5. Осы баптың 5-1 және 6-тармақтарында көрсетілгендерді өткізуден басқа, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды кейіннен өткізуге қосылған құн салығы салынуға тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар еркін айналыс үшін не ішкі тұтыну үшін шығарылған күннен бастап бес жыл ішінде осы бапта белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын тауарларға қосылған құн салығы Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып, төленуге жатады.
5-1. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды өткізуге олар Қазақстан Республикасының аумағына еркін айналыс үшін не ішкі тұтыну үшін шығарылған күннен бастап бес жыл өткен соң импортталатын тауарларға арналған қосылған құн салығы салынбайды.
Осы тармақтың ережесi өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждары үшiн 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзiмде әкелiнген, импорттау кезiнде қосылған құн салығы есепке жатқызу әдiсiмен төленген тауарларды 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейiн өткiзген кезде де қолданылады.
6. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды өткізу бойынша айналымдар қаржы лизингіне берілген кезде қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақтың ережесі 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімде өзінің өндірістік мұқтаждары үшін әкелінген, қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарлар қаржы лизингіне 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейін берілген кезде де қолданылады.
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 169-құжат; № 15-16, 224-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 73-құжат; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 21-22, 160-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 16, 98-құжат), 5-3-бабын қоспағанда;
3) «Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде өнімді бөлу жөніндегі келісімдер (келісім-шарттар) туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 54-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 49-1-баппен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 49-1-бап өзгертілді
49-1-бап. 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын мынадай тауарлар:»;
1) жабдықтар;
2) ауыл шаруашылығы техникасы;
3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамы;
4) тікұшақтар мен ұшақтар;
5) темір жол локомотивтері мен вагондар;
6) теңіз кемелері;
7) қосалқы бөлшектер;
8) пестицидтер (улы химикаттар);
9) асыл тұқымды малдың барлық түрлері мен қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтар;
10) тірі ірі қара мал бойынша осы бапта белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төленеді.
Аталған тауарлар тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін салық саясаты саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Бұл ретте осы тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін немесе Қазақстан Республикасының мұқтажын жаппайтын тауарлар енгізіледі.
Осы баптың ережелері мүлікті қаржы лизингіне беруден және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тізбеге енгізілген ауыл шарушылығы техникасының өндірісінде пайдаланылатын, осы баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген қосалқы бөлшектерден басқа, одан әрі өткізуге арналған тауарларды қоспағанда, қосылған құн салығын төлеуші әкелетін тауарларға қатысты қолданылады.
Қосылған құн салығын төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде салық органына:
1) қосылған құн салығы бойынша декларацияда осы бапта көрсетілген тауарлар импорты бойынша төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасын көрсету және көрсетілген тауарларды нысаналы пайдалану жөніндегі міндеттемені табыс етеді.
Міндеттеме уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша үш данада толтырылады;
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-20-бабының 3-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етеді.
Міндеттеме негізінде тауарларды әкелу акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді белгіленген тәртіппен төлеген жағдайда қосылған құн салығы іс жүзінде төленбей жүргізіледі.
Міндеттемеде көрсетілген қосылған құн салығының сомасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген және есепке жатқызылған қосылған құн салығы бойынша декларацияда бір мезгілде көрсетіледі.
Мүлікті қаржы лизингіне беруден басқа, осы бапта көрсетілген тауарларды кейіннен өткізуге қосылған құн салығы салынуға тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелген күннен бастап талап ету мерзімі ішінде осы бапта белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде тауарлар әкелу кезінде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұлдар есепке жазыла отырып, төленуге тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, осы бапта көрсетілген тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
Осы баптың ережелерi Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша импортталған тауарларға да, сыйақы есептелмей, лизинг шартында көзделген лизинг төлемінің сомасына келетін қосылған құн салығы сомасы бөлігінде қолданылады.
50-бап. 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
51-бап. 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
52-бап. 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
53-бап. 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
54-бап. 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
55-бап. 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
56-бап. 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 57-баппен толықтырылды; 2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 57-бап жаңа редакцияда
57-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 150-бабының 2-тармағы және 151-4-бабының 2-тармағы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
58-бап. 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
59-бап. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2012 ж. 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
60-бап. 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 61-баппен толықтырылды
61-бап. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 90-бабының 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымның кредитi (қарызы) бойынша талап ету құқықтарын - банктің басқаға берген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны мен банктің бастапқы құжаттарына сәйкес кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығын басқаға берген күнiне банктің борышкерден алуына жататын кредит (қарыз) бойынша талап ету құны арасындағы терiс айырма бөлiгiнде банк басқаға берген.».
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 62-баппен толықтырылды
62-бап. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 99-бабының 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Бас банктің күмәнді және үмітсіз актвитерін сатып алатын банктің еншілес ұйымының жылдық жиынтық табысынан Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін, мұндай ұйымның жылдық жиынтық табысына енгізілген және мұндай ұйымға күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын берген банкке аударылған табыстар алып тасталады.
Бұл ретте, алуға жататын табыстарды Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстарға жатқызу уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
Банктің жылдық жиынтық табысынан талап ету құқықтарын беруден түсетін, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтары мұндай ұйымға бұрын берілген ұйымнан сатып алуына байланысты алынған табыстар алып тасталады.».
63-бап. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 64-баппен толықтырылды
64-бап. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 115-бабы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы:
осы ұйымның Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес алған және мұндай ұйымға күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын берген банкке аударылған ақша түріндегі;
Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырумен байланысты емес шығыстарды шегерімге жатқызуға құқылы емес.».
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 65-баппен толықтырылды
65-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымға арналған корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандарында 2011-2018 жылдар ішіндегі салық кезеңдерінде мынадай:
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 135-2-бабының 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар жөніндегі;
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 135-2-бабының 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру мақсатында шеккен шығыстар жөніндегі ақпарат қамтылуға тиіс деп белгіленсін.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 66-баппен толықтырылды
66-бап. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексi (Салық кодексi) мынадай мазмұндағы 135-2-баппен толықтырылсын:
«135-2-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымға салық салу
1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымның табыстары, егер мұндай табыстар мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған жағдайда, салық салудан босатылуға жатады:
1) екінші деңгейдегі банктерден күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алу және оларды өткізу;
2) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның екінші деңгейдегі банктерден оларға қойылатын талап ету құқықтарын сатып алған заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы акцияларды және (немесе) қатысу үлестерін иелену және өткізу;
3) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын сатып алған екінші деңгейдегі банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды иеленуі және өткізуі;
4) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның заңды тұлғаларға талап ету құқықтарын екінші деңгейдегі банктерден сатып алу бойынша алынған мүлікті жалға беру немесе өтемін төлеп уақытша пайдаланудың өзге нысанында пайдалану;
5) ақшаны бағалы қағаздарға орналастыру.
Бұл ретте алынуға жататын табыстарды осы тармақта көрсетілген табыстарға жатқызу уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жатады. Бұл ретте екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйым осы бапқа сәйкес салық салудан босатылатын табыстар бойынша және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстар бойынша бөлек есеп жүргізуге міндетті.
3. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстарды алған кезде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйым шығыстарының шегерімге жатқызылатын сомасы мұндай ұйымның таңдауы бойынша барабар немесе бөлек әдіс бойынша айқындалады.
4. Шығыстардың жалпы сомасындағы шегерiмге жатқызылатын шығыстар сомасы барабар әдiс бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстардың үлес салмағы негiзге алына отырып, табыстардың жалпы сомасында айқындалады.
5. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйым бөлек әдiс бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстарға жатқызылатын шығыстар және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын табыстарға жатқызылатын шығыстар бойынша бөлек есеп жүргiзедi.».
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 67-баппен толықтырылды
67-бап. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 137-бабы мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы шеккен залалдары келесі салық салу кезеңдеріне көшірілмейді.».
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 68-баппен толықтырылды
68-бап. 2011 жылғы 1 шілдеден бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 143-бабының 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымға кредит (қарыз) бойынша төлейтін сыйақы төлем көзінен салық салынуға жатпайды.».
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 69-баппен толықтырылды
69-бап. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 143-бабының 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын, банктің еншілес ұйымына кредит (қарыз) бойынша төлейтін сыйақы төлем көзінен салық салынуға жатпайды.».
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 70-баппен толықтырылды
70-бап. 2011 жылғы 1 шілдеден бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 262-бабы мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, есепке жатқызудың барабар әдiсiн пайдаланатын ұйымның:
мұндай банктен күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша банктен алынған кепілдегі мүлікті (тауарды);
кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде банктің меншігіне өткен және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйым мұндай банктен күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша банктен алған мүлікті (тауарды) сатып алумен, иеленумен және (немесе) өткізумен байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке алудың бөлек әдiсiн қолдануға құқығы бар.
2-2. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын, есепке жатқызудың барабар әдiсiн пайдаланатын банктің еншілес ұйымының:
күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша бас банктен алынған кепілдегі мүлікті (тауарды);
кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен және бас банктен күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша банктің еншілес ұйымы алған мүлікті (тауарды) сатып алумен, иеленумен және (немесе) өткізумен байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке алудың бөлек әдiсiн қолдануға құқығы бар.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 71-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
71-бап. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 193-бабының 5-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғалар бір мезгілде мынадай:
дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеушінің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
дивидендтер төлейтін жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның дивидендтерді есепке жазу күнінің алдындағы 12 айдың ішінде көрсетілген кезеңде өзінің өндірістік қуаттарында өндірген минералдық шикізаттың кемінде 35 пайызын қайта өңдеуді (бастапқы өңдеуден кейін) жүзеге асыруы шарттары орындалған кездегі төлейтін дивидендтер салық салынуға жатпайды.
Осы тармақшаның ережелері резидент заңды тұлғадан:
акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын, бірақ аудит растаған қаржылық есептілікке сәйкес соңғы есептілік күніне бөлінбеген пайданың 30 пайызынан аспайтын кіріс;
заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірістің бір бөлігі;
құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың салым мөлшерін пропорционалды азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғадағы қатысу үлесін алып қойған кезінде мүлікті бөлуден түсетін кіріс түрінде алынған дивидендтерге ғана қолданылады.
Кейіннен қайта өңдеуге бағытталған минералдық шикізаттың көлемін айқындаған кезде:
1) минералдық шикізатты бастапқы қайта өңдеуден кейінгі кез келген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өндіруге тікелей бағытталған;
2) бастапқы қайта өңдеу өнімін кейінгі қайта бөлуде одан әрі пайдалану мақсатында өндіруде пайдаланылған минералдық шикізат ескеріледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2008 жылғы желтоқсанның 10-ы.
№ 100-ІV ҚРЗ