4) 7-2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) жеке өзара іс-қимыл жасау бағдарламасын жасауға немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, үшінші тұлғалардан өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының көрсетілетін қызметін сатып алуға құқылы;
12-тармақтың 4) тармақшасының үшінші абзацы 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
10) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органға дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны анықталған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде осындай бұзушылық туралы хабарлайды.»;
5) 7-3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) жеке өзара іс-қимыл жасау бағдарламасын жасауға немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, үшінші тұлғалардан өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының көрсетілетін қызметін сатып алуға құқылы;
12-тармақтың 5) тармақшасының үшінші абзацы 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органға дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны анықталған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде осындай бұзушылық туралы хабарлайды.»;
12-тармақтың 6) тармақшасы 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
6) 7-4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органға дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны анықталған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде осындай бұзушылық туралы хабарлайды.»;
12-тармақтың 7) тармақшасы 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
7) 7-5-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органға дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны анықталған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде осындай бұзушылық туралы хабарлайды.»;
12-тармақтың 8) тармақшасы 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
8) 7-7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органға дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны анықталған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде осындай бұзушылық туралы хабарлайды.»;
9) 7-8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілері бойынша өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
7) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органға дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны анықталған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде осындай бұзушылық туралы хабарлайды.»;
10) 9-баптың бірінші бөлігінің 10) тармақшасы алып тасталсын;
11) 10-баптың 8) тармақшасы алып тасталсын;
12) 13-бапта:
бірінші абзацтағы «Оператор:» деген сөз «1. Оператор:» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың 12) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органнан алынған ақпарат негізінде дербес деректер субъектілерін дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны не дербес деректерді өңдеу туралы «электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне немесе олардың ұялы байланысының абоненттік нөміріне қысқаша мәтіндік хабар түрінде ақпарат жіберу арқылы хабардар етуді жүзеге асырады;»;
19) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
«2. Оператор өндіретін және (немесе) өткізетін, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді.»;
13) 14-баптың 1-тармағында:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мемлекеттік орган меншік иесі (иеленуші) және (немесе) тапсырыс беруші болып табылатын ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізеді;»;
мынадай мазмұндағы 21) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:
«21) «электрондық үкіметтің» бірыңғай репозиторийінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
22) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларына сәйкес, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің бастапқы кодтарынан құрастырылған орындалатын кодтардың өзгермеуіне талдау жүргізеді.»;
14) 34-баптың 8-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Көрсетілетін төлем және қаржы қызметтерін алған кезде жеке басты куәландыратын құжаттарды жеке тұлғалар жеке жүгінген кезде (олардың көзінше) цифрлық құжаттар сервисі арқылы қаржы және төлем ұйымдары пайдаланады және оларға ұсынылады.»;
15) 38-бапта:
2-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын;
2-1-тармақтың 2) тармақшасындағы «сәйкестігіне сынақтардың оң нәтижесі бар сынақтар актісінің» деген сөздер «сәйкестікке сынақтардың оң нәтижелері бар сынақтар хаттамаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 39-баптың 4-тармағының 5) тармақшасындағы «оң нәтижесі бар акті» деген сөздер «оң нәтижелері бар сынақтар хаттамалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 40-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануға қосу «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін тәжірибелік пайдалану дұрыс аяқталған, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың оң нәтижелері бар сынақтар хаттамалары болған жағдайда, техникалық құжаттама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануға қосуды оның меншік иесі немесе иеленушісі «электрондық үкіметтің» бірыңғай репозиторийінің жұмыс істеу қағидаларына сәйкес оған мемлекеттік техникалық қызмет берген «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің бастапқы кодтарынан құрастырылған орындалатын кодтарды пайдалану арқылы ғана жүзеге асырады.»;
18) 41-бапта:
2-тармақтағы «электрондық үкіметтің сервистік интеграторын» деген сөздер «операторды және мемлекеттік техникалық қызметті» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «бағдарламалық» деген сөз алып тасталсын;
19) 49-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ақпараттандыру объектілерінің (мемлекеттік орган меншік иесі (иеленуші) және (немесе) тапсырыс беруші болып табылатын ақпараттандыру объектілерін қоспағанда) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтарды осы Заңға және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес, аккредиттелген сынақ зертханалары жүргізеді.»;
20) 54-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің меншік иелері немесе иеленушілері:
1) Интернетке қолжетімділігі жоқ ақпараттандыру объектілерін қоспағанда, өзара іс-қимыл жасау бағдарламасына ақпараттандыру объектілерінің қосылуын;
2) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілері бойынша өзара іс-қимыл жасау бағдарламасында тіркелген анықталған осалдықтардың жойылуын;
3) Ақпараттық қауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығының немесе ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының көрсетілетін қызметіне қосылуды қамтамасыз ететін шараларды қабылдауға міндетті.»;
3-1-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын.
21) 60-бапта:
1-тармақ «есеп-қисаптарын» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы «Бюджеттік» деген сөз «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын қоспағанда, бюджеттік» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
13-баптың 14-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші бейрезиденттердің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін осы Заңда көзделген мақсаттар үшін жинауға құқылы.».
14. «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» 2023 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 9-бап мынадай мазмұндағы 4, 5, 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру уәкілетті органның шешімімен мынадай:
1) цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алу кезінде анық емес мәліметтер анықталған;
2) цифрлық майнер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтамаған;
3) уәкілетті органның жоспардан тыс тексеруінің нәтижелері бойынша бұзушылықтар белгіленген мерзімде жойылмаған;
4) цифрлық майнер уәкілетті органға мәліметтердің өзгергені туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде ұсынбаған;
5) цифрлық майнер уәкілетті органға өз еркімен жүгінген жағдайларда;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда, бір айдан алты айға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады.
5. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешімде цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұрудың себептері мен мерзімі көрсетілуге тиіс.
Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру цифрлық майнинг жөніндегі қызметтің тоқтата тұру кезеңінде жасалуына тыйым салуға алып келеді.
6. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын қайта бастау «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 3 және 7-тармақтарында белгіленген тәртіппен цифрлық майнердің жүгінуі бойынша жүзеге асырылады.
7. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыруды сот жүзеге асырады.»;
2) 10-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «сәйкестігіне сынақтардың оң нәтижесі бар сынақтар актісінің» деген сөздер «сәйкестікке сынақтардың оң нәтижелері бар сынақтар хаттамаларының» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң, 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 11-тармағының 4) тармақшасын, 12-тармағы 4) тармақшасының үшінші абзацын, 5) тармақшасының үшінші абзацын, 6), 7) және 8) тармақшаларын, 9) тармақшасының үшінші абзацын, 12) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 11 желтоқсан
№ 44-VIІІ ҚРЗ