2) тексеру нəтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаз жəне электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің нысанасына сəйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті алуға;
3) аудио-, фото- жəне бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты жəне өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқығы бар.
5. Бақылау субъектілері не олардың уəкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде:
1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті органның тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдарын:
осы бапта белгіленген мерзімдерге сəйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болған кезде мерзімдерді ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;
осы баптың 8-тармағында көзделген құжаттар болмаған жағдайларда тексеруге жібермеуге;
2) тексеру нəтижелері туралы актіге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасауға құқылы.
6. Бақылау субъектілері не олардың уəкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде:
1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті органның лауазымды адамдарының бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті органның лауазымды адамдарына тексеру нəтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаз жəне электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің нысанасына сəйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті ұсынуға;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің жəне тексеру нəтижелері туралы актінің екінші данасына ол аяқталған күні белгі жасауға міндетті.
7. Тексеру тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізіледі.
Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уəкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты жəне өзге де ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мəліметтер;
5) бақылау субъектісінің атауы, оның тұрған жері.
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі тексерілген жағдайда тексеруді тағайындау туралы актіде оның атауы мен тұрған жері көрсетіледі;
6) тексерудің нысанасы;
7) тексеру түрі;
8) тексеру жүргізу мерзімі;
9) тексеру жүргізу негіздері;
10) тексерілетін кезең;
11) бақылау субъектісінің құқықтары мен міндеттері;
12) бақылау субъектісі басшысының не оның уəкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы;
13) актіге қол қоюға уəкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.
Тексеру жүргізу кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті орган тексеру жүргізу нысанасын көрсете отырып, ол басталғанға дейін кемінде бір тəулік бұрын бақылау субъектісін тексеру жүргізудің басталатыны туралы хабардар етуге міндетті.
Бақылау субъектісіне тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.
8. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті органның объектіге тексеруге келген лауазымды адамдары бақылау субъектісіне:
1) тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куəлігін не сəйкестендіру картасын;
3) қажет болған кезде - құзыретті органның режимдік объектілерге баруға рұқсатын көрсетуге міндетті.
9. Тексеру жүргізу мерзімі тексерудің нысанасы, сондай-ақ алдағы жұмыстардың көлемі ескеріле отырып белгіленеді жəне он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Тексеру жүргізу мерзімі тек бір рет он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Ұзарту ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті орган басшысының шешімімен жүзеге асырылады.
Тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту бақылау субъектісін хабардар ете отырып, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы акт бұйрығының күні мен нөмірі жəне ұзарту себептері көрсетіледі.
Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті орган табыс етілгені туралы хабарламамен бақылау субъектісіне ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын табыс етеді.
10. Тексеру нəтижелері бойынша ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті органның тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдары тексеру нəтижелері туралы акт жасайды.
Тексеру нəтижелері туралы актінің бірінші данасы электрондық нысанда өз құзыретi шегiнде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органға, екінші данасы, бақылау субъектісінде түпнұсқасы бар құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшалардың көшірмелерімен қағаз жеткізгіште қол қойғыза отырып немесе электрондық нысанда анықталған бұзушылықтармен танысу жəне оларды жою жөнінде шаралар қабылдау жəне басқа да əрекеттер үшін бақылау субъектісіне (басшыға не оның уəкілетті адамына) табыс етіледі, үшінші данасы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті органда қалады.
11. Тексеру нəтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің жасалған күні, уақыты жəне орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің (мерзімді ұзарту туралы қосымша акт болған кезде оның) күні мен нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
5) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты жəне өзге де ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мəліметтер;
6) бақылау субъектісінің атауы, оның тұрған жері;
7) тексерудің нысанасы;
8) тексеру түрі;
9) тексеруді жүргізу мерзімі мен кезеңі;
10) тексеру нəтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар жəне олардың сипаты туралы мəліметтер;
11) орындалу мерзімі көрсетілген Қазақстан Республикасының электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарын анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар;
12) бақылау субъектісі басшысының не оның уəкілетті адамының, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мəліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тарту туралы жазба;
13) тексеру жүргізген лауазымды адамдардың қолтаңбасы.
Тексеру нəтижелері туралы актіге тексеру нəтижелеріне байланысты құжаттар (олар болған кезде) жəне олардың көшірмелері қоса беріледі.
12. Тексеру нəтижелері бойынша ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, бақылау субъектісі оларды жазбаша түрде жазады. Ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар тексеру нəтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл туралы тиісті белгі жасалады.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті орган бақылау субъектісінің тексеру нəтижелері туралы актіге ескертулерін жəне (немесе) қарсылықтарын он бес жұмыс күні ішінде қарауға жəне уəжді жауап беруге тиіс.
Тексеру нəтижелері туралы актіні қабылдаудан бас тартылған жағдайда акт жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар жəне бақылау субъектісінің басшысы не оның уəкілетті өкілі қол қояды.
Бақылау субъектісі бас тарту себебі туралы жазбаша түсіндірме бере отырып, актіге қол қоюдан бас тартуға құқылы.
13. Тексеру нəтижелері туралы акт бақылау субъектісіне тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
14. Тексеру нəтижелері туралы актіні орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне əсер ететін мəн-жайлар ескеріле отырып, бірақ тексеру нəтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күн болып айқындалады.
15. Тексеру нəтижелері туралы актінің орындалу мерзімдерін айқындау кезінде:
1) бақылау субъектісінде бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық мүмкіндіктердің болуы;
2) мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндетті қорытындыларды, келісулерді жəне басқа да құжаттарды алу мерзімдері ескеріледі.
16. Тексеру нəтижелері туралы актіде белгіленген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау субъектісі тексеру нəтижелері туралы актіде белгіленген мерзім ішінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті органға растайтын құжаттармен бірге анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат ұсынылмаған жағдайда, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті орган осы баптың 3-тармағының 6) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеру тағайындауға құқылы.
17. Тексеруді жүзеге асыру кезінде бақылау субъектісінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда бақылау субъектісі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті органның лауазымды адамдарының шешімдеріне, əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) жоғары тұрған лауазымды адамға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа шағым жасауға құқылы.
6-бап. Электрондық құжат айналымының принциптері
Электрондық құжат айналымы:
1) электрондық құжат айналымының әр түрлі жүйелерінің жұмыс істеуі;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) деректер жасау, өндеу, сақтау, беру, ұсыну және растау үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылатын қызметтің кез келген салаларында электрондық құжаттарды пайдалану;
3) кез келген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық құжаттарды беру принциптері негізінде мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде жүзеге асырылады.
2009.04.06 № 162-IV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7-бап. Электрондық құжат айналымына қойылатын талаптар
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Заңның талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен бірдей.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Электрондық құжат оны телекоммуникациялар желісі арқылы берген кезден бастап жіберілген болып есептеледі.
3. Кірген электрондық құжат жолданым иесінің ақпараттық жүйесінде оны тіркегеннен кейін түскен болып есептеледі.
4. Алғаны туралы хабарламада электрондық құжатты алу фактісі мен уақыты туралы және оның жөнелтушісі туралы деректер болуға тиіс. Ол авторға түспеген жағдайда, жолданым иесі құжатты алмаған болып есептеледі.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттың электрондық көшірмесі беріледі.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Электрондық құжат айналымының тәртібін архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындайды..
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттарды және өзге де деректерді мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздеу, тарату, пайдалану, қорғау, тіркеу, растау және жою тәртібін, сондай-ақ арнаулы куәландырушы орталықты құру, аккредиттеу және оның қызметін тоқтату тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайды.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарының талаптары цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсынылған электрондық құжаттарға қолданылмайды.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-бап. Электрондық құжаттарды сақтау
Электрондық құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде сақталады.
Мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде сақталатын электрондық құжаттар цифрлық құжаттар сервисі арқылы пайдаланылуы және берілуі мүмкін.
9-бап. Электрондық кұжат айналымы жүйесіне қатысушының құқықтары мен міндеттері
1. Электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушы:
1) куәландырушы орталық тіркеген электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау үшін осы куәлаңдырушы орталыққа жүгінуге;
2) бірнеше куәландырушы орталықтың қызмет көрсетуін пайдалануға құқылы.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушы белгiленген электрондық құжат айналымы ережелерiн сақтауға мiндеттi.
3-тарау. Электрондық цифрлық қолтаңба
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
10-бап. Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану
1. Электрондық цифрлық қолтаңба қол қоюшы тұлғаның өзі қойған қолымен тең және мынадай шарттар орыңдалған кезде:
1) тіркеу куәлігі бар ашық кілттің көмегімен электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығы куәландырылғанда;
2) электрондық құжатқа қол қойған тұлға электрондық цифрлық қолтаңбаның жабык, кілтіне заңды түрде иелік еткеңде;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) электрондық цифрлык колтаңба тіркеу куәлігінде аталған мәліметтерге сәйкес пайдаланылғанда;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландырушы орталығы немесе Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелген шетелдік куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаны жасағанда және тіркеу куәлігін бергенде, бiрдей заңдық салдарға әкеп соғады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттері оларды заңды негіздерде иеленетін тұлғалардың меншігі болып табылады.
Тұлға әртүрлі ақпараттық жүйелерге арналған электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттеріне ие бола алады. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерін басқа тұлғаларға беруге болмайды.
Куәландырушы орталықта электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерін жасау, пайдалану және сақтау қағидаларына сәйкес куәландырушы орталықта электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерін сақтауға жол беріледі.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын адам осы заңды тұлғаның жұмыскеріне немесе өзі тағайындаған адамға электрондық құжатқа қол қоюға өкілеттіктер беруге құқылы. Бұл ретте əрбір қызметкер тіркеу куəлігін жəне өз атына алынған электрондық цифрлық қолтаңбаның өзіне сəйкес келетін жабық кілтін пайдаланады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-бап. Электрондық цифрлық қолтаңба құралдары
Электрондық цифрлық қолтаңба құралдарының Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгiленген жағдайларда және тәртіппен сәйкестігі расталуға жатады.
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
12-бап. Электрондық құжат айналымы жүйесіңдегі электроңдық цифрлық қолтаңба
1. Электрондық цифрлық қолтаңбаны мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің өкілеттігі шегінде өздері шығаратын электрондық құжаттарды куәландыру кезінде пайдалана алады.
2. Электрондық құжат айналымының мемлекеттік емес жүйелерінде электрондық цифрлық қолтаңба Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген тәртіппен пайдаланылады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап жаңа редакцияда
13-бап. Шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаны тану
Шетелдік тіркеу куәлігі бар шетелдік электрондық цифрлық қолтаңба Қазақстан Республикасының аумағында мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын куәландырса;
2) электрондық құжатқа қол қойған тұлға шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін заңды түрде иеленсе;
3) шетелдік электрондық цифрлық қолтаңба тіркеу куәлігінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес пайдаланылған болса;
4) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелген шетелдік куәландырушы орталықтың немесе Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелген, шет мемлекеттің сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелген шетелдік куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен қалыптастырылса, танылады.
4-тарау. Тіркеу куәлігі
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-бап. Тіркеу куәлігін беру
Тіркеу куәлігі он алты жасқа толған адамға ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен беріледі.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды
14-1-бап. Тіркеу куәлігін беруден бас тарту
Куәландырушы орталық:
1) ұсынылған құжаттар толық болмаған;
2) анық емес мәліметтер ұсынылған;
3) соттың заңды күшіне енген шешіміне сәйкес;
4) адам он алты жасқа толмаған жағдайларда, тіркеу куәлігін беруден бас тартады.
15-бап. Тіркеу куәлігінің мазмұны
1. Тіркеу куәлігінде мынадай мәліметтер:
1) тіркеу куәлігінің нөмірі мен оның қолданылу мерзімі;
2) электрондық цифрлық қолтаңбанын иесін бірдейлендіруге мүмкіндік беретін деректер;
3) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті;
4) 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану салалары мен оны қолдануды шектеу туралы ақпарат;
6) тиісті куәландырушы орталықтың реквизиттері болуға тиіс.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Куәландырушы орталық электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушымен келiсе отырып, электрондық құжат айналымы үшiн қажеттi қосымша ақпаратты тiркеу куәлiгiне енгiзеді.
16-бап. Тіркеу куәліктерін қуәлаңдырушы орталықтарда сақтау тәртібі мен мерзімі
1. Тіркеу куәліктерінің көшірмелері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті куәландырушы орталықтарда сақталады.
2. Кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерін куәландырушы орталықтарда сақтау мерзімі -кемінде бес жыл.
3. Кері қайтарып алынған тіркеу куәліктері осы баптың 2-тармағында аталған мерзім өткеннен кейін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұрағаттық сақтауға түседі.
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-бап. Тіркеу куәлігі иесінің құқықтары мен міндеттері
1. Егер тіркеу куәлігінің иесі тіркеу куәлігінде аталған ашық кілтке сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне қол жеткізу режимі бұзылады деп санаса, ол куәландырушы орталықтан тіркеу куәлігін кері қайтарып алуды талап етуге құқылы.
2. Тіркеу куәлігінің иесі:
1) куәландырушы орталыққа дұрыс ақпарат беруге;
2) тіркеу куәлігінде аталған ашық кілтке сәйкес келетін жабық кілтті пайдалануға;
3) 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) электрондық цифрлық қолтаңбаның өздеріне тиесілі жабық кілтін заңсыз қол жеткізу мен пайдаланудан қорғау үшін шаралар қолдануға, сондай-ақ электрондық құжатпен бірге электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеру үшін ашық кілтті сақтауға жəне беруге міндетті.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-бап. Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу
1. Тіркеу куәлігін берген куәландырушы орталық оны тиісті хабарлама негізінде мынадай жағдайларда:
1) тіркеу куәлігі иесінің не оның өкілінің талап етуі бойынша;
2) тіркеу куәлігін алған кезде дұрыс емес мәліметтерді не толық емес құжаттар топтамасын беру фактісі анықталған кезде;
3) тіркеу куәлігінің иесі қайтыс болса;
4) тіркеу куәлігі иесінің тегі, аты немесе әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) өзгерсе;
5) тіркеу куәлігінің иесі - заңды тұлғаның атауы ауысса, қайта ұйымдастырылса, таратылса, заңды тұлғаның басшысы ауысса;
6) куәландырушы орталық пен тіркеу куәлігінің иесі арасындағы келісімде көзделген жағдайларда;
7) соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша кері қайтарып алады.
2. Куәландырушы орталық тіркеу куәлігін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде кері қайтарып алады.
3. Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу кезінде куәландырушы орталық тиісті ақпарат алынған кезден бастап бір күн ішінде тіркеу куәліктерінің тіркеліміне өзгерістер енгізуге міндетті.
19-бап. 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5-тарау. Куәландырушы орталық
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-бап. Куәландырушы орталықтың қызметi
1. Куәландырушы орталық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылады.
2. Куәландырушы орталық электрондық құжат айналымының бірнеше жүйесiне қызмет көрсете алады.
20-1-бап. 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 20-2-баппен толықтырылды
20-2-бап. Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу куәландырушы орталықтардың (Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын қоспағанда) өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруы үшін міндетті шарт болып табылады. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган аккредиттеуді Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары болып табылатын куәландырушы орталықтарға қатысты жүзеге асырады.
2. Егер куәландырушы орталықтың өтінішінде анағұрлым қысқа мерзім көрсетілмесе, куәландырушы орталықты аккредиттеу үш жыл мерзімге тегін негізде жүзеге асырылады.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Арнайы куәландырушы орталықтарды аккредиттеу арнайы куәландырушы орталықтардың (Қазақстан Республикасының арнайы негізгі куәландырушы орталығын қоспағанда) өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруы үшін міндетті шарт болып табылады.
21-бап. Куәландырушы орталықтың функциялары
1. Куәландырушы орталық:
1) электрондық цифрлык қолтаңбаның жабық кілттерін заңсыз қол жеткізуден қорғау үшін шаралар қолдана отырып, электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушылардың өтініші бойынша электрондық цифрлық қолтаңбаның кілттерін жасайды;
2) тіркеү күәліктерін береді, тіркейді, кері қайтарып алады, сақтайды,белгіленген тәртіппен берілген тіркеу куәліктерінің тіркелімін жүргізеді;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1) тіркеу куәліктерін қолдану қағидаларын бекітеді;
3) қолданылып жүрген және кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерін есепке алуды жүзеге асырады;
4) куәлаңдырушы орталық Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тіркеген электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің тиесілілігін және жарамдылығын растайды;
5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Куәлаңдырушы орталық сақтауда тұрған электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттері және (немесе) жабық кілттері жоғалуының, модификациялануының және қолдан жасалуының алдын алу ұшін қажетті барлык шараларды қолдануға міндетті.