Зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асырудан бас тарту үшін негіздер болған кезде, Қор құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесі бар жазбаша нысандағы хабарлама жіберуге міндетті.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Осы Заңның 8-бабы 2-тармағы 4) тармақшасында көзделген функцияны жүзеге асыру үшiн Қор Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінен және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасынан ақпарат сұратады.
Ақпаратты берудiң тәртібі, көлемi және мерзiмдерi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрінің актiсiмен және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен белгiленедi.
Қор алған мәлiметтер жария етуге жатпайды.
17-3-бап. Зиян келтірген адамға кері талап қою құқығы
Қордың жәбірленушінің не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген адамдардың зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі талабын қарауға байланысты Қордың шеккен шығыстарын ескере отырып, зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер шегінде жәбірленушіге зиян келтірген адамға кері талап қою құқығы бар.
17-4-бап. Зиянды өтеу резервін құру
1. Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін зиянды өтеу резервінің қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда Қор сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін осы Заңда көзделген тәртіппен пайдаланады.
2. Уәкілетті орган белгілеген мөлшердегі бастапқы біржолғы жарналар және Қормен жасалатын қатысу шартына сәйкес сақтандырушылар төлейтін қосымша жарналар зиянды өтеу резервін қалыптастыру көздері болып табылады.
Қосымша жарналар ставкасын есептеу әдістемесі, оларды төлеу тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
3. Қосымша жарналардың мөлшері қатысушы-сақтандыру ұйымы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша есептеген сақтандыру сыйлықақылары мен қосымша жарналар ставкаларының көлемін негізге ала отырып есептеледі.
4. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру қатысушы-сақтандыру ұйымын қосымша жарналарды төлеуден босатпайды.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Қатысушы-сақтандыру ұйымы көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыруға берiлген лицензиядан айырылған күннен бастап қатысушы-сақтандыру ұйымының қосымша жарналарды төлеу мiндеттемелерi қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енгенге дейiн тоқтатыла тұрады.
Қатысушы-сақтандыру ұйымының қосымша жарналарды төлеу жөніндегі мiндеттемесi оны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап тоқтатылады.
Қатысушы-сақтандыру ұйымдарының осы Заңға сәйкес төлеген қосымша жарналары қайтаруға жатпайды.
17-5-бап. Қосымша жарналарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау
1. Қосымша жарналарды төлемеген, уақтылы төлемеген не толық көлемде төлемеген жағдайда, Қор қатысушы-сақтандыру ұйымының осы Заң бойынша өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны туралы жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті орган Қордан қатысушы-сақтандыру ұйымының қосымша жарналарды төлеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны туралы хабарлама алған кезде мұндай сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген санкцияларды және қадағалап ден қою шараларын қолдануға құқылы.
6-тарау. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі қатысушыларының құқықтары мен міндеттері
18-бап. Қордың құқықтары мен міндеттері
1. Қор:
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен міндетті, төтенше және қосымша жарналар төлеуді талап етуге;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара)
2) тарату комиссиясының құрамына өз өкілін енгізу туралы уәкілетті органның алдында өтініш жасауға және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымын тарату ісін жүргізуге қатысуға;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді ( бұр. ред . қара)
3) тарату комиссиясынан және кредитордан Қордың міндеттерін іске асыруға қажетті ақпарат пен құжаттар беруді талап етуге;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) уәкілетті органнан қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қаржылық жай-күйі, қатысушы-сақтандыру ұйымы жасасқан сақтандыру шарттарының саны туралы мәліметті және сақтандыру құпиясын және Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, өзге де қажетті ақпаратты сұратуға;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) осы Заңда, сақтандыру шартында немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда кредиторға кепілдік төлемді жүзеге асырудан бас тартуға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) осы Заңның 15-1-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген оқиға басталған жағдайда, кредитор мен «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы арасында жасалған аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеудің барабарлығын тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тартуға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) жыл сайынғы аудит нәтижелері бойынша, шекті шамасы «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын, зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялаудан алынған инвестициялық кірістің жеті жарым пайызынан аспауға тиіс комиссиялық сыйақы алуға құқылы.
2. Қор:
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қорға қатысу міндеті жүктелген сақтандыру ұйымымен қатысу шартын жасасуға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерін, зиянды өтеу резервін, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылардың жарналарын инвестициялаудан түскен кірістерді (залалдарды) есепке алуды «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» саласы бойынша бөлек жүргізуге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен активтерді қаржы құралдарына инвестициялауға;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен (бұр. ред . қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен тәртібін уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін есептілікті (қаржылық есептілікті қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынуға;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред . қара)
4) қатысушы-сақтандыру ұйымдарына олардың сұрау салулары бойынша қатысу шартына сәйкес айқындалатын көлемде өзінің қаржылық есептілігін беруге;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында және интернет-ресурстарда аудиторлық ұйым растаған жылдық қаржылық есептілікті жариялауға;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының міндетті, төтенше және қосымша жарналар төлеу тәртібін, сондай-ақ олардың шартты міндеттемелер қалыптастыруын бақылауды жүзеге асыруға;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді ( бұр. ред . қара)
7) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндеттемелері бойынша кредиторларға осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен кепілдік төлемдерін жүзеге асыруға;
8) аудит өткізуге;
9) сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарын бұзуының өзіне мәлім болған фактілері жөнінде уәкілетті органды хабардар етуге;
10) кредиторға кепілдік төлемінің жүзеге асырылғаны туралы тарату комиссиясына хабарлауға;
11) 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді ( бұр. ред . қара)
12) өз функцияларын жүзеге асыру процесінде сақтандыру ұйымдарының қызметі туралы өздеріне мәлім болған бүкіл ақпаратты тек қана қызмет мақсаттарында пайдалануға;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды
13) осы Заңның 15-бабының 5-тармағында көзделген тәртіппен қатысушы-сақтандыру ұйымдарының шығыстарын өтеуге.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Қор Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес өздерi жүргiзетiн операцияларды есепке алуды жүзеге асырады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға), сақтандыру шартын жасасуға ниеті бар адамдарға өзінің қызметі туралы ақпаратты жеткізу мақсатында Қор өзінің интернет-ресурсында мынадай ақпаратты:
1) өзінің, оның ішінде өз филиалдары мен өкілдіктерінің толық атауын, мекенжайын (тұрған жерін), телефон нөмірлерін, жұмыс режимін;
2) акционерлер туралы мәліметтерді;
3) басшы қызметкерлер туралы мәліметтерді;
4) мемлекеттік тіркеу нөмірі және бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтерді;
5) қызметтің жүзеге асырылатын түрлері туралы мәліметтерді;
6) аудиторлық ұйым растаған алдыңғы есепті үш жыл үшін жылдық қаржылық есептілікті;
7) алдыңғы есепті үш жыл үшін қызмет қорытындылары туралы есептерді;
8) қауымдастықтарға (одақтарға), оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің бірлестіктеріне қатысу туралы мәліметтерді (болған кезде);
9) қатысушы-сақтандыру ұйымдары туралы мәліметтерді орналастыруға міндетті.
3. Қордың Қазақстан Республикасының заңдарында және қатысу шартында көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады.
19-бап. Қатысушы-сақтандыру ұйымының құқықтары мен міндеттері
1. Қатысу шартына сәйкес қатысушы-сақтандыру ұйымы:
1) Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мерзімді баспа басылымдарында өзінің сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысуы туралы ақпаратты жариялауға;
2) Қордан кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыруға қатысты ақпарат алуға;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара)
3) Қордың қаржылық есептілігін Қордан талап етуге құқылы;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қатысу шартына сәйкес қатысушы сақтандыру ұйымы:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен міндетті және төтенше жарналарды төлеуге, сондай-ақ шартты міндеттемелерді қалыптастыруға;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлерін есептеу, олардың мөлшерлемелерін бекіту, төтенше жарналардың мөлшерін есептеу үшін қажетті ақпаратты Қорға беруге;
3) өзінің төлем қабілетсіздігі басталғаны және уәкілетті органның санкциялар қолдану фактілері туралы Қорға хабарлауға;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сақтандыру ұйымына Қорға қатысу міндеті жүктелген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтандыру қызметінің тоқтатылғаны туралы Қорды хабардар етуге;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылы
4-1) осы Заңда көзделген жағдайларда өзiне тиесiлi Қор акцияларын иелiктен шығаруды жүргiзуге;
5) сотқа мәжбүрлеп тарату туралы талап-арыз берілгендігі туралы, сондай-ақ соттың сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағаны туралы Қорды хабардар етуге;
6) 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға.
Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар қатысушы-сақтандыру ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен қосымша жарналарды төлеуге мiндеттi.
3. Қатысушы-сақтандыру ұйымының Қазақстан Республикасының заңдарында және қатысу шартында көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады.
20-бап. Тарату комиссиясының құқықтары мен міндеттері
1. Тарату комиссиясы:
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Қордан мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторларына кепілдік төлемдерін жүзеге асырылғаны туралы хабарлама алуға құқылы.
2) 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Тарату комиссиясы:
1) құжаттардың көшірмелерін және үзінділерін алу құқығын бере отырып, Қордың уәкілетті өкілдерінің тарату процесіне қатысты ақпарат пен құжаттамаға қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
2) өзінің кредитор алдындағы міндеттемелерінің тоқтатылғаны туралы Қорға шұғыл түрде хабарлауға;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) сақтандыру шарттарын жасасуға қатысты Қор сұратқан ақпаратты және құжаттарды беруге міндетті.
3. Тарату комиссиясының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады.
21-бап. Кредитордың құқықтары мен міндеттері
1. Кредитордың:
1) Қордан осы Заңда көзделген тәртіппен кепілдік төлемін жүзеге асыруды талап етуге;
2) 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) тарату комиссиясынан талаптарды Қордан алынған кепілдік төлемінен асатын мөлшерде қанағаттандыруды талап етуге құқығы бар.
2. Кредитор:
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Қорға Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісінде немесе сақтандыру шартында көзделген, сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандыру шарты бойынша шығындардың мөлшерін растайтын құжаттарды ұсынуға;
2) Қордың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кредитордың өзіне ауысқан құқықтарын іске асыруына қажетті барлық құжаттарды беруге міндетті.
3. Кредитордың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады.
7-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-бап. Қорды тарату немесе қайта ұйымдастыру
1. Қорды тарату немесе қайта ұйымдастыру осы Заңда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген, сақтандыру ұйымдарының Қорға міндетті қатысуы жөніндегі талаптар алып тасталған жағдайда Қор таратылуы мүмкін.
3. Қордың таратылуы кезiнде қалыптастырылған сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру резервiнiң және зиянды өтеу резервiнiң қаражаты Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымдарының арасында олардың Қордың осы резервтерiне қатысу үлесiне барабар мөлшерде бөлiп берiледi.
4 - 8. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
23-бап. Қазақстан Республикасының Қор туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
Қазақстан Республикасының Қор туралы заңдарының бұзылуына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікте болады.
24-бап. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының