10-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10-1. Уәкілетті органның өңірлік органдары тәулігіне елу текше метрден бастап алу лимиттерімен жерасты суларын тартуға және (немесе) пайдалануға арналған арнайы су пайдалануға рұқсат беру үшін құжаттарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне осы су пайдалану шарттарын келісу үшін сұрау салу жібереді.
Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері бес жұмыс күн ішінде уәкілетті органның өңірлік органына оң не теріс қорытынды беруге міндетті.»;
9) 90-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыз сумен жабдықтау үшін жарамды жерасты су объектiлерiн өзге мақсаттар үшiн пайдалануға жол берiлмейдi.»;
10) 103-баптың 3-тармағындағы «өндірілген» деген сөз «алынған» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 120-баптың 2, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерасты суларының орындары мен учаскелерінің контурларында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге, радиоактивті және химиялық қалдықтардың көмінділерін, қоқыстарды, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) және жерасты суларының жай-күйіне әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.»;
«4. Гидрогеологиялық ұңғымалар, оның ішінде өздігінен ағатын және барлау ұңғымалары, сондай-ақ іске қосуға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымалар консервациялау құрылғылармен жабдықталуға немесе жойылуға жатады.
Гидрологиялық ұңғымаларды жоюды және консервациялауды ұңғымалардың иелері жүзеге асырады.
Иесіз қалған өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жоюды және консервациялауды жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
5. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде жерасты суларын қорғау жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.».
3. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 56, 57-құжаттар; № 8-II, 71, 72-құжаттар; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 7, 14-құжат; № 9, 17-құжат; № 12, 34-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «зерттеу мен пайдалану», «зерттеу және пайдалану саласындағы», «зерделеу және пайдалану», «зерделеу мен пайдалану» деген сөздер «зерттеу жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылып, 150-баптың 2) тармақшасындағы «, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы» деген сөздер «саласындағы, жер қойнауын зерттеу жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мазмұнында:
27-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«27-бап. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің шекті жол берілетін нормативтері, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері, күкіртті ашық түрде орналастыру нормативтері»;
221-баптың тақырыбы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 224-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«224-1-бап. Жерасты суларын пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар»;
255-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«255-бап. Мемлекеттік қорық аймақтары аумағында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге қойылатын арнайы экологиялық талаптар»;
3) 17-бапта:
мынадай мазмұндағы 8-3) және 11-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-3) ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында жобалардың экологиялық сараптамасын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;»;
«11-1) табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын келіседі;»;
29) тармақшаның қырық төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мұнайдың Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында авариялық төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау қағидаларын;»;
4) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«27-бап. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің шекті жол берілетін нормативтері, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері, күкіртті ашық түрде орналастыру нормативтері
1. Парниктік газдар шығарындыларын қоспағанда, ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің шекті жол берілетін нормативтері, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері, күкіртті ашық түрде орналастыру нормативтері қоршаған орта сапасының нормативтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететіндей шартпен эмиссиялардың әрбір стационарлық көзі және тұтастай кәсіпорын үшін есептеулер негізінде белгіленетін эмиссиялар шамалары болып табылады.
2. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің шекті жол берілетін нормативтері, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері, күкіртті ашық түрде орналастыру нормативтері қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру кезінде шығарындылардың станционарлық және жылжымалы көздері, технологиялық процестер мен жабдықтар үшін эмиссиялар нормативтерінің есептеу мәндерін, техникалық үлестік нормативтерінің белгіленген мәндерін қамтитын жобалар құрамында пайдаланылады. Белгіленген ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің шекті жол берілетін нормативтерінің, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтерінің, күкіртті ашық түрде орналастыру нормативтерінің қолданылу мерзімі І, ІІ, және ІІІ санаттардағы объектілері үшін - табиғат пайдаланушының өтініміне сәйкес, бірақ күнтізбелік он жылдан аспайтын мерзімге, ІV санаттағы объектілер үшін табиғат пайдаланушының өтініміне сәйкес немесе егер өтінімде сұралып отырған мерзім көрсетілмесе мерзімсіз кезеңге белгіленеді.»;
5) 28-баптың 1 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтері көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау құрамында не жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін жекелеген құжаттар (эмиссиялар нормативтерінің жобалары) түрінде негізделеді.»;
«5. Эмиссиялар нормативтерін белгілеу кезінде эмиссиялардың сандық және (немесе) сапалық сипаттамалары, қоршаған ортаның іс жүзіндегі ластануы ескеріледі. Қоршаған орта сапасы параметрлерінің фондық шоғырлануы бойынша деректерді жобаның тапсырыс берушісімен немесе жобалау ұйымымен шарт бойынша ұлттық гидрометеорологиялық қызмет ұсынады. Қоршаған орта сапасы параметрлерінің фондық шоғырлануы бойынша деректерді ұсыну қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізуге технологиялық байланысты қызметке жатады.»;
6) 40-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоршаған ортаға әсерiн бағалау жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет бағалаудың маңыздылығы мен толымдылығы бойынша I, II, III, IV болып - 4 санатқа бөлiнедi.
I санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитариялық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 1 және 2-сыныптарына жататын қызмет түрлерi, сондай-ақ кең таралғандарынан басқа, пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, сарқынды суларды (су объектілеріне, жергілікті жердің рельефіне, жинақтауыш тоғандарға және (немесе) буландырғыш тоғандарға, тазарту құрылысжайларына) ағызу жатады.
II санатқа сарқынды суларды (су объектілеріне, жергілікті жердің рельефіне, жинақтауыш тоғандарға және (немесе) буландырғыш тоғандарға, тазарту құрылысжайларына) ағызуды қоспағанда, өндiрiстiк объектiлердi санитариялық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 3-сыныбына жататын қызмет түрлерi, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру, орманды пайдаланудың және арнайы су пайдаланудың барлық түрлерi жатады.
III санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитариялық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 4-сыныбына жататын қызмет түрлерi жатады.
IV санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитариялық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 5-сыныбына жататын қызмет түрлерi жатады.»;
7) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«45-бап. Экологиялық сараптама түрлері
Қазақстан Республикасында экологиялық сараптаманың мынадай түрлері жүзеге асырылады:
1) мемлекеттік экологиялық сараптама;
2) қоғамдық экологиялық сараптама;
3) жобалардың экологиялық сараптамасы.»;
8) 47-бапта:
1-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілетін жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттары міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатпайды.»;
9) 48-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. І санаттағы мемлекеттік экологиялық сараптама объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптаманы - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, ІІ, ІІІ және ІV санаттардағыларға облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.
3. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын І санаттағы мемлекеттік экологиялық сараптама объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
10) 49-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға құжаттаманы электрондық нысанда:»;
11) 50-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тіркелген күннен бастап I санаттағы мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері үшін - бес жұмыс күнінен аспайтын, II, III және IV санаттардағы мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері үшін үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беретін орган құжаттарды олардың толықтығы тұрғысынан қарайды. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, құжаттар ұсынған тұлғаға қайтаруға жатады.»;
12) 51-баптың 1 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы оны жүргізу нәтижелері бойынша беріледі.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың міндетті сипаты болады және табиғат пайдалану және қоршаған орта мен халық денсаулығына әсер ету бөлігінде құқықтық, ұйымдастырушылық және шаруашылық шешімдерді қабылдаудан бұрын жүргізілуге тиіс.»;
«7. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысынан айыруды (қайтарып алуды) оны берген орган табиғат пайдаланушының жазбаша өтініші немесе келісімі негізінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысынан айыру (қайтарып алу) сот тәртібімен жүзеге асырылады.»;
13) 69-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат Қазақстан Республикасында қоршаған ортаға эмиссияны жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында тіркелген филиалдары мен өкілдіктеріне олардың өтінімдеріне сәйкес осы Кодексте белгіленген тәртіппен беріледі.»;
14) 72-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін рұқсат беру органына қажетті құжаттар топтамасын электрондық нысанда ұсынады.
2. І, ІІ және ІІІ санаттардағы объектілері бар табиғат пайдаланушылар үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін құжаттар топтамасы мыналарды қамтиды:
1) рұқсат алуға өтінім;
2) бекітілген эмиссиялар нормативтері қамтылған құрылыс жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы не ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы;
3) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары.»;
15) 74-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шаруашылық және өзге де қызметтің I, II және III санаттарындағы объектілер үшін өтінім тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде рұқсат беретін орган өтінімді оның толықтығы тұрғысынан қарайды.
Өтінім белгіленген мерзім ішінде қарауға қабылданады не ұсынылған құжаттардың жеткіліксіз болуы салдарынан қабылданбайды.
Өтінім қабылданбаған кезде табиғат пайдаланушыға қабылданбау себептері уәжді түрде негізделіп, бас тарту жіберіледі.
3. Рұқсат беретін орган қабылданған өтінімдерді:
1) шаруашылық және өзге де қызметтің I санаттағы объектілері үшін - өтінім тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде;
2) шаруашылық және өзге де қызметтің II және III санаттардағы объектілері үшін - өтінім тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде;
3) шаруашылық және өзге де қызметтің IV санаттағы объектілері үшін өтінім тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.»;
16) 77-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «келмеген жағдайларда рұқсат беруден бас тартады.» деген сөздер «келмеген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптар мен нормаларға, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге сәйкес келмеген жағдайларда рұқсат беруден бас тартады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты берген орган оның күшін жаңа рұқсат берілген күннен бастап не табиғат пайдаланушының жазбаша өтініші негізінде жояды.»;
17) 78-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты қайта ресімдеу табиғат пайдаланушының атауы өзгерген, ол қайта ұйымдастырылған жағдайларда, сондай-ақ осындай эмиссияға рұқсат берілген обектіге (обектілерге) қатысты оның (олардың) меншік иесі ауысқан жағдайда, бұл қайта ресімдеу қоршаған ортаға жүктемені ұлғайтуға алып келмейтін кезде күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырылады.»;
2-тармақта:
2) және 3) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) қайта ресімделетін эмиссияға рұқсат берілген табиғат пайдалану обектісіне (объектілеріне) қатысты оған (оларға) меншік құқығының ауысқанын растайтын құжаттың көшірмесі.»;
18) 114-баптың 9), 11), 12), 13) және 14) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«9) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың аяқталуына қарай немесе басқа да бүлдiретiн процестер мен жұмыстардан босатылған жердiң Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарына сәйкес оны одан әрi пайдалану үшiн жарамды жай-күйге келтiрiлуiне;»;
«11) жер қойнауының ластанудан, су басудан және қоршаған орта объектiлерiн бүлдіруге алып келетін техногендiк процестерден сақталуына;»;
«12) жер қойнауы учаскесінiң және жер қойнауын пайдалану объектілерінің консервациялануына, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарының жойылуына;
13) жер қойнауын пайдалану және пайдалы қазбаларды қайта өңдеу кезiнде экологиялық нормалар мен қағидалардың сақталуына;
14) пайдалы қазбаларды өндiру мен өңдеу кезiнде қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi жобалық шешiмдердiң сақталуына;»;
19) 117-баптың 1-тармағында:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) табиғат пайдаланушы экологиялық нормалар мен талаптарды, экологиялық немесе өзге де рұқсаттарда көзделген табиғат пайдалану шарттарын бұзған, қоршаған ортаға және (немесе) халық денсаулығына аса ірі нұқсан келтiрген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен табиғат пайдалануға арналған экологиялық және өзге де рұқсаттарды тоқтата тұру немесе олардан айыру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;»;
10) тармақшадағы «жүгінуге;» деген сөз «жүгінуге құқылы.» деген сөздермен ауыстырылып, 11) тармақша алып тасталсын;
20) 142-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жер қойнауының мониторингі жер қойнауының мемлекеттік қорын ұтымды басқаруды қамтамасыз ету және олардың өзгеруін уақтылы анықтау, теріс процестер салдарын бағалау, алдын алу және жою үшін жер қойнауының жай-күйін байқау, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып байқау жүйесін білдіреді. Жер қойнауы мониторингінің деректері мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрында жинақталады.»;
21) 150-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастры бойынша - жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде;»;
22) 154-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қалдықтарды орналастыру объектiлерiн құруға мемлекеттiк экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындыларын қамтитын қалдықтарды орналастыру объектісі бойынша кадастр ісін ұсынады.»;
23) 156-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттiк кадастрын (бұдан әрi - көмінділердің мемлекеттiк кадастры) жүргiзу Қазақстан Республикасының аумағында зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму объектілерінің, сарқынды суларды жер қойнауына ағызу объектілері мен орындарының барлығы бойынша мiндеттi болып табылады.»;
«3. Көмінділердің мемлекеттiк кадастрының деректерi жер қойнауы мемлекеттік қорының бірыңғай кадастріне енгiзiледi және жер қойнауы мемлекеттiк мониторингiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.»;
24) 195-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жер ресурстарын, жер қойнауын, жерасты және жерүстi суларын, орман және өсiмдiктер дүниесiнiң өзге де ресурстарын, жануарлар дүниесiнiң ресурстарын пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар тиiсiнше жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкілетті органмен, жер қойнауын зерттеу жөнiндегi, су қорын пайдалану және қорғау, орман шаруашылығы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы, уәкiлеттi мемлекеттік органдармен келiсу бойынша белгiленедi.»;
25) 207-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Табиғи экологиялық жүйелердiң, тiрi организмдер генетикалық қорының жойылу қатерін, қоршаған ортаның, халық өмiрi мен денсаулығына қауiптi басқа да өзгерiстерiн туғызатын шаруашылық және өзге де қызметке тыйым салынады.»;
26) 217-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Табиғат пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды, геологиялық барлау, құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде:»;
27) 219-бапта:
1-тармақтың 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жердің тұтастығын сақтау мақсатында, техникалық, технологиялық, экологиялық және энономикалық тұрғыдан орындылығын ескере отырып, кен орындарын әзірлеудің арнаулы әдістерін қолдану;»;
«4) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қауіпті техногендік процестердің пайда болуынан сақтандыру шараларын қолдану;»;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жұмыскерлердің, халықтың және қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн, ал көмірсутектерді барлау мен өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын ұтымды пайдалануды да қамтамасыз ететін жұмыстарды жүргiзуге арналған технологиялық схемалар мен жобаларды сақтауға мiндеттi.»;
28) 220-баптың 3-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жер қойнауын пайдалану объектілерін салуға және (немесе) орналастыруға бөлінген учаскелердің шегінен тыс жерде өсімдік және топырақ қабатын бүлдіруге;
2) өндіріс қалдықтарын жерүсті су объектілеріне және жер қойнауына ағызуға;»;
29) 221-бап алып тасталсын;
30) мынадай мазмұндағы 224-1-баппен толықтырылсын:
«224-1-бап. Жерасты суларын пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар
1. Жер асты суларын алу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес берілетін арнайы су пайдалануға рұқсат негіз болып табылады.
2. Тәулігіне екі мың текше метрден басталатын көлемде жерасты суларын алу мен пайдалануды жүзеге асыруға негіз болатын жоба (технологиялық схема) мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады.
3. Табиғат пайдаланушылар жерасты суларын барлауды, тәулігіне екі мың текше метрден басталатын көлемде тартуды және (немесе) пайдалануды жүргізу кезінде өз есебінен жерасты суларының кен орындарын әзірлеудің жаңа тәсілдері мен технологиялық схемаларын іздестіру және қолда барын жетілдіру жөніндегі ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстарын жүргізуге, технологиялық жабдықты, үздіксіз және кезеңдік бақылау құралдарын жаңғыртуға, жерасты суларын ұтымды пайдалануда және оның тартылу мен ластанудан сақталуын, жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.
4. Арнайы су пайдалануға рұқсаттар шарттарында көзделмеген мақсаттар үшін немесе осы шарттарды бұза отырып жерасты суларын тартуға және (немесе) пайдалануға тыйым салынады.
5. Жерасты суларын барлау, тарту және (немесе) олардың кен орындарын пайдалану арнайы су пайдалануға рұқсат шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген нормалар мен талаптар сақталған кезде жүзеге асырылуға тиіс.
6. Жерасты суларын барлауды, тартуды және (немесе) пайдалануды жүргізетін табиғат пайдаланушылар мыналарды қамтамасыз етуге міндетті:
1) ұңғымаларды пайдаланудағы кемшіліктер есебінен судың мүлдем жоғалуын болғызбауға және оның сапалық қасиеттерінің жойылмауына қол жеткізілетін, жерасты суларын ұтымды барлау, тарту және (немесе) пайдалану;
2) су тұтқыш жиектерінің ластану ықтималдығын болғызбау;
3) әртүрлі су тұтқыш жиектердегі судың араласып кету және бір жиектерден екіншіге ағып кету ықтималдығын, егер бұл жобада көзделмесе, болғызбау;
4) жерасты суларын бақылаусыз реттелмей шығаруға жол бермеу, ал авариялық жағдайларда су ысырабын жою жөніндегі шараларды шұғыл қолдану;
5) құрамында пайдалы құрауыштар бар жерасты суларын кешенді пайдалану;
6) атмосфералық ауаны, жерүсті қабатын, ормандарды, суларды және басқа да табиғи объектілерді, сондай-ақ ғимараттар мен құрылысжайларды су пайдалануға байланысты жұмыстардың зиянды әсерінен қорғау;
7) жерасты суларын барлау, тарту және (немесе) пайдалану процесінде жарамсыз күйге келтірілген жер учаскелерінде қалпына келтіру жұмыстары кешенін жүргізу.
7. Табиғат пайдаланушы гидрогеологиялық ұңғымаларды, оның ішінде өздігінен ағатын және барлау ұңғымаларын, сондай-ақ іске қосуға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен реттегіш құрылғылармен жабдықтауға, консервациялауға немесе жоюға тиіс.
8. Егер жер қойнауы басқа пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру үшін пайдаланылған кезде су тұтқыш жиектер ашылса, табиғат пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жерасты су объектілерін қорғау жөнінде шаралар қолдануы қажет және бұл жөнінде қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау, жер қойнауын зерттеу жөніндегі, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарлауға тиіс.
9. Ашылған жерасты су тұтқыш жиектері олардың ластануын болғызбайтын сенімді оқшаулаумен қамтамасыз етілуге тиіс.
10. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздері ретінде пайдаланылуы мүмкін су тұтқыш жиектері ашылған кезде бұрғылау мен цемент ерітінділерін дайындау (өңдеу) үшін қолданылатын химиялық реагенттердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген уыттылық сипаттамасы болуға тиіс.
11. Қазақстан Республикасының Су кодексінде және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыз суға жарамды сапасы бар жерасты суларын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға байланысты емес мұқтаждық үшін пайдалануға жол берілмейді.
12. Жерасты суларының су тартуларын су реттегіш құрылғылармен, су өлшегіш аспаптармен жабдықтамай, сондай-ақ санитариялық қорғау аймақтарын белгілемей және жерасты су объектілерінің жай-күйі көрсеткіштерін байқау пункттерін құрмай оларды пайдалануға беруге тыйым салынды.
13. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдармен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы органмен келісу бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген жерасты су объектілеріне зиянды әсерлердің шекті жол берілетін нормативтерін сақтауға міндетті.