық субсидия беру қағидаларында айқындалады.»;
23) 295-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Инвестор инвестициялық келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған кезде және келісімшартқа өзгерістер енгізу үшін инвестор инвестициялық жобаның одан әрі іске асырылу мүмкіндіктерін негіздейтін құжаттарды ұсынбаған жағдайда инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай өткен соң біржақты тәртіппен инвестициялық келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатады.
Инвестициялық келісімшарт бұзылған жағдайда, көрсетілген заңды тұлға инвестициялық келісімшарт бойынша берілген инвестициялық преференциялардың салдарынан бюджетке төленбеген салықтар мен кедендік баждардың сомаларын төлейді.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Инвестициялық келісімшарт бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялық келісімшарт бойынша төленген инвестициялық субсидияның сомасын толық көлемде өтейді.».
9. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., №15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №2, 186-құжат; 1998 ж., №24, 447-құжат; 2001 ж., №23, 309, 321-құжаттар; №24, 338-құжат; 2003 ж., №10, 54-құжат; 2004 ж., №18, 110-құжат; №23, 142-құжат; 2005 ж., №15, 63-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №14, 89-құжат; №24, 148-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; 2010 ж., №17-18, 114-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №5, 43-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №2, 14-құжат; №3, 21-құжат; №14, 92, 96-құжаттар; №15, 97-құжат; 2013 ж., №1, 2-құжат; №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №16, 83-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №12, 82-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 123-құжат; 2015 ж., №1, 2-құжат; №19-I, 100, 101-құжаттар; №20-IV, 113-құжат; №22-VI, 159-құжат; №23-II, 170-құжат; 2016 ж., №8-I, 60-құжат; 2017 ж., №9, 17, 22-құжаттар; №11, 29-құжат):
9-баптың тоғызыншы және оныншы бөліктері алып тасталсын.
10. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №3-4, 35-құжат; №15-16, 109-құжат; №20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., №1, 180-құжат; №14, 274-құжат; 1997 ж., №12, 183-құжат; 1998 ж., №5-6, 50-құжат; №17-18, 224-құжат; 1999 ж., №20, 727-құжат; 2000 ж., №3-4, 63, 64-құжаттар; №22, 408-құжат; 2001 ж., №1, 1-құжат; №8, 52-құжат; №24, 338-құжат; 2002 ж., №18, 157-құжат; 2003 ж., №4, 25-құжат; №15, 139-құжат; 2004 ж., №5, 30-құжат; 2005 ж., №13, 53-құжат; №14, 55, 58-құжаттар; №23, 104-құжат; 2006 ж., №10, 52-құжат; №15, 95-құжат; №23, 141-құжат; 2007 ж., №3, 20-құжат; 2008 ж., №12, 52-құжат; №23, 114-құжат; №24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., №24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., №1-2, 2-құжат; №5, 23-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №17, 136-құжат; 2012 ж., №2, 14-құжат; №13, 91-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №12, 82-құжат; №14, 84-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; №15, 78-құжат; №16, 79-құжат; №20-IV, 113-құжат; №22-VI, 159-құжат; №23-I, 169-құжат; 2016 ж., №24, 124-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат):
1) 16-баптың алтыншы және сегізінші бөліктеріндегі, 16-1-баптың екінші және бесінші бөліктеріндегі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін» деген сөздер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен міндеттемелерді» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №2, 184-құжат; №15, 281-құжат; №19, 370-құжат; 1997 ж., №5, 58-құжат; №13-14, 205-құжат; №22, 333-құжат; 1998 ж., №11-12, 176-құжат; №17-18, 224-құжат; 1999 ж., №20, 727-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; №22, 408-құжат; 2001 ж., №8, 52-құжат; №9, 86-құжат; 2002 ж., №17, 155-құжат; 2003 ж., №5, 31-құжат; №10, 51-құжат; №11, 56, 67-құжаттар; №15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., №11-12, 66-құжат; №15, 86-құжат; №16, 91-құжат; №23, 140-құжат; 2005 ж., №7-8, 24-құжат; №14, 55, 58-құжаттар; №23, 104-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №4, 24-құжат; №8, 45-құжат; №11, 55-құжат; №16, 99-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., №17-18, 72-құжат; №20, 88-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №2-3, 16, 18, 21-құжаттар; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 28-құжат; №17-18, 111-құжат; 2011 ж., №3, 32-құжат; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №12, 111-құжат; №13, 116-құжат; №14, 117-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 15-құжат; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №13, 91-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; №15, 76-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №6, 27-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №12, 82-құжат; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; №21, 122-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №13, 68-құжат; №15, 78-құжат; №16, 79-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; №21-II, 130-құжат; №21-ІІІ, 137-құжат; №22-I, 140, 143-құжаттар; №22-ІІІ, 149-құжат; №22-V, 156-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №7-II, 55-құжат; №8-I, 65-құжат; №12, 87-құжат; №22, 116-құжат; №24, 126-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №9, 21-құжат; №13, 45-құжат):
11-тармақтың 1) тармақшасы 2017 ж. 11 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
1) 5-1-баптың 2-тармағында:
3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) тармақшалар, 11) тармақшаның бірінші бөлігі және 13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) банктердің және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардың активтерін, талап ету құқықтарын сатып алу туралы шешім қабылдау мақсатында олардың сапасына бағалау жүргізуге;
4) банктерден күмәнді және үмітсіз активтерді, өзге де талап ету құқықтары мен активтерді сатып алуға, басқаруға, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқаруға, иеленуге, және (немесе) оларды өткізуге;
5) банктер шығарған және (немесе) банктер, бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалар орналастырған акциялардың және (немесе) облигациялардың сапасына бағалау жүргізуге;
6) заңды тұлғалардың, оның ішінде өздеріне қатысты талап ету құқықтары банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін сатып алуға, басқаруға, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқаруға, иеленуге және (немесе) оларды өткізуге;
7) банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды сатып алуға, басқаруға, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқаруға, иеленуге және (немесе) оларды өткізуге;
8) банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған және (немесе) алынған мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беруге немесе осындай мүлікті уақытша өтеулі пайдаланудың өзге де нысанын пайдалануға, оны сенімгерлік басқаруға беруге;
9) банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған талап ету құқықтарын және басқа да активтерді секьюритилендіру бойынша операциялар жүргізуге;»;
«11) заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоса алғанда, бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан талап ету құқықтары мен активтерді сатып алуға, күтіп-ұстауға, сақталуын қамтамасыз етуге, басқаруға, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқаруға, иеленуге және (немесе) оларды өткізуге құқылы.»;
«13) ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен банктерді және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғаларды қаржыландыруды жүзеге асыруға;»;
екінші бөліктегі «уәкілетті органның» деген сөздер «жалғыз акционердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 11-1-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға және (немесе) ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат бергені үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым алынады.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжат;»;
12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға арналған өтініш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5), 6), 7), 10) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжат қоса беріле отырып ұсынылады.»;