5) 50-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) банктердің электрондық нысанда қызметтер көрсететін субъектінің және электрондық нысанда қызметтер алатын субъектінің сұрау салуы бойынша - сұрау салуда көрсетілген тұлғаға банк шотының тиесілілігі және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсету кезінде жылжымалы мүліктің кепіл шартының бар-жоғы туралы мәліметтерді электрондық нысанда беруі;
4-2) банктердің электрондық нысанда қызметтер көрсететін субъектінің және электрондық нысанда қызметтер алатын субъектінің сұрау салуы бойынша, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер үшін жеке және заңды тұлғалар төлемдерді жүзеге асырған кезде ақша сомасы, төлемнің жүзеге асырылған күні, ақшаны жөнелтуші және бенефициар туралы мәліметтерді электрондық нысанда беруі;»;
7-тармақтың б) және г) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«б) анықтау және алдын ала тергеу органдарына: олардың іс жүргiзуіндегі қылмыстық iстер бойынша, жеке тұлғаның шоттарда немесе банкте сақтаулы жатқан ақшасына және өзге де мүлкiне тыйым салынуы, олардан өндiрiп алу немесе мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн болатын жағдайларда, анықтау немесе алдын ала тергеу органының біріншi басшысы немесе тергеушісi қол қойған, мөрiмен расталған жазбаша сұрау салу не біріншi басшының немесе тергеушiнің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық нысандағы сұрау салу, прокурордың санкциясы, оның ішінде электрондық нысанда салынған санкциясы негiзiнде;»;
«г) прокурорға: қарауындағы материал бойынша оның құзыретi шегiнде, қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында ұсынылған тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде.»;
6) 51-баптың 1-тармағының төртінші бөлігіндегі «ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша» деген сөздер «телекоммуникациялар желісі бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 16, 128-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж, № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат):
1) мынадай мазмұндағы 8-2-баппен толықтырылсын:
«8-2-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалана отырып жүргізілетін ақпараттық-талдамалық қызмет
1. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалана отырып жүргізілетін ақпараттық-талдамалық қызметті прокуратура органдары Республиканың Бас Прокуроры бекітетін талдамалық жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.
2. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалана отырып жүргізілетін жоспардан тыс ақпараттық-талдамалық қызмет үшін:
1) Республиканың Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының тапсырмалары;
2) Республиканың Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының келісімімен мемлекеттік органдардың негізделген сұрау салулары негіз болып табылады.
3. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалана отырып жүргізілетін ақпараттық-талдамалық қызмет мынадай факторларға сүйене отырып жүзеге асырылады:
1) құқық бұзушылықтардың профилактикасына бағытталған шараларды, оның ішінде заңнамалық шараларды тұжырымдау мақсатында теріс құбылыстарды анықтау;
2) құқықтық қатынастардың әртүрлі салаларында заңдылықты бұзу фактілері туралы сандық және сапалық мәліметтерді анықтау;
3) теріс құқықтық құбылыстардың профилактикасы және жолын кесу бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
4) заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйін, оның ішінде өңірлер бөлінісінде сипаттайтын мәліметтерді зерделеу және қайта өңдеу.
Әрбір негіз бойынша ақпараттық-талдамалық қызметті жүзеге асыру қажеттілігін және олардың тізбесін Республиканың Бас Прокуроры қадағалау қызметі шеңберінде айқындайды.
Осы баптың 3-тармағында көзделген ақпараттық-талдамалық қызмет, әдетте, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған мәліметтерді, жеке тұлғалардың нақты дербес деректерін ашпай, иесіздендірілген түрде пайдалана отырып жүргізіледі.
Айрықша жағдайларда жеке тұлғалардың дербес деректерін пайдалана отырып жүргізілетін мұндай ақпараттық-талдамалық қызмет Республика Бас Прокурорының әрбір жағдай үшін жеке қабылданатын тиісті бұйрығының негізінде жүргізілуі мүмкін.
4. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған талдамалық ақпарат мемлекеттік органдарға тек қана олардың өз функцияларын жүзеге асыруы мақсатында, жеке тұлғалардың нақты дербес деректерін ашпай, ақпараттық-анықтамалық материал түрінде беріледі.
5. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған мемлекеттік, өзге де органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде қамтылған электрондық ақпараттық ресурстардың толықтығы мен анықтығы үшін осы электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелері және (немесе) иеленушілері жауапты болады.
6. Ақпараттық-талдамалық қызмет, оның ішінде құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалана отырып жүргізілетін ақпараттық-талдамалық қызмет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.
Ақпараттық-талдамалық қызмет кезінде құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінде электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді және оларды өңдеуді прокуратура органдарының қызметкерлері қорғалған жеткізгіштерде сақталатын электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалана отырып, сертификатталған компьютерлерде, жеке үй-жайларда жүзеге асырады.
Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалана отырып жүргізілетін ақпараттық-талдамалық қызметті жүзеге асыру тәртібін, негіздерін және оны жүзеге асыруға құқығы бар прокуратура органдарының лауазымды адамдарының тізбесін (санаттарын) Республиканың Бас Прокуроры айқындайды.
7. Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.»;
2) 11-баптың 4-1) тармақшасы үшінші абзацындағы «бойынша нормативтiк құқықтық актiлер;» деген сөздер «бойынша;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған мәліметтерді қалыптастыру, оларға қол жеткізу, оларды пайдалану, сақтау, қорғау және жою мәселелері бойынша;
құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің деректерін пайдалана отырып жүргізілетін ақпараттық-талдамалық қызметтің негіздерін, тәртібін және оны жүргізген кезде прокуратура органдары қызметкерлерінің жауаптылығын белгілейтін нормативтiк құқықтық актiлер;»;
3) 12-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы «орындалуын» деген сөз «қолданылуын» деген сөзбен ауыстырылып, «практикасына» деген сөзден кейін «, оның ішінде құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалана отырып» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 21-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді алуға байланысты жасырын тергеу әрекеттерін қоспағанда, көрсетілген әрекеттерге санкция Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба арқылы да куәландырылуы мүмкін.»;
5) 29-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:
«6-2) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған мемлекеттік, өзге де органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде қамтылған мәліметтерге Республиканың Бас Прокуроры белгілеген тәртіппен рұқсат алуға;».
12. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат):
1) 12-баптың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) шифрлау және шифрды ашу жұмысын ұйымдастыруға, үкіметтік байланысты, шифрланған және құпияландырылған байланысты, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының мүдделерінде пайдаланылатын арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерін пайдалануға, дамытуға, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;»;
2) 13-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бекітетін қағидаларға сәйкес радиоэлектрондық және радиотехникалық барлауды жүзеге асыру;»;
11) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«11) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарындағы, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарындағы мемлекеттiк құпиялардың, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын, арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің және шифрлау жұмысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша бақылауды жүзеге асыру, әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету;»;
«19) арнайы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда, арнайы байланыс, қару-жарақ және жарақтандыру құралдарын әзiрлеу, жасау, сатып алу және пайдалану, бұл ретте мемлекеттік шифрлық құралдарды әзірлеу, шығару және жарақтандыруға қабылдау және оларды (барлаудың техникалық құралдарынан) арнайы қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен және ұйымдарымен шарттар, келісімшарттар жасасу;»;
мынадай мазмұндағы 20-1), 20-2), 20-3), 20-4) және 20-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«20-1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тәртіппен құру, алу, жинақтау, қалыптастыру, тіркеу, сақтау, өңдеу, жою, пайдалану, беру, қорғау;
20-2) мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тәртіппен құру, пайдалану, дамытуды, қолдап отыруды, интеграциялауды, пайдалануды тоқтатуды, қорғауды жүргізу;
20-3) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттарды Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындаған тәртіппен, мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді, іздеуді, таратуды, пайдалануды, қорғауды, тіркеуді және жоюды жүзеге асыру;
20-4) арнайы куәландырушы орталықты Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тәртіппен құру, аккредиттеу, оның қызметін тоқтату, сондай-ақ оның қызметі туралы ережені әзірлеу және бекіту;
20-5) үкіметтік байланыс желілерін, ұлттық қауіпсіздік органдарының шифрланған байланыс желілерін, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының мүддесінде пайдаланылатын арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерін құру, пайдалануға қабылдау, пайдалану, дамыту және пайдалануды тоқтату;».
13. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 237-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат):
1) 2-бапта:
8-1) тармақша алып тасталсын;
14-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14-1) интернет-ресурс - аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін, мәтіндік, графикалық, аудиовизуалдық немесе өзге де түрде бейнеленетін электрондық ақпараттық ресурс;»;
2) 9-1-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Бір жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларын (көрсетілетін қызметтерін) басқа жеке немесе заңды тұлғалардың біртектес тауарларынан (көрсетілетін қызметтерінен) ажырату үшін қызмет ететін (арналған) туындылар (тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің азаматтық айналымына қатысушыларды, дараландыру құралдары) авторлық құқық объектілері ретінде тіркелмейді.»;
3) 16-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «ақпараттық-коммуникациялық желіде» деген сөздер «телекоммуникациялар желісінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
4-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) кәбілдік кәрізді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi;».
15. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
1-баптың 13) тармақшасындағы «мемлекеттiк» деген сөз «атқарушы» деген сөзбен ауыстырылсын.
16. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 128-құжаттар; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 21, 122-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйе - мемлекеттік құпияларды қамтитын ақпаратты жасауға, іздеуге, жинауға, өңдеуге, жинақтауға, сақтауға, таратуға, бейнелеуге, пайдалануға және тұтынуға арналған, қолжетімділігі шектелген ақпараттық жүйе;
мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурс - электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық жеткізгіште, мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерде қамтылған ақпарат;»;
2) 9-бап мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 5-3) және 5-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды құру, сатып алу, жинақтау, қалыптастыру, тіркеу, сақтау, өңдеу, жою, пайдалану, беру, қорғау тәртібін айқындайды;
5-2) мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді құру, пайдалану, қолдап отыру, дамыту, интеграциялау, пайдалануды тоқтату және қорғау тәртібін айқындайды;
5-3) мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттарды және өзге де деректерді мемлекеттік құпияға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздеу, тарату, пайдалану, қорғау, тіркеу және жою тәртібін айқындайды;
5-4) арнайы куәландырушы орталықты құру, аккредиттеу және оның қызметін тоқтату тәртібін айқындайды;»;
3) 14-бап мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«19) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелер туралы мәліметтер.».
17. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 5-1) және 8-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі - бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін жинау және оны Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау тұрғысынан талдау процесі;»;
«8-1) желілік басылым - ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, уәкілетті органда есепке қою рәсімінен өткен интернет-ресурс;»;
2) 4-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеу
Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттiк реттеу құқықтық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау арқылы жүзеге асырылады.»;
3) 4-3-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттiктерді және желілік басылымдарды есепке қоюды, қайта есепке алуды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) және 8-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) есепке қойылған мерзімді баспасөз басылымдарының, ақпараттық агенттiктер мен желілік басылымдардың тізілімдерін жүргізеді;
2-2) эротикалық сипаттағы материалдарды орналастыратын мерзімді баспасөз басылымдарын немесе интернет-ресурстарды тарататын субъектілердің тізілімін жүргізеді;»;
«8-1) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асырады;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2) және 13-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-1) бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүзеге асырады;
13-2) бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларын бекітеді;
13-3) мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;»;
4) 4-4-баптың 2), 5) және 6) тармақшалары алып тасталсын;
5) 4-5-бапта:
тақырыптағы «Мемлекеттік» деген сөз «Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
1 және 2-тармақтар алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылауды тексерулер нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырады.»;
6) 5-баптың 1-тармағында:
үшінші бөліктегі «құралдарының», «радиоарнасын», «және (немесе) ақпарат агенттiгiн», «негіздеме» деген сөздер тиісінше «құралының», «радиоарнаны», «, ақпараттық агенттiкті және (немесе) желілік басылымды», «негіз» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлік «талаптар» деген сөзден кейін «, ерікті тәртіппен есепке қойылған желілік басылымдарды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу
1. Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін мерзімді баспасөз басылымы, ақпараттық агенттік және желілік басылым міндетті түрде есепке қойылуға жатады.
2. Есепке қою немесе қайта есепке алу үшін мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктің және желілік басылымның меншік иесі не ол уәкілеттік берген тұлға осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келетін өтініш береді.
3. Мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті не желілік басылымды есепке қойған кезде, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның есепке қойылғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен алым алынады.
4. Мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті не желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы өтiнiш түскен күнiнен бастап он жұмыс күні iшiнде қаралуға жатады. Өтiнiштi қарау қорытындылары бойынша уәкiлеттi орган мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның меншiк иесiне есепке қою немесе қайта есепке алу туралы куәлiк бередi не одан мынадай негiздер бойынша: