4. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салу, жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырма:
1) талап етілетін іс-шаралардың орындалу мерзімінің көрсетілуін;
2) сұрау салуда көрсетілген іс-шараларды белгіленген тәртіппен жүргізу туралы өтінішхатты;
3) сұрау салушы Тарап органдары өкілдерінің сұрау салуда көрсетілген іс-шаралардың орындалуы кезінде қатысуға, сондай-ақ егер бұл Тараптардың заңнамасына қайшы келмесе, олардың орындалуына қатысуға мүмкіндік беру туралы өтінішхатты;
4) сұрау салуды, тапсырманы орындауға байланысты өзге де өтінішхаттарды да қамтуы мүмкін.
5. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салуға, жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмаға сұрау салушы органның басшысы немесе оның орынбасары қол қояды. Сұрау салуға, тапсырмаға сұрау салу, тапсырма мәтінінде сілтеме жасалған құжаттардың қолда бар көшірмелері, олардың тиісінше орындалуына қажетті өзге де құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.
6. Тараптардың органдары процестік құжаттарды пошта арқылы басқа Тараптың аумағындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушыларға тікелей жөнелтуі мүмкін.
7. Қосымша мәліметтер алу, алдыңғы сұрау салуды немесе тапсырманы орындау шеңберінде алынған ақпаратты нақтылау қажет болған кезде, ақпараттар мен құжаттарды беру туралы сұрау салуды, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырманы қайталап жіберуге жол беріледі.
882-бап. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салуларды және жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмаларды орындау тәртібі
1. Сот, орган (лауазымды адам) өздеріне белгіленген тәртіппен берілген, шет мемлекеттердің тиісті мекемелері мен лауазымды адамдарының процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмаларын осы Кодекстің жалпы қағидалары бойынша орындайды.
2. Тапсырманы орындау кезінде, егер бұл Қазақстан Республикасының сол мемлекетпен халықаралық шартында көзделсе, шет мемлекеттің процестік нормалары қолданылуы мүмкін.
3. Халықаралық шартта көзделген жағдайларда тапсырманы орындау кезінде басқа мемлекеттің құзыретті мекемесінің өкілі қатыса алады.
4. Егер сұрау салуды (тапсырманы) орындау мүмкін болмаса, оны орындауға кедергі келтірген себептер көрсетіле отырып, алынған құжаттар тапсырма берген шетелдік мекемеге қайтарылады. Егер тапсырманың орындалуы Қазақстан Республикасының егемендігіне немесе қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін болса не заңнамасына қайшы келсе, ол қайтарылады.
5-бөлiм. Әкімшілік жазалар қолдану туралы қаулыларды орындау
51-тарау. Негізгі ережелер
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 883-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
883-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың заңды күшiне енуi
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама:
1) егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым берiлмесе немесе наразылық білдірілмесе, оларға шағым беру үшiн белгiленген мерзiм өткеннен кейiн;
2) шағым, наразылық бойынша қаулы, сондай-ақ осы Кодекстің 839-бабында көзделген жағдайда қаулы шығарылғаннан кейiн дереу;
3) осы Кодекстің 811-бабы екінші бөлігінің бірінші абзацында көзделген жағдайда дереу;
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) осы Кодекстің 744 және 745-баптарында көзделген, өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның және жәбірленушінің жазбаша өтінішхаты бойынша дереу;
4) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы қаулы жария етілгеннен кейін заңды күшiне енедi.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 884-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
884-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың мiндеттiлiгi
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама барлық мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, лауазымды адамдардың, жеке тұлғалардың және олардың бiрлестiктерiнiң, заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама заңды күшiне енген кезінен бастап орындалуға жатады.
3. Арнайы құқықтан айыру және әкімшілік қамаққа алу түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығарылған кезінен бастап орындалуға жатады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 885-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
885-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындауға енгізу
Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындауға енгізу қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) немесе нұсқаманы ресімдеген органға жүктеледi. Қаулы оны орындатуға уәкiлеттiк берілген органға (лауазымды адамға) ол заңды күшiне енген күннен бастап бiр тәулiк iшiнде жiберiледi. Арнайы құқықтан айыру түрiндегі әкiмшiлiк жазаны қолдану туралы қаулы шығарылғаннан кейiн оны орындатуға уәкiлеттiк берілген органдарға дереу жiберiледi.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 886-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
886-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындауға келтіру
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы уәкілетті органдар осы Кодексте белгiленген тәртiппен орындауға келтіреді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Бір адамға қатысты бірнеше әкiмшiлiк жазалар қолдану туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама шығарылған жағдайда, әрбір қаулы, нұсқама дербес орындауға келтіріледі.
3. Тұлғаның әкiмшiлiк жазадан жалтаруы, бұл жазаны заңнамаға сәйкес мәжбүрлеу тәртiбiмен орындауға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 887-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
887-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындауға байланысты мәселелердi шешу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығарған органға (лауазымды адамға) немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ресімдеген органға осы қаулыны, нұсқаманы орындауға байланысты мәселелердi шешу және оның орындалуын бақылау жүктеледi.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуын кейiнге қалдыру, мерзімін ұзарту, тоқтата тұру немесе тоқтату туралы, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамға салынған айыппұлды оның ата-анасынан немесе оларды алмастыратын адамдардан өндiрiп алу туралы мәселелердi қаулы шығарған, нұсқаманы ресімдеген судья, орган (лауазымды адам) тиiстi мәселенi шешу үшiн негiз пайда болған күннен бастап үш күндік мерзiмде қарайды.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетілген мәселелердiң шешiлуiне мүдделi тұлғаларға олардың қаралатын орны мен уақыты туралы хабарланады. Бұл ретте, мүдделi тұлғалардың дәлелсіз себептермен келмеуі тиiстi мәселелердi шешу үшiн кедергi болып табылмайды. Әкiмшiлiк қамаққа алуды өтеуден жалтару туралы мәселенi қарау кезiнде әкiмшiлiк қамаққа алынған адамның қатысуы мiндеттi болып табылады.
4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетілген мәселелер бойынша шешiм қаулы түрiнде қабылданады.
5. Қаулының көшiрмесi өзіне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, сондай-ақ өзінің өтiнiшi бойынша жәбiрленушiге қолхатпен дереу тапсырылады. Аталған тұлғалар болмаған жағдайда қаулының көшiрмесi ол шығарылған күннен бастап үш күн iшiнде жiберiледi, бұл жөнінде iсте тиiстi жазба жүргізіледі.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 888-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 888-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
888-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуын кейiнге қалдыру және мерзімін ұзарту
Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың, әкімшілік қамаққа алу, арнайы құқықтан айыру немесе айыппұл түрінде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының заңда белгiленген мерзiмдерде орындалуы мүмкiн болмайтын мән-жайлар болған кезде, қаулы шығарған судья, орган (лауазымды адам) немесе нұсқаманы ресімдеген орган өзiне қатысты қаулы шығарылған, нұсқама ресімделген адамның арызы бойынша қаулының, нұсқаманың орындалуын бiр айға дейiнгi мерзiмге кейiнге қалдыра алады. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адамның материалдық жағдайын ескере отырып, қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) немесе нұсқаманы ресімдеген орган айыппұл төлеудi үш айға дейiнгi мерзiмге ұзартуы мүмкін.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 889-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
889-бап. Әкiмшiлiк жазаны орындаудан босату
Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ресімдеген орган:
1) әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi жойылған;
2) осы Кодекстің 8-бабының екінші бөлігінде көзделген;
3) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адам қайтыс болған немесе заңда белгiленген тәртiппен ол қайтыс болған деп жарияланған;
4) осы Кодекстің 890-бабында белгіленген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындаудың ескіру мерзімі өткен;
5) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда қаулының, нұсқаманың орындалуын тоқтатады және әкiмшiлiк жазадан босатады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 890-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
890-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындаудың ескіруі
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда
1. Егер әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама - заңды күшіне енген күнінен бастап бір жыл ішінде, ал салық салу және Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар үшін заңды күшіне енген күнінен бастап бес жыл ішінде орындалмаса, ол орындалуға жатпайды.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодекстiң 834-бабына сәйкес қаулының орындалуы тоқтатыла тұрған жағдайда, ескіру мерзiмінiң өтуi шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы қаралғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
3. Егер әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлға оны орындаудан жалтарса, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген ескіру мерзiмінiң өтуiне үзiліс жасалады. Бұл жағдайда ескіру мерзiмінің өтуін есептеу осы тұлға табылған күннен бастап қайта жалғасады.
4. Осы Кодекстiң 888-бабына сәйкес қаулыны орындау кейiнге қалдырылған жағдайда, ескіру мерзiмінiң өтуi кейiнге қалдыру мерзiмi бiткенге дейiн тоқтатыла тұрады, ал қаулыны орындау ұзартылған кезде ескіру мерзiмінiң өтуi ұзарту мерзіміне ұзартылады.
891-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау бойынша іс жүргізуді аяқтау
1. Жаза толық жүргізілген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны жүргізілген жаза туралы белгі соғып, қаулыны орындаған орган қаулы шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) қайтарады.
2. Орындау жүргізілмеген немесе орындау толық жүргізілмеген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыны шығарған, хаттама жасаған органға (лауазымды адамға) қайтарылады.
52-тарау. Әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін орындау тәртібі
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 892-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
892-бап. Ескерту жасау түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау
Ескерту түрiндегi әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны осы Кодекстiң 823-бабына сәйкес қаулының көшiрмесiн тапсыру немесе жiберу жолымен қаулы шығарған судья, орган (лауазымды адам) орындайды.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 893-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
893-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы өз еркімен орындау
1. Айыппұлды әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұл салу туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс.
Айыппұл осы Кодекстiң 888-бабында көзделгендей кейiнге қалдырылған жағдайда, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлға оны кейінге қалдыру мерзімі өткен күннен бастап төлеуге тиiс.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұлды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджетке жеке тұлға енгізеді немесе заңды тұлға аударады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 894-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
894-бап. Жеке тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына және адвокатқа айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы мәжбүрлеп орындату
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Айыппұл салу туралы қаулыны немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) жауаптылыққа тартылған тұлғаның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен айыппұл сомасын мәжбүрлеу тәртiбiмен ұстап қалу үшiн ол жұмыс iстейтiн не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымның әкiмшiлiгiне жiбередi. Айыппұлды ұстап қалу алты айдан аспайтын мерзiмде жүргізіледі. Айыппұлды өндiрiп алу кезектілігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
2. Жауаптылыққа тартылған адам жұмыстан босатылған не оның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен айыппұл өндіріп алу мүмкiн болмаған жағдайларда, ұйымның әкiмшiлiгi жұмыстан босатылған немесе өндіріп алуға мүмкiндік бермеуге әкеп соғатын оқиға басталған күннен бастап он күндік мерзiмде, айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жауаптылыққа тартылған адамның жаңа жұмыс орнын (егер ол белгiлi болса), өндiрiп алуға мүмкіндік бермеген себептердi көрсетiп, сондай-ақ жүргiзiлген ұстап қалулар (егер мұндай жүргiзiлсе) туралы белгi соғып, қаулы шығарған сотқа, органға (лауазымды адамға) қайтарады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Егер айыппұл салынған жеке тұлға жұмыс iстемейтін болса немесе басқа да себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзге де табыстарынан өндiрiп алу мүмкiн болмаса, қаулыны шығарған сот, уәкілетті орган айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындату үшiн сот орындаушысына жiбередi.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға қатысты салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік кіріс органдары орындайды.
895-бап. Заңды тұлғаға айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Айыппұл салу туралы қаулыны сот, уәкiлеттi орган (лауазымды адам) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында, Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері, атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен заңды тұлғаның банктік шотынан ақшаны оның келiсiмінсiз алып қою үшiн сот орындаушысына жiбередi.
Мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік кіріс органдары орындайды.
2. Банк немесе банк операцияларының өзге түрлерін жүзеге асыратын ұйым айыппұл сомасын белгіленген тәртіппен бюджетке аударуға міндетті.
3. Заңды тұлғаның шоттарында ақша болмаған жағдайда, сот орындаушысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес борышкерге тиесілі басқа мүліктен өндіріп алуды қолданады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 896-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
896-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы мәжбүрлеп орындатуға жіберу тәртібі
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда
1. Айыппұл салу туралы қаулы немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сот орындаушыларына, жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына айыппұл салу туралы қаулыны немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ерікті түрде орындау мерзімі өткеннен кейін он күн ішінде жіберіледі.
Айыппұл салу туралы қаулы немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама судьяның, уәкілетті органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында мәжбүрлеп орындатуға жіберілуі мүмкін.
Айыппұл салу туралы қаулы немесе айыппұл төлеу қажеттiгi туралы нұсқама мемлекеттік сот орындаушыларына және жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына жіберілген кезде оған айыппұл сомасының мемлекет кірісіне түспегені туралы мәліметтер қоса беріледі.
2. Осы Кодекстің талаптары бұзыла отырып, мәжбүрлеп орындатуға жіберілген айыппұл салу туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама әкімшілік жазаны қолданған мемлекеттік органға қайтарылуға жатады.
3. Айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы әкімшілік жаза қолданған органға қайтару, олардың кемшіліктерін жоя отырып, мәжбүрлеп орындатуға қайта жіберу үшін кедергі болмайды.
897-бап. Әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін орындау тәртібі
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органы жіберген (табыс еткен), мемлекеттік кіріс органына келу туралы алынған хабарлама және (немесе) хабардар ету негізінде құқық бұзушылықты жасау фактісін мойындаған және айыппұлды төлеумен келіскен тұлға хабарлама немесе хабардар ету алынған (табыс етілген) күннен кейінгі күннен бастап он тәулік ішінде осы Кодекстің Ерекше бөлігі бабының санкциясында көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-1-бөлікпен толықтырылды
1-1. Әкімшілік айыппұл мөлшерін қысқарту бөлігінде осы баптың бірінші бөлігінің ережесі осы Кодекстің 91 (алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 92 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 92-1, 266, 275 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 278 (екінші және үшінші бөліктерінде), 279 (бірінші бөлігінде), 280, 282 (бесінші бөлігінде), 537, 551-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарға қолданылмайды.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар олардың берілген күні, жаза қолданған лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты-жөні туралы мәліметтерді, әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға, осы Кодекстің осы құқық бұзушылық үшін жауаптылықты көздейтін бабы, әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалу уақыты мен орны, әкімшілік айыппұл сомасы, айыппұлды төлеу үшін деректемелер туралы мәліметтерді де қамтиды.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
898-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны орындау бойынша iс жүргiзудi аяқтау
Айыппұл толық өндіріп алынған айыппұл салу туралы қаулы орындалғаны туралы белгi соғылып, қаулы шығарған органға (лауазымды адамға) қайтарылады.
899-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған нәрсені, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған мүлікті тәркілеу туралы қаулыны орындау
1. Судьяның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған нәрсені, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған мүлікті, оның ішінде кірістерді (дивидендтерді), ақша мен бағалы қағаздарды тәркілеу туралы қаулысын заңнамада көзделген тәртіппен - сот орындаушысы, ал қаруды, оқ-дәрiлерді, арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнаулы техникалық құралдар мен ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарын және есірткі заттарын тәркілеу туралы қаулысын iшкi iстер органы орындайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған тәркіленген нәрсені өткізу немесе одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргiзiледi.
900-бап. Арнайы құқықтан айыру туралы қаулыны орындайтын органдар
1. Тракторларды, өздiгiнен жүретiн машиналар мен техниканың басқа да түрлерiн қоспағанда, көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру туралы судьяның қаулысын iшкi iстер органдарының лауазымды адамдары орындайды.
2. Тракторды, өздiгiнен жүретiн машинаны немесе техниканың басқа да түрлерiн басқару құқығынан айыру туралы судьяның қаулысын өздiгiнен жүретiн машиналар мен техниканың басқа да түрлерiнiң техникалық жай-күйiне мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
3. Кемелердi, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердi басқару құқығынан айыру туралы судьяның қаулысын кемелердi, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердi пайдалану қағидаларының сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
4. 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Аң аулау құқығынан айыру туралы судьяның қаулысын аң аулау қағидаларының сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
6. Қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы соттың қаулысын iшкi iстер органдарының лауазымды адамдары орындайды.
901-бап. Арнайы құқықтан айыру туралы қаулыны орындау тәртiбi
1. Көлiк құралдарын, кемелердi немесе техниканың өзге де түрлерiн басқару құқығынан айыру туралы қаулыны орындау, егер жүргiзушi, кеме жүргiзушiсi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) көлiк құралдарының, кемелердiң (оның iшiнде шағын көлемдi кемелердiң) және басқа да техниканың барлық түрлерiн басқару құқығынан айырылған болса, тиiстi жүргiзушi куәлiгiн, кемелердi, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердi басқару құқығына куәлiктi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiн алып қою арқылы жүргiзiледi.
2. Егер жүргiзушi, кеме жүргiзушiсi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) көлiк құралдарының, кемелердiң, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердiң немесе өзге де техниканың барлық түрлерiн басқару құқығынан айырылмаған болса, онда жүргiзушi куәлiгiнде, шағын көлемдi кеменi басқару құқығына куәлiкте немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiнде олардың көлiк құралдарының, шағын көлемдi кемелердiң, өздiгiнен жүретiн құрылғылардың қандай түрлерiн басқару құқығынан айырылғаны туралы атап көрсетіледі.