3. Дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзатты тыйым салынған немесе орман билетiмен ғана жол берілген учаскелерде заңсыз жинау -
ескерту жасауға немесе жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бөлік өзгертілді
4. Осы баптың бiрiншi, екінші және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған әрекеттер -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
371-бап. Ағашы кесiлген жерлерге және орманды қалпына келтiру мен орман өсiруге арналған орман қорының басқа да санаттағы жерлеріне ағаш отырғызудың тәртiбiн және мерзiмдерiн бұзу
Ағашы кесiлген жерлерге және орманды қалпына келтiру мен орман өсiруге арналған орман қорының басқа да санаттағы жерлеріне ағаш отырғызудың тәртiбiн және мерзiмдерiн бұзу -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
372-бап. Орман фаунасын жою немесе бүлдіру, сондай-ақ орманды қалдықтармен, химиялық заттармен бүлдiру, ластау және орман қорының жерлерiне өзге де залал келтiру
2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Орман фаунасын жою немесе бүлдіру -
жеке тұлғаларға - сегіз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Орманның қурап қалуына немесе ауруына не ластануына әкеп соғатын сарқынды сулармен, химиялық заттармен, өнеркәсiптiк және тұрмыстық шығарындылармен, қалдықтармен және төгiндiлермен орманды бүлдiру -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Орман қоры жерлерiндегi орман құрғататын жыраларды, дренаж жүйелерi мен жолдарды жою немесе бүлдiру -
жеке тұлғаларға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың бiрiншi, екінші және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жетпіс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
373-бап. Орман пайдалануды рұқсаттама құжаттарында көзделген мақсаттарға немесе талаптарға сәйкес келмейтiн ретпен жүзеге асыру
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Орман пайдалануды рұқсаттама құжаттарында көзделген мақсаттарға немесе талаптарға сәйкес келмейтiн ретпен жүзеге асыру -
жеке тұлғаларға - үш, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол әрекет -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
374-бап. Ормандардың жай-күйiне және оларды молықтыруға зиянды ықпал етуге әкеп соққан объектiлерді салу және пайдалану
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Ормандардың жай-күйiне және оларды молықтыруға зиянды ықпал етуге әкеп соққан объектiлерді салу және пайдалану -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол әрекеттер -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
375-бап. Кеспеағаш аймағын бөлудің және таксациялаудың белгiленген тәртiбiн бұзу
Кеспеағаш аймағын бөлудің және таксациялаудың тәртiбiн бұзу -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
376-бап. Сүректi есептiк кеспеағаштан асып кететін мөлшерде дайындауға жол беру
Сүректi есептiк кеспеағаштан асып кететін мөлшерде дайындауға жол беру -
лауазымды адамдарға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 377-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
377-бап. Пестицидтерді, улы химикаттарды және басқа да препараттарды заңсыз тасымалдау, сақтау және қолдану
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Кодекстің 416-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қоршаған ортаны ластауға не жануарлар дүниесіне залал келтіруге алып келген немесе алып келуі мүмкін болған пестицидтерді, улы химикаттарды және басқа да препараттарды заңсыз тасымалдау, сақтау және қолдану -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол әрекеттер -
жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 378-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
378-бап. Өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың мекендеу ортасын қорғау қағидаларын, зоологиялық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларын бұзу, сол сияқты жануарлар түрлерін заңсыз қоныс аударту, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың мекендеу ортасын қорғау қағидаларын, жануарлардың көбею жағдайларын, өріс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын, зоологиялық және ботаникалық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бұзу, сол сияқты жануарлар түрлерін заңсыз қоныс аударту, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - сегіз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он төрт, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол іс-әрекеттер -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
379-бап. Елдi мекендердi, кәсiпорындарды және басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және салу, өндiрiстік процестерді жүзеге асыру және көлiк құралдарын пайдалану, өсiмдiктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды қолдану кезiнде өсiмдiктер мен жануарларды қорғау іс-шараларын бұзу
Осы Кодекстің 416-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, елді мекендерді, кәсiпорындарды және басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және салу, өндiрiстік процестерді жүзеге асыру және көлiк құралдарын пайдалану, өсiмдiктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды қолдану кезiнде өсiмдiктер мен жануарларды қорғау іс-шараларын бұзу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - сегіз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он төрт, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен 380-бап өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
380-бап. Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерiнде болу тәртiбiн бұзу
Жеке тұлғалардың мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттiк табиғи резерваттардың, мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің аумақтарына арнайы рұқсатсыз және бару үшiн белгiленген орындардан тыс жерлерде болуы -
ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен 380-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
380-1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету режимін бұзу
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету режимін бұзу, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 381-бап өзгертілді
381-бап. Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектiлердi бүлдіру немесе жою
Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектiлердi: артықшылығы бар ағаштарды, артықшылығы бар ағаштардың мұрағаттық клондарын, географиялық дақылдарды, популяциялар мен будандардың сынақ дақылдарын, орман тұқымы плантацияларындағы ағаштар мен бұталарды, тұрақты орман тұқымы учаскелеріндегі ағаштар мен бұталарды, артықшылығы бар екпелердегі ағаштар мен бұталарды бүлдіру немесе жою -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 381-1-баппен толықтырылды
381-1-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Үй маңындағы, саяжай мен бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталардан басқа, елу айлық есептік көрсеткішке дейін залал келтіре отырып, орман қорына кірмейтін және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау, сол сияқты орман дақылдарын, орман питомниктері мен плантацияларындағы егілген не отырғызылған көшеттерді, сондай-ақ ормандарды молықтыру және орман өсіруге арналған алаңдарда өзі өсіп шыққан шыбықтарды, өскіндерді не қолдан отырғызылған екпелерді жою немесе зақымдау -
заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, көрсетілген бұзушылықтарды жасау құралы болған бұзушының көлік құралдары және өзге де заттары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Елу айлық есептік көрсеткішке дейін залал келтіре отырып, орман қорына кіретін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау -
заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, көрсетілген бұзушылықтарды жасау құралы болған бұзушының көлік құралдары және өзге де заттары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда немесе әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, көрсетілген бұзушылықтарды жасау құралы болған бұзушының көлік құралдары және өзге де заттары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - бір жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - төрт жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
382-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу
2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ, жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және (немесе) аң аулау қағидаларын бұзу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол бұзушылық -
жануарларды аулау құралдары, көлiк құралдары және көрсетілген бұзушылықты жасау құралы болған өзге де заттар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не аң аулау құқығынан екi жылға дейiнгi мерзiмге айыруға әкеп соғады.
2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған іс-әрекет-
әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не аң аулау құқығынан екi жылға дейiнгi мерзiмге айыруға әкеп соғады.
383-бап. Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу
1. Балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ бұзушылық -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ өрескел бұзу -
әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Балықтың су тарту құрылыстарына түсуінен қорғау үшін арнайы бейімделген құрылғыларды орнатпай, балық шаруашылығының су айдындарынан су тарту -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
384-бап. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманың талаптарын бұзу
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманың талаптарын:
1) белгіленген нормативтерден асып түсетін зиянды заттарды тастауға жол беру;
2) жаңа және реконструкцияланатын объектілерді судың зиянды әсерін, ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етпеу;
3) тазарту құрылыстары мен санитариялық-қорғау аймақтары жоқ мал шаруашылығы фермаларын және басқа да өндірістік кешендерді пайдалану;
4) мұнай, химиялық және басқа да өнімдерді тасымалдайтын және сақтайтын құрылыстар мен құрылғыларды судың ластануын болғызбайтын құралдармен жабдықтамай, оларды пайдалану;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) су объектілерінің су қорғау белдеулерінде пестицидтерді, тыңайтқыштарды қолдану;
6) су объектілеріне радиоактивті және уытты заттарды тастау және көму;
7) тазарту құрылыстары жоқ және нормативтерге сәйкес тиімді тазартуды қамтамасыз етпейтін өнеркәсіп, тамақ объектілерінің сарқынды суларын су объектілеріне ағызу;
8) су объектілерінде және су шаруашылығы құрылыстарында қоршаған ортаға қатер төндіретін техника мен технологияларды қолдану;
9) су объектілеріне қатты, өндірістік, тұрмыстық және басқа да қалдықтарды тастау және оларда көму;
10) су объектілерінің су жинау алаңдарын, су объектілерінің мұз қабатын, мұздықтарды қатты, өндірістік, тұрмыстық және шайылу кезінде жерүсті су объектілерінің сапасын нашарлатуға әкеп соғатын басқа да қалдықтармен қоқыстау түрінде жасалған бұзушылық, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
385-бап. Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын:
1) аңшылық алқаптарда болуды заңсыз шектеу;
2) аң аулаудың тыйым салынған түрлерін, тәсілдерін және мерзімдерін қолдану;
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесін қорғауды, молайтуды және пайдалануды ұйымдастыруды қамтамасыз етпеу түрінде жасалған бұзушылық, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - үш, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде үш және одан да көп рет қайталап жасалған әрекет, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не аңшылық шаруашылық жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 386-бап өзгертілді
386-бап. Жасыл екпелерді күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу
Осы Кодекстің 381-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары белгілейтін жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
387-бап. Ағаш кесілген жерлерді кесілген ағаш қалдықтарынан уақтылы тазартпау, орман соқпақтары мен кеспеағаш аймағына іргелес аумақтарды қоқыстау
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Ағаш кесілген жерлерді кесілген ағаш қалдықтарынан уақтылы тазартпау, орман соқпақтары мен кеспеағаш аймағына іргелес аумақтарды қоқыстау -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он екі, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді