Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерінің міндеттерін уәкілетті органның келісімінсіз осы тармақта белгіленген мерзімнен асыра атқаруға (уақытша болмағанда оны алмастыруға) тыйым салынады.
Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алуға қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді.
8. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) басшы қызметкерлердің осы Заңның 16-2-бабында, осы бапта, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында және «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) тестің теріс нәтижесі.
Мыналар тестің теріс нәтижесі болып табылады:
кандидаттың тест нәтижесі дұрыс жауаптың жетпіс пайызынан аз болуы;
кандидаттың не аудармашының (егер осы аудармашыны кандидаттың өзі ұсынған жағдайда) уәкілетті орган белгілеген тест тәртібін бұзуы;
уәкілетті органның кандидатты келісуі мерзімі өткенге дейін белгілеген уақытта тестке келмеуі;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің уәкілетті органның ескертулері ескеріле отырып пысықталған құжаттарды осы баптың 6-тармағында белгіленген уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі өткен соң ұсынуы;
4) осы баптың 6-тармағында белгіленген, басшы қызметкер өз лауазымын уәкілетті органның келісімінсіз атқарып отырған мерзім өткен соң құжаттарды ұсынуы;
5) уәкілетті орган кандидатқа қолданған санкциялардың және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларының болуы.
Осы талап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің кандидатты келісу туралы өтінішхатты беру күніне дейін бір жыл бойы қолданылады;
6) уәкілетті органда кандидаттың өз өкілеттігіне кірген мәселелер бойынша кандидат басшы қызметкердің не басшы қызметкердің міндеттерін атқарушы лауазымын атқарып отырған (атқарған) қаржы ұйымының, банк немесе сақтандыру холдингінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылыққа алып келген және уәкілетті орган сол үшін осы қаржы ұйымына, осы банк немесе сақтандыру холдингіне қатысты шектеулі ықпал ету шарасын және (немесе) санкция қолданған шешімдерді қабылдау фактілері туралы мәліметтердің болуы.
Осы талап уәкілетті орган бұзушылықты анықтаған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;
7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген мәміле тарапы болып табылғандығы туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы.
Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;
уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;
8) кандидаттың уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілелерді жасағаны үшін оған қатысты санкциялар және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларын қолданған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының қызметкері болып табылатындығы туралы мәліметтердің уәкілетті органда болуы.
Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;
уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.
Осы тармақшаның мақсаты үшін қаржы ұйымының қызметкері деп жоғарыда аталған бұзушылықтарға алып келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құзыретіне кірген қор биржасының басшы қызметкері не оның міндетін атқарған адам және (немесе) трейдері түсініледі.
9. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы, осы сақтандыру брокеріндегі өзге лауазымға ауыстырылған жағдайларда, осы адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол босатылғаннан не өзге лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен көп емес, осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, осы сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына қайта тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
10. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, осы адам уәкілетті органның оны осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, сақтандыру брокерінде тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
11. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімін:
1) келісім беруге негіз болған мәліметтердің анық еместігі анықталуы;
2) уәкілетті органның басшы қызметкерге санкцияларды жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) қолдануы;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерін (әрекетсіздігін) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде осы бапта көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің көрсетілген қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен немесе уәкілетті орган осы тұлғаларды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуіне дейін жұмыстан шығарған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректердің болуы;
5) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болуы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.
Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, сақтандыру брокерінде басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) берген келісімін қайтарып алуы өзге қаржы ұйымдарындағы осы басшы қызметкерге бұдан бұрын берілген келісімін (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болып табылады.
Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
12. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын осы Заңда белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп иелену туралы шешім қабылдаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқару органының басшысы, атқарушы органның басшысы және оның орынбасарлары мен бас бухгалтер болып табылатын басшы қызметкерлермен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөнінде шараларды қабылдауға міндетті.
13. Осы баптың 3-тармағы 4) тармақшасының және 12-тармағының талаптары орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
14. Сақтандыру холдингінің басқару органдарының, атқарушы органның басшысы мен мүшелері, бас бухгалтері, еншілес ұйымның (ұйымдардың) және (немесе) капиталына сақтандыру холдингі қомақты қатысатын ұйымның (ұйымдардың) қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын өзге де басшылары сақтандыру холдингінің басшы қызметкерлері деп танылады.
15. Осы баптың талаптары:
1) Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін қоспағанда, мынадай талаптардың бірі орындалған кезде:
сақтандыру холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингілік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ сақтандыру холдингі шыққан елдің қаржылық қадағалау органының оның шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы бар болғанда;
уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі бар болғанда сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлеріне қолданылады. Ең төмен рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.
2) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банк конгломераттарының құрамына кіретін банк холдингтері болып табылатын сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған басшы қызметкерлерді қоспағанда, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлеріне қолданылады.»;
18) 37-баптың 11-тармағы «басылымдарында» деген сөзден кейін «, уәкілетті органның интернет-ресурсында» деген сөздермен толықтырылсын;
19) 40-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Актуарий лицензиясының қолданысы оның алдыңғы біліктілік емтиханын тапсырмауы нәтижесінде тоқтатыла тұрған жағдайды қоспағанда, біліктілік емтиханын өткізу кезінде актуарий лицензиясының қолданысының тоқтатыла тұруы актуарийлердің біліктілік емтиханын қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.»;
20) 43-баптың 3-2) тармақшасы алып тасталсын;
21) мынадай мазмұндағы 44-1-баппен толықтырылсын:
«44-1-бап. Уәкілетті органның халықаралық шарттар және құпия ақпарат алмасуды көздейтін өзге де шарттар шеңберінде ақпаратты ашуы
Уәкілетті орган «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабының 4-тармағында көрсетілген ұйымдарға сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтерді көрсетілген бапта көзделген шарттармен береді.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарттарға сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына осындай ақпаратты ұсынған тараптың келісімімен ғана береді.»;
18-тармақтың 22) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
22) 46-бап мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
«12. Осы баптың талаптары осы Заңның 33-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қойылатын талаптарға қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қолданылады.»;
23) 48-баптың 5-тармағында:
1) тармақша «акциялардан» деген сөзден кейін «, сондай-ақ осы Заңның 25-1-бабында көзделген шарттарға сәйкес келетін қамтамасыз етілмеген облигациялардан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша «банктерден» деген сөздің алдынан «осы Заңның 25-1-бабында көзделген шарттарға сәйкес келетін қамтамасыз етілмеген қарыз тартуды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
24) 53-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«53-2-бап. Шектеулі ықпал ету шаралары
1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді бұзуын, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты байқаған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің және сақтандыру брокерінің құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздіктерін анықтаған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған жағдайларда, уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және сақтандыру брокеріне мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін:
1) орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беруді;
2) жазбаша ескерту шығаруды;
3) жазбаша келісім жасауды қолдануға құқылы.
Уәкілетті орган актуарийдің сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнаманы бұзуын анықтаған жағдайда уәкілетті орган осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру брокерінің анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгiленген мерзiмде жоюға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) белгiленген мерзiмде беру қажеттігіне бағытталған орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Жазбаша нұсқамада белгiленген мерзiмде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оны орындауды тоқтата тұрмайды.
3. Уәкілетті орган жазбаша ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде осы ескерту шығарылған бұзушылыққа ұқсас Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары қайтадан бұзылғанын анықтаған жағдайда, уәкiлеттi органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне не оның (олардың) басшы қызметкеріне (қызметкерлеріне) осы Заңның 53-3-бабында көзделген санкцияларды қолдану мүмкiндiгi туралы хабарлауы жазбаша ескерту болып табылады.
4. Анықталған бұзушылықтарды жою қажеттігі және осы бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі шаралар тізбесін және (немесе) анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзіне алған шектеулердің тізбесін бекіту туралы жазбаша келісім уәкілетті орган мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері арасында жасалған жазбаша келісім болып табылады.
Жазбаша келісімге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері тарапы міндетті түрде қол қоюға тиіс.
5. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру брокеріне бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан осы бапта айқындалған кез келген шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
6. Осы бапта келтірілген шаралар сақтандыру холдингі, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған, оның ішінде сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алғаннан кейін орнықсыз қаржылық жағдайының белгілері туындаған жағдайларда, сондай-ақ егер уәкілетті орган осы тұлғалардың, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, құқыққа сыйымсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жай-күйін нашарлатқанын анықтаған жағдайда, оларға қатысты қолданылуы мүмкін.
7. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды анықтаған, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтаған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған жағдайларда, уәкілетті орган дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген шектеулі ықпал ету шараларын қолданады.
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері жазбаша нұсқамада және жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындалғаны туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру брокеріне байланысты емес себептер бойынша бұзушылықты іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді не жазбаша нұсқаманы орындау мерзімін уәкілетті орган уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ұзартуы мүмкін.
10. Шектеулі ықпал ету шараларының қолданылу тәртібі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалады.»;
25) 53-3-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) осы Заңның 34-бабында көрсетілген адамдарды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерін (әрекетсіздігін) қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде бір мезгілде басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып ала отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуді қолдануға құқылы. Осы Заңның 34-бабында көрсетілген адамдарды уәкілетті орган қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткенге дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі, сақтандыру брокері осы адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен немесе жұмыстан босатқан жағдайда, уәкілетті орган осы адамды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерінің тиісті лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алуды жүргізеді.»;
26) 54-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) осы Заңның 11-бабы 3-1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асыру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында ірі қатысушы - жеке тұлға не сақтандыру холдингі болмаған;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі талаптарын, сондай-ақ осы Заңның 53-1-бабының 2-тармағына сәйкес қойылатын талаптарды орындамағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокері лицензиясының қолданылуы алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.»;
27) 55-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уақытша әкімшілікті уәкілетті орган оның қызметкерлері не осы Заңның 34-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін өзге де адамдар қатарынан тағайындайды.»;
28) 56-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Уәкілетті орган уақытша әкiмшiлiктің қызметіне бақылауды жүзеге асыру мақсатында уақытша әкiмшiлiктің қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты анықтаған кезде, анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгiленген мерзiмде жою және (немесе) белгiленген мерзiмде іс-шаралар жоспарын ұсыну туралы уақытша әкiмшiлiктер орындауға міндетті жазбаша нұсқамалар шығаруға құқылы.
Жазбаша нұсқамада белгiленген мерзiмде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оны орындауды тоқтата тұрмайды.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жұмыс істеу, оның уақытша әкiмшiлiгін (уақытша әкімшісін) тағайындау тәртiбi, уақытша әкiмшiлiктің (уақытша әкімшінің) өкiлеттiктерi, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкімшінің) уәкілетті органға есептілікті және өзге де ақпаратты ұсыну тәртібі, нысандары мен мерзімдері уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.»;
29) 73-баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тарату комиссияларының қызметiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылық анықталған кезде, анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жою және (немесе) белгіленген мерзімде іс-шаралар жоспарын ұсыну туралы тарату комиссиялары орындауға мiндеттi жазбаша нұсқамалар шығаруға құқылы.
Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оны орындауды тоқтата тұрмайды;
5) тарату комиссиясы белгiленген мерзiмде жазбаша нұсқаманы орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдануға, сондай-ақ кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына жүгiнуге;»;
30) 79-бапта:
18-тармақтың 30) тармақшасының екінші - тоғызыншы абзацтары 2017 ж. 1 шілдеге дейін қолданылады
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым (бұдан әрі - ұйым) дерекқорды қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2 және 1-3-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының үлестес тұлғаларымен бірлесіп қатысуы ұйым капиталының бес пайызынан аспауға тиіс.
1-2. Ұйымның жылдық бюджетін бекітуге, ұйымның резервтік және өзге де қорларын пайдалануға, ұйымға төленуге жататын жарналар мөлшерлемесін бекітуге байланысты мәселелер ұйымның жоғары органының қарауына жатады.
1-3. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ұйымға төлеуіне жататын жарналардың мөлшерлемесін келіседі.
Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ұйымға төлеуіне жататын жарналардың мөлшерлемесін келісуден бас тартуына ұйымдарға қойылатын осы Заңда белгіленген талаптарды орындау үшін оның жеткіліксіз болуы негіз болып табылады.
Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының төлеуіне жататын жарналардың мөлшерлемесін келісуден бас тартқан жағдайда, оның мөлшерін уәкілетті орган айқындайды.»;
5-тармақтың екінші бөлігіндегі «ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп құрылған» деген сөздер алып тасталсын;
18-тармақтың 31) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
31) 79-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекет қатысатын, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым (бұдан әрі - ұйым) дауыс беретін акцияларының жүз пайызы уәкілетті органға тиесілі ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.».