295-бап. Көміртегі квотасын өзгерту
296-бап. Квоталанатын қондырғының операторын ауыстыру
297-бап. Квоталанатын қондырғы операторының атауын және (немесе) ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту
298-бап. Көміртегі офсеті
299-бап. Көміртегі бірліктері және көміртегі нарығы
300-бап. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі
301-бап. Қондырғыларды әкімшілендіру
302-бап. Парниктік газдардың шығарылуы мен сіңірілуін түгендеудің мемлекеттік жүйесі
303-бап. Мемлекеттік көміртегі кадастры
304-бап. Валидациялау және верификациялау
21-тарау. АТМОСФЕРАНЫҢ ОЗОН ҚАБАТЫН ҚОРҒАУ
305-бап. Озон қабаты және оны қорғау
306-бап. Озонды бұзатын заттар және олармен жұмыс істеу
307-бап. Озон қабатын қорғау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу
308-бап. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды реттеу
309-бап. Озонды бұзатын заттармен жұмыс істеуді реттеу
310-бап. Озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастры және оларды түгендеу
311-бап. Озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу және оларды тұтыну жөніндегі қызметке қойылатын жалпы талаптар
22-тарау. КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ БЕЙІМДЕЛУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
312-бап. Климаттың өзгеруі және оған бейімделу
313-бап. Мемлекеттік басқарудың мақсаттары, басым салалары және климаттың өзгеруіне бейімделудің негізгі қағидаттары
314-бап. Климаттың өзгеруіне бейімделу процесіне қойылатын жалпы талаптар
315-бап. Ақпарат жинау және климаттың өзгеруіне осалдықты бағалау жөніндегі талаптар
316-бап. Климаттың өзгеруіне бейімделуді жоспарлау
19-БӨЛІМ. ҚАЛДЫҚТАР
23-тарау. ҚАЛДЫҚТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
317-бап. Қалдықтар ұғымы
318-бап. Қалдықтардың иелері
319-бап. Қалдықтарды басқару
320-бап. Қалдықтарды жинақтау
321-бап. Қалдықтарды жинау
322-бап. Қалдықтарды тасу
323-бап. Қалдықтарды қалпына келтіру
324-бап. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату
325-бап. Қалдықтарды жою
326-бап. Қалдықтарды басқару кезіндегі қосалқы операциялар
327-бап. Қалдықтарды басқару жөніндегі операцияларға қойылатын негіз құрайтын экологиялық талап
328-бап. Қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік экологиялық саясаттың қағидаттары
329-бап. Сатылық қағидаты
330-бап. Шығу көзіне жақындық қағидаты
331-бап. Қалдықтарды түзушінің жауапкершілігі қағидаты
332-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қағидаты
333-бап. Қалдықтар мәртебесінің тоқтатылуы
334-бап. Қалдықтарды басқару саласындағы нормалау
335-бап. Қалдықтарды басқару бағдарламасы
336-бап. Қауіпті қалдықтарды қалпына келтіру және жою саласындағы қызметті лицензиялау
337-бап. Қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің хабардар ету режимі
338-бап. Қалдықтардың түрлері және оларды сыныптау
339-бап. Қалдықтарға меншік құқығы және оларды басқару үшін жауапкершілік
340-бап. Иесіз қалдықтарды басқару
341-бап. Қалдықтардың түзілу көлемін азайтуды және түзілетін қалдықтарды қалпына келтіру үлесін ұлғайтуды ынталандыру
24-тарау. ҚАУІПТІ ҚАЛДЫҚТАР
342-бап. Қауіпті қалдықтар туралы жалпы ережелер
343-бап. Қауіпті қалдықтардың паспорты
344-бап. Қауіпті қалдықтарды басқару кезіндегі экологиялық талаптар
345-бап. Қауіпті қалдықтарды тасу кезіндегі экологиялық талаптар
346-бап. Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау
347-бап. Қауіпті қалдықтарды есепке алу
25-тарау. ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӨМУ ПОЛИГОНДАРЫ
348-бап. Қалдықтарды көму полигондары туралы жалпы ережелер
349-бап. Полигондардың сыныптары
350-бап. Полигондарға қойылатын экологиялық талаптар
351-бап. Полигондар үшін қолайсыз қалдықтар
352-бап. Тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыруға арналған полигондарда орналастыруға тыйым салынатын өнеркәсіптік қатты және шлам тәрізді қалдықтар
353-бап. Қауіпті қалдықтар полигондарына арналған жалпы талаптар
354-бап. Қалдықтарды қабылдау рәсімдері
355-бап. Полигонды пайдалану сатысындағы бақылау және мониторингтеу
356-бап. Полигонды (полигонның бір бөлігін) жабу, рекультивациялау және мониторингтеу рәсімдері
26-тарау. ТАУ-КЕН ӨНДІРУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ҚАЛДЫҚТАРЫН БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
357-бап. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтары ұғымы
358-бап. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын басқару
359-бап. Қалдықтарды жинап қою объектілерін жобалауға, салуға және пайдалануға қойылатын талаптар
360-бап. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын басқару бағдарламасы
361-бап. Судың жай-күйінің нашарлауын, ауа мен топырақтың ластануын болғызбау
362-бап. Ірі экологиялық оқиғаларды болғызбау
363-бап. Қалдықтарды жинап қою объектісін жабу және жабылғаннан кейінгі кезеңдегі мониторингтеу
364-бап. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын жинап қою объектілерін түгендеу
27-тарау. КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
365-бап. Коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптар
366-бап. Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік
367-бап. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі
368-бап. Тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдауға қойылатын талаптар
28-тарау. РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
369-бап. Радиоактивті қалдықтар және оларды сыныптау
370-бап. Радиоактивті қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптар
371-бап. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттерін сыныптау
372-бап. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму кезіндегі экологиялық талаптар
373-бап. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттеріне қойылатын экологиялық талаптар
374-бап. Радиоактивті қалдықтарды трансшекаралық өткізу
375-бап. Радиоактивті қалдықтарды тасымалдау кезіндегі экологиялық талаптар
29-тарау. ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
376-бап. Құрылыс қалдықтарын басқару саласындағы экологиялық талаптар
377-бап. Медициналық қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптар
378-бап. Биологиялық қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптар
379-бап. Құрамында жойылуы қиын органикалық ластағыштар бар қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптар
380-бап. Қалдықтардың жекелеген түрлерін және олардың тіршілік циклінің процестерін басқару саласындағы экологиялық талаптар
381-бап. Ғимараттарды, құрылыстарды, құрылысжайларды және өзге де объектілерді жобалау кезінде қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптар
30-тарау. ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК КАДАСТРЫ
382-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастры
383-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрының мақсаттары мен міндеттері
384-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу
385-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
31-тарау. ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ (ИМПОРТТАУШЫЛАРДЫҢ) КЕҢЕЙТІЛГЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
386-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындауға қойылатын талаптар
387-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының құқықтық жағдайы
388-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы қызметінің бағыттары
389-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өкілеттіктері
390-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелеріне қатысушылардың жауапкершілігі
391-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы қызметінің айқындығын қамтамасыз ету
392-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау
20-БӨЛІМ. ЖЕКЕЛЕГЕН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ЕРЕКШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР
393-бап. Ғимараттарды, құрылысжайларды және олардың кешендерін жобалау кезіндегі жалпы экологиялық талаптар
394-бап. Ғимараттарды, құрылысжайларды және олардың кешендерін пайдалануға беру және пайдалану кезіндегі жалпы экологиялық талаптар
395-бап. Авариялар кезіндегі жалпы экологиялық талаптар
396-бап. Әскери және қорғаныс объектілеріне, әскери қызметке қойылатын экологиялық талаптар
397-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі экологиялық талаптар
398-бап. Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында барлау және өндіру кезіндегі экологиялық талаптар
399-бап. Қазақстан Республикасының сақтық аймағы шегiнде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiндегi экологиялық талаптар
400-бап. Көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде түзілетін күкіртпен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптар
401-бап. Суасты құбыржолдары мен кәбілдерін жобалау, төсеу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
402-бап. Жойылуы қиын органикалық ластағыштар мен құрамында хлор бар қалдықтарды өндіру, әкелу, әкету, пайдалану және жою жөніндегі қызметке қойылатын экологиялық талаптар
403-бап. Гендік-инженерлік қызметті жүзеге асыруға, қазіргі заманғы биотехнология өнімдерін өндіруге, қолдануға және таратуға қойылатын экологиялық талаптар
21-БӨЛІМ. ТӨТЕНШЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ АЙМАҚТАРЫ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗІЛЗАЛА АЙМАҚТАРЫ
404-бап. Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала
405-бап. Жекелеген аумақтарды (акваторияларды) төтенше экологиялық жағдай аймағы немесе экологиялық зілзала аймағы деп жариялау тәртібі
406-бап. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау
407-бап. Төтенше экологиялық жағдай аймағының немесе экологиялық зілзала аймағының құқықтық режимі
408-бап. Төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық зілзала салдарынан зардап шеккен адамдарға зиянды өтеу
409-бап. Төтенше экологиялық жағдай аймағы мен экологиялық зілзала аймағындағы экологиялық ахуалды мониторингтеу
410-бап. Төтенше экологиялық жағдай аймағы немесе экологиялық апат аймағы құқықтық режимінің қолданысын тоқтату
411-бап. Төтенше экологиялық жағдай аймағында немесе экологиялық зiлзала аймағында құқықтық режимдi бұзғаны үшiн жауаптылық
АРНАЙЫ БӨЛІК
2-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
412-бап. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастығының қағидаттары
413-бап. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық шарттары
23-БӨЛІМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
414-бап. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық
415-бап. Экологиялық дауларды шешу
24-БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
416-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
417-бап. Осы Кодексті қолдану тәртібі
418-бап. Өтпелі ережелер
1-қосымша
1-бөлім. Қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізу міндетті болып табылатын белгіленіп отырған қызмет түрлері мен объектілердің тізбесі
2-бөлім. Белгіленіп отырған қызметтің әсер етуін скринингтеу рәсімін жүргізу міндетті болып табылатын белгіленіп отырған қызмет түрлері мен объектілердің тізбесі
2-қосымша. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді І, ІІ, немесе ІІІ санаттағы объектілерге жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын белгіленіп отырған қызмет түрлері мен өзге де өлшемшарттар
1-бөлім. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді І санаттағы объектілерге жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын белгіленіп отырған қызмет түрлері мен өзге де өлшемшарттар
2-бөлім. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді ІІ санаттағы объектілерге жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын белгіленіп отырған қызмет түрлері мен өзге де өлшемшарттар
3-бөлім. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді ІІІ санаттағы объектілерге жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын белгіленіп отырған қызмет түрлері мен өзге де өлшемшарттар
3-қосымша. Ең үздік қолжетімді техникаларды қолдану салаларының тізбесі
4-қосымша Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесі
ЖАЛПЫ БӨЛІК
1-БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Кодексте реттелетін қатынастар
1. Осы Кодекс адам мен табиғаттың өзара іс-қимылы (экологиялық қатынастар) саласында жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға әсер ететін немесе әсер етуге қабілетті қызметті жүзеге асыруына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Осы Кодексте реттелетін қатынастарға мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың экологиялық және гидрометеорологиялық ақпаратқа қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу саласындағы қоғамдық қатынастар да жатады.
2. Табиғи ресурстарды пайдалану саласында, сондай-ақ қолданылу шамасына қарай, оларды сақтау, қалпына келтіру және молықтыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастар, табиғи ресурстың түріне қарай тиісінше Қазақстан Республикасының жер, су, орман заңнамасында, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы заңнамасында және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау және пайдалану саласындағы өзге де заңнамасында реттеледі.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласында туындайтын қоғамдық қатынастар, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету үшін қажетті және осы Кодекске қайшы келмейтін шамада Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында реттеледі.
4. Техникалық реттеу саласында және стандарттау саласында өнімге, көрсетілетін қызметке, өнімнің өмірлік циклінің процестеріне (бұдан әрі - процестер), сәйкестікті бағалауға және растауға, аккредиттеуге қойылатын міндетті және ерікті талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану және орындау кезінде, сондай-ақ осы Кодекске қайшы келмейтін шамада туындайтын қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық қатынастар тиісінше Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы және стандарттау туралы заңнамасында реттеледі.
5. Атом энергиясын пайдалану және халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастар осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы арнаулы заңнамасында реттеледі.
6. Биологиялық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қоғамдық қатынастар осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы арнаулы заңнамасында реттеледі.
7. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, мемлекеттік органдар және лауазымды адамдар осы Кодексте реттелетін қатынастардың субъектілері болып табылады.
2-бап. Қазақстан Республикасының экология заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының экология заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, оның ішінде Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңында және айрықша экономикалық аймағында халықаралық құқық нормаларына сәйкес қолданылады.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар, халықаралық шарттан оны қолдану үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісін шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, экологиялық қатынастарға тікелей қолданылады.
4. Осы Кодексте көзделген жағдайлардан басқа ретте, экологиялық қатынастарды реттейтін нормаларды Қазақстан Республикасының басқа заңдарына енгізуге тыйым салынады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының экологиялық қатынастарды реттейтін нормалар қамтылған өзге де заңдары арасында қайшылық болған жағдайда, осы Кодекстің ережелері қолданылады.
5. Экологиялық қатынастар осы Кодекстің нормаларында реттелмеген жағдайларда оларға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы қолданылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының экология заңнамасының мақсаты мен міндеттері
1. Қазақстан Республикасының экология заңнамасының мақсаты Қазақстан Республикасында бірыңғай мемлекеттік экологиялық саясатты іске асырудың құқықтық негіздерін, міндеттері мен қағидаттарын, сондай-ақ тетіктерін айқындау болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы экология заңнамасының міндеттері:
1) қоршаған ортаның ластануын болғызбауға, кез келген нысандарда экологиялық залалдың келтірілуіне жол бермеуге және келтірілген экологиялық залалдың салдарларын жоюды қамтамасыз етуге, сондай-ақ қоршаған ортаға жағымсыз антропогендік әсерді біртіндеп азайтуға бағытталған мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру арқылы қоршаған ортаны қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
2) адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының орнықты дамуының экологиялық негіздерін қамтамасыз ету;
4) орнықты даму тұрғысынан климаттың өзгеру қатеріне жаһандық ден қоюды нығайтуға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруіне және «жасыл» экономикаға көшуге бейімделу жөніндегі халықаралық, өңірлік және трансшекаралық бағдарламаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының үлесін қамтамасыз ету;
5) қоршаған ортаны, оның ішінде ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылықты білдіретін аумақтар мен объектілерді қорғау, сақтау және қалпына келтіру;
6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың барлық мемлекеттік органның өзара іс-қимыл жасауы мен қызметін үйлестіруді көздейтін тиімді жүйесін қалыптастыру;
7) мемлекеттің «жасыл» инвестициялар тартуды және ең үздік қолжетімді техникаларды, ресурс үнемдейтін технологиялар мен практикаларды кеңінен қолдануды, түзілетін қалдықтардың көлемін азайтуды және қауіптілік деңгейін төмендетуді және оларды тиімді басқаруды, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды, суды үнемдеуді, сондай-ақ энергия тиімділігін арттыру, табиғи ресурстарды орнықты пайдалану, қалпына келтіру және молықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруды көтермелеуі және ынталандыруы;
8) жұртшылық үшін экологиялық ақпараттың тұрақты және жүйелі жиналуын, жинақталуын, сақталуын, талдануы мен таратылуын, оның ішінде заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып қамтамасыз ету, сондай-ақ әрбір адамның экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығын сақтау, осы құқықты іске асырудың негізгі шарттарын, тәртібі мен ерекшеліктерін айқындау;
9) қоршаған ортаны қорғау және Қазақстан Республикасының орнықты даму мәселелерін шешуде жариялылықты және жұртшылықтың жан-жақты қатысуын қамтамасыз ету;
10) тиімді экологиялық мониторинг пен экологиялық бақылауды қамтамасыз ету;
11) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге, қоршаған ортаны қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртуға және жаңасын салуға инвестициялар тарту үшін жағдай жасау;
12) қоршаған ортаны қорғау саласында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің орындалуын, халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету;
13) қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, барлық білім беру деңгейінде экологиялық білімді насихаттау, орнықты дамуды қамтамасыз ету мақсатында экологиялық білім беру мен ағартуды дамыту;
14) қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңдылық пен құқық тәртібін нығайту.
4-бап. Экологиялық қауіпсіздік және Қазақстан Республикасының орнықты дамуының экологиялық негіздері
1. Қазіргі және болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін әділ қанағаттандыру мақсатында экологиялық қауіпсіздік қамтамасыз етілген және табиғи ресурстар экологиялық теңгерімді пайдаланылған кезде экологиялық орнықтылықты бұзбай қол жеткізілетін Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы орнықты даму деп танылады.
2. Қазақстан Республикасының орнықты дамуының экологиялық негіздері мыналар болып табылады:
1) қоршаған ортаға антропогендік әсер барынша азайтылған, жаңартылмайтын табиғи ресурстарды тұтыну қысқартылған, қалдықтардың түзілу және көмілу деңгейі төмендетілген, сондай-ақ оларды қайталама ресурстар ретінде пайдалану ынталандырылған кезде халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасының артуымен сипатталатын өндіріс пен тұтынудың орнықты модельдерін қалыптастыру және қолдау;
2) табиғи экологиялық жүйелердің орнықты жұмыс істеуі, биологиялық әртүрлілікті (бұдан әрі - биоәртүрлілікті) сақтау және орнықты пайдалану, табиғи ортаның тозуына жол бермеу және оны жақсарту жөніндегі шараларды іске асыру, шөлейттенумен күрес;
3) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруін болғызбау және климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі, сондай-ақ Жер атмосферасының озон қабатын қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру арқылы климаттың өзгеру қатеріне жаһандық ден қоюға қатысуы;
4) Жер экожүйесінің саламатты жай-күйі мен тұтастығын сақтау, қорғау және қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы;
5) Қазақстан Республикасының экология заңнамасын халықаралық құқықтың қағидаттарымен және нормаларымен үйлестіру және халықаралық экологиялық құқықты дамытуға жәрдемдесу;
6) экологиялық залал немесе адамның өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтіретін кез келген қызметтің түрлерін және заттардың басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге көшіруді және ауыстыруды тежеу, болғызбау, сондай-ақ сақтық қағидатына сәйкес алдын алу шараларын қабылдау.
3. Адамның, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен өмірлік маңызды мүдделерінің қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсер ету салдарынан туындайтын қатерлерден қорғалу жағдайы ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде экологиялық қауіпсіздік деп түсініледі.
5-бап. Қазақстан Республикасының экология заңнамасының қағидаттары
Экологиялық қатынастарды құқықтық реттеу мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) болғызбау қағидаты: қоршаған ортаның ластануын, табиғи ортаның тозуын, экологиялық залал және адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілуін туғызатын немесе туғызуы мүмкін кез келген қызмет осы Кодексте белгіленген шеңберде, қоршаған ортаға әсер ету көзінің өзінде көрсетілген салдарлардың туындауын болғызбау жөніндегі барлық қажетті шаралар қамтамасыз етілген жағдайда ғана жол беріледі;
2) түзету қағидаты: экологиялық залал толық көлемде жойылуға тиіс. Келтірілген экологиялық залалды толық жою мүмкін болмаған кезде, оның салдарлары ғылыми-техникалық дамудың заманауи деңгейі кезінде қаншалықты мүмкін болғанынша азайтылуға тиіс. Келтірілген экологиялық залалдың салдарын жойылмаған немесе азайтылмаған шамада оларды осы Кодекске сәйкес балама ремедиация жүргізу арқылы ауыстыру қамтамасыз етіледі;
3) сақтық қағидаты: қандай да бір қызметтің салдарынан табиғи ортаға және (немесе) оның жекелеген құрамдастарына елеулі және орны толмайтын салдарлары бар экологиялық залал немесе адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтіру қатері болған кезде, көрсетілген теріс салдарлардың басталу ықтималдығын негіздеу және жеткілікті түрде дәл бағалау мүмкіндігі ғылыми және техникалық білімнің заманауи деңгейінде болмауына қарамастан, экономикалық орынды шығындар кезінде осындай салдарлардың басталуын болғызбау бойынша тиімді және пропорционалды шаралар қабылдануға тиіс;
4) пропорционалдық қағидаты: қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасы экология заңнамасының мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға жеткілікті болып табылатын дәрежеде қамтамасыз етіледі. Бұл ретте ауыртпалығы барынша аз болатын нұсқаға артықшылық беріледі;
5) «ластаушы төлейді» қағидаты: қызметі қоршаған ортаның ластануын, табиғи ортаның тозуын, кез келген нысанда экологиялық залал не адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілуін туғызатын немесе туғызуы мүмкін тұлға Қазақстан Республикасының экология заңнамасында белгіленген, өз қызметінің жағымсыз салдарларын болғызбау және бақылау жөніндегі, оның ішінде келтірілген экологиялық залалды түзету қағидатына сәйкес жою жөніндегі талаптарды орындау бойынша барлық шығыстарды көтереді;
6) орнықты даму қағидаты: табиғат пен оның ресурстары Қазақстан Республикасының байлығын құрайды және оларды пайдалану орнықты болуға тиіс. Мемлекет табиғи ресурстарды қазіргі және болашақ ұрпақтың мүддесі үшін теңгерімді және ұтымды басқаруды қамтамасыз етеді. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша шешімдер қабылдау кезінде табиғи экологиялық жүйелердің сақталуына және олардың орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, судың үнемделуіне, энергияның үнемделуіне және энергияның тиімділігін арттыруға, жаңартылмайтын энергия және шикізат ресурстарын тұтынудың қысқартылуына, жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына, қалдықтардың түзілуін барынша азайтуға, сондай-ақ олардың қайталама ресурстар ретінде пайдаланылуына басымдық беріледі;