Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы валюталық режим енгізу туралы актісінде белгіленетін рұқсаттар мен хабарламаларға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының күші қолданылмайды.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы валюталық режимді енгізу туралы актісі мыналарды:
1) енгізілетін шаралардың және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүргізуге уақытша шектеулердің тізбесін;
2) арнайы рұқсат беру шарттарын қоса алғанда, арнайы валюталық режимнің талаптарын орындау тәртібін;
3) арнайы валюталық режимді енгізу уақытын және қолданылу мерзімін қамтиды.
4. Арнайы валюталық режимнің қолданылу мерзімі бір жылдан асырылмайды.
Арнайы валюталық режим енгізілген мерзім аяқталғаннан кейін арнайы валюталық режимнің күші жойылды деп саналады.
Қазақстан Республикасының Президенті тиісті акт шығару арқылы оның қолданылуын осы тармақта белгіленген мерзімдер шегінде ұзартуға не оның күшін толық немесе ішінара мерзімінен бұрын жоюға құқылы.
5. Арнайы валюталық режимнің қолданылуы кезеңінде резиденттер мен резидент еместер Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы валюталық режимді енгізу туралы актісінде белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.
33-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
34-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 12-баптың 1-тармағын қоспағанда, жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзіледi.
2. Осы Заңның 5-бабының 4-тармағы 2) тармақшасының екiншi абзацы, 7-бабы, 20-бабының 1, 2, 4-6-тармақтары, 22-бабының 2-6-тармақтары, 24-бабының 3-тармағы, 25-бабының 3-5-тармақтары 2006 жылғы 31 желтоқсанды қоса алған мерзiм бойынша қолданылады.
3. «Валюталық реттеу туралы» 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 20-21, 404-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат, 1998 ж., № 16, 219-құжат; 1999 ж., № 20, 722-құжат; 2001 ж., № 4, 23-құжат; 2003 ж., № 10, 51-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2005 ж. маусымның 13-і. № 57-III