тиісті түрде есепке алынбаған соманың бес пайызына дейінгі, бірақ бір жүзден кем емес және төрт мыңнан аспайтын айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 5-бөлікпен толықтырылды
5. Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымдарының және (немесе) бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйымдардың уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзінің қызметі туралы есептілікті ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы -
заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен ескертпемен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен ескертпе өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Ескертпе. Осы баптың бірінші, екінші және төртінші бөліктерінің мақсаттары үшін қаржылық есептілікті, бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілікті бұрмалау деп бір жүз айлық есептік көрсеткіштен астам сомаға бұрмалау танылады.
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 239-1-баппен толықтырылды
239-1-бап. Бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйымдардың емтихан өткізу тәртібін бұзуы
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін емтихан модульдері бойынша емтихан өткізуі, -
жетпіс бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, аккредиттеу туралы куәліктен айыруға әкеп соғады.
240-бап. Бухгалтерлiк ақпараттың құпиясын жария ету
Коммерциялық құпияны құрайтын бухгалтерлiк ақпаратты оған қолжетімділігі бар тұлғалардың iрi залал келтiрмей жария етуi -
бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
241-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында белгiленген аккредиттеу қағидаларын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында белгiленген аккредиттеу қағидаларын бұзу -
заңды тұлғаға ескерту жасауға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы бапта көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
заңды тұлғаға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
242-бап. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 243-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
243-бап. Шетелдік қаржылық емес ұйымдар филиалдарының (өкілдіктерінің) валюталық операцияларды мониторингтеу мақсаттары үшін есептерді ұсыну тәртібін бұзуы
1. Шетелдік қаржылық емес ұйым филиалының (өкілдігінің) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, Қазақстан Республикасының резиденттерімен және Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен жасалған операциялар туралы есепті ұсыну мерзімін бұзуы -
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Шетелдік қаржылық емес ұйым филиалының (өкілдігінің) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, Қазақстан Республикасының резиденттерімен және Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен жасалған операциялар туралы толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы -
ескерту жасауға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 244-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
244-бап. Валюталық шарт немесе шетелдік банктегі шот үшін есептік нөмірді алу және олар бойынша ақпаратты, құжаттар мен есептерді ұсыну тәртібін бұзу
1. Жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, валюталық шартқа немесе шетелдік банктегі шотқа есептік нөмір беруге өтініш жасау мерзімін бұзуы -
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау мерзімдеріне және (немесе) шарттарына әсер ететін міндеттемелердің және (немесе) мән-жайдың туындауын, орындалуын және тоқтатылуын растайтын ақпаратты және (немесе) құжаттарды ұсыну мерзімін бұзуы -
ескерту жасауға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, оның негізінде және (немесе) оны орындау үшін капитал қозғалысының операциялары жүргізілетін, есептік нөмір берілген валюталық шарт немесе шетелдік банктегі шот бойынша есепті ұсыну мерзімін бұзуы -
ескерту жасауға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, өздерінің негізінде және (немесе) өздерін орындау үшін капитал қозғалысының операциялары жүргізілетін, есептік нөмір берілген валюталық шарт немесе шетелдік банктегі шот бойынша толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы -
ескерту жасауға алып келеді.
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 245-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
245-бап. Аудитордың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының бұзылу фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс берушiлерден жасыруы
Аудитордың тексеру жүргiзу кезiнде анықталған Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының бұзылу фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс берушiлерден жасыруы -
«аудитор» бiлiктiлiк куәлiгiнен айыра отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 246-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
246-бап. Аудитордың және аудиторлық ұйымның анық емес аудиторлық есеп, сондай-ақ анық емес аудиторлық қорытынды жасауы
1. Осы Кодекстің 249-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, аудитордың және аудиторлық ұйымның анық емес аудиторлық есепті жасауы -
аудиторларға - сексен, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұрып не онсыз, аудиторлық ұйымға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Аудитордың және аудиторлық ұйымның көрінеу анық емес аудиторлық есепті жасауы -
біліктілік куәлігінен айыра отырып, аудиторларға - бір жүз он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, аудиторлық ұйымдарға екі жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, аудитор әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер -
біліктілік куәлігінен айыруға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, аудиторлық ұйым әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер -
аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыруға әкеп соғады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5-бөлікпен толықтырылды; 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Аудиторлық ұйымның салықтар бойынша анық емес аудиторлық қорытынды жасауы -
аудиторлық ұйымға салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шарт сомасының екі жүз пайызы, бірақ бес жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6-бөлікпен толықтырылды; 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 6-бөлік жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
аудиторлық ұйымға салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шарт сомасының екі жүз елу пайызы, бірақ алты жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен кодекс 246-1-баппен толықтырылды; 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 246-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
246-1-бап. Аудиторлық ұйымның салықтар бойынша аудит жүргізу, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу тәртібін бұзуы
Салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны анық емес деп тануға әкеп соғатын бұзушылықтарды қоспағанда, аудиторлық ұйымның салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу тәртібін бұзуы, -
аудиторлық ұйымға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе.
1. Осы бапта салықтар бойынша аудит жүргізу тәртібін бұзу деп аудиторлық ұйымның аудиторлық қызмет саласындағы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын салықтар бойынша аудит жүргізу тәртібінде белгіленген міндеттерді аудиторлық ұйымның сақтамауы түсініледі.
2022.05.11. № 158-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы бапта квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу тәртібін бұзу деп ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органдармен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы айқындайтын, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің арнайы мақсаттағы аудит бойынша тәртібінде белгіленген міндеттерді аудиторлық ұйымның сақтамауы түсініледі.
247-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұзу
1. Аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Аудитті «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған жағдайларда жүргізу -
лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, заңды тұлғаларға бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бөлік өзгертілді
4. Аудит жүргізілуі міндетті аудиттелетін қаржы ұйымдарына аудит жүргізу нәтижесінде анықталған, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін заңнамасын бұзушылықтар туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға хабарламау және осы аудиттелетін ұйымдарды хабардар етпеу -
заңды тұлғаларға бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың тиісті уәкілетті органдарға Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес берілуі талап етілетін ақпаратты уақтылы бермеуі немесе бермеуі, сол сияқты анық емес мәліметтерді беруі -
бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 6-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 6-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Аудиттелетін субъектілер атынан мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына осы ұйымдардың аудиті, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит нәтижесінде анықталған, бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы хабарламауы, -
бірінші басшыларға бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 7-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Аудиторлық ұйымдардың біліктілік талаптарына сәйкес уәкілетті органға есептілікті және (немесе) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпаратты уақтылы бермеуі немесе бермеуі -
заңды тұлғаларға бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 7-1-бөлікпен толықтырылды
7-1. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыруға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-бөлік өзгертілді
8. Аудиторлық ұйымдардың қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға аудиторлық есептi ұсынбауы -
заңды тұлғаларға бір жүз жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 9-бөлікпен толықтырылды; 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 9-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың:
1) аудиторлық ұйымдар - кәсіби ұйым мүшелерінің орташа санының он пайызында, бірақ кемінде бесеуінде күнтізбелік он екі ай осындай кәсіби ұйым тарапынан өтінішхатсыз аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айырылуының болуы;
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) уәкілетті органның ескерту хаты шығарылған себептерді үш ай ішінде жоймауы;
3) аудиторларға кандидаттарды аттестаттаудан өткізудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес келмеуі;
4) Аккредиттеу қағидаларын бір жыл ішінде жүйелі түрде (қатарынан екі реттен көп) бұзуы;
5) аккредиттеуді алған кезден бастап алты ай ішінде Аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясын құрмау түрінде жасаған, Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұзуы, -
аккредиттеу туралы куәліктен айыра отырып, бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 10-бөлікпен толықтырылды
10. Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес келмейтін аудиторлық ұйымның міндетті аудит жүргізуі, - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 11-бөлікпен толықтырылды; 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 11-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімде аудиторлық ұйымның кәсіби аудиторлық ұйымға кірмеуі және (немесе) уақтылы кірмеуі, -
лицензиядан айыра отырып, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
248-бап. Аудитордың жеке мөрiн пайдалануға және сақтауға байланысты бұзушылықтар
1. Аудитордың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында белгiленген жеке мөрдi тиiсiнше сақтау және пайдалану жөнiндегi талаптарды бұзуы -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, аудитор әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
249-бап. Аудиттелетін субъектінің аудиторлық ұйымға уақтылы, анық немесе толық ақпарат бермеуі
Аудиттелетін субъектінің аудит жүргізу барысында аудиторлық ұйымға анық емес аудиторлық есеп жасауға әкеп соққан, уақтылы, анық немесе толық ақпарат бермеуі -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
250-бап. Мiндеттi аудит жүргізуден жалтару
Мiндеттi аудит жүргізуден жалтару не оны жүргiзуге кедергi келтiру -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 251-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
251-бап. Ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау
Уәкілетті банктердегі банктік шоттарға ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын:
1) экспорттан түсетін ұлттық валютадағы және (немесе) шетел валютасындағы түсімдерді;
2) Қазақстан Республикасының резиденті импорт бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы бейрезидентінің пайдасына аударған, Қазақстан Республикасы бейрезидентінің міндеттемелерді орындамауына немесе толық орындамауына байланысты қайтарылуға жататын ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын есепке жатқызбау түрінде жасалған, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамауы -
есепке жатқызылмаған ұлттық валюта және (немесе) шетел валютасы сомасының жиырма пайызы мөлшерінде, бірақ екі мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы бапта көзделген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауаптылық репатриациялау мерзімі өткеннен кейін есепке жатқызылмаған ұлттық валютаның және (немесе) шетел валютасының сомасы - өзінен мәні асып кеткенде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес репатриациялау талабының орындалуын бақылауға жататын шекті мәннен асатын жағдайларда және егер бұл әрекеттерде (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, басталады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 252-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
252-бап. Валюталық операцияларды Қазақстан Республикасының валюта заңнамасын бұза отырып жүргізу
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының резиденттері арасында тыйым салынған валюталық операцияларды жүргізу, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында осындай талап белгіленген кезде төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын уәкілетті банктердегі банктік шоттар арқылы жүргізбеу -
ескерту жасауға алып келеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-1-бөлікпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату тәртібін бұзу -
ескерту жасауға алып келеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші және 1-1-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілген операция сомасының жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
253-бап. Арнаулы валюталық режимді бұзу
Арнаулы валюталық режимді:
1) валюталық операция жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнаулы рұқсатын алу талабын орындамау;
2) резиденттер алған шетел валютасын міндетті түрде сату талабын орындамау;
3) шетел банктеріндегі шоттарды пайдалану;
4) валюталық операциялар жүргізу тәртібіне қойылатын талаптарды орындамау;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі енгізген өзге де уақытша валюталық шектеулерді сақтамау бөлігінде бұзу -
жеке және заңды тұлғаларға арнаулы валюталық режимді бұза отырып жүргізген операция сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
254-бап. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
255-бап. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жосықсыз жарнамалау
Бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнің жарнаманы жариялау кезiнде анық емес мәлiметтер ұсыну және тарату арқылы бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жосықсыз жарнамалау -
жеке және заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 256-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
256-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының және өзге де тұлғалардың есептілікті, ақпаратты, мәліметтерді беру жөніндегі талаптарды бұзуы
1. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, оның қатысушыларының (акционерлерінің) және (немесе) үлестес тұлғаларының уәкілетті органға есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) ұсынбауы және (немесе) уақтылы ұсынбауы -
жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, оның қатысушыларының (акционерлерінің) және (немесе) үлестес тұлғаларының уәкілетті органға, оның ішінде бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізу барысында анық емес және (немесе) толық емес есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) ұсынуы -