7. Кредиторлар жиналысының өтетiн күнi, уақыты мен орны туралы кредиторларды хабардар ету мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 9-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Банкроттың лауазымды адамдарынан құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды қабылдау міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 10-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің күші жойылған жағдайда, өкiлеттiктердi уақытша басқарушыдан банкроттықты басқарушыға немесе борышкерге беру кезінде құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың (борышкердің) мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа (борышкерге) тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 11-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Кредитордың және банкрот - дара кәсіпкердің, банкрот - заңды тұлға мүлкі меншiк иесiнiң (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшысының (қатысушысының) жазбаша сұрау салуы негiзiнде ақпарат беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
ескерту жасауға алып келеді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 12-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 14-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14. Құны банкроттықты басқарушы тағайындалғанға дейінгі мерзім ішінде елеулі төмендейтін мүлікті (жедел өткізуді қажет ететін тез бұзылатын тауарлар, мал және басқа да тауарлар) сатуды «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпті бұза отырып жүзеге асыру -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 15-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15. Осы баптың бiрiншi, екінші және он екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) -
алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 16-бөлікпен толықтырылды
16. Осы баптың үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші және он бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 17-бөлікпен толықтырылды
17. Осы баптың тоғызыншы, оныншы және он төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
178-бап. Жария сауда-саттықтар, аукциондар мен конкурстар өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзу
Мүлiктің меншік иесiне, сауда-саттықтарды немесе аукциондарды ұйымдастырушыға, сатып алушыға немесе өзге де шаруашылық жүргiзушi субъектiге iрi залал келтiрген, жария сауда-саттықтар, аукциондар немесе конкурстар өткiзудің белгіленген тәртiбiн бұзу -
бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы бапта жеке тұлғаға айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын сомаға келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомаға келтірілген залал - ірі залал деп танылады.
179-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын банкроттықты басқарушының бұзуы
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Түгендеу жүргiзу және (немесе) кредиторлар комитетіне түгендеу жөнiндегi есепті ұсыну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Банкроттың мүлкiн күзетудi және бақылауды қамтамасыз ету мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгiленген жағдайларды қоспағанда, банкрот алдында берешегi бар тұлғалардан берешектi сот тәртібімен өндiрiп алу туралы талаптар қою мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға банкроттық рәсiмiнiң жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпаратты беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Банкроттық рәсiмiнде кредиторлар жиналысы мен комитеті отырыстарының өтетін күнi, уақыты мен орны туралы кредиторды хабардар етпеу не тиiсiнше хабардар етпеу -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 7-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Банкроттың мүлкін сату жоспарын жасау немесе оны өткізуді жүзеге асыру жөніндегі міндетін орындамау немесе тиісінше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 8-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Борышкердің пайдасына ақша түскеннен кейiн кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асыру жөніндегі мiндетін орындамау не тиiсiнше орындамау, сол сияқты кредиторлармен есеп айырысуды кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың белгiленген тәртiбiн бұза отырып жүргiзу -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 9-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Әдейі банкроттық белгілерінің болуын көрсететін, қолда бар деректер туралы құқық қорғау органдарына хабарламау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 10-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Борышкердiң немесе ол уәкiлеттiк берген тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды бұза отырып жасаған мәмiлелерiн анықтау мiндеттерiн орындамау не тиiсiнше орындамау және оларды жарамсыз деп тану не мүлiктi сот тәртiбiмен банкроттың мүлiктiк массасына қайтару туралы талаптар қоймау -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 11-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Кредиторлар комитетінің шешімінсіз әкімшілік шығыстарды төлеу -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 12-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды банкроттықты басқарушы шеттетілген (босатылған) кезде - жаңадан тағайындалған банкроттықты басқарушыға, борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің күші жойылған кезде - борышкерге немесе оңалтуды басқарушыға, банкрот кәсіпорынды сату кезінде сатып алушыға беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Сотқа қорытынды есептi ұсынбау, уақтылы ұсынбау не Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн қорытынды есептi ұсыну -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 14-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
14. Сұратылатын ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
ескерту жасауға алып келеді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 15-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
15. Кредитордың жазбаша сұрау салуы негiзiнде банкроттық рәсiмдердiң жүзеге асырылу барысы, борышкердің қаржылық жағдайы туралы оған хабарламау не уақтылы хабарламау -
ескерту жасауға алып келеді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 16-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
16. Кредиторлар комитетiнiң шешiмi негiзiнде кредиторға талаптарды есепке жатқызу туралы уақтылы мәлiмдемеу -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 17-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
17. Мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан банкрот туралы, оған тиесiлi (тиесiлi болған) мүлiк туралы ақпаратты және растайтын құжаттардың көшiрмелерiн талап етіп алдыру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 18-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18. «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда адамдарды субсидиарлық жауаптылыққа тарту және сомаларды өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінбеу -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 19-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
19. Егер банкроттықты басқарушымен жасалған банкроттық рәсімін жүргізу туралы шартта өзгеше белгіленбесе, банкрот пен оның кредиторларының мүдделерiн қозғайтын сот актiсiнiң көшiрмесiн оның шағымдану мәселесiн қарау үшiн кредиторлар комитетiне ұсыну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 20-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20. Уақытша басқарушыдан немесе оңалтуды басқарушыдан құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды қабылдау міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 21-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
21. Банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға банкроттың банктік шоттарын жабу туралы өтінішті уақтылы жібермеу, банкроттың мөрін (болған кезде) жою -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 22-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 22-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22. Осы баптың төртінші, бесінші, он төртінші - он жетінші және он тоғызыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 23-бөлікпен толықтырылды; 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 23-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23. Осы баптың үшінші, жетінші, сегізінші, он бірінші, он екінші, он үшінші, жиырмасыншы және жиырма бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 24-бөлікпен толықтырылды
24. Осы баптың бірінші, екінші, оныншы және он сегізінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 25-бөлікпен толықтырылды
25. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
180-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын уақытша әкiмшiнiң бұзуы
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастыру үшiн оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарын мәлiмдеу тәртiбi туралы хабарландыруды оған жiберу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгiленген кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру тәртiбiн бұзу -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны сотқа ұсыну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 6-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Кредиторлардың талаптарын қарау және оларға қарау нәтижелерiн жеткiзу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 7-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Алғашқы кредиторлар жиналысының өтетін орны мен күнi туралы кредиторларға хабарлау мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бөлік өзгертілді
9. Осы баптың бірінші, алтыншы және жетінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 10-бөлікпен толықтырылды; 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 10-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
181-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын оңалтуды басқарушының бұзуы
1. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Борышкердiң мүлкiн басқаруға қабылдау және оның күзетілуі мен бақылануын қамтамасыз ету мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Оңалту жоспарының орындалуын қамтамасыз етпеу не тиісінше қамтамасыз етпеу -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бөлік өзгертілді
5. Оңалту рәсiмiнiң жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 6-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Оңалту рәсiмiнде кредиторлар жиналысы мен комитеті отырыстарының өтетiн күнi, уақыты мен орны туралы кредиторды хабардар етпеу не тиiсiнше хабардар етпеу -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 7-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, борышкердің мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (болған кезде), мөртабандарды, борышкерге тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды жаңадан тағайындалған оңалтуды басқарушыға немесе банкроттықты басқарушыға беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 8-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Оңалту рәсiмiнде кредиторлар жиналысының келiсімінсiз оңалту жоспарында көзделмеген кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс мәмiлелер жасау -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Сотқа қорытынды есептi ұсынбау, уақтылы ұсынбау не Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн қорытынды есептi ұсыну -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 11-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Кредитордың жазбаша сұрау салуы негiзiнде оған борышкер қызметiнiң жүзеге асырылу барысы, борышкердің қаржылық жағдайы туралы ақпаратты беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
ескерту жасауға алып келеді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 12-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Сұратылатын ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
ескерту жасауға алып келеді.
13. Оңалту жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы өтiнiшхатты сотқа жiберу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 12-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15. Кредиторлар комитеті мүшелерінің назарына борышкердің алдыңғы айдағы қаржылық жағдайы, жүргізілген мәмілелер туралы ақпаратты жеткізу жөніндегі, сондай-ақ кредиторлар комитетінің талап етуі бойынша ақпаратты беру жөніндегі міндеттерді орындамау не тиісінше орындамау-
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 16-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
16. Борышкердің немесе ол уәкiлеттiк берген тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды бұза отырып жасаған мәмiлелерін анықтау мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау және оларды жарамсыз деп тану не мүлiктi сот тәртiбiмен қайтару туралы талаптар қоймауы -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
17. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 18-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
18. Егер борышкердiң оңалту рәсiмiн қолданудан кейiн пайда болған, кредиторлық берешегiнiң жалпы сомасы оңалту рәсiмiн енгiзген кездегi кредиторлық берешектiң жалпы сомасының бес пайызынан асатын болса, кредиторлық берешектiң ұлғаюына әкеп соғатын мәмiлелердi кредиторлар жиналысының келісімінсіз жасау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бөлік өзгертілді
19. Осы баптың бесінші, алтыншы, он бірінші және он екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 20-бөлікпен толықтырылды; 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 20-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
20. Осы баптың жетінші, тоғызыншы және он бесінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 21-бөлікпен толықтырылды
21. Осы баптың үшінші, сегізінші, он үшінші және он алтыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 22-бөлікпен толықтырылды
22. Осы баптың төртінші және он сегізінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 182-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 182-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
182-бап. Әдейi банкроттық
Әдейі банкроттық, яғни құрылтайшының (қатысушының), лауазымды адамның, заңды тұлғаны басқару функциясын жүзеге асыратын тұлғаның, сол сияқты дара кәсіпкердің заңды тұлға немесе дара кәсіпкер банкрот деп танылғанға дейін үш жыл ішінде кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару мақсатында мүлікті иеліктен шығару немесе жасыру арқылы жеке мүддесі немесе өзге тұлғалардың мүдделері үшін жасалған әрекеттері, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса,-
жеке тұлғаға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш, заңды тұлғаға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
183-бап. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен 184-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
184-бап. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзу
1. Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ақпаратты уақтылы бермеу немесе бермеу, сол сияқты анық емес ақпарат беру -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган тексеру барысында анықтаған Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзушылықтарды бағалаушылар палатасының жоймауы -
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 185-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
185-бап. Кредиттік бюроның кредиттік тарих дерекқорынан алынған коммерциялық, банктік құпияны, кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты сақтау мiндеттерiн бұзу
Кредиттік бюроның кредиттік тарих дерекқорынан алынған коммерциялық, банктік құпияны қамтитын мәліметтерді, кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты сақтау мiндеттерiн кәсiптiк немесе қызметтiк жұмысына байланысты өзiне белгілі болған тұлғаның олардың иесiнiң келiсiмiнсiз бұзуы, егер осы әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
186-бап. Сақтандыру немесе зейнетақы жинақтарының құпиясын не микрокредит беру құпиясын сақтау мiндетiн бұзу
Кәсiптік немесе қызметтiк жұмысына байланысты сақтандыру немесе зейнетақы жинақтарының құпиясын немесе микрокредит беру құпиясын қамтитын мәлiметтер өзіне белгiлi болған тұлғаның олардың иесiнiң келiсiмiнсiз бұларды сақтау мiндетiн бұзуы -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
187-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасын бұзу
1. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристерге туристік қызметтер ұсыну қағидаларында көрсетілген, саяхаттың ерекшеліктері, саяхат жасаған кезде оларға тап болуы мүмкін қауіптер туралы мәліметтерді ұсынбау, уақтылы немесе толық ұсынбау не туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асырмауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристік қызмет көрсетуге жазбаша шарт жасаспай туристік қызметтерді көрсетуі -
лицензиясының қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.