12) Қазақстан Республикасының зандарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 168-бап жаңа редакцияда
168-бап. Уәкілетті органның аумақтық органының жеке сот орындаушыларының қызметін бақылау жөніндегі құзыреті
1. Уәкілетті органның аумақтық органы:
1) жеке сот орындаушыларының осы Заңды сақтауын және өз міндеттерін тиісінше орындауын бақылауды ұйымдастырады;
2) 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-1) уәкілетті органға жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату не одан айыру туралы ұсыну енгізеді;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасының және өңірлік палаталарының тәртіптік комиссиясына тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы ұсыну енгізеді;
4) жеке сот орындаушыларын есептік тіркеуді жүргізеді;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына аттестаттауға жіберу туралы өтініштерді қарайды;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7) алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау шеңберінде көрсетілетін, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуді қаржыландыруға бағытталатын, республикалық бюджеттен қаражат төлеуді жүргізеді;
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.
2. Уәкілетті органның аумақтық органы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесе отырып:
1) жеке сот орындаушыларына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
2) жеке сот орындаушыларының жұмыс практикасын қорытады;
3) осы Заңның 148-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ақпарат жинауды жүзеге асырады;
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) жеке және заңды тұлғалардың жеке сот орындаушылары қызметінің мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;
5) жеке сот орындаушылары жасайтын атқарушылық әрекеттердің заңдылығын және олардың іс қағаздарын жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
6) 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Уәкілетті органның аумақтық органының өкілдері жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының отырыстарына қатысуға құқылы.
169-бап. Жеке сот орындаушысының қызметін бақылау
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жеке сот орындаушысы жасайтын атқарушылық әрекеттердің заңдылығын және оның іс қағаздарын жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды уәкілетті орган, оның аумақтық органдары, Республикалық палата және жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары жүзеге асырады. Бақылауды жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жеке сот орындаушысының салық заңнамасын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Уәкілетті органның, оның аумақтық органдарының, Республикалық палатаның және жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының лауазымды адамдары жеке сот орындаушысының қызметін тексеру кезінде белгілі болған атқарушылық әрекеттерді жасау құпиясын сақтауға міндетті. Құпияны жария еткені және келтірілген залал үшін бұл адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Жеке сот орындаушысының жұмысын тексеру оның атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыруды бастағанынан кейін алты ай өткен соң және бір жылдан кешіктірілмей жүргізіледі. Бұдан әрі жылына бір рет жоспарлы тексерулер жүргізіледі.
Жеке сот орындаушысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар түскен жағдайда не оның өз міндеттерін адал атқармағандығын айғақтайтын басқа да ақпарат болған кезде уәкілетті органның аумақтық органы, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы жеке сот орындаушысының қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізуі мүмкін.
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Жеке сот орындаушылары тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адамдарға жеке және заңды тұлғалармен есеп айырысуларға қатысты мәліметтер мен құжаттарды, сондай-ақ тексеру жүргізу үшін қажетті өзге де ақпаратты сұрау салуда белгіленген мерзімде беруге міндетті, ол кемінде бес жұмыс күнін құрауға тиіс.
6. 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 170-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 170-бап жаңа редакцияда
170-бап. Жеке сот орындаушыларының тәртіптік жауаптылығы
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы заңнамасының, Жеке сот орындаушыларының кәсіптік ар-намыс кодексінің және Республикалық палата жарғысының талаптарын бұзғаны үшін жеке сот орындаушысына тәртіптік жауаптылықтың мынадай түрлері қолданылады:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) уәкілетті органға жеке сот орындаушысының лицензиясынан айыру туралы ұсыну бере отырып, Республикалық палата мүшелігінен шығару.
2. Жеке сот орындаушысының Қазақстан Республикасы заңнамасының, Жеке сот орындаушылары кәсіптік Ар-намыс кодексінің және Республикалық палата жарғысының талаптарын бұзғанын көрсететін жеткілікті деректердің болуы тәртіптік іс жүргізуді қозғау үшін негіз болып табылады.
3. Тәртіптік жаза қолдану, оларды алу және шағым жасау тәртібі Республикалық палатаның жарғысында айқындалады.
Жеке сот орындаушысының тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін бір ғана тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.
4. Егер тәртіптік жаза қолданылған күннен бастап алты ай ішінде жеке сот орындаушысы жаңа тәртіптік жазаға тартылмаса, онда ол тәртіптік жазаға тартылмаған деп есептеледі.
171-бап. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
172-бап. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 172-1-баппен толықтырылды
172-1-бап. Республикалық палатадан шығару
Жеке сот орындаушысын Республикалық палатадан шығаруды Республикалық палата басқармасы мынадай:
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы тоқтатылған не одан айырылған;
2) жеке сот орындаушысы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, Жеке сот орындаушыларының кәсіптік ар-намыс кодексін және Республикалық палата жарғысын өрескел не бірнеше рет бұзған;
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) жеке сот орындаушысы жүктілігіне және босануға байланысты не бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болған кезеңде мүшелік жарналарды төлеуден босатылған, сондай-ақ еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті бір айдан астам жүзеге асырмаған жағдайларды қоспағанда, міндетті мүшелік жарналарды үнемі төлемеген;
4) ғылыми, оқытушылық немесе өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, өзге де ақылы қызмет түрлерімен айналысқан;
5) өз еркі бойынша;
6) Республикалық палата жарғысында көзделген өзге де жағдайларда жүргізеді.
17-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 173-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
173-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу
Осы Заң, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 138-баптың 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 174-бап жаңа редакцияда
174-бап. Өтпелі ережелер
1. Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасы 2015 жылғы 1 наурызға дейін Республикалық палата болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылуға тиіс. Жеке сот орындаушыларының өңірлік алқалары 2015 жылғы 1 шілдеге дейін таратылуға жатады.
2. Республикалық палата құрылғанға дейін оның функцияларын Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасымен бірлесе отырып уәкілетті орган жүзеге асырады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Осы Заңның 138-бабының 3-тармағы жаңадан келіп түскен атқарушылық құжаттарға қатысты қолданылады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Мемлекеттік сот орындаушыларының орындауындағы атқарушылық құжаттар бойынша осы Заңның талаптарына сәйкес оларды толық орындау және аяқтау жөнінде шаралар қолданылуға тиіс.
175-бап. Қорытынды ережелер
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 195-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 23, 922-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 24, 153-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2010 жылғы сәуірдің 2-і.
№ 261-IV