1-баптың 12) тармақшасындағы «демеушілік және» деген сөздер алып тасталсын.
21. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 17, 135-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат):
1) 3-баптың 13-тармағындағы «қайырымдылық қызмет» деген сөздер «қайырымдылық» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 10-бапта:
тақырыптағы «Қайырымдылық қызметi» деген сөздер «Қайырымдылық» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «қайырымдылық қызметін» деген сөздер «қайырымдылықты» деген сөзбен ауыстырылсын.
22. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 29-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат):
1) 8-баптың 3-тармағының 10) тармақшасындағы «демеушілік және» деген сөздер алып тасталсын;
2) 20-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қор және Қордың тобына кіретін ұйымдар Қордың директорлар кеңесі бекітетін, қайырымдылық көмек көрсету мөлшерінің лимиті көзделетін қайырымдылық бағдарламасына сәйкес қайырымдылық көмек көрсете алады.».
23. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 14, 85-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат):
1) 13-баптың 7-тармағындағы «демеушілік көмек,» деген сөздер «қайырымдылық көмек,» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 14-баптың 4-тармағындағы «демеушілік көмек,» деген сөздер «қайырымдылық көмек,» деген сөздермен ауыстырылсын.
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-бап. Осы Заң, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 3-тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қарашаның 16-і.
№ 403-V