5) уәкілетті органның пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тетігін қолданбай пайдалануға беру жоспарланатын жаңа электр станцияларының қолда бар электр қуатының көлемі (Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес бекітілген жобалау-сметалық құжаттама бар болған кезде).
Электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өздері өндіретін электр энергиясы бойынша ғана ескеріледі.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті орган электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімін келіп түскен күнінен бастап үш ай ішінде бекітеді.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Бекітілген электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімі бекітілген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей уәкілетті органның және жүйелік оператордың интернет-ресурсында орналастырылады.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Егер бекітілген электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімінде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде болжамның алғашқы бес жылы ішінде электр қуатының болжамды тапшылығы 100 МВт-дан асатын болса, уәкілетті орган болжамды тапшылықты жабу үшін пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды
3-2. Тендер негізінде пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғылардың орналасу орны (алаңы), олар үшін отынның типі және түрі уәкілетті органның тапсырысы бойынша жүргізілген техникалық-экономикалық негіздеменің нәтижелері бойынша айқындалады.
4. Уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу туралы хабарландыруды тендерлік құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті инвесторлардың тендерге қатысуға құжаттар мен материалдарды табыс етуінің соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
5. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлік құжаттама топтамасы:
1) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың сипатын және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын;
2) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған шарттың жобасын қамтиды.
6. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге:
1) құрылтай құжаттарының көшірмелерін;
2) генерациялайтын қондырғылар құнының жалпы көлемінің кемінде отыз пайызын өз қаражаты есебінен қаржыландыру есебімен алғанда, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу үшін жеткілікті қаржы және материалдық ресурстарының бар екенін растайтын құжаттарды;
3) 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Тендерлік комиссия жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер қорытындыларын тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде шығарады.
Уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу шартының жобасын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазы деп танылған әлеуетті инвесторға жібереді.
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазы жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу шартының жобасын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде көрсетілген шартқа қол қояды.
8. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер:
1) әлеуетті инвесторлар екеуден кем болған;
2) барлық әлеуетті инвесторлар ұсынған құжаттар осы баптың 6-тармағына сәйкес келмеген жағдайларда өтпеді деп танылады.
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер өтпеді деп танылған жағдайда, уәкілетті орган қайтадан тендер өткізеді.
9. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің қорытындыларын шығарған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күн ішінде уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазымен шарт жасасады, онда генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға беру мерзімін және тендер жеңімпазының қабылдаған міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікті айқындайды.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф бойынша уәкілетті орган белгілеген көлемде және мерзімдерге тендер жеңімпазымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады.
Тендер негізінде пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын жүйелік оператор ол пайдалануға берілген күннен бастап жыл сайын аттестаттауға тиіс.
Егер электр қуатын кезекті аттестаттауды өткізу нәтижесінде тендер негізінде пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болса, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі кезекті аттестаттауды өткізгенге дейінгі аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.
11. Осы баптың 9 және 10-тармақтарында көзделген шарттар үлгілік шарттар негізінде жасалады.
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 15-2-баппен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
15-2-бап. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау
1-тармақ 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1. Энергия өндіруші ұйым генерациялайтын қондырғылардың электр қуаты аттестаттаудан өткізілгеннен кейін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізуді жүзеге асырады.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Энергия өндіруші ұйым генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өткізгеннен кейін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті өткізуді жүзеге асырады.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жүйелік оператор уәкілетті орган белгілеген тәртіппен энергия өндіруші ұйымның генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын аттестаттауды жүзеге асырады.
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жүйелік оператор генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды энергия өндіруші ұйымның өтінімі бойынша онымен келісілген мерзімдерде, бірақ аттестаттау өткізуге арналған өтінімді алғаннан кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өткізу кезінде жүйелік оператор:
1) энергия өндіруші ұйымда бар және оған сәйкес энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын өндіруге техникалық мүмкіндігі болатын генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының шамасын;
2) генерациялайтын қондырғылардың талап етілетін параметрлерінің энергия өндіруші ұйымның генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өткізуге арналған өтінімінде көрсетілген мәндерге сәйкестігін айқындайды.
4. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудың нәтижелері бойынша жүйелік оператор аттестаттау өткізілгеннен кейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау актісін ресімдеп, энергия өндіруші ұйымға жібереді, онда электр энергиясын өндіруге дайын болған энергия өндіруші ұйымның генерациялайтын қондырғыларының аттестаттаудан өткен электр қуатының шамасы көрсетіледі.
5. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын кезектен тыс аттестаттау мынадай жағдайларда:
1) жүйелік оператор генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының нақты шамасы мен параметрлерінің аттестатталғандарға сәйкес келмеуі анықталған кезде;
2) энергия өндіруші ұйымның бастамасы бойынша өткізіледі.
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 15-3-баппен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
15-3-бап. Электр қуатының нарығы
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Электр қуатының нарығы электр қуатына сұранысты жабу үшін Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі бұрыннан бар электр қуаттарын ұстап тұру және жаңаларын енгізу үшін инвестициялар тарту мақсатында жұмыс істейді.
Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Көтерме сауда нарығы субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар тұтынуға арналған болжамды өтінімдерді қалыптастырады, онда өздерінің құрамында меншік, жалға алу құқығында немесе өзге де заттай құқықта бар генерациялайтын көздердің электр қуатының есебінен жабылмайтын, алдағы және келесі күнтізбелік жылдардың әр айына тұтынудағы электр қуатының ең жоғары мәнін көрсетеді және оларды есепті жылдың алдындағы жылдың бірінші тамызынан кешіктірмей жүйелік операторға жібереді.
Жүйелік оператор есепті жылдың алдындағы жылдың бірінші қазанынан кешіктірілмейтін мерзімде электр қуаты резервінің қажетті шамасын және технологиялық шығыстың өтемін жасау үшін, ұлттық электр желісінің өз және шаруашылық мұқтаждарына тұтынудың орташа жылдық электр қуатын ескере отырып, көтерме сауда нарығы субъектілерінің болжамды өтінімдері негізінде алдағы және келесі күнтізбелік жылдарға электр қуатына болжамды сұранысты әзірлейді.
3, 4, 5, 6-тармақтар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3. Жүйелік оператор электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді:
1) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді осы генерациялайтын қондырғылар пайдалануға берілгеннен және аттестаттаудан өткізілгеннен кейін қызметтер көрсету туралы шарт негізінде;
2) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көрсету туралы шарт негізінде сатып алады.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Электр қуатына болжамды сұранысты жабу үшін бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар жасасуды (басымдық тәртібімен):
1) пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендерлер жеңімпаздарымен жүзеге асырады. Бұл ретте осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемін және мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді;
2) уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімді жасаған жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жүзеге асырады. Бұл ретте осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемін және мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді;
3) құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен - электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф бойынша жыл сайын алдағы күнтізбелік жылға жүзеге асырады. Осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады және ол энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін жылу электр орталықтарының генерациялайтын қондырғыларының (олардың жылу жүктемесінің деңгейі қойылған кезде) ең аз электр қуатының тиісті жыл ішіндегі жоспарлы ең жоғары мәнінің және осы энергия өндіруші ұйым өзі тұтынатын электр қуатының тиісті жыл ішіндегі ең жоғары мәнінің айырмасын білдіреді, бұл ретте:
осы көлемде жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың (олардың жылу жүктемісінің деңгейі қойылған кезде) ең аз электр қуаты ескерілмейді;
егер энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін жылу электр орталықтарының генерациялайтын қондырғыларының (олардың жылу жүктемесінің деңгейі қойылған кезде) ең аз электр қуатының тиісті жыл ішіндегі жоспарлы ең жоғары мәні осы энергия өндіруші ұйым өзі тұтынатын электр қуатының тиісті жыл ішіндегі ең жоғары мәнінен аспаса, осы көлем нөлге тең деп қабылданады;
4) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен -электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша, осы сауда-саттықтың нәтижелері бойынша қалыптасқан бағалар бойынша және көлемдерде жыл сайын 25 желтоқсанға дейін алдағы күнтізбелік жылға жүзеге асырады. Бұл ретте осы тармақшаға сәйкес аталған энергия өндіруші ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы барлық шарттардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемі осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын алдағы күнтізбелік жылға арналған электр қуатына болжамды сұраныстың көлемінің және осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес айқындалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемдерінің айырмасына тең болады.
Энергия өндіруші ұйымдардың сауда-саттығына жіберілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемі осы тармақшаға сәйкес айқындалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемінен аз болған жағдайларда бірыңғай сатып алушы жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша осы тармақшаға сәйкес айқындалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемінен аз жиынтық көлемінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды жасасады.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2. Бірыңғай сатып алушы осы баптың 3-1-тармағына сәйкес жасалатын шарттар бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ай сайын, бірақ осы қызмет берілген ай аяқталғаннан кейін қырық бес жұмыс күнінен кешіктірмей ақы төлейді.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Энергия өндіруші ұйымдар электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын жүйелік оператор аттестаттаудан өткізгеннен кейін жіберіледі.
Энергия өндіруші ұйымдар электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығында өткізуді аттестатталған электр қуатынан аспайтын көлемде:
1) экспортқа шығарылатын электр энергиясының электр қуатының ең жоғары көлемін;
2) тендерлік негізде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының көлемін;
3) өзінің тұтынуын шегере отырып, жүзеге асырады.
Электр қуатын кезектен тыс аттестаттаудан өткізу нәтижесінде энергия өндіруші ұйымның аттестатталған электр қуатының шамасы төмендеген жағдайда электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемі аттестатталған шамаға дейін төмендейді.
Энергия өндіруші ұйымдар мыналарды:
1) тендер негізінде пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын;
2) жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын;
3) экспорттың есепті жылдағы ең жоғары электр қуатын;
4) бөлшек сауда нарығының субъектілеріне берудің есепті жылдағы ең жоғары электр қуатын;
5) электр қуатының мынадай ең көп екі мәнін: өзі тұтынатын электр қуатының есепті жылдағы ең жоғары мәнін;
энергия өндіруші ұйымдардың құрамына кіретін жылу электр орталықтарының генерациялайтын қондырғыларының (олардың жылу жүктемесінің деңгейі қойылған кезде) ең аз электр қуатының есепті жылдағы ең жоғары мәнін шегеріп, бірыңғай сатып алушыға электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығында аттестатталған электр қуатынан аспайтын көлемде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті өткізуді жүзеге асырады.
Егер электр қуатын кезектен тыс аттестаттауды өткізу нәтижесінде энергия өндіруші ұйымның аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша бірыңғай сатып алушымен жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болған жағдайда, энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көрсетілген көлемі аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы жыл сайын қараша айының екінші онкүндігінде уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен алдағы күнтізбелік жылға электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастырады және өткiзедi.
Орталықтандырылған сауда нарығының операторы электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындыларын өтеусiз тiркеудi жүзеге асырады.
Орталықтандырылған сауда нарығының операторы шарттық негізде бірыңғай сатып алушыға және нарық субъектілеріне электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру мен өткізу бойынша қызмет көрсетеді.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Бірыңғай сатып алушы көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға және тұтынушыларға электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге жасалған шарттың негізінде электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуді жүзеге асырады.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8. Көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар бірыңғай сатып алушыға электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсететін қызметіне ай сайын, осы қызмет берілген ай ақталғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, бірыңғай сатып алушы есептейтін күнтізбелік жыл ішіндегі тіркелген баға бойынша ақы төлеуге міндетті.
Электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны бірыңғай сатып алушы жыл сайын алдағы күнтізбелік жылға есептейді.
Бірыңғай сатып алушы электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны алдағы күнтізбелік жылға есептеуді мыналардың:
1) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша қалыптасқан электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке орташа өлшемді бағаның;
2) бірыңғай сатып алушы пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендерлер жеңімпаздарымен, уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімді жасаған жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен, сондай-ақ құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасаған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы барлық шарттардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке орташа өлшемді бағаның;
3) көтерме сауда нарығы субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдардың және тұтынушылардың тұтынуға арналған болжамды өтінімдерінің;
4) электр қуатына алдағы және келесі күнтізбелік жылдарға болжамды сұраныстың негізінде жүзеге асырады.
Бірыңғай сатып алушы жыл сайын 1 желтоқсанға дейін өзінің интернет-ресурсында электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке алдағы күнтізбелік жылға арналған бағаны растайтын есептермен бірге орналастырады.
Бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеу және интернет-ресурста орналастыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Тұтынуға арналған тиісті болжамды өтінімде көрсетілген және болжамды сұранысқа енгізілген тұтынудың тиісті жылға ең жоғары электр қуаты электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шартта есепті жылға белгіленетін және көтерме сауда нарығы субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар төлейтін электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі болып табылады.
Электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шартта есепті жылға белгіленген электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін төмендету жағына қарай өзгертуге жол берілмейді.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт және электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарт уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін үлгілік шарттардың негізінде жасалады.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 15-4-баппен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
15-4-бап. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер
1. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) электр станцияларының негізгі генерациялайтын жабдығына қатысты ғана жасалады.