2) 7-баптың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
3) 5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және оған қоғамдық мониторинг жүргізу»;
4) 26 және 27-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«26-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды және оған қоғамдық мониторингті жүргізу қағидаттары
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды және оған қоғамдық мониторингті жүргізу мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) заңдылық;
2) объективтілік;
3) бейтараптық;
4) анықтық;
5) жан-жақтылық;
6) ашықтық.
27-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды жүргізудің ерекшеліктері
1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылаудың объектісі болып табылады.».
2016.20.12. № 33-VI ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қарашаның 23-і.
№ 417-V