Кондоминиум объектісін басқару органы үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысы шешімінің негізінде астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығыстарды үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне толық өтеу туралы өтінішпен жергілікті атқарушы органға жүгінеді.
Уәкілетті ұйым мердігер ұйымға орындалған жұмыстарының көлемі үшін ақы төлеуді астананың жергілікті атқарушы органынан алған және көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығыстарды үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне толық өтеуге арналған қаражат есебінен жүзеге асырады.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беру үшін уәкілетті ұйымға:
1) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуді ұйымдастыру;
2) мыналармен:
кондоминиум объектісін басқару органымен;
мердігер ұйыммен шарттар жасасу;
3) орындалған жұмыстарға ақы төлеу;
4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне қатысты мердігер ұйымдардың орындайтын жұмыстарына мониторинг және бақылау жасау өкілеттіктері берілген.
13-бап. Астананың инфрақұрылымы
Астананың инфрақұрылымы:
1) инженерлік инфрақұрылымды;
2) көліктік инфрақұрылымды;
3) тұрғын үй қорын, денсаулық сақтау, білім беру және ішкі сауда объектілерін инженерлік қамтамасыз ету, пайдалану және жөндеу жүйесін;
4) абаттандыру және көгалдандыру жүйесін;
5) астананың жұмыс істеуі үшін қажетті басқа да объектілер мен жүйелерді қамтиды.
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-тарау. Қорытынды ережелер
14-бап. 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 9-бабының 4), 5), 6) тармақшалары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтардың әрекет ету кезеңінде қолданылады.
3. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 1998 жылғы 20 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., №7-8, 79-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228, 229-құжаттар; 2002 ж., № 6, 75-құжат; 2003 ж. №24, 178-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 21-і.
№ 296-ІІІ ҚРЗ