3-тармақтың 15) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15) 98-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстiң 91-бабы бiрiншi бөлiгiнің 3) және 5) тармақтарында көзделген жағдайда, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары - бас бостандығынан айыруды өтеу орнында, ал өзге де жаза түрлерiне сотталғандарға қатысты амбулаториялық психиатриялық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарында орындалады.»;
16) 427-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін сотталған адамның, сондай-ақ алкоголизмнен, нашақорлықтан немесе уытқұмарлықтан емделуге мұқтаж деп танылған сотталған адамдардың медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын өздеріне қолданудан жалтаруы -
бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
4. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №15-I, 15-II, 88-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; №21, 122-құжат; №20-VII, 115-құжат; №21-III, 137-құжат; №22-III, 149-құжат; №22-V, 156-құжат; №22-VI, 159-құжат):
217-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тергеу судьясы өтінішхатты алынған кезінен бастап үш тәулік ішінде қарайды және оның нәтижелері бойынша өтінішхатты қанағаттандыру не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы уәжді қаулы шығарады. Өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда, тергеу судьясы алғаш мүмкіндік болған кезде жауап алу уақытын белгілейді, бұл туралы прокурорға, күдікті мен іске қорғаушы ретінде қатысатын оның адвокатына хабарлайды. Тергеу судьясының өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулысына осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалады және наразылық білдіріледі. Тергеу судьясының өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуы айғақтарды сақтауға қою туралы өтінішхатты сотқа жіберу негіздерінің болуын көрсететін мән-жайлар туындаған жағдайда, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың қайтадан жүгінуіне кедергі келтірмейді. Кәмелетке толмағандардың айғақтарын сақтауға қою туралы өтінішхат міндетті түрде қанағаттандырылуға жатады.».
5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №17, 91-бап; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №22, 131-құжат; 2015 ж., №7, 33-құжат; №20-IV, 113-құжат; №23-II, 170-құжат):
1) 32-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары баруға құқылы.» деген сөздер «ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) Бала құқықтары жөніндегі уәкіл баруға құқылы.»;
2) 171-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қайталап қауіпті қылмыстар жасағаны үшін, сол сияқты террористік немесе экстремистік қылмыстар және кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар үшiн;».
6. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №18-І, 18-ІІ, 92-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; №24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., №1, 2-құжат; №2, 6-құжат; №7, 33-құжат; №8, 44, 45-құжаттар; №9, 46-құжат; №10, 50-құжат; №11, 52-құжат; №14, 71-құжат; №15, 78-құжат; №16, 79-құжат; №19-І, 101-құжат; №19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; №20-IV, 113-құжат; №20-VІІ, 115-құжат; №21-ІІ, 130-құжат; №21-ІІІ, 137-құжат; №22-І, 140, 141, 143-құжаттар; №22-ІІ, 144, 148-құжаттар; №22-ІІІ, 149-құжат; №22-V, 152, 156, 158-құжаттар; №22-VІ, 159-құжат; №22-VІІ, 161-құжат; №23-І, 166, 169-құжаттар; №23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., №1, 4-құжат; №2, 9-құжат):
6-тармақтың 1) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) мазмұнында:
135-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«135-бап. Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкіне жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдерін бұзу және оларды жария ету»;
2) 54-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардың және (немесе) iшкi iстер органдарының өтiнiшхаты бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде сот осы Кодекстiң 73, 127, 128, 131, 434, 435, 436, 440 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 442 (үшінші бөлігінде), 448, 461, 482, 485 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасаған адамның мінез-құлқына үш айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге:
1) жәбiрленушiнiң отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабiлетсiз мүшелерiн қоса алғанда, жәбірленушінің еркiне қарамастан, оны iздестiруге, оның iзiне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсiлдермен байланыс жасауға;
2) атыс қаруын және қарудың басқа да түрлерiн сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға;
3) кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның рұқсатынсыз кәмелетке толмағандарға белгілі бір жерлерге баруына, басқа да жерлерге шығуына;
4) алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде немесе жеке-жеке тыйым салуды көздейтiн ерекше талаптар белгiлеуi мүмкiн.»;
6-тармақтың 3) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 135-бапта:
баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«135-бап. Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкіне жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдерін бұзу және оларды жария ету»;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қарауында ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тұратын ұйымдар басшыларының, Қазақстан Республикасының атқарушы органдары лауазымды адамдарының, егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, сондай-ақ балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың:
1) Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкіне жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді ұсыну мерзiмдерiн сақтамау;
2) Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкіне жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы анық емес мәлiметтер ұсыну, көрсетуге жататын деректерді жасыру;
3) Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкінде қамтылған жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы деректерді заңсыз жария ету түрінде жасаған бұзушылығы - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
6-тармақтың 4) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 409-бап мынадай мазмұндағы жаңа 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
«3-1. Білім беру ұйымдары қызметкерiнің (субъектілерінің) білім беру ұйымдарында заңсыз әрекеттердің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы фактілерді, сондай-ақ білім беру ұйымынан тыс жерде өздерінің білім алушыларының немесе соларға қатысты құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) жасалғаны туралы өздеріне белгілі болған фактілерді құқық қорғау органдарынан жасыруы, сол сияқты хабарламауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, - жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
6-тармақтың 5) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 685-баптың бірінші бөлігі және екінші бөлігінің 2) тармақшасы «408,» деген цифрлардан кейін «409 (3-1-бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын.»;
6-тармақтың 6) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 804-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақшадағы «135,» деген цифрлар алып тасталсын;
63) тармақшадағы «бақылау органдарының (462-бап) уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының құқығы бар.» деген сөздер «бақылау органдарының (462-бап);» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 64) тармақшамен толықтырылсын:
«64) баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының құқығы бар (135-бап).».
7. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., №52, 636-құжат; 1995 ж., №19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., №10, 101-құжат; 2004 ж., №19, 115-құжат; №23, 142-құжат; 2007 ж., №10, 69-құжат; 2009 ж., №8, 44-құжат; 2011 ж., №16, 128-құжат; 2012 ж., №8, 64-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №23-24, 116-құжат; 2014 ж., №16, 90-құжат; 2015 ж., №22-V, 158-құжат):
1) 21-баптың 6) тармақшасындағы «сот жарамсыз деп таныса, айырылады.» деген сөздер «сот жарамсыз деп таныса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, шетелдіктерге асырап алуға берілген бала кәмелетке толған кезде оның ерікті қалауы бойынша айырылады.»;
2) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«27-бап. Асырап алынған жағдайда баланың Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтауы
Шетелдіктер асырап алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бала кәмелетке толғанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтайды.
Осы бапта аталған баланың Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуына не шығуына ол кәмелетке толғаннан кейін және ерікті қалауы бойынша ғана жол беріледі.»;
3) 31-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi:
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөнінде өтініштер қабылдайды және оларды қажетті құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жібереді;
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылуын тіркейді;
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілеген тәртіппен жүргізеді;
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарға Қазақстан Республикасы азаматтығының тиесілігін айқындайды.».
8. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы» 1996 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №13, 272-құжат; 2002 ж., №18, 159-құжат; 2005 ж., №13, 53-құжат; 2007 ж., №5-6, 40-құжат; 2009 ж., №24, 122-құжат; 2014 ж., №14, 84-құжат; 2015 ж., №21-I, 125-құжат):
1) 2-баптың а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«а) экстремистік және (немесе) террористік қылмыстар және кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар үшiн;»;
2) 6-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкімшілік қадағалау алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.
Қадағалауға алынған адам әкiмшiлiк қадағалау қағидаларын немесе өзiне жарияланған шектеулердi бұзған, сол сияқты құқық бұзушылықтар жасаған жағдайларда, белгіленген әкімшілік қадағалау мерзiмi iшкi iстер органдарының уәжді ұсынуы бойынша судьяның қаулысымен - әрбір кезде алты айға ұзартылады, бiрақ ол екi жылдан аспауға тиiс, ал кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты әрбір кезде бір жылға ұзартылады.»;
3) 7-бап мынадай мазмұндағы г) тармақшамен толықтырылсын:
«г) кәмелетке толмағандардың ата-аналары не заңды өкілдерінің келісімінсіз оларды іздестіруге, оларға баруға, олармен телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілмен қарым-қатынас жасауға тыйым салу.».
9. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., №17, 154-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2005 ж., №7-8, 19-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; №20, 152-құжат; 2009 ж., №15-16, 72-құжат; №17, 81-құжат; №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №22, 130-құжат; №24, 149-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; №17, 136-құжат; №21, 173-құжат; 2012 ж., №15, 97-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №13, 62-құжат; №14, 75-құжат; №15, 77-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №3, 21-құжат; №11, 65-құжат; №14, 84-құжат; №19-І, 19-ІІ, 94-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-ІV, 113-құжат; №22-І, 140-құжат; №23-ІІ, 172-құжат):
1) 1-бапта:
9-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) тармақша «патронат тәрбиелеуші,» деген сөздерден кейін «баланы қабылдайтын ата-аналар» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары жөніндегі уәкіл - Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын, өзіне балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимыл жасай отырып, балалардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жөніндегі функциялар жүктелетін адам.»;
3) мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2-баптармен толықтырылсын:
«7-1-бап. Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл институты
1. Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл институтын Қазақстан Республикасының Президенті құрады және ол өз қызметін балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимыл жасай отырып, балалардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру мақсатында қоғамдық негізде жүзеге асырады.
2. Баланың құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі:
1) заңдылық;
2) тәуелсіздік;
3) балалар үшін қолжетімділік;
4) баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;
5) объективтілік;
6) жариялылық қағидаттарына негізделеді.
3. Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
7-2-бап. Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл
Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында:
1) баланың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қатысты өтініштерді және баланың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың, кәсіпорындардың, олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне немесе әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарайды;
2) баланың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін кедергісіз іске асыруға және қалпына келтіруге жәрдем көрсетеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
4) білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау, қорғаныс, мәдениет және спорт жүйелерінің мемлекеттік органдары мен ұйымдарына, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ұсталатын қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне баруға кедергісіз қол жеткізеді;
5) баланың құқықтарымен айналысатын мемлекеттік және қоғамдық институттардың құжаттарына кедергісіз қол жеткізеді;
6) өзіне осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді орындайды.»;
9-тармақтың 3) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«27-бап. Қорғаншылық, қамқоршылық, патронат және баланы қабылдайтын отбасы
1. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаға қорғаншылық, қамқоршылық немесе патронат белгіленеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарының қорғалуы үшін ол баланы қабылдайтын отбасына берілуі мүмкін.
2. Жасы он төртке толмаған балаларға қорғаншылық белгіленеді, ал он төрттен бастап он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға қамқоршылық белгіленеді.
3. Жергілікті атқарушы органдар қорғаншылық және қамқоршылық органдары болып табылады.
4. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемедегі балаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес патронат белгіленуі мүмкін.
5. Тәрбиелеу мекемесіндегі жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баланы қабылдайтын отбасына берілуі мүмкін.
6. Аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) бар балаға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген жағдайда, олардың бірге тұруы үшін жағдай жасалады.»;
4) мынадай мазмұндағы 28-1-баппен толықтырылсын:
«28-1-бап. Бала қонақтайтын отбасы
Барлық үлгідегі (білім беру, медициналық және басқа да) ұйымдардағы жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар білім беру процесіне байланысты емес кезеңдерде (каникулдар, демалыс және мереке күндері) бала қонақтайтын отбасыларға берілуі мүмкін.»;
5) 30-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу қағидаларын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.».
10. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №14, 81-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №15, 95-құжат; №24, 148-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №3, 20-құжат; №19, 148 -құжат; 2008 ж., №20, 89-құжат; №24, 129-құжат; 2009 ж., №15-16, 74-құжат; №18, 84 -құжат;№24, 121-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №3, 25-құжат; №8, 63, 64-құжаттар; №14, 92, 95-құжаттар; №15, 97-құжат; 2013 ж., №12, 57-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., №1, 4-құжат; №7, 37-құжат; №8, 44, 49-құжаттар; №10, 52-құжат; №14, 87-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат; №22-I, 141-құжат; №22-V, 156-құжат):
41-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Байланыс желілері және (немесе) құралдары жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын бұзатын, экстремистік және террористік әрекетті жүзеге асыруға, жаппай тәртіпсіздіктерге, сол сияқты белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілетін, кәмелетке толмағандарды сексуалдық қанау және балалар порнографиясын насихаттайтын бұқаралық (жария) іс-шараларға қатысуға шақыруды қамтитын ақпаратты тарату үшін пайдаланылған жағдайларда, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасарлары уәкілетті органға байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қолжетімділікті уақытша тоқтата тұру жөніндегі шараларды қабылдау туралы талаппен заң бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым енгізеді.».
11. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №20, 151-құжат; 2008 ж., №23, 124-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №24, 149-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №2, 21-құжат; №5, 43-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №16, 128-құжат; №18, 142-құжат; 2012 ж., №2, 11-құжат; №4, 32-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №2, 7-құжат; №7, 34-құжат; №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №15, 81-құжат; 2014 ж., №1, 4, 6-құжаттар; №3, 21-құжат; №10, 52-құжат; №14, 84-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №2, 3-құжат; №10, 50-құжат; №14, 72-құжат; №20-IV, 113-құжат, №21-III, 135-құжат, №22-I, 140-құжат, №22-V, 156, 158-құжаттар, №23-II, 170, 172-құжаттар):
1) 1-бапта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) «Болашақ» халықаралық стипендиясы — Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқуы немесе Шетелдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия санаттарын айқындайтын жұмыскерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия;»;
11-тармақтың 1) тармақшасының төртінші - жетінші абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
45-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«45-1) мемлекеттік оқу бітіру емтиханы - білім алушылардың орта білім беру курсын аяқтағаны туралы куәландыратын, мемлекеттік үлгідегі құжатты алуы үшін қажетті шарт болып табылатын, орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысаны;»;
56) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«56) ұлттық бірыңғай тестілеу - жоғары оқу орындарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны;»;
2) 5-бап мынадай мазмұндағы 46-15) тармақшамен толықтырылсын:
«46-15) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған шығыстарды қаржыландыру нормативтерін және оларды жоспарлау әдістемесін бекітеді;»;
3) 6-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 22-2) тармақшамен толықтырылсын:
«22-2) жыл сайын белгіленген мерзімдерде білім саласындағы уәкілетті органның білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде статистикалық байқаулар деректерін жинауды қамтамасыз етеді;»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 19-3) тармақшамен толықтырылсын:
«19-3) жыл сайын белгіленген мерзімдерде білім саласындағы уәкілетті органның білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде статистикалық байқаулар деректерін жинауды қамтамасыз етеді;»;
4) 8-баптың 4-1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидалары, Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жосықсыз берушілердің, тауарлардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын білім саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
11-тармақтың 5) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 9-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік тіл және орыс тілі орта білім беру ұйымдарында білім алушыларға қорытынды аттестаттау өткізу кезінде пәндер тізбесіне енгізілетін міндетті пәндер болып табылады.»;
6) 26-баптың 5-тармағы 3) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: